Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастыру


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ІСКЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігі ұғымының мәні
- Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығы
ІІ ТАРАУ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
- Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастыру формалары мен әдістері
- Қазіргі мектептің оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын қалыптастырып, белсенді оқуды жүзеге асырумен қатар баланың өзін - өзі тексеру, бағалау ептілігін өзін - өзі бақылау мен өзіне - өзі баға беру әрекетін орындауды талап етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті қалыптастыруы болып табылады. Оқуды бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі үшін қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс. Толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз-оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз (мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлу, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігіп, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етеді.
Сонымен, тұтас оқу іс-әрекетіне міндетті түрде осы барлық компоненттер - оқу міндеті, оқу әрекеті, өзін-өзі бақылау және бағалау әрекеті кіреді. Психологиялық әдебиетте оқу іс-әрекетінің осы әрбір компонентінің ерекшеліктері талдап сипатталған. Сөйтіп, баланың оқу міндеттерін қабылдауы балалардың бірқатар практикалық жағдайларға тап келген кезде, мұғалімнің өзінің әңгімесімен немесе сұрақтары арқылы сабақта балаларға тапсырманы не үшін, неліктен орындау керектігін ашып айтқан жағдайда іске асады. Бала бұл уақытта (сапалы немесе сапасыз түрде) бұл тапсырмаларды өзі үшін оқу мағынасымен, өзінің мүмкіндіктерімен салыстырады, яғни мұғалім міндетін өзі үшін алдын ала анықтайды немесе қайта анықтайды. Осы кезең баланың оқу іс-әрекетіне дайындығын тудырады, бұл оқудың ары қарай жүру барысында оқу процесін ұйымдастыруға қарай өсуі де, өшуі де мүмкін.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамның күні адаммен»емес, «адамның күні адамзатпен және табиғатпен»деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:
- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;
-нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
-жаһандану дәуірінде ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиеттерімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай білуге тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігі ұғымының мәнін анықтау;
- Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығы;
- Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастыру формалары мен әдістері;
- Қазіргі мектептің оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігінің теориялық негіздері және оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастыру жолдарын түсіндіру.
1. Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастыру;
2. Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығын түсіндіру;
3. Қазіргі мектептің оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің базасы:
І ТАРАУ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ІСКЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушылардың өзін-өзі бақылау іскерлігі ұғымының мәні
Оқу әрекетінің орындалуы балалар жұмысқа кірісуге дайын болғаннан кейін толығымен күшейеді. Оқу әрекеті - бұл баланың оқу материалымен белсенді әрекет жасай алуы. Бұған талдау, салыстыру, өзгерту, модельдеу, т. б. әрекеттер кіреді. Оқу процесінде мұғалім балаларды оқу материалын қайта өндеу және жүйелеудің күрделі тәсілдеріне, жалпы припциптерді айқындап, нақтылауға, сстс сақтау, зейінді шоғырландыру әдістеріне, бақылау әдістеріне және т. б. үйрете алады. Оқу жұмысының тәсілдері мен амалдарының қалыптасқандығы оқу іс-әрекетінің кемелденгендігінің басты көрсеткіші болып табылады. Оқу іс-әрекеті - бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игеруді қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой дамуында жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа сапаларын толықтырады.
Оқыту процесі - терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалімен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы, танымы, практикалық шеберлілігі мен дағдысы қапыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
- Білім беру мазмұны.
- Сабақ беру.
- Оқу іс-әрекеті.
- Оқыту әдістері.
- Оқытудың материалдық құралдары,
- Оқыту нәтижелері.
Білім - адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамнын тиімділігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, салыстыру, жіктеу және жинақтау қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету. [1]
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек.
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (ойлау, зейін, ес, қиял т. б. ) дамуына қиындық туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта турлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл - оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-әрекеттерінің, яғни, объективтік әлемді танудың ерекше формасы.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.
Балалардың өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруы оқу әрекетін табысты орындау үшін қажет. Психологияда өзін - өзі бақылаудың үш түрін ажыратады.
Қорытынды - жұмыстың нәтижесі бойынша. Мысалы, бала жұмысты орындайды және оны үлгідегі нәтижемен салыстырады (жауабы кітапта, үлгісі тақтада) .
Қадамдық, операциялық - жұмыстың барысы бойынша. Мысалы, бала жұмысты орындайды және оны орындау процесінде (өзі немесе мұғалімнің сұрағына) өзінің не істеп отырғанын, тапсырманы қандай тәсілмен орындайтынын айта алады. Өзін-өзі бақылаудың осы тәсілі толық пісіп-жетілген болып табылады, өйткені баланың жұмысты аяқтауына дейінгі қатені жеңуіне, жұмысты түзетуіне мүмкіндік береді.
Болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы, озып шығушы - жұмыстың басталуы алдында. Ол баланың (өзі немесе мұғалімнің өтініші бойынша) жұмысы қандай кезеңдерден тұратынын, оның бірінші, екінші, үшінші кезеңдерде не болатынын анықтай алуынан тұрады. Өзін-өзі бақылаудың бұл түрі өз оқу жұмысын реттеудің ең күрделі түрі болып табылады, ол қатені ескертуге, оқу жұмысын толығымен жоспарлауға мүмкіндік береді. Егер өзін-өзі бақылау - баланың жұмыс кезеңдерін және олардың бірізділігін бөлу болса, онда өзін-өзі бағалау - бұл баланың өзінің осы кезеңдерді меңгеру өлшемін бағалау. [2]
Өзін-өзі бақылау баланың нақты мүмкіндіктерімен салыстырғанда барабар және барабар емес (жоғарғы және төмен) болуы мүмкін. Сонымен, оқу - міндетті түрде толық немесе ықшам түрдегі дайындықты жасау бөлімін, оқу міндетін қабылдау, оған бағдарлану бөлімін, оқу әрекетінің бөлімін, оқу материалын өзгерту бөлімін, өзінің оқу жұмысының бақылау, бағалау бөлімін қамтитын күрделі іс-әрекет. Оқуды тұтас іс-әрекет ретінде бұлай түсіну оны ойлау, ес, зейін, т. б. жеке психикалық функциялардың жиынтығынан тұрады деп санайтын аяғыпа дейін құрып бітпеген функционалистік түсініктерге қарсы тұрады. Оқу үшін ең бастысы осы функциялардың "өтуі" емес, баланың белсенді іс-әрекетке қатысуы болып табылады: сонда ғана осы баланың тұлғалық даму міндеттері шешіледі; бұл іс-әрекет баланың меңгерген, оған қолайлы тәсілмен жүзеге асуы тиіс.
Оқу - бұл тек оқу жұмысыпыц техникасы ғана емес, ең бастысы, мектептен тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің міндеттерін шеше алатын нақты бала тұлғасын тәрбиелеу. Оқу процесінің барысында мұғалім тек оқытып қана қоймай, дамушы тұлғапы тәрбиелейді, қалыптастырады. Бала әрқашан (анық немесе анық емес) мұғалім арқылы берілген оқу әрекетінің қоғамдық-дағдыланған тәсілдерін қолданады, өз тапсырмаларын, өзінің әрекеттерін және бағаларын жұмыс тәсілімен, қоршағандардың бағасымен салыстырады.
Өзін-өзі бақылау - оқушының өз мүмкіндіктері мен қабілетін бағалауы.
Бір ғана оқу іс-әрекеті әр түрлі балалар үшін әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Бұл жалпы алғанда олардың оқу мотивациясын анықтайды. Әрбір нақты жағдайдағы оқу мотивациясын және оның балалар үшін мағынасын анықтау мұғалімнің тәрбиелік өсер ету шараларын айқындауда шешуші рөл атқарады.
Бір бала әр түрлі оқу пәнін түрліше оқиды, өйткені оның осы пәндерге қызығушылығы бірдей емес, осының нәтижесінде ол өзінің оқу іс-әрекетінің мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайды. Мысалы, бала биологияны ұнатпайды, ақыл-ой жұмысының сәйкес тәсілдеріне ие болғанымен, оны қолданбайды және мүмкіндігі бола тұра, нашар оқиды. Сол бала бір оқу пәнінде мотивацияның кемелденген түрін көрсетсе, ал басқасында енжарлық танытуы мүмкін. Бұл жердегі оқу іс-әрекетіндегі әр түрлілік түрлі оқу пәндеріне мотивацияның сәйкес келмеуінен байқалады. Бұл жағдайдағы педагогикалық жұмыс "ұнатпайтын" пәнге, нақты жағдайда биологияға қызығушылығын қалпына келтіруден тұруы керек.
Оқу барысында баланың бір мінез-құлқы әр түрлі мотивтерден туын-дауы, яғни бала үшін әр түрлі мәнділікке ие болуы мүмкін. Мысалы, бала есепті бір ғана тәсілмен шешуі мүмкін, бірақ бірінші жағдайда ол мұны мұғалімнен жақсы баға алу және ата-анасының мақұлдауы үшін, келесісінде - құрдастарының беделіне ие болу үшін істейді, үшінші жағдайда ол сол пәннің мазмұнына қызығады, төртінші жағдайда ол осы пәнді оқу арқылы болашақ мамандығына барар жолды байқайды, бесінші жағдайда бірнеше талап-ниеттерінің үйлесімі әрекет етеді. Осы жағдайдың бәрінде әрекет біреу ғана ал мотивтер әр түрлі. Мотив және мақсаттың қатынасы бала үшін оқудың мағынасын қалыптастырады. [3]
Әр түрлі жас кезеңінде сол бір ғана мотив бала үшін әр түрлі мағынаға, яғни ол әр түрлі қозғаушы күштерге ие. Мысалы, бірінші сыныпта қосымша әдебиетті оқу мотиві баланың өмірі үшін мәнді болып табылмайды, ал жоғары сыныпта ары қарай білім алуға дайындалумен байланысты, ол өмірлік мәнге ие болуы ықтимал.
Кеңес психологы С. Л. Рубинштейн мынаған көңіл аударған: баланың мінез-құлқының бір ғана актісі оның ішкі мазмұнына байланысты мәні бойынша мүлде әр түрлі қылық болуы мүмкін. Мысалы, оның жазуынша, бала үлкенге басқа баланың жалпы мінез-құлық ережесін бұзғаны туралы шағымданады: бір жағдайда шағым баланың бұл ережені орындау керек пе екенін тексеруге мүмкіндік береді; екіншісінде ол шындығында топтағы тәртіпті сақтауға ұмтылуы мүмкін; үшіншісінде жолдастарына қолайсыздық тудыруға ниеттенуі мүмкін.
Оқудың мағынасы - бұл баланың оқуға ішкі құмарлығы, баланың оқуды өз-өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне "қолдануы". Оқудың мағынасын, оның тұлғалық мәнін түсіну білімді меңгеру барысында "автоматтанған" түрде өтпейді. Білімді тәрбиелеу үшін, А. Н. Леонтьевтің айтуынша, білімнің өзіне қатынасты тәрбиелеу керек. Ягни, оқыту барысында балалардың білімге, оларды игеру тәсіліне белсенді ішкі қатынастарын қалыптастыру.
Әрбір оқушы үшін оқудың мағынасы оның қоршаған ортасынан (қоғам, отбасы) игеретін құндылықтар, идеалдар жүйесіне сүйенеді, осының арқасында оқуды бастағанға дейін балаларда оның мағынасы жайлы түсініктер қалыптасады, ал орта мектепте оқыту барысында мағына мәнді өзгерістерге ұшырайды.
Оқудың мағынасы - күрделі тұлғалық білім беру. Ол келесі кезеңдерді қамтиды:
- оқудың объективті мәнін баланың ұғынуы, бұл баланың әлеуметтік орта мен отбасында қабылдаған қоғамдық адамгершілік құндылықтарына сүйенуге саяды;
- өзі үшін оқудың субъективті мәнін түсіну, ол міндетті түрде баланың талаптану деңгейі, өзін-өзі бақылау, оқу жұмыстарын және оның жекелеген бөліктерін бағалау арқылы анықталады; өзінің талаптану деңгейін анықтауда бала қазіргі өз мүмкіндіктеріне (оны психологтар актуалды "Мен" деп атап жүр), қандай мүмкіндіктерге ие болуға тиіспін деген түсініктерге (потенциалды "Мен") сүйенеді. Осының барлығы "субъективті жауапкершілік аумағын" толығымен анықтайды. Яғни, оқу мағынасы оқу іс-әрекетінің, оның компоненттерінің (оқу жаттығулары, оқу әрекеттері, өз-өзін бақылау және бағалау) қалыптасу деңгейімен және тұлғалық құрылыммен (талаптану деңгейі және т. б. ) байланысты, ол бала тұлғасының ең терең қабат-қатпарларына қатысты. [4]
Оқу материалдары бала психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйт-кені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән жайын ұғыну - өте күр-делі әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға бел-гілі болды. Мәселен, сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөз-бен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде, оларын ойына ұстап тұрады да, бесін-ші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындық-тағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлел-дей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуді үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің, яғни заттардың себеп-салдары заңды байланы-сын түсінетін болады. Мәселен, жас баланың өзі де "от жақса, түтін шығады" дегенде, оттың жануы - түтіннің шығуына себеп болып тұрғанын аңғарады.
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жәй жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық балада талдау (анализ), жинақтау (синтез) тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкірт- ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда бала материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады.
Орыс психологы П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің "Ақыл-ой әрекетін жоспармен, сатылап қалыптастыру" дейтін тұжырымдамасында бала қандай да болмасын бір мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (яғни затты ұстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу, т. б. ) пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып дауыстап, кейін іштей айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық іс - әрекет (экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады деді. [5]
1. 2. Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығы
Оқыту - адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кәсіби біліктігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz