Органикалық дүниенің даму мәселелері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Органикалық дүние[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Органикалық дүние - Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Палеонтологғалымдардың мәліметтеріне қарағанда жойылып кеткен организмдердің тек 0,01%-ының ғана қаңқа қалдықтары сақталған. Тірі организмдерді құрылыс ерекшеліктеріне қарай алғаш рет өсімдіктер мен жануарлар деп бөлген грек ойшылы Аристотель, оның шәкірті Теофраст болды. Тірі организмдерді жүйелеуде К.Линнейдің, Ж.Ламарктің, Э.Геккельдің еңбектері зор. Ал өсімдіктерді жіктеуде көбінесе орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян (1910 ж. т.) ұсынған жүйелік топтар пайданылады.
Тірі организмдерді жүйелеуде қазіргі кезде ең жоғары жүйелік топ - империя деген ұғым қолданылады. Қазір осындай 2 империя бар:
1. клеткалық құрылысы айқын емес организмдер (Прокариоттар)
1. клеткалық құрылысы айқын организмдер (Эукариоттар).
Органикалық дүние бірнеше тіршілік деңгейлерінен құралады. Ең қарапайым тіршілік деңгейі - молекулалық, ал ең үлкен тіршілік деңгейі - биосфералық деңгей деп аталады. Органикалық дүниенің эволюциялық даму барысында ең жоғары, ең соңғы сатыда тұрғаны - саналы адам (Homo sapіens). Тірі организмдердің қазіргі биосфералық дамуы ноосфера деңгейіне көтерілгендігін дүниежүзі ғалымдары мойындайды.[1]

Дереккөздер[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑
Органикалық дүниенің даму мәселелері
13-дәріс ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Биологияға даму идеясының енуі
Ж.Б.Ламарктың даму концепциясы
Ж.Кювьенің апаттар теориясы
Ч.Дарвиннің зволюциялық теориясы
Эволюцияның қазіргі теориялары
Генетика негіздері
БИОЛОГИЯҒА ДАМУ ИДЕЯСЫНЫҢ ЕНУІ
Биологиялық обьектілерді танып- білудің негізгі ерекшеліктерінің бірі- өткен тарихты зерттеу, онсыз материя қозғалысының ерекше формасының мәнін түсіну мүмкін емес. Тарихи әдістемелер негізінде қүрылған биология ғылымындағы эволюциялық теория тіршілік тура-лы ғылымдар жүйесінде маңызды орын алады. Эволюциялық биология жалпылама биологиялық пән болып саналады. Эволюциялық био-логияның эдістемелік зерттеу принциптерін қолданбайтын бірде-бір биология саласы жоқ деуге болады. Биология ғылымындағы даму идеясының тарихы бес негізгі кезеңдерден түрады.
Бірінші кезең антикалық натурфилософиядан Жаңа уақыттағы алғашқы биологиялық пәндердің пайда болуына дейінгі орталықты қамтиды. Ол кезең органикалық дүние туралы мәліметтер жинаумен және креационистік теорияның үстемдік етуімен сипатталады. Бүл уақыт эволюциялық идеяның алғашқы даму кезеңі болды. Бүл уақыттың биологиялық көзқарастарды өз еңбектерінде қарастырған ғалымдарының қатарына Эмподоклді, Анаксименді, Аристотелді жатқызуға болады.
Ең қызығушылық тудырған Аристотель концепциясы болды, ол ең қарапайымнан күрделілеріне қарай орналастыра келіп, жануарлар систематикасын (жүйесін) жасады, сонымен қатар 500-ден астам түрді сипаттап жазды. Тірі заттар туралы алғашқы саты тәрізді түсінік сол уақыттан бастап пайда болды.
Барлық антикалық уақыт пен орта ғасырда Аристотельдің еңбектері тірі табиғат туралы түсініктердің негізі болып саналды және үлкен беделге те болды.
Биологияға деген қызығушылық Ұлы географиялық мен тауарлық өндіріс дамуы кезеңінде арта түсті. Белсенді сауда мен жаңа жерлердің ашылуы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді кеңейтті. Тез аралықта жинақталған білімді тәртіппен келтірудің яғни, жуйелеуді қажет етті. Биологияда даму идеясының екінші кезеңі былай басталды. Ол жинақталған материалды жүйелеумен, алғашқы таксономиялық классификацияны қурумен сипатталады.
Бұл уақытта табиғатты жүйелеумен айналысқан ғалым - швед жа-ратылыстанушысы Карл Линней. Ол 8000-нан астам өсімдік түрлерін сипаттап жазып, бір текті терминология мен сипаттау тәртібін жасады. Өзінің классификациясын ол иерархиялық принципке негіздеді, соны-мен биологиядағы әр түрлі деңгейдегі жүйелік бірліктерді - таксондар деп атады. Линей жүйесіндегі таксондар: класс - отряд - тұқымдас -түр - өзгеше түр. Ол бұл иерархиялық жүйені - бинарлық номенилатура деп атады.
Линей сол кезең үшін органикалық дүниенің ең жетілген жүйесін жасады және оған сол кезде белгілі болған барлық өсімдіктер мен жа-нуарларды енгізді.
Ж.Б.ЛАМАРКТЫҢ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Жалпы органикалық дүниенің дамуын сипаттайтын біртутас кон-цепциясын жасауға талпынған француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк. Басқа өзінен бұрынғы зерттеушілерден өзгешелігі - оның теориясы нақты фактілерге сүйенеді. Оның эволюциялық теориясына негіз болған даму туралы, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте өту туралы, сыртқы ортаның организмдердің өзгерісіне тигізетін әсері туралы түсініктер. Қарапайымдардан ең жетілген организмдерге дейін даму органикалық әлем тарихыныың ең маңызды мазмуны. Адамзат та осы адам тектес маймылдар болып саналады. Бул көзқарас ол кездегі ең бір революциялық көзқарас болып саналды (Ламарктың Зоология философиясы атты еңбегі 1809 жылы жарық көрді).
Ол жануарлардың әр түрлі кластарын сипаттай келіп, олардың арасындағы аралық формаларды іздеді, сол кездегі салыстырмалы анатомияның жеткіліксіз дәрежеде дамуына байланысты, бірнеше қателіктер де жіберді. Ондай аралық түрлердің болуы органикалық дүниенің эволюциясының нақты дәлелі болар еді.
Эволюцияның негізгі себебі ретінде Ламарк тірі табиғатқа қатысты күрделенуге және ұйымдасуды жетілдіруге деген умтылысты санады. Ол әр түрдің туа біткен қабілеті болып саналады. Эволюцияның екінші факторы ретінде ол сыртқы ортаның әсерін қарастырды, яғни ол турақты болған жағдайда түрлер де өзгермек емес, ал қоршаған ортада өзгеріс болса, түрлер де өзгеріске түсуі тиіс. Бұл жағдайда қабылданған белгілер туқым қуалайды.
Сонымен, ламаркизмға екі методологиялық белгі тән: телеологизм - организмдерге тән жетілуге ұмтылыс; организмоцентризм организмді эволюцияның элементаралық бірлігі ретінде қарастыру, яғни оның сыртңы ортаның әсерімен өзгеріске түсуі және бұл өзгерістердің тұқым қуалаушылық арқылы берілуі.
Бірақ Ламарк теориясы өз уақытында қолдау тапқан жоқ, себебі ғылым ол кезде эволюциялық қайта құру идеясын қабылдауға дайын емес болатын. Оның ұстіне Ламарк жүргізген түрлердің өзгеру себеп-терінің дәлелдерге толық көз жеткізілмеді.
Ж.КЮВЬЕНІҢ АПАТТАР ТЕОРИЯСЫ
XIX ғасырдың бірінші ширегінде салыстырмалы анатомия мен палеонтологияда үлкен жетістіктерге қол жетті. Бұл салаларда француз ғалымы Ж.Кювьенің еңбектері зор. Омыртқалы жануарлардың органдарының құрылысын зерттей келіп, ол жануардың барлық органдары біртұтас жүйенің бөлшектері екендігін анықтады. Әрбір органның құрылымы заңды түрде басқа органдардың құрылымымен сәйкестендірілген. Бұның өзі дененің әр бөлігі тұтас организмнің құрылымдық принципін білдіретіндігін көрсетеді. Мұндай сәйкестікті Ж.Кювье корреляциялық принцип деп атады. Корреляциялық принципті негізге ала отырып, Кювье өлген жануарлардың сүйектерін зерттеу арқылы олардың сыртқы бейнесі мен тіршілік ету жағдайын қалпына келтіріп, сипаттады.
Палеонтологиялық мәліметтер Жер бетіндегі жануарлар түрлерінің өзгеруін, ауысуын мүлтіксіз дәлелдеп берді. Буған библия аңыздары қарсы турды, олар дүниені топан су алған кезде Нухтың кемесіне ілінбегендер қырылды деп есептейді. Бірақ бул көзқарастың жалған екендігін өлген жануарлардың әр түрлі уақыттарда өмір сүргендігі айқын дәлелдеп берді. Осыған байланысты Кювье апаттар теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша үлкен территорияларындағы өсімдіктер мен жануарлардың қырылу себебі - периодты түрде қайталанып тұратын геологиялық апаттар. Бұл территорияларға одан кейін көрші территориялардан келген түрлер қоныстанды. Кювьенің жолын қуушылар мен шәкірттері оның теориясын дамыта келе, апаттар әр кезеңде бүкіл жер шарын қамтығанын айтады және мұндай апаттар саны 27 екендігін санап берді.
Апаттар теориясы кеңінен таралды, дегенмен көптеген ғалымдар бұған сын турғысынан қарады, бұған нақты соңғы нүктені қоюшылар -ағылшын жаратылыстанушылары Ч.Дарвин мен А.Уоллес болды.
Ч.ДАРВИННІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТЁОРИЯСЫ
Ч.Дарвиннің 1859 жылы Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы атты еңбегінің жарық көруімен биологиядағы даму идеясының үшінші кезеңі басталды.
Бұл биологиядағы революциялық көзқарас болды және даму идеясын ғылыми танымда да және даму идеясын ғылыми танымда негізгі, басты әдістемеге айналдырды.
Бірақ, бул уақыт әр түрлі эволюциялық ағымдардың арасында күрестің шиеленісіп түрған уақыты болатын. Эволюциялық теория мен дарвинизмді мойындау үшін эволюция қалай жасалады және оның объективті тиімділігінің себептері қандай деген сурақтарға жауап беру қажет. Бұл мәселелер Дарвиннің табиғи сурапталу туралы ілімі арқылы шешілді.
Дарвин табиғатта кез келген жануарлар мен өсімдік түрі геомет-риялық прогрессия бойынша көбеюге умтылады деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, әр түрдің ересек особьтарының саны салы-стырмалы түрде өзгеріссіз қалады екен. Осыған орай, табиғатта тіршілік үшін күрес жүреді, нәтижесінде организм мен түр үшін пайда-лы белгілер жинақтала береді де, жаңа түрлер біртіндеп пайда бола бастайды. Ал қалған организмдер ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты жойылып кетеді. Сонымен, тіршілік үшін күрес - орга-низмдер мен қоршаған ортаның жағдайларының арасында туындай-тын сан қилы және күрделі өзара қатынастардың жиынтығы. Олар үш түрлі болады: түр аралық, түр ішілік және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тіршілік үшін күресте басқа түрлермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін белгілері мен қасиеттері бар түрлер мен особьтар ғана тірі қалып, урпақ тарата алады. Сондықтан, табиғатта бір түрлердің іріктеле отырып жойылуы мен келесі басым түрлердің көбеюі - табиғи сұрыпталу процесі жүреді. Ал, сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне байланысты, іріктеліп қалған түрлерде жаңа белгілер пайда болады. Тұқым қуалаушылық факторы арқылы пайдалы белгілер сақталып, ұрпақтан-урпакка беріліп отырады да түрлердің турақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа түрлер өзгергіштік процесінің - организмдердің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруінен пай-да болады.
Дарвин жаңа түрлердің пайда болуый ұрпақтан-ұрпаққа көбейіп отыратын пайдалы жеке өзгерістердің жинақталу процесі есебінде қарастырады. Мұның өзі тіршілікке қажетті ресурстардың (қоректік зат, көбею ортасы тағы басқа) шектеулі болуына байланысты. Сондықтан ең аяусыз күрес ұқсас түрлер арасында жүреді. Ал уқсас емес түрлер урпақ қалдыруда басымдылық көрсетеді. Әрбір урпақ сайын түрлер арасындағы айырмашылықтар айқын біліне береді де, аралық түрлер жойылып отырады. Түрлердің пайда болуына әкеліп соғатын белгілердің айырмашылық қубылысын Дарвин дивергенция деп ата-ды. Бурынғы уқсас түрлердің дивергенциясының өсуі тіршілік ие-лерінің сан алуан түрлерінің бірте-бірте ұлғая түсуіне себеп болады.
Сонымен, Дарвин органикалық эволюцияның детерминациясы мәселелерін бірте-бірте шешті, тір организмдердің табиғи сурыпталу нәтижесінде үнемі жаңаланып, іріктеліп отыратынын дәлелдеді. Бул көзқарас жаратылыстанудағы телеология бағытына үлкен тойтарыс берді.
Дарвиннің теориясымен жаратылыстанушылардың әр түрге жата-тын организмдердің көп белгілерінің ұқсастығының себебін узақ уақыт бойында іздеуі аяқталады.
Дарвинизмнің пайда болуымен биологиялық зерттеулердің ал-дыңғы қатарына төрт мәселе шықты:
1) эволюциялық процестің өзіне дәлелдер жинақтау;
2) эволюцияның бейімделу сипаты мен ұйымдасуы туралы мәліметтердің жиналуы;
3) тұқымқуалағыштық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың эволюцияның қозғаушы күші ретінде өзара әрекеттесулерін тәжірибе жүзінде зерттеу
4) түр пайда болуы мен макрореволлюцияның заңдылықтарын зерттеу.
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕОРИЯЛАРЫ. ГЕНЕТИКА НЕПЗДЕРІ
Эволюцияның қазіргі теориясын жасау генетикасыз мүмкін болмас еді. Сондықтан, осы ғылымның негіздерін қарастыру керек.
Генетика тірі жүйелердің негізгі екі қасиетін - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, яғни тірі организмдердің белгілері мен қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беру және жаңа қасиеттерге ие болу қабілетін зерттейді. Тұқым қуалаушылық - ұрпақ дамуы қатары бойында белгілер мен қасиеттерді, ерекшеліктерді үздіксіз беріп оты-руды қамтамасыз етеді. Өзгергіштік - табиғи сурыпталуға қажетті жағдай жасайды, яғни тірі организмдердің белгілерінің жаңа түрлерін, жаңа комбинацияларын жасайды.
Организмнің белгілері мен қасиеттері туқым қуалаушылық жолымен беріледі - ДНК молекулаларының бөлшегі - генде сақталады.
Организмдеһ барлық белгілер жиынтығы - фенотип деп аталады. Ал бір организмдегі барлық гендер жиынтығы генотип деп аталады. Фенотип генотиптің қоршаған ортамен байланысының нәтижесі. Бұл ашылулар мен терминдер генетиканың негізін салушылардың бірі В.Иогансеннің есімімен тығыз байланысты.
Грегор Мендель туқым қуалаушылық заңдылығын ашты. Г.Менделдің зерттеулері 1865 жылы жүргізілгенмен, ол генетикадағы Мендель заңы ретінде 1900 жылы цабылданды. Ол буршақтың әр түрлі сорттарын өзара будандастырып, олардың түсіндегі, қалпындағы, түріндегі және басқа белгілерінің өзгерістерін ашты. Мендель бірінші ұрпақта алынған гибридтердің кейбір белгілері басқаларынан басым болатынын анықтады. Мендель тірінің материалдық урпақтан-үрпаққа берілетін бөлшегін - ген деп атады және оны ақпараттың қарапайым сақтаушысы ретінде қарастырды.
Мендель өзінің әйгілі гендерді будандастыру заңдарын ашты, бірақ 35 жылға тарта уақытта ғалымның еңбегін одан ары жалғастырушы бірде-бір ғалым болмады.
Генетиканың маңызды кезеңдерінің бірі - тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының ашылуы, ол Томас Морганның есімімен тығыз байланысты. Ол әрбір биологиялық түрдің нақты белгіленген хромосома саны бар екендігін анықтады.
Гуго де Фриз түқым қуалағыштық мутацияны ашты, яғни ол жаңа түрлер мутацияның әсерінен пайда болады деп пайымдады
Мутация дегеніміз - гендік құрылымның өзгерісі. Мутация нәтижесінде пайда болған белгілер жоғалмайды, керісінше жинақтала береді, Мутация радиацияның, химиялық қосылыстардың, температура өзгерісінің, тіпті кейде кездейсоқ жағдайлардың әсерімен болады.
1927 жылы Г.Меллер генотиптің рентген сәулелерінің әсерінен өзгеріске түсетінін анықтады. Кейін бул қубылыс гендік инженерияның негізін салды және оның гендік механизмге әсер ете алатын орасан зор мүмкіндіктері мен қауіпті жағы бар екендігін көрсетті.
1941 жылы Дж.Бидл мен Э.Татум биосинтез процесінің генетикалық негізін ашты, осы еңбектері үшін оларға 1952 жылы Нобель сыйлығы берілді.
Джеймс Уотсон мен Френсис Крик ДНК-ның молекулярлық құрылымы мен оның репликацияльщ механизмінің жобасын усынды.
1950 жылдары генетикалық код ашылды. Ол С.Бензердің есімімен байланысты. Яғни гендік ақпарат азоттық негіздегі: аденин (А), тимин (Т), цитозин (Ц), гуанин (Г), бес атомдық қант пен фософор қышқылының қалдығы арқылы берілетіндігі анықталды.
Қорытындылай келе, белок молекулаларынан мыңдаған есе кіші вирустар туралы. Олар қоректенбейді де көбеймейді, тек қана өз қожасының клеткасында пайда болып отырады. Вирустың басы және спираль тәрізді қуйрығы болады. Вирус клеткада толық өзгеріс жасайды.
Генетика біздің өз бойымызда арғы ата-бабаларымызбен та-биғаттың ақпараттарын алып жүретіндігімізді дәлелдейді. Оның өзі табиғаттың бізге үлкен жауапкершілік жүктегенін көрсетеді.
Қазіргі генетиканың алдында гендер байланысын, динамикасын зерттеу мәселелері тур.
Ал биологияға келетін болсақ, жаңа биология тірі организмдердің қарапайым компоненттері - жеке молекулалар мен олардың клетка ішіндегі өзара әсері туралы зерттеулер жүргізеді.

Дарвиннің эволюциялық теориясы[өңдеу]

Чарлз Дарвин
Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды. Жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласындагеология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.
Ч.Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч.Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:
1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;
2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;
4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;
5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Ғылымдағы жетістіктер
* 2 Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары
* 3 Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч.Дарвиннің ілімі
* 4 Қолдан сұрыптаудың түрлері
* 5 Дереккөздер
* 6 Дереккөздер

§Ғылымдағы жетістіктер[өңдеу]
XIX ғасырда жаратылыстану саласында -- геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті:
1) A.M. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясының шығуы (1861 ж.);
2) Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтың жүйесін жариялауы;
3) энергияның сақталу заңы, химиялық элементтердің атомдық құрылысының ашылуы;
4) ағылшын геологі Ч. Лайельдің ғаламшардағы геологиялық өзгерістер ерекше бір апаттың әсерінен емес, температура, жел, жаңбыр, өсімдіктер мен жануарлардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отыратынын дәлелдеуі;
5) неміс ғалымдары М.Шлейден мен Т.Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі -- жасуша (клетка) екендігін дәлелдеп, жасуша теориясын ашуы;
6) омыртқалы жануарлар ұрығының дамуын зерттеу нәтижесінде балықтар, құстар мен сүтқоректілердің ұрығында желбезек саңылаулары болатыны, олардың туыстық жақын екендігінің дәлелденуі және т.б.
Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы-анатомия, цитология, т.б.) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.
"Бигль" кемесімен саяхатта
Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор себепші болды (5-сурет). Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен эволюция -- "өзгергіштіктің әсерінен болатын құбылыс және ол тек табиғи заңдылықтардың әсерінен дамитынын" түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып нақтылап берді. Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде оны, әсіресе Галапагосс аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Бұл аралдан ол -- күрделі гүлді өсімдіктертұқымдасының 20 түрін жинап, құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Ол қунақтардың 13 түрін байқап, олардың қоректену ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Саяхаттан кайтып оралған соң Дарвин өзінің алдына түрлердің шығу тегін зерттеп шешу керек деген басты мақсат қойды.

§Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары[өңдеу]
Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде сыртқы орта жағдайларының әсерінен жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштігін байқаған соң, олардың жасанды және табиғи жағдайдағы өзгерулеріне қатысты деректерді жинауға кіріседі. Өсімдіктердің іріктемелері мен үй хайуанаттарының қолтұқымдарының алуан түрлілігіне ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде табиғаттың дамуы табиғи заңдарға ғана байланысты екенін және адамның іріктемелер мен қолтұқымдарды тұқым қуалайтын өзгергіштік пен қолдан сұрыптау арқылы шығаратындығын дәлелдеді. Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін өте қарқынды көбейетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп, өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм өте көп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен көбею кезіндегі ұрпақтардың басым көпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т.б.) көптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың көбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.
Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді. Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: *өзгергіштік,
* тұқым қуалаушылық және
* табиғи сұрыпталу.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп өзгеріп отырады.

§Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч.Дарвиннің ілімі[өңдеу]
Адам колымен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің касиеті тек организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым Ч.Дарвин. Табиғатта болатын өзгергіштік кезінде өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелері өзгеріске ұшырайды. Ал қолдан сұрыптау кезінде шығарылған іріктемелер мен қолтұқымдардың адамға пайдалы, тиімді мүшелері ғана өзгертіледі. Сондықтан Ч. Дарвин эволюциялық процестің механизмін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Ол алдымен Англияның ауыл шаруашылығы практикасына ерекше назар аударды.
Дарвинге жасаған карикатура
Ч.Дарвин ауыл шаруашылығы практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта кандай факторлардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Табиғатта да, ауыл шаруашылығы практикасында да жаңа формалардың түзілу процесінің негізі бір қағида -- сұрыптау екендігін байқады. Ол адамның колдан сұрыптауы мен табиғатта болатын сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажыратып, қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. "Түр -- тұрақты, өзгермейді" -- деп пікір айтқандар "әрбір іріктеме немесе қолтұқымның өзіне тән жабайы тегі болмайды", -- деп есептеді. Мұндай теріс көзқарасқа Дарвин карсы шығып, көптеген нақты мысалдар келтірді. Мысалы, тауықтардың барлық қолтұқымдарының жабайы тегі -- жабайы банкив тауығы, үй үйректерінің жабайы тегі барылдауық үйрек, үй қояндарының жабайы тегі -- Еуропалық қоян екендігін дәлелдеді. Ірі қараның тегі -- жабайы түр (күдір), иттің жабайы тегі -- қасқыр немесе шиебөрі болуы да мүмкін деп атап көрсетті . Қолдан сұрыптау арқылы шығарылған үй хайуанаттарының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінде адамға қажетті белгілер өзгергенімен олардың арғы тегінің бір екендігін айғақтайтын белгісі әйтеуір бір мүшесінде сақталып калады. Мысалы, селекционерлер шығарған қырыққабаттың (капуста) 6 түрлі іріктемелерінің сырт пішіндері мен жапырақтарында айырмашылығы болғанымен, гүлдері мен тұқымдарының ұқсастығы жойылмай сол күйінде сақталған.
Даму эволюциясы
Қорыта айтқанда: қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз кажетіне жарайтын пайдалы колтұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар шығару жұмысында адам организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады. Мұндай өзгерістер біртіндеп жинақтала түседі де, ол айқын емес (мутациялық) өзгергіштіктң пайда болуына жол ашады. Қолдан сұрыптау тиімді болу үшін, көбірек даралар арасынан таңдау жұмыстары жүргізіледі. Қолдан сұрыптау дегеніміз -- пайдалы белгілері мен қасиеттері бар дараларды сақтап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару.

§Қолдан сұрыптаудың түрлері[өңдеу]
Ч.Дарвин қолдан сұрыптауды әдістемелік (методикалық) және санасыз сұрыптау деп екіге бөлді.
1. Әдістемелік сұрыптауда селекционер алдына мақсат қояды да, бір-екі белгісіне қарап, кандай бағытта өзгерту керек екендігін алдын ала жоспарлап барып сұрыптауға кіріседі. Мысалы: жабайы сиыр жылына 700 -- 800 л сүт берсе, жаңа қолтұқымдардан 10000 л-ге дейін сүт сауылады. Жай қойларға қарағанда меринос қойларының жүнділігі 10 есе артық. Әдістемелік сұрыптауды шағын даралармен (10 -- 15 қой немесе 1 -- 2 жылқы, т.б.) жүргізуге болмайды. Осы күнгі өсімдіктер іріктемелері мен жануарлардың қолтұқымдары әдістемелік сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған.
2. Санасыз сұрыптауда адам алдына тұқым немесе іріктеме шығарамын деп мақсат қоймайды. Дегенмен де неғұрлым жақсыларын сақтап, арықтарына, ет пен сүтті аз беретіндеріне көңіл бөлмейді.
Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде Оңтүстік Америка халықтарының тіршілік жағдайын зерттегенде, олардың санасыз сұрыптау әдісін қолданатындарын байқаған. Сонымен қолдан сұрыптаудың нәтижесінде жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелері ғана шығарылады. [1][2]

§Дереккөздер[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. -- Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. -- Алматы: Атамұра баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!
23.04.2014, 23:17
Я курила с 15 лет и бросила за 1 день! Помогло народное средство. Смотри...
С помощью йода грудь растет как на "дрожжах"! Узнай как получить +2 размера
Жиросжигающий продукт для ленивых! За 9 дней -10 кг! Читай пока не удалили!
Жоспары:
1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.
4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу Дарвиннің эволюциялық теориясы
Эволюциялық ілім - тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы -- адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген. Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI -- XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері -- Аристотель, Платон мен Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады. Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары -- астрономия, геология, ботаника және зоологияның дамуына себеп болды. Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561 -- 1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді. XVI -- XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттын өлшем бірлігін түр деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628 -- 1705) оған ең алғаш анықтама берді. Биология саласында XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы аралықта қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 -- 1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр -- кұрылысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz