Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар»
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы қойларды жыл бойы жайылымда ұстап, оларды қысқа жинаған жемшөп қорымен үстеп азықтандыруға негізделген. Сондықтан қойлардың интенсивті өсіп-даму процесіне, жоғарғы өнімділігіне әсерін тигізетін қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен бірге жайылымды пайдалану және үстеп толыққұнды азықтандыру маңызды роль атқарады. Малды нашар азықтандырғанда жануарлар эмбрионализм, инфактилизм және неотения сияқты жетілмей қалушылықтың формаларына душар болады. Оның үстіне қазіргі техногенез дәуірінде алыстағы жайылымның өзі қысқа дайындалған жем-шөп химиялық агенттермен ластанып, қазба байлықтарды өндіру (уран, көмір, фосфор, т. б. ) және мал шаруашылығын жекешелендіру барысында жайылымды пайдаланудың технологиясы бұзылып, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалық атып отыр. Осы жағдайларға байланысты біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың мақсаттары мен міндеттерінің өзектілігі арта түседі деп айта аламыз.
Жануарларға нақты әсер ететін факторлардың негізгілер деп ауыз су сапасы, ауа райы, қора-қопсы және басқа өндірістік орындардың экологиялық жағдайын қосатын болсақ біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың маңыздылығы арта түседі деп сенеміз.
Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты - қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсеріне баға беру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет етеді:
- қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы;
- қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері;
- табиғи климаттық факторлардың, қой қораларының микроклиматының қойдың өнімділігіне тигізетін әсері;
- су көздерін ластаушыларды анықтау;
- жайылым өсімдіктерінің, жем-шөп қорының сапасының қой өнімдеріне тигізетін әсері.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Қой шаруашылығы жекешелендірілгеннен кейін пайда болған майда фермерлік шаруашылық-тардың көшіп-қонуы шектеліп, жалға алған жер көлемінде қысы-жазы тұрақтап, су көзі және қора маңының табиғи жайылымның өнімділігі күрт төмендеп және көңге батып нашарлаған кезінде қоршаған ортаның компоненттерінің жиынтығының қой өнімділігіне тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы. Жайылымға түскен ауыртпалық, су көздерінің ластануы, қой қора микроклиматы, тұрғын үй маңының санитарлық-гигиеналық жағдайы туралы мәліметтер қойды күтіп-бағудың жаңа технологиясын жасауға негіз болып, жайылымды түбегейлі жақсартып, қой шаруашылығының өнімділігін арттырады.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс бетке компьютерлік мәтінмен терілген. Жұмыс мазмұны кіріспеден, әдебиетке шолудан, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Оның ішінде кесте, сурет бар.
1 Әдебиеттік шолу
Оңтүстік-қазақ меринос - биязы жүнді және етті қойы 1946-1966 жылдары жергілікті қазақы қылшық жүнді саулықтарды кавказдық, ставропольдық, грозныйлық, австралиялық биязы жүнді қошқарларымен шағылыстырылып шығарылды. Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Күйік», Жданов атындағы кеңшарларында жүргізілді. Климаты, оты, суы басқа жерден әкелінген қошқарларды оңтүстік өңіріне жерсіндірі, күрделі жұптаулардың арқасында ОҚО-ның климатына төзімді, төлдегіштігі, жүнінің сапасы жоғары меринос қойы жыл бойына жайылымға бейім таулы аймақтарды жақсы пайдаланатын жергілікті жерге қолайлы қой тұқымы. Бірақ жекешелендірулерге байланысты мал басы тым азайып қалды. Меринос биязы жүнге дүние жүзінің жеңіл өнеркәсіп орындарынан, қашан да болса, сұраныс көп болғандықтан, баяғы жұмысты 5-6 фермерлік шаруашылықта жандандыра бастады. Біздер солардың бірі «Алтын төбе» фермерлік шаруашылығында 2011-2013 жылдары Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шауашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесе тәжірибе жүргіздік.
1. 1 Қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы
Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайында, кейбір жылдары қойларды жыл бойы жайылымда ұстайды да оларды қыс мезгілінде тек үстеп азықтандырады. Сондықтан бұл өңірде азық қорының 75% жайылымнан алынады. Алайда жайылымдар негізінен шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз (1, 5-2, 5 ц/га) . Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық, 44 пайызы көктемгі-күздік, 12 пайызы қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланатын жайылымдар. Басты мақсат осы әр түрлі жайылымдарды дұрыс пайдалана білу шаруашылық, экономикалық және экологиялық жағынан өте пайдалы [4, 11, 14, 16, 18, 23, 25, 29] .
Малды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы өте жоғары. Жайылым шөбінде қырдан дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1, 5 есе артық. Өйткені шөпті кептіру барысында ондағы қоректік заттардың біразы жоғалып, олардың мал организміне сіңімділігі (15-20%) нашарлайды. Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толыққұнды азықтандыру оның өнімділігін жоғарылатады [11, 14, 16, 20, 23] .
Жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), кн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды экологиялық факторлары болып табылады.
Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1, 5-3 есе төмен.
Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рациональды пайдаланылуына және экологиялық-санитариялық тәртіпке байланысты (зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу) .
Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім алуға болатын қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.
Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық маңызы өте жоғары. Жазда қойды өрісте бағудың шынықтырушы, сақайып-сауықтыратын маңыздылығы-ның мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы экологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Ондай қолайлы факторларға - аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтық, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жаз айларында мал организмінің табиғи төзімділігін төмендетумен қатар зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы (тәбет) соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қорада баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі, яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру, т. б. ) жойылады. Аталмыш құбылыстар жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, остеодистрофия, өкпе сырқаттарының төлде жиі өршуінің басты себепкері болып табылады [5, 7, 9, 12, 14, 16, 23, 28, 29] .
Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштар қалдықтарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы қажет. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болатын аурулар өршиді [4, 9, 11, 16, 23, 31] .
Кей өлкелерде фермадан шалғай жайылымға шыққанда отарлап бағу тәсілін пайдаланады. Отардағы (отгондағы) жайылымға төл, бойдақ мал және семіртетін қойларды шығарады. Малды шалғайда бағуға арналған шаралар жүргізіледі. Олар мал жайлауға келерден бұрын алдын-ала дайындалуы тиіс.
Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі - жайлауға малды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу.
Егер жаздық жайылым тауда болса (3 км-ден биікке көтерілерден бұрын) алдын-ала түлікті көндіктіріп, биіктікке бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі.
Жайылым (өріс) топырақ қыртысының сипатына, жер рельефіне (бедеріне), шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр түліктің түрлі топтарына бірдей үйлесе бермейді [4, 9, 10, 16, 23.
Қойлар үшін құрғақ тозаңсыз қою аласа шөптер өскен жайылым қолайлы. Ормандағы жайылым ішінен қойға үлкен алаңқайлар ғана жарамды. Қой тау, жазық жайылымы жақсы, керісінше батпақты шалғындар мүлдем жарамсыз. Ондайда қойда тұяқтың бөлінуі, бақайқұрт және бауырқұрт (фасциолез), диктиокаулез инвазиялары жиі кездеседі. Сондай-ақ тікенекті селеу шөп өскен жайылымда жаю, әсіресе масақтану мен пісіп жетілуі кезеңінде (маусымның алғашқы жартысында) қойды жаю өте қауіпті. Жетілген селеу масағы қой жүніне ілініп, терісін жарақаттай, тері астындағы клетчатка (қоң) қабатына енеді, одан әрі ішкі ағзаларға өтіп жарақаттайды. Тіптен көп ретте өлім қаупіне ұшырайды. Арам шөп кездеспейтін екпе жайылымдағы қой жүні таза әрі жарақатсыз келеді [5, 9, 14, 24, 25, 31] .
Шаруашылықта жайылымда бағылатын түлікті дайындау, жоспарлау тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Қой шаруашылықтарында түлікті бірнеше отарға бөледі. Олар қозыларын енесінен айырға (бөлінген) және айырмаған саулық қой тобы, семіретін қойлар, ісек еркек қойлар отары.
Жаздық жайылымның тиімділігі - жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады.
Малды жайылымда ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринариялық шараларының жсопары бойынша малды тексереді және экологиялық-санитариялық шаралар жүргізіледі: әлсіз, ауру және ауруға күдікті малды анықтайды; сәйкесінше ем тағайындайды; созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер (туберкулинизация және т. б. ) жүргізіледі.
Індетті ауру малды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринариялық заңдылыққа сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеуер жүргізеді. Ауру малдар және қарауыл иттерді дегельминтизациялайды.
Жайылымға шығар алдында малға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасан және т. б. ) алдын алу үшін дуалық вакцина егеді.
Жайылымда ұстауға дайындық барысында топтарды құру үшін қойдың сырғасының нөмірін тексереді, тірілей салмағын анықтайды және жынысына, жасына, өнімділігіне және денсаулығының жағдайына қарай топтайды.
Малды жайылымда ұстауға ауыстырар кезінде мал организмін азықтандыру жағдайының өзгеруіне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөпті малға бірден тойдыра жегізуге болмайды, себебі көп жағдайда диарея, тимпания және өнімдліктің төмендеуімен сипатталатын ас қорытудың бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, жайылымдық тетаниямен және басқа да асқынулармен сипатталады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 7-10 тәулік ішінде азықтық рационды өзгертеді, яғни шырынды көк шөптің мөлшерін біртіндеп көтеріп, сәйкесінше құрғақ азықтың мөлшерін төмендетеді. Осы мақсатта жайылымға шығар алдында малды құрғақ азықпен азықтандырады, яғни мал көк шөпке қатты тойып кетпес үшін.
Жайылымдық ұстаудың басында малды 2-3 сағатқа жаяды және 7-10 күн ішінде малды көк шөпке толық үйрету үшін біртіндеп жаю уақытын ұзартады [4, 11, 14, 16, 23] .
Таулы жайылымға шыққанда мал иірілетін түнеме немесе тұрақ жасау үшін алаң таңдалып алынады. Топырағы нығыз, қатты су сіңіргіш, тегіс немесе оңтүстікке қарай еңістеу жер өте қолайлы. Әлбетте батпақты жерден қашық, жолдан алыс, бірақ пішендік, шабындыққа және суару көздеріне жақын орналасуы жөн, сонымен қатар мал айдап өтуге, жем-шөп тасымалдауға қолайлы болғаны дұрыс.
Егер суару табиғи су көздерінен (өзен, көл, тоған, құдық, т. б. ) жүргізілетін болса, мына талаптарды орындау қажет: судың гигиеналық анализі және экологиялық тексеріс; су тұтыну мөлшері, қажет болған жағдайда су тазарту; құдықты жөндеу және жағалауды бекіту және ашық су жағалауын қоршау; суға түсетін жол, соқпақ салу, суару алаңын көркейтіп жабдықтау; су ішетін науа орнату және түліктің тобына, жасына сәйкес суару кезегін ұйымдастырумен қатар суару алаңымен науа тазалығын сақтау, т. б.
Өріске суаруға мал жүретін жолдар мейлінше кең де еркін жүруге қолайлы (14-25 м) әрі жолдан алыс болғаны жөн [11, 18, 19, 20] .
Шаруашылықтар үшін ең дұрысы - табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Шаруашылықтарда жайылымды пайдаланудың келесі жүйелерін қолданады: айдамалық (тұрақты) және лагерьлік (алым-жайылымды) .
Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1, 5-2 км) айдамалы жүйе қолданылады. Бұл кезде қойды түнетуге тұрақты мал қораларына айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз қолданылады, себебі алыстағы жайылымдарды қолдануға мүмкіндік бермейді.
Лагерьлік жүйеде малды барлық жайылымды уақыт бойына қыстық қора-жайлардан жайылымға ауыстырады, онда уақытша және тұрақты орындар ұйымдастырылады. Лагерьде ұстау тек малдың денсаулығын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар ол мал фермаларында жөндеу жұмстарын және санитариялық-гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді.
Шөлді, жартылай шөлді және кейбір далалы аймақтарда малды уақытша алыс жайылымдарда бағып-ұстау кеңінен қолданылады: көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы.
Малды лагерьлік жағдайда ұстауды ұйымдастыру барысында жайылым қондырғыларына және дайындыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Малды алыс жайылымдықтарда ұстаудың ерекшелігі - үлкен табиғи жайылымдарды пайдалануда, оларда малды тек көктемде немесе жазда, күзде немесе қыста және жыл бойына жаяды. Құрғақ аудандарда (шөл, жартылай шөл және құрғақ дала) табиғи шөптің өсімділігі тек көктемде, яғни ылғал мол кезде ғана артады, сондықтан бұл жерлерде көктемгі өсімдік - эфемердің көбеюіне байланысты көктемгі жайылым пайдаланылады. Жазғы кезде шөбі жай құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын жайылымдар қолданылады. Шөлді және жартылай шөлді жайылымдарда күзгі жаңбыр және суықтан кейін мал жусанды жақсы жейді, себебі бұл кезде оның ащылығы мен иісі кетеді [4, 5, 14, 16, 21, 23] .
Аэрокосмотық зерттеулерге сүйенсек, қазіргі уақытта республикада 103-60 млн. га аралығындағы жерлер (оның ішінде жайылымдар) құрғақшылыққа ұшырауда. Оның негізгі себебі жайылымдардың толассыз қолданылуы әрі 1 га жайылымға малдардың шамадан тыс жайылуы. Мысалы, ОҚО бір бас қойға керекті 2-3 га жафылым орнына бар жоғы 0, 8 га келуі. Мұндай жағдай жайылымның құнарлығын төмендетіп, оның келешегіне үлкен зиян келіруде. Жайлаудың тығыздығы мен дұрыс қолданбауы жеуге келмейтін улы шөптердің өсуіне жол беріп отыр.
Жайылымдарды дұрыс пайдалану олардың өнімділігін 2-3 есе арттырады.
Жайылымды пайдаланудың 2 түрлі әдісін ажыратады: еркін (жүйесіз) және загонды (жүйелі) [4, 11, 14, 16] .
Еркін немесе жүйесіз жаю әдісі жайылым топырағын және өсімдік жабынын жүдетуге әкеп соғады. Бұл әдісте жайылымдағы өнімділігі төмен және мал жемейтін шөптердің көбею есебінен құнды азықтық өсімдіктер (дәнді-бұршақты) ығыстырып, олардың саны азаяды. Нәтижесінде жайылымдық кезеңнің екінші жартысында малда азықтық жетіспеушілік байқалады және олар сапасы төмен шөпті жеуге мәжбүр болады. Жаюдық зиянды салдарын жою үшін, оны дұрыс ұйымдастыру керек. Осы мақсатта загонды әдіс кеңінен қолданылады [4, 11, 14, 16] .
Загонды әдісте жайылым бөліктерін загондарға бөледі, олардың шөбін мал белгілі жүйе арқылы жейді. Алдымен малды бірінші загонда, содан кейін екіншісіне жаяды. Малды жаюдың екінші циклын 25-30 тәуліктен кейін бастайды, себебі бұл уақытта шөп жеткілікті жағдайда өседі. Загонды әдіспен жаю барысында жайылымның өнімдлігі жоғарылайды және оның санитариялық жағдайы жақсарады.
Загонды әдісте жүйесіз жаюмен салыстырғанда қойдың салмағы 25-30 пайызға, шөпті толық пайдалану 20-40 пайызға және жайылымның тиімділігі 25-30 пайызға артады.
Загонды жаюды ұйымдастыруда жаю ұзақтығының маңызы зор. Малдың загонда болу ұзақтығы 5-6 тәуліктен аспауы керек, себебі ұзақ жаю гельминтозды аурулардың тарауына әкеп соғады. Тек шөлді және жартылай шөлді аймақта ыстық кезде, яғни ауа температурасы +40 0 С-қа жеткенде ғана, малды загонда 6 тәуліктен жоғары ұстауға болады, себебі мұндай жағдайда гельминттердің жұмыртқалары мен балаң құрттары өліп қалады.
Загондарды дұрыс пайдаланудың негізі бір-екі күнді жаю болып табылады, бұл аз-порциялы жаюды ұйымдастыру арқылы іске асады.
Жайылымды порциялық түрде пайдалану загонмен салыстырғанда жайылымның өнімділігі 10-15 пайызға артады.
Қысқаша қорытыды. Алды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы тек құрамында қоректік заттары барынша мол көк балауса шөптермен қамтамасыз етілумен қатар, жаңа түлікті әсіресе бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын шара деп те түсінуге болады. Сондықтан жайылымды, күннің жылы шуақ кезеңін барлық малдар үшін қолайлы пайдалану экологиялық жағынан да әрі шаруашылық жағынан да тиімді.
1. 2 Қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері
Еліміздің экономикасын көтеру мен халықтың әл-әуқатын күшейтуде қой шаруашылығының алатын орны ерекше. Себебі Қазақстан жағдайында бұл саланы өркендету үшін толық мүмкіншілік бар: табиғи жайылым молдығы, халқымыздың осы малды өсіруде жинаған тәжірибесі және т. б. Қазіргі кезде қой басын көбейту мен оның тұқымын асылдандыру бағытында елімізде көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Қой шаруашылығы жекешеленген жағдайда бүгінгі күнде бұл салада көңіл аударарлық мәселелер жеткілікті: қойды өз деңгейінде күтіп-бағуды ұйымдастыру, дұрыс жайып азықтандыру, жылы да әрі жайлы қоралармен қамтамасыз ету, гигиеналық, экологиялық талаптарды сақтау және т. б. [3, 4, 7, 10, 14, 16]
Қой шаруашылықтарында қойды күтіп-бағудың мынадай жүйелері қалыптасқан: қолда - жайылымға шығарып бағу, жайылымда - қолда және жайылымда бағу.
Мал басын қолда-жайылымда күтіп-бағу әдісін ОҚО шығыс аудандарындағы шаруашылықтардың басы көпшілігі қолданады. Қыста қойды қорада ұстау ақылы құнарлы азықпен азықтандырса, ал жазында - жайылымдық жердің өріс отын иімді пайдаануға күш салады. Өріске шығарып - қолда бағу әдісін жазғы және қысқы жайылымдықтары бар аймақтарда қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтарда саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады.
Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі - жазда да, қыста да жайылымдық жерлері жеткілікті ірі мал азығы мен құрама жем қоры бар, көбінесе оңтүстік аудандарда қолданылады.
Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай (малды күтіп-бағудың қабылданған технологиясына сәйкес) мынандай топтарға бөлінеді: қошқар мен жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бар бөлінгеннен кейін ұрықтандырылмаған бойдақ саулық, буазданудың бірінші және екінші жартысындағы саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлгенге дейінгі қозылар, тоқтылар мен тұсақтар етке ткізілетін ісектер, бордақыға қойылған қойлар [7, 12, 13] .
1. 2. 1 Қой қоралар қойылатын экологиялық-санитариялық талаптар
Меринос қойын өсіру қора-жайлардың болуын талап етеді. Оларда қыста және ерте көктемде төлдейтін саулықтарға арналған жылы күркесі бар бөліктер (төлдеу бөлмесі), асыл тұқымды қошқарларға арналған бөлік, жынысы мен жасына қарай әртүрлі қой қоралары болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz