Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту технологияларының білім сапасын
көтерудегі ықпалы

Бүгінгі күні егемен елімізде оқыту технологияларының жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістермен байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі мен білім беру үрдісінде пайдалана алу маңызды мәселелердің бірі.
Білім беру саласындағы қызметкерлердің алға қойған басты міндеттерінің бірі болып оқыту технологияларын меңгеріп қана қоймай, өзінің жұмыс барысына тиімді қолдана білу болып табылады.
Оқыту технологиясы - бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.
П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды [1].
Жапон педагог ғалымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:
1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.
2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.
3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.
4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б. [2]
Осы негізде қазіргі кезде оқыту технологияларының көптеген түрлері пайда болып, арнайы құзырлы органдармен мақұлданып, білім беру бағдарламаларында кеңінен қолданылуда. Атап айтсақ: оқытудың жаңа технологиясы, инновациялық технология, ақпараттық технология, жобалау технологиясы және т.б. Аталған технологиялардың әрқайсысы өзіндік қолданылу аясымен, мақсатымен, міндеттерімен, қойылатын талаптарымен ерекшеленеді.
Оқытудың жаңа технологиясы - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, алайда оның мұғалімді толығымен алмастыратын қабілеті жоқ. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектептер шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, оқу бағдарламарына жоғары дәрежеде қолдана білетін, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдерді қажет етеді.
Компьютер, интерактивті оқыту құралдарды мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерінің дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Бүгінгі күнгі республикалық оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалы оқыту технологиялары оқу процесіне енуде. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде
Білім беру
Технологияның артықшылықтары
Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері
ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлекеттер өқілеттіліктер жүйесі
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Химия сабақтарында жобалау әдісін пайдалану
Электрондық оқыту әдістері Білімді бағалау әдістемелері
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Пәндер