Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Операциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
1.1 Операциондық аудиттің түсінігі мен жіктелінуі
1.2 Операциондық аудиттің ерекшелігі

1. Операциондық аудит бизнесті талдауда пайдалану
2.1 Операциондық аудит әдістемесі
2.2 Операциондық аудит пен қаржылық аудиттің айырмашылығы
2.3 Бизнесті талдаудағы операциондық аудиттің қажеттілігі

Қорытынды

Пайдланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Тұтастай алғанда операциондық аудит зерттелетін объектілердің жұмыс істеу процедурасының және әдістерінің кез келген бөлігін тексеруші ретінде ұйымдастыру құрылымын, өндіріс жағдайын, жабдықтау, маркетииг және әр түрлі экономикалық жүйелер қызметінің басқа жақтарын бағалау ісін де қамтиды. Сонымен қатар операциялардың тиімділігі мен бизнестің өзіне объективті тұрғыдан баға беру қаржылық есептемені рәсімдеудің ережелеріне немесе стандарттарына, нұсқауларына олардың қаншалықты сәйкестігін тексеруден әлдеқайда қиын. Бұл жағынан операциондық аудит әдеттегі аудиттегіден гөрі әкімшілік консалтингісіне көбірек ұқсас.
Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кәсіпорын қызметінің әр түрлі салаларындағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті құрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да: сондай-ақ менеджмент, маркетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, экономикалық диагноз қою және т.б. мәселелер бойынша мүдделілік таңытқан клиентке кәсіби қызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді.
Операциондық аудит АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде жаксы дамып келеді. Ал, ТМД елдерінде операциондық аудит үйымдарына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отыр. Оны жүзеге асырудың әзірленген тұжырымдамасы, әдістемелік тәсілдемесі және нормативті-әдістік базасы әлі жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда зерттеудің өте көкейтесті бағыттарына табыстарды алудың циклдерінің, жабдықтаудың, өнім, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізудің кешенді операциондық аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауын ұйымдастыру мәселесі жатады. Мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражат қозғалысы мен операциялары туралы ақпараттың толық болуы мен шындыққа жанасымдылығын, экономикалық бақылау процедураларын, есептік жүйесін, сыртқы ортасының жағдайын мұқият зерделеу қажет.

1. Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі

1.1. Операциондық аудиттің түсінігі мен жіктелінуі

Халықаралық іс-тәжірибеде бақылаушы-талдамалы жұмысты аудиторлық қызметте ұйымдастырудың негізгі үш парадигмалық типтерге бөледі: операциондық аудит, талапқа сәйкестік аудит және қаржылық есептемесінің аудиті. Аудиттің әр типін тәуелсіз аудитор мен аудиторлық фирмалар да, сонымен бірге мемлекеттік, ведомствалық және шаруашылық ішіндегі қаржылық бақылау қызметтері жүзеге асыруы мүмкін.
Аудитор іштей және сырттай пайдаланатын аудиттің тұпнұсқалы парадигмалық типіне операциондық аудит жатады. Аудит теориясы мен практика саласындағы атақты америкалық маман, профессор Дж. К. Робертсонның айтуынша, операциондық аудит - аудитор мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізу, компанияның жұмысын жүргізу және ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану бойынша ұсыныстарды беру мақсатында компания операцияларын зерделейді.
Тұтастай алғанда операциондық аудит зерттелетін объектілердің жұмыс істеу процедурасының және әдістерінің кез келген бөлігін тексеруші ретінде ұйымдастыру құрылымын, өндіріс жағдайын, жабдықтау, маркетииг және әр түрлі экономикалық жүйелер қызметінің басқа жақтарын бағалау ісін де қамтиды. Сонымен қатар операциялардың тиімділігі мен бизнестің өзіне объективті тұрғыдан баға беру қаржылық есептемені рәсімдеудің ережелеріне немесе стандарттарына, нұсқауларына олардың қаншалықты сәйкестігін тексеруден әлдеқайда қиын. Бұл жағынан операциондық аудит әдеттегі аудиттегіден гөрі әкімшілік консалтингісіне көбірек ұқсас.
Көптеген авторлар операциондық аудит терминінің орнына басқарушылық аудит немесе шаруашылық қызмет аудиті терминдерін қолдануды қолайлы көреді. Бұл жағдайда операциондық аудит кеңінен түсіндіріліп, тіпті шаруашылық ішіндегі бақылаудың бағалануы мен оның тиімділігін тестілеу де оған қосылады. Кейбір жағдайларда операциондық аудит, шаруашылық қызмет аудиті және басқарушылық аудит араларына айырмашылық қойылмайды .
Мына авторлардың бұл турасындағы ой-пікірлері әлдеқайда орнықты көрінді. Олардың айтуынша, операциондық аудит - бұл зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінде, объектісінде, мазмұнында, қолданылуында өзіндік ерекшелігі бар аудиторлық қызметтің ерекше типі. Мысалы, Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббек өз еңбектерінде операциондық аудит пен қаржылық есептемесі аудит арасындағы үш негізгі айырмашылықты келтіреді: аудитті тағайындау, қорытындыларды ұсыну және қаржылық емес салалардағы операциондық аудит саласына қосылу.
Нақ осы тексерулерді тағайындау (белгілеу) - операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы басты айырмашылық болып табылады. Қаржылық есептеме аудитінде басты назар шаруашылық операциядарының есеп пен есеп беруде дұрыс көрініс табуын тексеруте аударылатын болса, операциондық аудитте тиімділік пен өндірісті арттыратын резервтерді анықтауға жете мән беріледі. Қаржылық есептеме аудиті өткен шаққа бағдарланатын болса, ал операциондық аудит бизнесті жақсартудың келешегіне бағытталған, яғни болашақта бизнестің жақсаруына күш салады.
Екінші айырмашылық - қорытындыларды ұсынуда, Қаржылық есептеме аудитінде аудиттің қорытындыларын көптеген пайдаланушылар ала алады, ал операциондық аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындыны ен алдымен кәсіпорын қожайындары мен әкімшілік қызметкерлері рәсімделген жағдайларда ғана пайдаланады.
Үшінші айырмашылықта - операциондық аудит шаруашылық жүйедегі немесе оның белгілі бір бөлігіндегі өндірістік және тиімділіктің көптеген аспектілерін қамтып, аса үлкен диапозонда қолданылады. Ал қаржылық есептеме аудиті қаржылық есеп берулердің объективтілігіне тікелей әсер ететін көптеген мәселелермен шектеліп қалған.
Осылайша, қызмет нәтижелерін жақсарту және экономикалық потенциалдың тиімді пайдаланылуын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеу әдістерін және нақты процестері мен операцияларының жағдайын терең зерттеу мақсатында жүргізілетін аудиторлық кызметтің ерекше түрін операциондық аудит деп ұғамыз.
Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кәсіпорын қызметінің әр түрлі салаларындағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті құрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да: сондай-ақ менеджмент, маркетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, экономикалық диагноз қою және т.б. мәселелер бойынша мүдделілік таңытқан клиентке кәсіби қызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді.
Операциондық аудит АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде жаксы дамып келеді. Ал, ТМД елдерінде операциондық аудит үйымдарына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отыр. Оны жүзеге асырудың әзірленген тұжырымдамасы, әдістемелік тәсілдемесі және нормативті-әдістік базасы әлі жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда зерттеудің өте көкейтесті бағыттарына табыстарды алудың циклдерінің, жабдықтаудың, өнім, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізудің кешенді операциондық аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауын ұйымдастыру мәселесі жатады. Мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражат қозғалысы мен операциялары туралы ақпараттың толық болуы мен шындыққа жанасымдылығын, экономикалық бақылау процедураларын, есептік жүйесін, сыртқы ортасының жағдайын мұқият зерделеу қажет.
Халықаралық жетістікке жеткен есептік-бақылауға қатысты аса маңызды ойларды қамтыған Монтгомерн аудиті атты іргелі кітаптың авторларының айтуынша, операциоңдық аудит сметалардың орындалуын, тиімділікті және мақсатты бағдарламаны тексеруді ұйғарады. 1988 жылы АҚШ-тың Бас бухгалтерлік қызметі жарыққа шығарған Мемлекеттік аудиторлық стандарттар: үкіметтік ұйымдар, бағдарламалар, қызметтер және функциялар аудитінің стандарттары тиімділік пен үнемділікті тексеруге катыстыларды анықтап береді:
1) өндірілмеудің немесе үнемделмеудің себептері, яғни
жұмыстағы өнімсіздік пен үнемсіздіктің себептері;
2) фирманың занды және ережені сақтауы;
3) ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізудің немесе табыстарды алудың деңгейлері;
4) ұйымның және жұмыс істеу тиімділігі.
Ресурстарды үнемдеп пайдалану - аз шығынмен белгіленген деңгейде өнім шығару. Әлдеқайда аз шығынмен белгіленген деңгейде ендіруге қол жеткізген кәсіпорын өз ресурстарын үнемдеген кәсіпорын ретінде саналады. Қосымша шығын шығармай өнімді мол өндіруге қол жеткізілсе де, бұл ресурстардың орнын артығымен толтыру арқылы оны пайдалануға болатынын көрсетеді .
Сонымен қатар, операциондық аудиттің ұйымдастырылуы арнайы белгіленген стандарттармен, нормалармен немесе нормативті-қүқықтық құжаттармен реттелмейді. Бұл операциондық аудитті жүзеге асыру барысында басқарудың, бухгалтерлік есептің, аудиттің және қаржылық-экономикалық талдаудың жалпы принциптерін сақтауға болмайды деген ұғымды бермейді. Мәселен, АҚШ-тың мемлекеттік стандарттарына (1988 ж. редакция) жалпы қабылданған АІСРА аудиторлық стандарттары, сондай-ақ АІСРА аудиторлық стандарттары туралы бірқатар ережелері қосылады, сөйтсе де GАО (АҚШ-тың Бас бюджеттік-бақылау басқармасы) стандарттарының көп бағыттары АІСРА стандарттарына қарағанда тереңірек әзірленген. Көптеген сыртқы аудиторлар федералдық демеу қаржылар (субсидия) мен бағдарламаларға тексеру жүргізеді. Олар тексеру барысында GАSS (аудиторлық стандарттар) сақтап қана қоймай, сондай-ақ бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижелері мен тиімділіктері, үнемшілдігі, тексерулер туралы есеп берудің әзірленген талаптарын қамтитын GАО стандарттарын да сақтауы тиіс. Мұқият, бастан-аяқ тексерулер объектілердің аса үлкен ауқымын қамтитындықтан (азық-түлік бағдарламасынан әскери келісім-шарттарға дейін тексереді) стандартты есеп беруді әзірлеу мүмкін емес. GАО-ның бұл стандарттарын ішкі және операциондық аудит туралы есептеме жасау немесе тәуелсіз аудиторлар дайындаған басқару мәселелері бойынша кеңес берулерде пайдаланған орынды.

1.2. Операциондық аудиттің ерекшелігі

Аудиторлық қызметтің ең озық түрлерінің біріне операциондық аудит жатады. Мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде, кезендерінде оның өзіндік ерекшелігі болады.
Эккаунтинг және контроллинг сияқты басқа да белгілі аудит түрлерінен операциондық аудиттің айырмашылығы: ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің жеке операциялары мен белгілі бір процестерін, кезеңдерін циклдерін бақылау мен талдау, тексеру бойынша өзіндік ерекшелігі бар сала болып табылады. Оның негізгі мақсаты - зерттеу объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және оңтайландыру бойынша баскарушылық шешімді қабылдау үшін жан-жақты негізделген ұсыныстарды әзірлеу.
Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нақты салалары мен құрылымдарын, процестерін, ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен сараптап баға беруді мақсат етіп алған аудиттің айрықша түрі. Оны маркетинг, өндіріс, қаржы, құқық, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, консалтинг және т.б. салаларындағы әр түрлі мәселелерді шешу барысында ішкі (ведомствалық) және сыртқы (тәуелсіз) аудиторлар қолданады.
АҚШ-тың ішкі аудиторлар институты ішкі аудит пен оның мақсаттарына мынадай анықтама берді: Ішкі аудит - ұйым қызметінің тиімділігін тексеру мен анықтаудың сол ұйым ішіндегі тәуелсіз бағасы. Мақсаты ұйым мүшелеріне өз қызметтерін тиімді орындауына көмектесу, Ішкі аудит оларға бұл үшін тексерілген объектілер туралы ақпарат, кеңестер, ұсыныстар, бағалаулар мен талдау деректерін береді. СРА тәуелсіз фирмасы орындайтын операциондық аудитті клиентке өз фирмасының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу, ресурстары мен қуаттылығын жақсы пайдалануы үшін көмек көрсету, сондай-ақ оған басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметінің ерекше түрі ретінде АІСРА комитеті белгілейді. Бұдан шығатын қорытынды: тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және жағдайға объективті тұрғыдан баға беру мақсаттарында бизнестің басқару жүйесіне операциондық аудитті жүргізуге хақымыз болады.
Отандық аудит теориясы мен іс-тәжірибесі дамыған ақпараттық базаға, әдістердің ауқымды спектріне, бухгалтерлік есептің, бақылаудың экономикалық талдау әдістеріне сүйеніп қалыптасуы керек. Егер бухгалтер қаржылық есептемедегі шаруашылық өмірдің фактілеріне, бастапқы құжаттарға жүгінетін болса, онда аудитор - керісінше: қаржылық есептемесінен бастап нақты операцияларға дейін тексереді және өзі тексерген қызмет операцияларына операциондық аудит жүргізуінің тұжырымдамалық мақсаттарын айғақтайды.
Расында да, теория және іс жүзінде есеп беруші және басқа да есеп деректері кешенді экономикалық талдау мен операциондық аудиттің ақпараттық базасы ретінде қарастырылады. Нақ осы аудит пен талдау есептің мәні мен мазмұнын ашып береді әрі оған мағыналы етеді. Талдамалы процедуралардың салмағы басьтм, процестер мен қүбылыстардың мэнін айқындайды, ондағы өзгерістердің статика мен динамикада шындықка жанасымды, яғни шынайы бағасын алуына мүмкіндік береді. Ақпараттарды алу мен операциондық аудиттің өзіндік ерекшелігі бар тәсілдерінің көмегімен оны зерттеудің жүйелі тәсілдемелері бизнесті ғылыми тұрғыдан басқару мүмкіндіктерін бағалаудың арнайы өлшемдері мен көрсеткіштерін, дұрыс таңдау жасауды және факторларды саралауды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Операциондық аудитгі жүргізудің тәртіптерін ашып көрстеу оның түрлері мен нұсқаларын жіктеуге ықпал етеді, экономикалық әдебиеттерде) операциондық аудиттің оннан көп түрі бөліп көрсетілген: функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жүйелі, кешенді, тақырыптық, локальды, процестік, ресурстық, аймақтық, сыртқы экономикалық және т.б. (6.2.-сурет, келесі беттен қараңыз).
Мысалы, функционалдық аудит шаруашылық жүйесінің бір немесе бірнеше функцияларын зерттейді. Функционалдық аудиттің бір артықшылығы басқарушылық қызметтің объектілері мен түрлері бойынша, оның ішінде, менеджмент, маркетинг, есеп, бақылау және талдау мәселелері бойынша аудиторларды мамандандырады.
Ұйымдық аудитте басты назар қызметтерді реттеудің қабылданған стандарттары мен нормаларының, заңдылықтың сақталу нәтижелерінің және нақты функцияларының өзара әрекеттесу нәэтижелерінің тиімділігі мен өнімділігін анықтауға бағытталған. Бұл түр үшін қызметтерді үйлестіруін ұйымдастыру мен әдісін жоспарлау маңызды орын алады.
Арнайы аудитті тағайындау әкімшіліктің қажеттілігімен анықталады. Операциондық аудиттің бұл түрі объектілері бойынша да, зерттеу тақырыптары мен бағыттары бойынша да көп қырлы, айталық, салымдардың табыстылығы, пайдалану тиімділігі, қалыптастыру көздері және т.б.

1 - сурет. Операциондық аудиттің түрлерін, нұсқаларын және фазаларын жіктеу схемасы.

2. ОПЕРАЦИОНДЫҚ АУДИТ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУДА ПАЙДАЛАНУ
2.1.Операциондық аудит әдістемесі

Жалпы жағдайда бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығы операциондық аудит әдістемесінің маңызды элементтері болып төменде келтірілгендер бола алады:
1)клиенттің бизнесімен танысу мен оның іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері деңгейін алдын ала шолу;
2)іс-қызмет процестері мен циклдеріне операциялық тексеріс жүргізудің бағдарламасы мен күтілетін жұмыс жоспарын әзірлеу;
3)аудиторлық тәуекелділіктін елеулігі мен деңгейін бағалау;
4)бизнестің жағдайы жайлы ақпараттың анық сенімділігін тексеру мен жинау, өңдеу;
5)бухгалтерлік есеп пен субъектінің іс-қызметін ішкі бақылау жүйелеріндегі болуы ықтимал күрделі нүктені бағалау;
6)бизнесті басқару жүйесінің оңтайлы ұйымдастыру аудиті;
7)жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізу іс-қызметінің функционалды аудиті;
8)жабдықтау, өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет өндірісі мен өткізу процестерін ұйымдастырудың тиімділігіне факторлық талдау;
9)өнімді өткізу, кіріс алу, ресурстарды алу мен жұмсау циклдеріне арнайы аудит;
10) тексеру нәтижелерін жинақтап қорыту, тұжырымдарды қисындастыру, резервтердің жиынтық бағасы мен бизнестің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Операциондық аудиттін әрбір элементі мен кезеңінің өз әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі, бағдарламасы мен процедуралардың міндетті тізбесі болады. Талдаушы процедураларға көбіне қорытындылайтын қаржылық коэффициенттерді есептеу кіреді, бұл әр түрлі пайдаланушылар тұрғысынан болатын құбылыстар арасындағы өзара байланысты түсінуге көмектеседі.
Операциондық аудиттің функционалдық, ұйымдастырушылық және арнайы сияқты ерекше түрлерін қолдану қосымша талдау мен аудиторлық тестілеуге тиісті ықтимал проблемалар саласын терең зерттеу мен ұксастандыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы активтердің функционалды аудитін өткізгенде мәліметтердің сол ресурстарын сатылық және циклдік қозғалысы бойынша толықтығы мен анық сенімділігіне көңіл аударған жөн. Ағымдағы активтердің айналымдылығы компания қызметінің үш: жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізушілік сатыларын қамтиды. Осыған орай, аудитор іс-қызметгің тексерілетін процестерінің әрбір саласында ағымдағы активтерді қалыптастыру мен пайдалану туралы акпараттық анық сенімділігін айқындауы тиіс.
Ұйымдастырушылық аудитті өткізу компанияның функционалды және желілік бөлімшелерінің іс-қызметін жоспарлаудың, үйлестірудің және реттеудің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен капиталын тиімді қалыптастыруға және қолдануға жол ашады. Сонымен бірге, шаруашылық есептің барлық түрлерінің, оның ішінде, бухгалтерлік, статистикалық және жедел-техникалық мәліметтер мүмкіндігінше толық жиналып, зерттелуі тиіс.
Кешенді сипаттағы қаржылық есеп беруде бірдей шаруашылық операциялардың әр қилы аспектілерін көрсететін мәліметтерге ерекше көңіл бөлген жөн. Мысалы, бухгалтерлік баланста (№1 форма) ұсынылған мәліметтер Табыстар мен шығыстар туралы есепте (№2 форма) бар мәліметтерді толықтырады және керісінше.
Операциондық аудит пен бизнестің жағдайын талдау үшін ең мол ақпаратты форма кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Ол субъектілердің бар активін, меншікті капиталы мен міндеттемелерін көрсетеді, олар бизнесті тиімді жүргізуді анықтауға тікелей байланысты маңызды элементгер ретінде қызмет етеді.
Балансты оқымас бұрын оның ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары) мен бухгалтерлік есептің отандық стандарттар талаптарына сай жасалған дұрыстығына, аралық және жалпы қорытындыларды, басқадай тура және жанама бақылау арақатынастар көрсеткіштерін есептеу мен өлшем бірліктерінің біркелкілігі мен дәлдігіне көз жеткізу қажет. Дедуктивтік әдіске сүйенгенде, кешенді операциондық аудитті қаржылық есептің мәліметтерін және басқа түрлерін қатыстыра отырып, кезең басындағы, жоспарлы балансы және өткен жылдардағы балансы бар, шаруашылық іс-қызметтің өзгерген қаржылық нәтижелерімен жасалған баланс қорытындысын өзгерту қарқынын жалпы бағалаумен салыстырудан бастауға болады.
Операциондық аудитте қаржылық есептілікті түсіндірудің (интерпретация) озық тәсілдері - көлденең (горизонталды), тік (вертикалды), тренділік және факторлық талдау кеңінен қолданылады. Көлденең талдаудың басты ерекшелігі - абсолютті баланстық көрсеткіштердің өсуі мен төмендеуінің салыстырмалы жылдамдығын қатыстыра отырып, бір немесе бірнеше аналитикалық кестелер құру болып табылады. Көлденең талдау процесінде белгілі бір кезең үшін баланстың әр түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы өзгерістері анықталады және бағаланады. Көлденең талдаудың нұсқасы даму тенденциясын талдау (тренділік талдау) болып табылады, мұндайда активтердің, меншікті капиталдың және есепті кезең міндетемелерінің, әрбір позициясы бұрын болып өткен кезеңдермен қатар салыстырылады және тренд, яғни кездейсоқ ықпалдан тазарған және кезеңнің жеке ерекшеліктерінсіз, қаржылық есеп берудің бұл элементтері мөлшерінің өзгеру қарқынының негізгі тенденциясы айқындалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштер түріндегі қаржылық есептілік ұсынуға мүмкіндік беретін активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды тік (құрылымдық) талдаудың маңызы да кем емес. Құрылымдық талдаудың мақсаты - баланс қорытындысында жеке баптардың үлес салмағын есептеу және оның өзгеруін бағалау. Тік (вертикалды) талдаудың көмегімен инфляциялық, аймақтық және бизнестің тиімділігіне басқадай әсерді бәсеңдету арқылы аралық шаруашылық, салалық және елдік салыстырмалы салыстырулар жүргізіледі.
Кешенді операциондық аудитті және субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін талдау белгілі бір сәтгегі қаржылық жағдайды мақсатқа сәйкес жалпы бағдарлаудан бастаған жөн. Ішкі шаруашылық және фирмааралық талдау жалпы қабылданған салыстырмалы коэффициенттер есебімен бірге жүргізіледі. Бәрінен бұрын міндеттемелер мен меншікті капитал арасындағы арақатынастар, қамтамасыз ету мен активтер құрылымын анықтайды.
Факторлық талдау тәсілдерінің негізінен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-қызметінің даму келешегі мен тәуекелшіл деңгейін болжау бағасы жасалады. Аудитор қойылған сұрақтарға негізді жауаптар беруге, бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жағымды факторлар үшін жағдай жасап, жағымсыздарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Коммерциялық ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайына алдын-ала шолу олардың табыстылығын айқындаудан басталады. Табыстылық деңгейі ең бастысы сату көлеміне және өнім, жұмыс, көрсетілетін қызмет өндірісінің шығындарына байланысты. Нарық жағдайында табыстылық көрсеткіштері компанияның төлемге қабілетгілігіне, өтемділігіне және қаржылық тұрақтылығына әсер етеді. Мысалы, қаржылық тұрақтылықтың және төлемге қабілеттіліктің көрсеткіштері бірін-бірі толықтыра келіп, шаруашылық жүргізуші субъектінің өткен, ағымдағы және келешектегі кезендегі қаржылық жағдайы мен экономикалық әлеуетін қолданудың тиімділігін толық бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика елдерінде жеке баланстық көрсеткіштер, топтық нәтижелер мен тұтастай баланс қорытындысының арақатынастарын өлшеудің белгілі бір ережелері қалыптасты. Актив көлемі мен олардың қалыптасу көздерінің шамасы компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын айқындайды. Қорлардың және қалыптасу көздері шығындарының қамтамасыз етілуі қаржылық тұрақтылықтың мәнін ашып көрсетеді, оның төлемге қабілеттілігі сыртқы түрі болып шығады.
Компанияның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі - меншікті капиталдың барлық қаржысының жалпылай жиынының үлес салмағы болып саналады. Бұл көрсеткіш автономия (даралық) коэффиценті атауын алды. Соған қарап кәсіпорынның қарыз капиталына қаншалықты байлынысты екендігін пайымдайды. Субъектінің меншікті қаражаты көп болған сайын ол нарықтық экономиканың ойда жоқ сыйлықтарын қасқая қарсы алады.
Қаржылық тұрақтылық жиынтық капиталдың құрамымен ғана емес, оның компания активінің жеке элементтеріне дұрыс салынғандығымен сипатталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығын бағалау тұрғысынан икемді жұмылғыш, таза қаржының мөлшері икемді қаржы мен қысқа мерзімді борыш арасындағы айырым ретінде белгіленеді. Бұл есептеу егер барлық қысқа мерзімді борышты бірден өтесе, кәсіпорын айналымында не қалады деген сұраққа жауап береді.
Меншікті айналма капиталын есептеп шығару компанияның ақшалай қаражатының біраз бөлігі мен құнды қағаздар қалдығы ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен жабылуына жол береді. Мұндайда негізгі капиталдың едәуір бөлігі де ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен құралады. Бұл шарт меншікті айналма капиталын қолданудың негізгі өндірісін анықтайды. Онымен өндірістік қорлардың және өнім сатып алушылармен есеп айырысудың негізгі бөлігі жабылады.
Алайда, кәсіпорынның меншікті айналым капиталының едәуір сомасы бар болса және аса қажетті жағдайда оны негізгі капиталға салымды ұлғайту жағына қарай қайта бөлуді атқаруға болады. Сол себепті, аудитор маневрлік коэффиценттің көмегімен меншікті капиталдың жалпы сомасындағы айналма капиталының үлестік салмағын айқындау жолымен меншікті капиталды бөлу құрылымын бағалайды, мұндайда компанияның меншікті каражатының қандай бөлігі икемді (мобильді) сипаттағы құндылықтарға тағайындалмағанын және оның азды-көпті еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін формада тұрғаны жайлы сұраққа жауап алады.

2.2. Операциондық аудит пен қаржылық аудиттің айырмашылығы

Операциондық бақылаудың кез келген басқа аудит типтері сияқты дұрыс жоспарлануы керек. Жан-жақты ойластырылып жасалған жоспар аудиторлық тексерулердің әлдеқайда тиімді әдістері мен процедуралары пайдаланылып жүргені туралы атқарушылар мен клиенттердің бойында сенімділік тудырады. Аудитор тексерулердің негізгі аспектілері мен нақты мақсаттарын келісімшарт саласын дәл анықтап алуы қажет. Осының негізінде бизнеске операциондық аудиті жүргізу бойынша жұмыс бағдарламалары мен әдістері жасалады.
Операциондық аудитті ұйымдастыру барысында еңбекте. Аталып кеткен үш фазаның орнына оның, бес негізгі кезендерін бөліп қолдану мақсатқа лайықты болады. Олар:
1) жоспарлау;
2) мәліметтерді алу;
3) фактілерді талдау және бағалау;
4) ұсыныстарды әзірлеп, негіздеу;
5) есеп беруді жасау.
Фактілерді талдау және бағалау, Ұсыныстарды әзірлеу фазаларының дербестігінің ерекше мәні бар әрі операциондық аудиттің міндеттерін шешуін және мақсаттарына жетуіне ықпалдарын тигізеді.
Келісімшарт шарттары орындалуы үшін персоналды дұрыс іріктеу, клиент туралы алғашқы акпаратты алу, шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесін түсіну, объектілерді белгілеп, оның жекелеген учаскелеріне операциялық зерттеу жүргізудегі ерекшеліктерді ашып көрсету қажет. Бұл арада операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы мынадай өзіндік ерекшелігі бар айырмашылықты ескеру керек:
1) операциондық аудиттегі тексерулердің шектен тыс көп қырлы (түрлі) болуы нақты мақсаттарды, бағалау өлшемдерін және оны жүргізудің процедураларын анықтауда жиі қиындықтар тудырады;
2) операциондық тексерулердің ауқымы зерттеу нәтижелерінің анық болмауынан және алға қойылған мақсаттар мен объектілердің жағдайларына қарай бірден күрт (аяқ астынан) өзгеруі ықтимал;
3) операциондық аудитті жүзеге асыру ісін атқара алатын персоналды дұрыс таңдап алу өте қиын, өйткені оның зерттеу объектілері әр қилы болады. Нақтырақ айтқанда бизнес және басқа қызмет түрлерінің аспектілері мен салаларының әр түрлі болуы және т.б.;
4) операциондық аудит барысында көптеген жағдайларда әкімшілікпен, кәсіпорын қызметкерімен, осы іске қатысуға шақырылған сарапшылармен және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен өзара әрекетті мұқият үйлестіру қажет екені дәлелденген;
5) операциондық аудиттің процедуралары, әдістері мен бағалау өлшемдері жаппы аудитте, қаржылық есептеме аудитінде және аудиторлық бақылаудың басқа түрлерінде қолданылып жүргендерден мүлдем өзгеше болуы жиі кездесетін жағдаят.
Жоспарлау процесінде аудитор қандай аудиторлық процедураларды орындау керектігін шешіп алу үшін қолайлы процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы қажет. Бұл арада аудиторлық процедураны былай ұғуға болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері мен мәліметтерді алу өзара тығыз байланыста болады. ХАС (МСА) 300-320 ережелеріне сәйкес жоспарлау термині аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді білдіретін болса, онда екінші кезеңде аудиторлар өз пікірлерін растайтын жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды мәліметтерді жинауы керек.
Операциондық аудиттің үшінші кезеңінде ізденіске негізделген елеулі талдау жасалады, зерттеу объектісінің сипаттамасы анықталады. Осыдан кейін аудитор қызмет нәтижелері мен көлемін, сипатын және ондағы мәселелерді анықтау мақсаттарында бизнестің нақты жағдайына жүйелі талдау жасап, баға береді (ХАС 310 және ХАС 320).

Операциондық аудит пен қаржылық есептеме беру аудитінің айырмашылық белгілері.

Айырмашылық
белгілері
Операциондық аудит
Қаржылық есептеме
аудиті
Мақсаты
Экономикалык потенциалдың пайдаланылуын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дұрыстығын растау

Аудиттің
міндеті
Қызметтердін тиімділігі мен өнімділігін зерттеу
Қаржылық есептемедегі шаруашылық операцияларының дұрыс көрініс табуын тексеру
Негізгі талап, өлшемдер және көрсеткіштер
Қызметтің тиімділігі мен өнімділігін, шешімдердің ұтымдылығын жалпы және локальды бағалау
Дәстүрлі бағалау өлшемдері және қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дәлдігі
Стандарттың, нормалардың, ережелердің сақталуы
Аудитті жүзеге асырудың белгіленген стандарттары, нормалары, ережесі мен процедуралары жоқ
Қаржылық есептеме
Аудитінің қабылданған стандарттанын қатаң сақтау
Әдістер, тәсілдер
Кешенді бағалау және елеулі талдау, диагноз қою, логикалық және экономикалық-математикалық әдістер
Жаппай, іріктеп, ыңғайласта тексерулер және талаптарға сай тестілеу, т.б.
Тексерудің аспектілері, объектілері және салалары
Қызметтердің, оның түрлері мен салаларының көп қырлы болуы
Есептеменің объективтілігіне қатысты мәселелермен шектелген
Қорытындыны ұсыну
Әкімшіліктің немесе меншік иелерінің қызмет бабымен пайдалануға арналған
Қорытынды көптеген пайдаланушылардың қолына тиюі мүмкін
Аудиттің субъектілері
Ішкі және сыртқы аудиторлар; консалингтік, ғылыми, салалық және басқадай құрылымдар
Сыртқы тәуелсіз аудиторлық фирмалар немесе маманданған аудиторлар

Операциондық аудитті ұйымдастырудың ең қиын кезеңіне негізгі мықты, яғни орнықты ұсыныстарды әзірлеу жатады. Бұл үшін аудитор өзара байланысты-кемімелік (корреляционно-регрессионного) және функционалдық құнды талдаулардың және экономика-математикалық әдісті қолдану көмегімен қаржыландыру жағдайы мен өнім, қызметкер (персонал) туралы ақпараттарды зерделейді, айрықша назар аударуды талап ететін әдеттен тыс тексеру объектілері мен жағдайларды анықтайды, қызметті жақсартудың жолдары мен резервтерін анықтайды.
Шаруашылық ішіндегі бақылау мен талдау процедураларының жүйелері әдетте клиенттен жауап алуды, құжаттамаларды және қадағалауды кеңінен қолданатын операциондық аудиттің қиын бөлігін білдіреді. Операциондық аудит үшін арифметикалық дәлдік пен дәйек қаржылық есептеме аудитіндегідей аса маңызды емес, өйткені көптеген жағдайларда дәлдік операциондық аудиттің максатына кіре бермейді. Есептемені (қорытындыны) жасауда және оны жүзеге асыру барысында операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы екі негізгі айырмашылықты ескеру қажет.
Біріншіден, операциондық аудиттің қорытындысы әдетте тек әкімшілікке ғана бағытталады, ал оның көшірмелері - аудитті жүргізетін ұйымдарға жіберіледі.
Екіншіден, операциондық аудиттегі тексерудің әдістері мен түрлерінің көп қырлы болуы әрбір есеп беруде аудит салаларын, табылған фактілерді, таңдау мен ұсыныстардың орнықтылығын әлдеқайда толық бейнелейтіндей етіп жасауды талап етеді.
Үшінші жақтың (пайдаланушының) болмауы операциондық аудиторлық есеп берулерді белгілі бір стандартты қалыпқа келтіруді қажет етпейді. Сондықтан да оларды дайындау үшін табылған фактідерді және зерттелген объектілердің жұмысын жақсарту мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды жіктеу үшін бірталай уақытты қажет етеді.

2.3. Бизнесті талдаудағы операциялық аудиттің қажеттілігі

Экономикалық әдебиетте табыс (пайда) әкелетін іс-қызметтің кез келген түрі сияқты бизнес (ағылш. bisiness) үғымын түсіндіру кең қанат жайған. Алайда басқа пікірлер де жоқ емес. Мысалы, кейбір зерттеушілер бизнес сөзінің американдық шығу тегі бар (busy - шұғылдану түрінен) деп санайды. Уақыт өте келе мағынасына қарай әр түрлі мәнге ие бола бастаған: іс, жұмыс, кәсіп, мамандық, мәміле, кәсіпкерлік, іскерлік топтар, компаниялар, еңбекақы көзі және т.б. бизнес ұғымының өрісін кеңейтіп тұр. Байқағанымыздай бизнес сөзі өте күрделі және көп жақты категория туралы түсінік береді. Сондықтан оны түсіндіру белгілі бір шектеулі талдауларды талап етеді.
Кең мағынасыңда категориалды сараптама (гректің kategorіа - айтылғандар, белгі) - зерттелетін объектінің әр түрлі жақтарын нақтылы ғылыми категориялардың элементі негізінде қарастырылатын бизнестің экономикалық іс-әрекетін шынайы тану тәсілі.
Бүгінгі тандағы түсінік бойынша, бизнес - жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес - пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін іс-әрекет немесе басқа қызмет хобби, қайырымдылық қызмет, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыны сыйлау мен беру, жай уақыт өткізу, бос уақытты пайдалану және т.с.с. болып түсініледі.
Бизнес және кәсіпкерлік ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұныны жағынан көп айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік - жұмыс және қызмет көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық және бастамашыл шаруашылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын-соңды болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер адамдарды ғана кәэсіпкер деп есептеуге болады.
Творчество, іс-қызметтің жаңа тиімді бағыттарын іздеу мен жүзеге асыру - кәсіпкерлік пен бизнестің арасындағы негізгі айырмашылық осы. Ендеше бизнес термин ретінде негізгі мақсат - табыс пен пайда алуда кез келген күнделікті немесе ең қарапайым іс-әрекетті анықтау үшін қолданылады. Алайда бұл жағдайлар бизнестің кәсіпкерлік негізінде өркендеп, кең таралуын шектемейді, керісінше, алға қойылған мақсат - ірі табыс пен мол пайдаға тез жетуін көздейді.
Категориалдық талдау бизнес ұғымының кәсіпкерлік үғымынан мазмұны жағынан ғана емес, қатысушылар құрамы жөнінен де кең екендігін көрсетеді. Ол нарықтық экономиканың барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты қамтиды және құрамына бизнесмендердің іс-әрекеттерін ғана емес, тұтынушыларды, серіктестерді, жалдамалы жұмысшыларды, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және тағы басқа құрылымдардың қызметкерлерін өзіне тартады. Бизнестің категориалдық талдауының негізгі мақсаттық межесі қоршаған ортаны жан-жақты зерттеп-білу үшін экономикалық әлеуетті бағалап, оған барлық қатысушылардың іс-қызметі тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындауда жатыр. Мұндайда бизнесті танудың ерекше маңызды категориялары: капитал, жер, өндіріс құралдары, кіріс, шығындар, қуат, өнімділік, тиімділік, үлгі (модель), жағдай, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекелділік, инвестициялар, қаржы, процент, мөлшерлеме, левередж (тұтқаны пайдалану нәтижесі), опцион, дисконт және т.б. қолданылады.
Кез келген адам, топ, ұйым және басқа да адамдардың бірлестігі ұйымдасқан формасы әр түрлі жеке және шағын кәсіпорыннан бастап, трансұлттық корпорацияларда, компания мен қоғамдастықтарда өз ісін бастай алады. Олардың жалпы мақсаттары - бизнеске қатысушылардың барлығы тұрмыс жағдайларын түзеуді қамтамасыз ету, материалдық игіліктер мен басқадай пайда, табыс алу, кіріс кіргізу.
Бизнестің мақсаты сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Категориалдық талдау олардың ең маңыздыларын бөлуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Операциялық күшейткіштердің қолданылуы
Есте сақтау құрылғылары
Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
Қазақстанда аудиттің алғашқы адымы
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер