Tаудағы күтпеген жағдайдың сипаты және оқу әдістемесі.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

Тақырыбы: Tаудағы күтпеген жағдайдың сипаты және оқыу әдістемесі.

Тексерген: А Ә Д пәнінің аға оқытушысы

Шаймардайов Қ.

Орындаған: 3-курс студенті

Өскемен 2011 ж.

жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

1. 1. қар көшкіні туралы тұсінік

1. 2 Қар көшкінің пайда болуына себепкер факторлар мен белгілері

2. 1. Қар көшкін қауіпінің белгілері:

2. 2. Қар көшкіні қауыпты аймақтарда болғанда қолданылатын қауіпсіз шарал ар:

2. 3 Қар көшкініне тап болған кезде өзін-өзі құтқару әдістері

2. 4 Құтқарушылардың іс-әрекеті

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кіріспе:
Кіріспе:

Қар көшкіні - бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа, тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.

Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек? Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз: тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз; тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз; Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды. Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады. Алдын-алу шаралары Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады. Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін. Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері - көшкіннің жиі құлайтын жері. Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?

Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі Көшкін түскеннен кейін не істеу керек Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.

Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай лықсуы. Тоқтап қалған қар көшкіні қар үйіндісін құрайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалын қар көп жауатын және қолайлы геоморфорогиялық және топырақтық - ботаникалық жағдайы бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында жиі болып тұрады. Қар көшкіні бойынша ең қауіпті кезен болып қараша - сәуір, биік тауларда қазан - мамыр айлары саналады.

Шығыс Қазақстан жерінде 497 қар көшкіні болатын қауіпті ошақтар бар, әсіресе Алтай тауларының батыс аймақтарында, Громотуха және Тургусун өзендерінің алқаптарында жиі болады. Қар көшкіні 6 елді мекендеріне қауіптілік төндіреді: Зубовка поселкасын, Серебрянск қаласына, Лаптиха селосына, Каменный карьер селосына, Огневка поселкасына.

1977 жылы ақпан айында бірнеше оншақты үйлер бұзылып, адамдардың шығыны болған; ал 1990 жылы 10 ақпанда Өскемен- Зыряновск жолында апат болып 2 тепловоз және 17 вагон құлаған, темір жолмен бірге көшкіннен қорғау қабырғасы бұзылған. Көшкіндер көбінесе тау бөктерінің тіктігінің бұрышы 15-50 градус, өсімдік жамылысы аз тауларда кездеседі. Таудың құлама тігі 50 градустан жоғары болғанда қар тез сырғып төмен түседі, қар жиналмайды. Көбінесе тау бөктеріндегі қарлар жиналып, бір бірімен құрылым байланыстыры азайғанда салмақтың кұшімен төмен сырғиды, тез жылдамдықпен түсіп, жол бойындағы қар массасын, тастарды бірге алып жазыққа қарай ұмтылады, жолында барлық кедергілерді қиратып өтеді.

Қар көшкінің пайда болуына себепкер факторлар мен белгілері

Қар көшкінің пайда болуына өзіндік себептер әсер етеді. Ең бірінші, қар көшкіні пайда болуына қалын қардың жаууы, қыста қатты бұрқасын, көктемде қардың бетіне жауын жаууы. Қалындығы жарты метрдей болып 2-3 күн жауған қар қауіпсіз болады, қысқа мерзімде жауған (10-12 сағатта) қар қар көшкіні қауіптілігін төндіреді. Ескі қар жатқанда, оның биіктігі тау бөктеріндегі жымылгысының түріне қарай ар қалай болады.

Шөпті бөктерінде қардың қалындығы 15-20 сантиметр дей болғаны жеткілікті көшкін болуы үшін, бұталар немесе ірі шөгінділермен жамылған тау бөктерінде қардың қалындығы бір метрдей болу керек, бұтамен шөгінділер қармен жабылып беті тегіс болады қар көшкіні оның бетімен оңай лықсиды. Ескі қар жатқанда қардың қалындығы 30-50 сантиметр болса қар көшкіні болады. Ауа райының күрт жылып кетуі, күннің қатты сәулеленуі қардың беткей қабаттарын ерітіп, еріген су төмен қардың қабатына еңіп жер мен қардың арасындағы байланысын бұзып қар сырғи бастайды. Осындай ылғалы қар көшкіндері көктемнің басы наурыз айларында кездеседі. Қатты желдер, желдің жылдамдығы 7-8 м/сек болғанда, қардың қалындығы 10-15 см болса қөшкін болуы мүмкін. Ауа райының күрт жылып кетуінен қардың жоғары беті еріп еріген су төмен қарға сіңіп жермен қардың арасындағы байланысын бұзады, қар ауыр салмағымен төмен түседі. Көктем айларында жиналған қардың бетіне жанбыр жаууы.

Қар көшкін қауіпінің белгілері:

  • Қыста қалын қар жауып, қардың қалындығы 20-30 сантиметр болуы.
  • Қыста ұзақ уақыт ауа райы жылып немесе суып кетуі.
  • Қардың бетіне жанбыр жаууы.
  • Қатты желдер, желмен қардың үйіліп қалуы.
  • Тау бөктеріндгі қардың қалындығы 30-60 сантиметрден асуы
  • Қар жамылғысының күп болып көтерілуі және басылып қалуы, жарылып үзіліп кетуі.

Қар көшкіні қауыпты аймақтарда болғанда қолданылатын қауіпсіз шаралар:

  • Көшкін апаттарының деректеріне таянса адамдардың зардап шегуі, қаза болуы көбінесе өздеріне байланысты болады. Автомобиль жұретін жолдары немесе жаяу жұретін соқпақ жолдары сирек қар басып көшкін болады. Тік тау бөктерлерімен жұрмеңіз, тек жолмен немесе тапталған сулеумен жұруге болады.
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы, таулы жолдағы жағдайын үнемі қадағалау керек.
  • Қалын қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпау керек.
  • Тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз. . Егер аяқ астынан кардың отыруынан шу естілсе қозғалысты токтату керек.
  • Сәуір - наурыз көктем айларында күн жылып қар еріген кезде тауға шығудан немесе тауда демалудан бас тарту керек.
  • Қар көшкіні қауіпі бар жерден шуылдамай ақырын өту кереку.
  • Қауіпті участоктен бір бірлеп өтіп рюкзакті бір қолыңызда ұстаңыз.
  • Қалын қар басып қалған таулы бөктерінде демалуға, тоқтауға және түнейтін шатыр тігу болмайды.
  • Қар көшкіні төмен лықсығанда жолынан тез кетіп немесе жар тастың артында сақталу керек.
  • Жалғыз тауға ешқашанда баруға болмайды.

Қар көшкініне тап болған кезде өзін-өзі құтқару әдістері:

  • Көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шанғы мен таяқтан босаңыз.
  • Көшкіннің шетіне шығуға талпыңып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз.
  • Шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау ушін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек.

Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасаүға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі бетін қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқалау пайдасыз, бұл тек күшпен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмқүндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.

Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:

  • Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесін тез белгілеу.
  • Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандайда бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.
  • Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанның тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
  • Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндік болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатусышылар курделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым болуға тиіс.
  • Егер бақытсыздықтың тікелей күәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды. Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады.
  • Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.
  • Аймақты анықтағанна кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады.
  • Құтқарушылар бір-бірі мен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке еңгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдылығы - 70 %.
  • Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тескеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалындығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет (беткей бойынша төменнен жоғары) .
  • Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін анықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жалдам қазуға болады, кейін күрекпен дене жарақаттамау үшін сақтық жасаған дұрыс.

Құтқарушылардың іс-әрекеті:

  • зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдын бос кеңістіктің барөжоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Екінші жағдайда тірі қалу мүмкіндігі аз.
  • Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін ( егер ол жылы және жұмсақ болса, оның өмір сақтап қалу мүмкіндігі бар) тексеру керек
  • Ауыз бен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет
  • Бір уақытта зардап шегушіні ұйықтау қапшығына салып, қыздырғыш қойып (ыстық су құйылған ыдыс) жылыту керек
  • Егер адам есін жиса, оған қантты шай немесе кофе берген жөн. Спирт ішімдігін беруге болмайды!

Қар көшкіні болмауы үшін алдын ала шаралар қолданылады, олар екі топқа бөлінеді: активті, пассивті. Пассивті тәсілдерде тіреуші құралдар, бөгет, бағаналар, қар тоқтататын кедергілер, көшкінкескіштер пайданылады, ормандарды қалпына келтіріп, ағаш салады. Активті тәсілдерде қар көшкіні бойынша қауыпты жоталарды зеңбірек, миномет арқылы атқылап, жиналған қарды белгілі бағытпен төмен түсүреді. Ол үшін алдын ала хабар беріп, көшкін лықситын аймақты белгілеп қойып, адамдарды қауыпты аймаққа жібермейді. Қазақстанда көшкін бойынша қауыпты аймақтарда көшкінге қарсы станциялар орнатылған және көшкінге қарсы қызметтері ұйымдастырылған.

Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық - ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын -шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда - қазан-мамыр.
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті. Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс.

Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Опырмалар - ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады. Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Опырылманың құралымы Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады. Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет.

Қар басу - табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою. Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін. Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз) . Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі. Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн. Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары
АКТ пәнін геймификация технологиясын қолданып оқыту әдістемесі жасау
Күшті жер сілкінісі
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізу
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Спорттық туризмнің тактикасы
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz