Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Жалпы «Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау» туралы курстық жұмыс 33 беттен тұрады. Курстық жұмыстың жобасы кіріспеден, І, ІІ тараудан, қорытындыдан тұрады Курстық жұмыста 3 кесте және 3 сурет көрсетілген жазылған. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Кіріспе бөлімінде оқушылардың оқыту процесінде білімін анықтау, тексеру, бағалау, оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдістеріне қысқаша тоқталған

«Оқыту процесінде білім сапасын қамтамасыз ету жолдары» тарауында

білім беретін оқу орындарының әлеуметтік институт ретіндегі міндеттері мен құқықтарын жетілдіру, білім беру саласын қаржыландыру жүйесін жетілдіру, жалпы білім беру жүйесінің қалыптасып қалған дәстүрлі құрылымы мен мазмұнын жетілдіру және жаңарту жолдарын ашып көрсетілген.

ІІ тарауда оқыту процесінде оқушылардың білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері мен оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы айқын жазылған.

ІІІ тарауда тестілеу арқылы оқушылардың білімін тексеру және оқушылардың білімін бағалау әдістері толық көрсетілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30.

Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Тарау. Оқыту процесінде білім сапасын қамтамасыз ету жолдары

1. 1. Жалпы білімді сапалық деңгейге көтеру мүмкіндіктері . . . 4

1. 2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері . . . 8

1. 3. Білімді есепке алу және бағалау . . . 11

ІІ Тарау. Оқушылардың білімін, дағдысын бағалаудың ПЕДАГОГИкАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2. 1. Оқыту процесінде оқушылардың білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері . . . 16

2. 2. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы . . . 21

ІІІ Тарау. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы

3. 1. Тестілеу арқылы оқушылардың білімін тексеру . . . 23

3. 2. Оқушылардың білімін бағалау әдістері . . . 27

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген, олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.

Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамнын күні адаммен емес, «адамның күші адамзатпен және табиғатпен» деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:

- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтатуына:

- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;

Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасына, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытқа дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың оқыту процесінде білімін анықтау, тексеру, бағалау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдістері.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Тарау. Оқыту процесінде білім сапасын қамтамасыз ету жолдары.

1. 1. Жалпы білімді сапалық деңгейге көтеру мүмкіндіктері

Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Осы тұрғыдан еліміздің білім беру жүйесі XXI ғасырдың жаңа талаптарына сай болу мақсатында үлкен бетбұрыс алдында тұр. Жаңа талаптар дегеніміз не?

Өткен XX ғасырда білім беруді ұйымдастыру "ғылым - өндіріс - білім" мәдени макромодель аясында жүрді (А. Чучин-Русов) . Ат жаңа XXI ғасырда білімді ұйымдастыру "мәдениет - білім - тарих" макромодель аясында болатындықтан білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде төрт жақты сипатта болатындығы ескерілуде. Дәлірек айтсақ, білім - құндылық, білім - жүйе, білім - үрдіс, білім - нәтиже.

құндылық

жүйе әр тарихи кезеңдегі

үрдіс білім мәні

нәтиже

білім сапасы

Осы төрт қырын біртұтас қарастырғанда ғана бүгінгі тарихи кезеңге сай білім мәні шығады. Сонда ғалымдардың ХХІ ғасырдың - ақпарат ғасыры, адам ғасыры деген сипаттамасына жүгінсек, білім адам және ақпарат капиталын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігімен, жеке мемлекеттің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеуі арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады.

Білім - өркендеу факторы

Білімге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл, негізінен, білімнің төрт сипатын біртұтас қарастырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Осыған орай бітім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алынған білім дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлықтар болып табылады. Әрине, егемендік алғаннан бері білім беру жүйесінде, оның ішінде жалпы білім беруде оң өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім. Жүйелі түрде жүргізілген кешенді іс-шараларды төмендегідей топтауға болады:

- білім беретін оқу орындарының әлеуметтік институт ретіндегі міндеттері мен құқықтарын жетілдіру (заңдар, ережелер, нормативтік құжаттар) ;

- білім беру саласын қаржыландыру жүйесін жетілдіру (оқу орындарын қаржыландырудың көп арналылығы, қаржыландырудағы дербестік, ішінара шаруашылық дербестігі, мұқтаж оқушыларға қаржылай демеушілік) ;

- жалпы білім беру жүйесінің қалыптасып қалған дәстүрлі құрылымы мен мазмұнын жетілдіру және жаңарту (стандарттар, оқу-әдістеме) ;

- әр түрлі оқу орындарын (меншігіне, ұйымдастыру ерешелігіне, бағытына қарай) құруга және әр түрлі технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы педагогикалық қауымның белсенділігін арттыру.

Алайда, бұл істер бүгінгі таңдағы білімге қойылып отырған жаңа талаптар тұрғысынан жеткіліксіз болып отыр. Неге? Өйткені, білім саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелілігіне кедергі болып отырған факторлар бар. Мысалы, жалпы білім беру жүйесінде толық мағынада шешуі болмай жүрген мәселелерді бірнеше топқа жинақтауға болады. Олардың біріншісіне бітімді демократияландыру ұстанымын толық іске асыру механизмінің жоқтығын айтуға болады. Дәлірек айтсақ, білімді басқарудағы орталық пен жергілікті ұйымдардың атқаратын міндеттерінің арақатынасын айқындаудың аяқталмай қалғандығы, мектептердің педагогикалық ұжымдарының білім мазмұнының жылжымалы бөлігін айқындаудағы еркіндігінің болмауы. Екінші бір ойландыратын мәселе: бүгінгі таңда жалпы білім беру жүйесінде, жасөспірімге берілетін білім құрамы мен көлемі. Себебі пәндік ұстанымда құрылған білім мазмұнының көлемі бастауыш буында 9 - 11, жоғары буында 17-20 міндетті пәндерді (инварианттық жүктемедегісі ғана) оқытуға бөлінген уақыт негізінде анықталып, баланың танымдық мүмкіндігінен асып кетті. Ал құрылымы жағынан жеке ғылым салалары бойынша нақтыланған оқу пәндер жиынтығымен айқындалып, пәндік білім, білік, дағды арқылы сипатталуы бүгінгі сұранысқа сай келмей тұр. Келесі өзекті меселе - білім сапасын қадағалау жүйесінің жоқтығы. Қолданыстағы бес балдық жүйенің, негізінен, төртеуі пайдаланылады. Сонымен қатар оқушының алған біліміне қойылатын бағаның мұғалімнің субъективтігінің әсері бар екенін ескерсе, оның объективтігі де ойландыратын мәселе. Осы тұста оқушы жетістіктерін ағымдағы бағалаумен қоса тәуелсіз ұйымдарын аралық, қорытынды бағалаудың жеткіліксіздігін де айтқан жөн.

Қарастырып отырған кемшіліктер астарындағы үлкенді-кішілі мәселелерге тереңірек үңілсек, онда білім жүйесінің беретін нәтижесі еліміздін әлеуметтес, экономикалық, мәдени өркендеуіне тигізер ықпалы қаншалыкты жеткілікті екендігін түсіну қажеттігі туады. Демек, білім сапасын көтеру тек сол жүйе аясындағы мазмұндық құрылымдық, ұйымдастырушылық өзгерістермен шешу мүмкін емес. Мәселе білім философиясын, білімді беру ұстанымын әдіснамалық деңгейде қайта қарау қажеттігі туып отырғандығында.

Аталған кемшіліктердің келесі кезеңдегі істерге түрткі болуының арқасында бүгінде қоғамда білім жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көшірудің стратегиялық міндеттері айқындалып отыр. Ол "Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында" белгіленді. Жалпы кез келген тұжырымдама сияқты бұл құжатта білім жүйесін дамытудағы басты ұстанымдар, мақсат пен міндеттер, ендірілетін өзгерістердің басты идеяларын сипаттау арқылы даму бағыттарын нақтылап отыр. Солардың бастысын айтатын болсақ, олар төмендегілер:

- білім жүйесінің құрылымын оның жеке буындарындағы (деңгейлеріндегі) құрылымдық өзгерістер арқылы жетілдіру:

- білім сапасын арттыру мақсатында оқу нәтижелерін қадағалау жүйесін жасау;

- білім саласын ашық жүйе ретінде дамыту.

Сонымен еліміздегі жалпы білім беруде жаңа бетбұрыстың болу қажеттігін тудырып отырған фактор: білім жүйесінде орын алып тұрған кемшіліктермен қоса әлемдік білім кеңістігінде қалыптасып қалған жаңа үрдістер. Бұл жаңа үрдістердің мән-жайын түсініп, оның біз үшін қаншалықты қажет екенін анықтаған жөн. Әлемдік білім кеңістігінде жалпы білім беру бойынша қалыптасып қалған оң үрдістерді бөліп қарасақ, оның бүгінгі таңда мектеп өмірінде болып жатқан үрдістерден айырмашылығы неде? Бұл айырмашылықты түсіну-үшін білім сапасын қамтамасыз етудің өзімізге таныс (тәжірибе жинақталған) және өркениетті елдерде іске асып жүрген жолдарын салыстырып көрелік.

Елімізде бүгінгі жалпы білім беруді бастауы кеңес дәуірінің 30-жылдары басталған. Сол жылдары мектепте берілетін білім мазмұны пәндік ұстанымда жүйеленуі ғылымдар классификациясына сүйеніп, жеке пәндер оқытыла бастады. Нәтижесінде "Нені оқыту 'деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемі белгіленді. Бұл үрдіс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы қалыптасты. Әр пән аясындағы білім жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп бүгінгі таңдағы көлемі айқындалды. Осы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін мұғалім болғандықтан, "Қалай оқытамыз?" деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер болды. Осы бағытта ұйымдастырылған білім беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын ББД болып табылады. Білім беруді ұйымдастырудың бұндай жолын шартты түрде жүйеге "кіруді" реттеу делінеді.

Әлемдік білім беру кеңістігінде өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден "шығуды" реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе "Не үшін оқытамыз?" деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе "оқушыны оқуға қалай үйрету? деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім, негізінен, оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тәсіл, т. б. ) қаруландырады. Осындай ұстанымда ұйымдастырған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады. Сонымен білім беруді ұйымдастырып оның сапасын қамтамасыз етудің екі жолының өзара айырмашылығы құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже деңгейіндегі өзгешеліктермен байланысты. Бұндай әдіснамалық деңгейдегі айырмашылық жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін реттеудегі өзіндік ерекшеліктерге әкеледі.

1. 2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері.

Педагогика ғылыми мектеп пен жоғары оқу орындарының алдына жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін әлдеқашан-ақ қойғанымен, шын мәнінде оның жүзеге асуында әлі де толық шешімін таба алмай отырған мәселелер жеткілікті. Қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндес жүйеленген білім көлемі оқыту мен тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгерту үрдісі педагогикалык психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көзделген мақсатқа қол жететіні аян. Ол үшін оқушылардың даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қызығуын, қабілетін дамытуға, өз ортасындағы өзгерістерге сай сабақтан тыс уақытта өз бетінше дамыту жолдарын қолдана білуге дағдыландыру қажет.

Оқыту, білім беру деген сөзден «нені қалай оқыту керек?» деген сұрақ туады. Осы сұраққа алдымен Абай тілімен жауап беріп көрейік. Абай білімді меңгерту, қабылдау, тану жайында педагогикалық теорияға үйлесімді даналық пікірлерді дәл ұсынған: қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, игеру, бекіту, жүзеге асыру, қолдану, іздену.

Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын Абай «он бесінші қара сөзінде»: «Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды екен, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады, Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екендағы, күнінде айтсақ құлақ, ойласа көңіл сүйгендей болады екен . . . » деп, орынды іске қызығу құмарлану адамның қалаған мақсатына жетуіне негіз болатынына арнайы тоқталады.

Сонымен қатар қызығу мәселенің өнер-білімді жаңғыртуда жетекші мәнге ие екендігі Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жумабаев еңбектерінде де қарастырылады.

Ж. Баширова өз еңбегінде мектеп пен арнайы оқу орындарындағы байланыстың болуы бірден-бір маңызды жағдай екенін, еңбекке деген белсенділік көзқарастарын дамыту мәселесін қарастырған. Олай болса, адам бойында қажеттілі, түрткі ниет, тілек, ынта, ықылас. т б қаситтер танымдық қызығуды құрайды. Танымдық қызығушылық шығармашылық белсенділіктің бастамасы. Шығармашылық белсенділік оқушыны білімге, кәсіпке, іскерлікке, әрекеттілікке, т. б. итермелейді. Танымдық қызығушылықтың туындау көрсеткіштері төмендегідей бөліктерге бөлінеді:

- мотивациялық құндылықтары;

- оқу объектісіне бағыттау;

- технологиялық;

- шығармашылық.

Соның ішіндегі шығармашылық - шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті, оқушының шығармашылық-ізденушілік бағыттылығын дамыту.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың бойында еңбекқорлық, шыншылдық, қанағатшылдық, қамқорлық, өтірік айтып алдамау, әдептілік пен сыпайылықты бейнелеуі көрінеді.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық -ізденушілік бағыттылығын дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Оқушыларда жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: мотивациялық құндылықтар, мазмұндық, бейімділік, танымдық, іс-әрекеттілік, технологиялық, шығармашылық. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, жігер, нәтиже құралады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажетгіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық белсенділігін және ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

- шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

- шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы:

- кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

- білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

- тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

-оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық белсенділігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздылықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Шығармашылық - оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Шығармашылық белсенділік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді. Оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келуге болады .

- қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызғушылықтың пайда болуына;

- оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

- білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық:

- оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;

- жеке тұлғалық сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттердің дамуына;

- тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Мектеп пен университет көлемінде әдеби-шығармашылық, тарихи-тағлымдық кездесу кештері оқушыларды әбден қызықтырады. Мұндай жағдайларда мәдени шаралардың өскелең жастардың халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрлерін, тарихи тұлғаларды, яғни, өнер мен әдебиет, мемлекет және мәдениет қайраткерлерін, ғылым мен білім ғұламаларын танып білуде болатын өмірге, әдемілікке, әсемділікке, ұқыптылыққа баулумен қатар рухани байлық пен танымдық қызығу қорын бойына сіңіруіне үлесі мол. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай іс-шараларды ұйымдастырып, тән тазалығын дарытып, ақыл-ойын дамытып, танымдық қызғуын арттыру үшін мектеп пен университет арасындағы сабақтастық мәселесін жетілдіру қажет.

Еліміздің мектептерінде барлық оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуі үшін болашақ мамандық иесі баулу жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларға өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты икемделелінеді. Оқушыларға бағыт-бағдар беруде келеңсіздіктерге жол бермеу үшін орта білім беретін және жоғары оқу орындарының бірлесіп атқаратын жұмыстары көп-ақ. Сондықтан оқушылар мен олардың ата-аналарымен өндірістік бағдар беру мұқтаждығын анықтап, мектеп бітірушілер, өз орнын осы мамандықтардың шешімін іздеуге бағыттау керек. Содан кейін барып кәсіптік бағдар жұмысын жүргізген абзал. Кәсіптік бағалау кезінде оқушылырдың мүмкінліктерін, қабілетін ескерген дұрыс.

1. 3. Білімді есепке алу және бағалау.

Оқушылар білімін тексеруге және оны есепке алуға қатысты маңызды мәселелер әлі толық шешімін таппай, жүйелі және жаппай бақылау мен оқушылардың білімін есепке алуды жақсартуға бағытталған шаралар толық пайдаланылмай жүр.

Оқушылардың білімін тексерудің қазіргі кездегі дәстүрлі формалары оқу үрдісінің әбден жетілген ең жақсы жолдарын және оқушылардың бағдарламалық материалды берік әрі терең ұғынуын қамтамасыз ете алмайды, өйткені елеуді кемшіліктері бар.

Қазіргі оқыту тәсілдері бойынша материалды баяу меңгереді, өйткені мұғалім оқу уақытының аздығынан әр бір оқушыдан тақырып бойынша алған білімін жүйелі және толық бақылауды, яғни кері байланысты (ішкі және сыртқы) жете жүргізе алмайды. Бағаның сирек жинақталуы салдарынан мұғалім екі үш (кейде бір ғана) бағамен тоқсанық баға шығаруға мәжбүр болады, бұ әрине оқушылардың шын білімін көрсетпейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқыту процесінде оқушылардың білімін тексерудің және бағалаудың педагогикалық негіздері
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Қабілет пен дағды - сол немесе басқа әрекетті орындау қабілеті
Білімді бағалаудың критерийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz