НЛБ-ның негізін салуышылар


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. НЛБ-ның негізін салуышылар
2. НЛБ-ның принциптері - әлем жайлы дербес үлгі
3. НЛБ-ның модельдеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тілдің бұзылуы нейропсихология пәнінің шеңберінде, сондай-ақ нейролингвистика шеңберінде де зерттеледі. Нейролингвистика нейропсихологиялық табиғи бөлігі. Ол неропсихологияның жетістігіне сүйене отырып, өзінің үлесін қосады. Мұнда ол лингвистикадағы теориялық және тәжірибелік білімге сүйеніп жасайды.
Тілдік функцияны нейролингвистикалық зерттеу ХЭД еңбегінің жарыққа шығуымен байланысты. Бұл еңбекте нейролингвистикалық тұрғыда афазия және оның формалары, яғни тіл паталогиясын қарастырады. Тілдік бұзылуындағы зерттеу, сол кездерде неврологияда үстемдік құрған Брак, Верника, Лихтгейм, Липманн, Марк және т. б. өзгешелеу еді. Хэдтің неваторлығы - мидың символикалық - (ми қабыршағының үшінші алаңының) тікелей қатысына байланысатын тіл бұзылуын көрсетуінде еді. Басқалай айтатын болсақ Г. Хэд символикалық іс-әрекет ретінде тілдің бұзылуын тілдік құралды пайдаланудағы локальдылық қабілеттің зақымдануына байланысты болады.
Г. Хэдтің зерттеуін жалғастырушылар Р. Якобсон, М. Холла, А. Р. Лурия, Е. Н. Винарская, Т. В. Ахутина, Т. Б. Глезерман, Т. Г. Визель және т. б. афазиядағы нейролингвистиканың маңыздылығы мен нәтижелігін айқындап берді.
Қазіргі кездегі нейролингвистикада екі түрлі негізгі бағыттар бар. Р. Якобсон мен М. Холланың ең бірінші жаңалық шеңберінде тілдің екі түрлі негізгі бұзылуы болды.
1) парадигнотикалық тіл операциясының бұзылуымен байланыстырады. Ал мұны мидың артқы бөлімі жүзеге асыруға тиіс.
2) «алдыңғы» мимен жүзеге асырылатын синтагматикалық іс-әрекеттің бұзылуы. Мұндай тұрғыдан келуді А. Р. Мурин жемісті деп бағалады.
Дегенмен, бұл кең қанат жая алмады.
Нейролингвистикалық зерттеудің екінші бағыты - Хэд көтерген ми деңгейлерін қамтиды. Қазіргі кезде бұл белсенді түрде қамтылып жатыр.
Бұл нейролингвистикалық екі бағытта тілдік функция мен оның бұзылуына байланысты жаңа жол ашылады.
НЛБ 1970 жылдардың басында пайда болды. Колифорниядағы Санта-Круз университетіннде лингвистика профессорының ассистенті Джон Гриндер мен сол университтеттің психология мамандығының студенті Ричард Бэндлердің бірлескен еңбектерінің жемісі болды. Ричард Бэндлер сонымен бірге психотерапияға қызығушылық танытты. Олар бірлесіп атақты үш психотерапевт еңбектерін зерттеді: психотерапия жаңашылы және гештальт-терапия мектебінің негізін қалаушы Фринц Перлз, көптеген психотерапевттер шешімін таппаған отбасылық мәселелердің шешімін тапқан, отбасылық терапевт Вирджиния Сатир және әлемге әйгілі гипнотерапевт Милтон Эриксон.
Бэндлер және Гриндер өздерінің жаңа мектептерін ашудан аулақ болды, олар тек атақты терапевтер қолданған паттерндерді анықтап, басқаларға жеткізумен айналысты. Оларды теориялар қызықтырған жоқ, олар практикады жұмыс істейтін және үйренуге болатын табысты терапия модельдерін құрды. Бэндлер және Гриндер осы паттерндерді ашып, іріктеп, тиімді коммуникацияда, тұлғалық өзгеруде, жылдамдатып оқытуда және өмірден ләззат алуда қолдануға болатын мықты модель құрды. Олар өз жаңалықтарын 1975-1977 жылдары жарық көрген төрт кітапта жариялады. НЛБ бойынша жарияланған әдебиеттер саны содан бері қарқынды жылдамдықпен өсуде.
Осы алғашқы модельдерден бастап, НЛБ екі бағыт бойынша дамыды. Біріншіден, адам іс-әрекетінің кез-келген аймағындағы шеберлік паттерндерін табу процесі ретінде. Екіншіден, атақты адамдар тәжірибеден өткізген ойлау мен коммуникацияның тиімді тәсілі ретінде. бұл паттерндер мен тәсілдер өз бетінше қолданылуы мүмкін, бірақ сонымен бірге моделдеу процесінде кері байланыс ретінде де қолданылады. 1977 жылы Бэндлер және Гриндер Америкада бірнеше табысты семинарлар өткізді.
1976 жылы Бэндлер және Гриндер өз жұмыстарына атау берді - нейролингвистикалық бағдарлау - үш қарапайым идеядан тұрады. «Нейро» бөлігі неврологиялық процестерден бастау алатын көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу және түйсінуден тұратын фундаменталды идеяны бейнелейді. Біз дүниені өзіміздің бес сезіну мүшелері арқылы қабылдаймыз, ақпараттардың «мәнділігін» алып, онымен басшылық жасаймыз. Біздің жүйке жүйеміз тек қана көрінбейтін ойлау процестерінен ғана емес, сонымен бірге идеялар мен оқиғаларға деген көрінетін физиологиялық реакциялардан тұрады. Бірі екіншісінің қарапайым физикалық деңгейдегі бейнесі болып табылады. Тән мен ақыл адам мәнділігін көрсететін бірлікті құрайды.
«Лингвистикалық» бөлігі біздің тілді өз ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді тәртіпке келтіру үшін және басқа адамдармен коммуникацияға түсу үшін қажет екенін көрсетеді. «Бағдарлау» өз идеяларымыз бен әрекеттерімізде нәтижеге жетуге қажет ұйымдастыру тәсілдерін көрсетеді.
НЛБ-ның негізін салуышылар
Нейро-лингвистикалық бағдарламалаудың (НЛБ) негізін салушы Американдық Джон Гриндер, америка университетінде математикалық лингвистикадан дәріс берген, оның шәкірттерінің бірі Ричард Бендлер . НЛБ ғылыми пән есебінде зерттелуі жас, алғашқы кітап жетпісінші жылдары жарық көрген . Бұл ғылымның Ресейге келуі 1989 жылы болса, ал Қазақстан жеріне 1998 жылы, яғни 20 ғасырдың соңғы жылдары келген. НЛБ -ның алғашқы қалыптасуы моделдеу деп аталды. Адамдар қалай ойлайды, олар қалай қимылға келеді көмектесетін аймақтарын түсінуді қарастырды, ол (Нейро) деген физиологиялық және ( лингвистикалық) сөздік ( бағдар- ламалау) алгоритм және модель болып табылады. Алғаш НЛБ американдық психотерапевтерде жұмысты моделдерге бөлуге арнайы қолданылды. НЛБ- ның алғашқы модель - техникалары формалы тәсілдер құрады. Бұл НЛБ арқылы психологияға енуге жылдам көмек. Кейінірек НЛБ мен айналысқандар Аристотельден бастап, Уолт Диснеймен аяқталады.
«Нейро-лингвистикалық бағдарламалау» - дене, тіл және мидың арасындағы қарым-қатынасты символдау болып табылады, Қазіргі кездегі НЛБ-ны жасаушылардың ішінен Роберт Дилсті атап өтуге болады. Ол қырықтан астам сендіру, динамикалық оқыту, жүйелік ойлау, творчестволық, лидерлік және бизнес тақырыптар аясында кітаптар жазған. Біз сенсорлы репрезентативті жүйе арқылы қоршаған ортаға әсер етеміз. Ең бастысы біздің Нейро-лингвистикалық картамыз шындық болып табылады.
- Адамдар реалды өзіндік қабылдауына әсер етеді.
- Әрбір адамның өзіндік жеке әлем каратасы бар.
- Коммуникация негізі реакцияға әкеледі.
- Адамдар тиімді әрекеттердің барлық ресурстарымен меңгерілген.
Өмір және сана жүйелік процесс болып табылады.
- Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы жүйелік болып табылады.
- Жүйенің белгілі бір бөлігін толығымен қалған басқа жүйеден жою мүмкін емес. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік кері байланысты тудырады.
- Жүйелер «Өзіндік ұйымдастыру» болып табылады. Сондай-ақ мұнда тек қана кері байланыс бар.
- Кез келген мінез-құлық тәжірибе немесе реакция шектеуші факторлардың ресурстарына қызмет жасайды.
- Бірінші деңгейде позитивті болатыны, екінші деңгейде негативті болуы мүмкін.
- Белгілі бір деңгейде кез келген мінез-құлықтың позитивті жақтары болады.
- Қоршаған орта және контекстілер әр кез ауысып отырады. Жақсы бейімделу үшін белгілі бір икемділік керек.
- Егер сіздің әрекеттеріңіз күтілгендей болмаса, онда өзіңіз қалаған нәтижеге жету қажет.
Әлемнің дербес моделі бар, әлем кез келген нақты моделмен немесе әлемнің репрезентациясының арасында айырмашылықтар бар. екіншіден өзіміз шығаратын әлем моделінің екіншісінен айырмашылығы болады. Мұны көптеген түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. НЛБ-да шектеудің 3 категориясын көрсетуге болады. Нейрофизиологиялық, шектеу және дербес. Адамның рецептор жүйелерін қарастырайық: көру, есту, сезіну, дәм сезу. Адамның көру мүшесі толқындарды, яғни 380-нен 680 миллимикрон интервалда орналасқанда ұстай алады. Бұл интервалдар үлкен немесе кіші жаққа айытқитын толқындар адамның көзіне қабылданбайды. Берілген жағдайда біз сәйкесінше генетикалық нейрофизиологиялық шектеулермен тек қана үзіліссіз физикалық көріністерді ғана қабылдаймыз. Әлеуметтік шектеулер немесе фильтр яғни біз оларды әлеуметтік генетикалық факторлар деп атаймыз. Әлеуметтік генетикалық фильтрдің негізіне - біздің тілдік жүйеміз жатады. Дербес шектеулер - өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйене отырып, өзіміз шығаратын барлық шектеулерді жатқызамыз.
НЛБ - бұл тиімділікті зерттейді, ал моделдеу - бұл процесс, яғни тиімділікті саналы қылады. Нейро лингвитсикалық бағдарламалау саласы адамның ойлау дағдыларын моделдеу процесінде дамыған. НЛБ-да моделдеу процесі мидың жұмысын тілдік стереотиптердің анализ жолымен (лингвистикалық) және коммуникацияның вербалсыз тәсілі арқылы тексереді. НЛБ-да моделдеу әдісі бізге әрекет жасаушы рөлдік модельдердің яғни, мінез-құлық пен тілдің спецификалық стереотиптерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Стратеги я - белгілі бір тапсырманы орындауда өзіміздің ойлауымыз бен мінез-құлығымызды жұмсауымыз. НЛБ неврологиялық процестердің қолданылу жолдарын зерттейді, яғни сезімдердің (көру, есту, сезіну, сипап сезу, дәм сезу ) .
Метамодель - тіл біздің дербес тәжірибемізде күшті фильтр болып табылады. Ол біз өскен мәдениеттің бірден бір бөлігі, яғни біз оны өзгерте алмаймыз. НЛБбойынша әдебиеттерде бұл - метамодель деп аталады. Метамодель тілдің неғұрлым түсінікті қылу үшін, тәжірибе мен тілдің арасындағы байланысты қалыптастыру үшін қолданылады. Метамодель - табиғи тілдің моделі, яғни лингвитстикалық толық ережелер болып табылады.
Тұлғаның нақты моделін шығаруда түрлі деңгейлері де ескеріледі. Бізге оның тарихи географиялық негізіне мән беруіміз керек, яғни қайда және қашан берілген индивидуум өзінің әрекетін жүзеге асырады. Біз оған тән мінез-құлығы мен әрекеттерін зерттеумііз керек. Сондай-ақ ойлау мен тану стратегияларын және туғаннан пайда болған ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Моделдеу процесінің нәтижесінде, жеке тәжірибелердің түрлі деңгейлерінің негізінде, өзара әрекеттестікті зерттеу, келесі логикалық деңгейлер схемасын ұсынуға болады.
Қоршаған орта сыртқы мүмкіндіктерін немесе шектеуші факторларын анықтайды. Қайда және қашан?
- Мінез-құлық индивидуумның берілген қоршаған ортада жүргізілетін оның ерекше реакциялары мен әрекеттері. Не?
- Ойлаудың стратегиялары мен жоспарларының, сондай-ақ менталды «карталардың» көмегімен мінез-құлықтық актілеріне бағытталады және жетекшілік етеді. Қалай?
- Сендіру талаптарға кері немесе жағымды әсер беруі мүмкін. Неге?
- Индивидуумның ролі алдын ала ұсынылған немесе өзіндік қабылдаумен негізделеді. Кім?
- Жанға әсер ету жүйесі. Кім? Тағы да? Және тағы да не? Осылайша моделдеу процесінің көліктері стратегияларының бернеше деңгейлерін анықтаумен тығыз байланысты болады.
Қабылдаудың позициясы деп негізгі көзқарастарды айтамыз, яғни басқа адам мен сіздің араларыңыздағы өзара қарым-қатынасты қараструағы сіздің шешіміңіз. Бірінші позиция : Сіздің қоршаған ортаны өз көзіңізбен көріп, өзіндік көзқараспен, сендірумен, іс-әрекетпен негізделеді. Бұл көзқарастан біз өзіңізге: «Мен көріп тұрмын», «Мен сеземін» т. б. Екінші позиция : басқа адамның қоршаған оратны өз көзімен көріп, өзіндік көзқарасымен, сендірумен, іс-әрекетімен негізделеді, бірақ бірінші, екінші позициядағыдай сендірумен, іс-әрекетімен тығыз байланысты. Бұл позициядан сіз өзіңізге және басқа адамға: Ол ол жерде, «Олар сезінеду». Метапозиция: Үшінші позициямен негізделеді, бірақ сендірумен іс-әрекетті бөлуде екі позицияның біреуін ғана қабылдайды. Бақылаушының позициясы : Үшінші позициямен негізделеді, бірақ екінші, бірінші позицияларды қабылдайды.
НЛБ адамдардың мінез-құлықтарына әсер ететін физиологиялық процестердің өзгеруі мен қолданылуын, көрінуін қарастырады. Негізінде адамның миы компьютер тәрізді: ол бағдарламаларды орындайды. Нақты менталды прогараммаларды орындауда адамның психикалық жағдайы анықталады. Менталдық программалардың орындаудың тиімділігі қабылдағыштық пен стресті анықтайды. Жүрек қағысының жиілеуі және демалысы, поза, қанқысымы, қозғалыс реакциясы және тері қабатының реакциясы - мұның баршаға психикалық жағайды өзгерістердің физикалық белгілері НЛБ-да мұндай белгілер идентификациялау мен модельдеу үшін қолданылады.
«Якорение» - кез келген және сыртқы жағдайларға байланысты (дауыс, сөз, қолын көтеру, интонация) кейбір реакциялармен байланысты процесс. Якоря табиғи образбен туындауы мүмкін. Жағымды якорь - ресурстың жағдайдағы якорь (жағымды алаңдау) . Жағымсыз якорь - проблемді жағдайдағы якорь (жағымсыз алаңдау) . Якорьді орнатуда үш негізгі ережені сақтау керек:
Якорь - алаңдаудың шарықтау «шегіне» дейін қойылу керек. «Пик» жағдайында оны біртіндеп алу керек. Бұл өте маңызды.
- Кез келген дыбыс, қозғалыс якорь болуы мүмкін.
- Сіз якорьді неғұрлым дәл орындайсыз: дәл сол сияқты дыбыс, дәл сол сияқты сөз, дял сол сияқты интонациямен орындалған, дәл сол сияқты қозғалыс.
Тактильді якорь
- бұл ең сенімді және қолайлы. Ал аудиалды якорь - оны әдетте ұстауға өте қиын, қолайсыз, клиент мұндай кері қарап, көзін жұмуы мүмкін. Сондықтан да ең алдымен установканы тактильді якорьдан бастайды.
Визуальді якорь
- визуальдық якорьға «гипнотизердің позасы» қозғалыстар, кеңістіктегі жағдай мимиканы жатқызуға болады.
Аудиальды якорь - аудиальді якорьді екіге бөліп қарастыруға болады: дауыстық және дыбыстық. Дауыстық өзіне тән дауыстық ерекшеліктеріне байланысты болады: интонация, жылдамдығы, ырғақ және т. б. Дыбыстық якорь қолдағы заттардың көмегімен жүзеге асады (колокольчик, дудочканы қолданады) . Якорьмен жұмыста ең маңыздысы - бұл тек қана якорьдің установкасы ғана емес, яғни оны қолдануға болатын жағдайды алу болып табылады. Ең қарапайым тәсілі - клиент өзі қолайлы жағдайға кіргенді тосу. Бұл пассивті тәсіл болып табылады. Бұл өте қолайлы, бірақ бұл тәсілде өте көп тосу керек. Жағдайды шығарудың келесі тәсілдері неғұрлым белсендірек болып келеді. Тікелей - клиентке қажетті жағдайға кіруді сұрайды. Келесі тәсілі - сізге қажетті жағдайдағы ситуацияны клиентке есіне түсіруді сұрау.
Метапрограммалар - адамның қабылдауындағы базалық сүзгіні айтамыз. Адамға оның санасындағы шектеулерге байланысты әр кез оның «артық» ақпараттарын алып тастау керек. Негізгі метаграммаларға: референция, мотивация, салыстыру фокусы және бөлу тәсілдері. Референция - адамдардың өз нормаларын білуі. Адам ішкі референциясымен өзінің ішкі нормаларына қатынас жасайды және түрлі әрекеттерін салыстыруда және шешім қабылдауда қолданады. Салыстыруды жүзеге асыруда ол өзінің ішкі нормаларына сүйенеді. Мотивация: активті - пассивті . Белсенді (активті) адам өз-өзін бейімдейді. Пассивті адам сыртқы әрекетке негізделеді. Ол басқа адамдардың әрекетін тосады.
Салыстыру фокусы . Бір адамдар заттардың бір-біріне ұқсастығы туралы айтса, екіншілер олардың айырмашылықтары бар екенін айтады. Дәл осы тәрізді берулері қалыптыға негізделсе, екіншілері жаңа нәрсені іздейді. Яғни, бұл - салысттыру фокусы. Сәйкестілік ориентациясы . Ең алдымен ұқсас, сәйкес заттарға дейін аударылады. Бұл адамдар өзгерістер өте баяу, ақырын болуын қалайды, яғни жұмыстағы ситуация уақытымен дамуы. Олар көбінесе салыстырудың мынандай типтерін қолданады: «жақсы», «жаман», «үлкен», «кіші». Ақпаратты ұйымдастыру стилі - бұл метаграмма адамдардың қалай ойлайтынын, өзіндік ойлауды қалай ұйымдастыратыны жайлы сипаттайды. Кейде басқа адамға бір нәрсені түсіндіру өте қиын, ауыр болады, себебі ол адам басқаша ойлайды. Бұл көп жағдайда конфликтіге және түрлі көзқарасқа әкеп соғады. Кейбір адамға «басқа» адамның ойлау стилін түсіну қиын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz