Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздксiз өрiстеуде, психология бұрын кезкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары атты еңбег iнде қазipгi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады, -- деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiнекүрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.
Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi -- зерттелушi құбылыстардың мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты əдi снамалық мəселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мəн iн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тeк категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiр бұл категориялардың өзiндк дербесткте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер -- əлеуметтiк жəне биологиялық. Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бip қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мi ндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. Адамдық фактор дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.
Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетi н алмай (өйткен i, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекп iз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн -- оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.
Психология ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл

Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында
Белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов тарихи көзқарастарының бөлігін оның Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихына қатысты пікірлерінің кешені құрайды. 60-шы жылдардың басында Отандық тарихтың негізінен көне және орта ғасырлары кезеңін зерттеуге жүйелі түрде ден қойған ақын аракідік, жол-жөнекей Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының негізгі оқиғалары мен кезеңдеріне қатысты пікірлерін білдіріп отырды. Бұл оның алғашқы өлеңдері мен өткір публицистикалық мақалаларында бейнеленді. Олар негізінен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының жалпы тарихи тағдырына, мәдениеті, өнері мен әдебиетіне, қазақ зиялыларының қоғамдағы орнына, ұжымдастыру, репрессия жылдарына, Ұлы Отан соғысы мен тың және тыңайған жерлерді игеру науқандарына, тоқырау жылдарына, респуб - лика мен КСРО басшыларының жекелеген тұлғаларының қызметін бағалауға, Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу, желтоқсан оқиғасына және посткеңестік Қазақстан тарихына қатысты болды.
О. Сүлейменовтің Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихына деген көзқарастарының негіздеріне үңілу, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тарихи тағдырына, әлеуметтік-экономикалық, саяси бағыт-бағдарын бажайлауға жәрдемдесері хақ. Барлық мамандарды қанағаттандырып отырған сапалы жазылған жаңа Қазақстан тарихы оқулығына зәрулік те кәсіпқой тарихшылар тарапынан О. Сүлейменовтің тарихи тұжырымдамаларына деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз.
О. Сүлейменовтің ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихына көзқарасына тән нәрсе - эмоциональдық көзқарастардан жоғары тұрып, барынша объективтілікке ұмтылатындығы. Оған тарихи ризашылық пен шаттану немесе қайғырып, салы суға кету сезімдері жат. А. Пушкин тілімен айтқанда, уайымы да нұрлы. Менің Шоқаным атты шағын мақаласының өзі қазақ халқының тарихындағы аса күрделі кезеңді кешенді түрде ұғынуға септігін тигізер еді. ХІХ ғасырда халық бөтен отбасындағы өгей ұл болды. Халықтың ұлдары деп атауға лайықсыз оның ақсақалдары, қымбат тарихи уақытын сұлтандық немесе болыстық қызметтер алу үшін өзара қағазбасты ұрыс-керістермен өткізумен болды. Жазғыш немесе урядник, тым құрығанда, салық жинаушы болғысы келді. Жас Шоқан сауаттылық далаға өсек-аяңды көбейту үшін келді деп жазған еді. Далада жаулар еш уақытта осыншалықты көп болған емес және олардың саны хат таныған әрбір жаңа орташаның есебінен де көбейіп отырды. Патша өкіметі ақша төлеп отырған округтегі жалғыз қызметті алу құқына ие болу үшін жүздеген және мыңдаған адамдардан олар да қалысқысы келмеді. Халықтан жоғары көтеріліп, асып-тасыдым деп есептеген бұл адамсымақтар өздерінің адамгершілік және ұлттық борыштарын ұмытып, өздерінің арын сатты, халықтың ар-намысын саудаға салды. Отанымыздың басына түскен қайғы-қасіретке солар кінәлі. Қағазбасты ұрыс-керістер ас - тын - да қорқынышты істер жүріп жатты: Шоқанның, Абайдың, Сәкеннің, Ілиястың, Бейімбеттің... ажалдарына солар кінәлі.
Отаршылдықтың Далаға үлкен қасірет алып келгені рас, бірақ отаршылдармен ауызжаласқан жергілікті мансапқорлардан халықтың көрмеген қорлығы да аз емес. Ұлттық дертке айналған бұл құбылысты О. Сүлейменов қазақ үшін көкейтесті етеді. Мен академиямыз шығарған ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы құжаттарда атты екі томдықты қарап шыққан едім. Мұрағаттан үлкенді-кішілі Дала билеушілерінің бірінің үстінен бірі жазған мыңдаған арыз-шағымдардан, өсек-аяңдарынан, жапқан жалаларынан басқа құжаттар табылмады. Бұл жолдан өтпей Шоқан сұлтан бола алмайтын еді. Егер сұлтан болған жағдайда Шоқан бола алмайтын еді. Сөйтіп ол ондай мүмкіндіктен бас тартты. Ол оның жауларының бірі сипаттағанындай Аса таза және аса адал адам болып қалды. Ол болашақтың адамы еді - өткенде өмір сүрді. Алайда, жаңа тарихи жағдайды түсінуге келгенде ақынға барынша объективтілік тән, отаршылдықтың бұғау болуымен қатар, оның ғасырлар бойғы тарихи томағатұйықтықты жеңу кезеңі болғанын да есте ұстайды. ХІХ ғасырда Ресейдің отары болдық. ХХ ғасырда біз бірге бақытсыздыққа ұшырадық, жеңіске де жеттік, тізерлеп бүгіліп қайта тұрдық, сөйтіп тәуелсіздікті де Ресейдің қолынан алдық. Мұны есте ұстауға тырысуымыз керек. Біз метрополия ретінде Ресейсіз - күнімізді көре аламыз. Ресейде отары ретінде - бізсіз күнін көре алады. Бірақ болашақта тарихи өзара тәуелділіктің тірі тамырларымен байланысып қалған егеменді мемлекеттер ретінде біз бір бірімізсіз өмір сүре алмаймыз.
О. Сүлейменовтің ойынша, Ресей мен Қазақстанды өткен тарихи отаршылдық кезең қарсылас емес, табиғи одақтас етуі тиіс. Пушкалар мен Пушкиндердің келгені де шындық.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен бастау алған кеңестік тарихтың мәнін, болмыс-бітімін, қайшылықтарын түсінуде де О. Сүлейменовтің қысқа да нұсқа пікірлері кәсіпқой тарихшыларды бей-жай қалдырмасы анық. Романтикалық арман - монархияның қираған құландыларында бір дегеннен принциптік жағынан мүлдем жаңа пролетарлық, шынайы адами, халықтық мемлекеттік бірлестік құру жүзеге аспай қалды. Бюрократиялық құрылым бұрынғыдан алынған болып шықты. Тіпті, ескі чиновниктік институттардың жаңа атаулары да құтқармады. Ақыр соңында сөз жамылғылар ұшып кетіп, халық комиссарлары қайтадан министрлер деп атала бастады. Алтын погондар, Генералдар, Генералиссимустар да қайтып оралды. Одақтас республикалардың Сталиндік схемасының біртұтас және бөлінбейтін дейтін сызбалармен сәйкес келуі кездейсоқ емес.
О. Сүлейменовтің ойынша, 1917 жылғы оқиғалар тапты тапқа қарсы қойып, қанды қырғынға жол берген - әлеуметтік революция. Орыс социалистерін революцияның мұраттарынан тайдырған пендешілік билік үшін күрес болды. Орыс большевиктері марксистік ұрандарды сөз жүзінде басшы - лыққа алғанымен, іс жүзінде одан мүлде алыс еді. Революция жылдарын 1917-1921 жылдардың хронологиялық шеңберімен шек - теп қоюға болмайды. Ол тоқтаусыз жүр - гі - зілген эксперимент болды. Түптің түбінде большевиктер шығыстық үлгідегі жаңа феодалдық мемлекет құрды. В.И. Ленин марксизм догма емес, іске басшылық дегеніне қарамастан, ілім догмаландырылды. Билік көксеушілік Ресей социалистерін қоғам дамуының объективті заңдарын елемей, енді ғана капитализмге аяқ басқан Ресейді басқаша атауға болмайтын жаңа үлгідегі феодалдық даму жолына түсірді, - дейді О. Сүлейменов. - Сталин күшті феодалдық мемлекет құрды. Орта ғасырлардағы Шынғысхан мен Тимурдың астам державаларынан оның айырмашылығы неде? Тек терминдерінде, ұйымдық зымияндығында, мимикриясында. ... Ғылыми социализм утопия емес. Маркстің теориясы осы ғылымның басы ғана. Ол өзінің дамуында тоқтап қалды. Оның жекеленген көрегендік қағидалары кемелденген капитализм елдерінде жүзеге асырылуда.
О. Сүлейменовтің кеңестік тоталитарлық жүйенің орнығуына қатысты пікірлері де осы бір құбылыстың мазмұнын ашуға жәрдемдесе алады. Әдетте, тарихшылар кеңестік тоталитарлық жүйенің табиғатына талдау жасағанда, субъективтілік факторларға баса назар аударып, оны тудырған сыртқы геосаяси факторларға жеткілікті мән бермейді. Герман фашизмін тудырушы факторлардың бірі ретінде 1929 жылы АҚШ-тан басталған әлемдік экономикалық дағдарыс дұрыс аталып өтеді де, оның КСРО-ға қатысты салдарларына үстірт қарайды. О. Сүлейменовтің ойынша, әлемдік экономикалық дағдарыстың КСРО-ға да нақты теріс ықпалы болды. Дағдарыс ол кезде алып цунамидың толқындарындай бүкіл әлемді шарпыды. Америкадан қарқын алған екпін, Еуропа мен Азияны шайып өтті. Не себептен біздің тарихшылар 30-шы жылдардағы КСРО-дағы апатты тасқынды сол әлемдік бақытсыздықпен байланыстырмайды? Сол жылдардағы аштық пен жоқшылық билікке фашистік тәртіптерді алып келді және нығайтты. Тарыққан бұқара Гитлердің де, Сталиннің де репрессиялық биліктерін қолдады.
Қазақ халқының басына төнген аштық мәселесіне келгенде де, О. Сүлейме - нов тек Сталиндік саясатты әшкерелеумен шек - тел - мей, оның терең тарихи әлеуметтік-экономикалық себептеріне назар аударды. ХІХ ғасырдан бастау алған дәстүрлі экстенсивті мал шаруашылығының созылмалы дағдарысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында шырқау шыңына жетті. 1929 жылғы энциклопедиялық анықтамалардың куәландыратынындай, Кеңес Одағындағы қазақтар 6 миллион 200 мың болған. Елдегі ең ірі түркі тілдес халық! Салыстыру үшін: өзбектер ол кезде 4 миллионға жуық болды. Қорқынышты аштық неліктен өзбектерді айналып өтті? Өйткені олар бұрыннан, тіпті көшпелі болып жүріп те мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен белсенді түрде айналысты. Жартылай көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы ХХ ғасырда экономикалық жағынан тиімсіз болып қана қойған жоқ, сондай-ақ ұлттық апатты өндіріс тәсілі болып шықты. Сталиннің адал нөкерлері жүргізген саясатты әшкерелеумен шектелмей, біздің 30-шы жылдардағы аштық қасіретінен алуға тиісті сабақтарымыздың бірі осы. Бірақ біздің ғалымдар да, саясатшылар да сабақты ұғынған жоқ. Экстенсивті мал шаруашылығы өндірістің жетекші ұлттық саласы болып қала берді, әлі күнге дейін солай болып отыр... Мен үшін бір нәрсе анық - ұлт тек бір ғана малшылар мен қызметшілерден тұра алмайды, - дейді О. Сүлейменов [7].
О. Сүлейменовтің Кеңес Одағындағы 1937 жылғы репрессия тарихына қатысты көзқарастары да назар аударуды талап етеді. Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерін таратудан басталғанына баса назар аудара келе, ақын: 1936 жылы ұлттық бөлімдер таратылды. Менің әкем қызмет еткен атты әскер полкы барлық сержанттары мен офицерлерінен айырылды. Соғыста емес, 1936 жылдың аяғында. Біреулер түрмеге отырғызылды, енді біреулері атылды. Осылайша республикалардағы 37 жыл дайындалды. Тарихтың бұл беттерін біз біле бермейміз. Бізде бірде-бір ғылыми немесе көркемдік-зерттеу жұмыстары жоқ - деп тұңғыш қазақ атты әскерінің тағдырына қатысты мәселеге аялдай кетеді. О. Сүлейменовтің ұғымында халықтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қасіретін қуғын-сүргін науқанынан бөліп алуға болмайды. Бұл - бір тізбектегі қасіреттер. Ақын, Қазақстандағы Кеңестік Сталиндік кезеңнің қызметін сараптай келе, халықты тұлғалық қасиетінен айырып, әлеуметтік-психологиялық жағынан біржолата тұралатқан Сталиндік үш соққыны айрықша атап көрсетеді. Біріншісі, ұжымдастыру және ол тудырған аштық. Бұдан кеңес халықтарының ішінен айрықша жапа шеккен украиндықтар мен қазақтар. Аштық - халықты бұзады - бұрыннан белгілі мақал. Аштық - этностың сандық қана емес, сапалық дамуына әсер етеді. Моральдық-адамгершілік мінездемесіне де. Дауылдай ұйытқып шиеленіскен, қалай да тірі қалу инстинкті ғасырлар бойы тәрбиелеген тұлғалық қасиеттерді - ар, ұят, қайғыға ортақтасу, ізгі сезімдерді өртеп, аяқ асты етеді... Нақ осы қасиеттер адамдарды хайуандардан ерекшелендіреді. Олардың жетіспеушілігі ұжымдастырудан кейінгі қуғын-сүргін жылдарында айқын сезілді. Екінші соққы Сталиндік репрессия болды. Бұл жылдары О. Сүлейменовтің ойынша, кеңестік республикалардағы билік пен зиялылардың сұрқай топтары өз халқының дарынды өкілдеріне қарсы соғысты бастады, негізгі себебі - көре алмаушылық пен қызғаныш. 1936-1937, 1938 жылдары дарынсыздардың қызғанышы әрбір кеңестік этностардың шығармашылық әлеуетін өшіріп жатты. Мәскеуде де, Алматыда да, Тбилисиде де ғалымдар, жазушылар, чиновниктер босаған пәтерді алу үшін әріптестерінің үстінен арыз жазып отырды. Үшінші соққы, ақынның ойынша, Сталин арандатқан соғыс болды. 1937 жыл болмағанда, 1941 жыл да болмас еді. Сталин 1938 жылы генералдардың қастандығынан қорқып, Қызыл Армияның бүкіл басшы құрамын рота командирлеріне дейін құртып жіберді. Оның жаңадан болған командирлері - кешегі лейтенанттар мен капитандар - соғыстың алғашқы екі айында бес миллион солдаттың өлгені бар, тұтқынға түскені бар, төрт миллионынан айырылды. Тек күзгі лайсаң, жолсыздық, ал сонан соң, бұрын-соңды болмаған қардың жаууы мен генерал Аяз немістердің Мәскеуге жылжуын кідіртті. Бұл жаппай мобилизациялау жолымен асығыс жиналған, үйретілмеген миллиондарды майданға айдап кууға мүмкіндік берді. Бүкіл әлеммен бірнеше құрлықтарда соғысқан Гитлер бейбіт тұрғындарын қосқанда, 8 миллион, Сталин 27 миллион, Жуков естеліктерінде айтқандай 35 миллион адамнан айырылды. Бұдан әрі қарай Сталиннің саяси технологиясының адам шығынына есептелгенін еске сала отырып, О. Сүлейменов салыстыру үшін Қазақстан шығынының 350 мың адам болғанын, ал соған сәйкес, АҚШ шығынының 150 мың, ал Англия шығынының 200 мыңды құрағанын алға тартады. Ақынның ойынша, осы үш ұлттық апат біздің жалпыкеңестік тарихымыздың сталиндік кезеңінің толық сипаттамасы. Осы апаттарды ғылыми, мемлекеттік және көркемдік тұрғыда ұғынбайынша болашақ қауіпсіздігімізді ақылға сай етіп жоспарлау мүмкін емес .
О. Сүлейменов - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жеңіске қосқан үлесін нақтылау мәселесіне келгенде де мұқияттылық танытады. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда дайындалды деген дәйекті кезінде Д. Қонаевтың баяндамасына енгізген О. Сүлейменов екенін басқа тұрмақ, тарихшылар да біле бермейді. Жеңіс мүшел тойларының бірінде, мен Д. Қонаев үшін баяндама дайындауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Экскурсия түсінігі
Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
ХХі ғасырдың жұрты хақ адамзат халқы болып бірігуі керек
Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Нұрғожа Ораздың шығармашылығы
Пәндер