ОРИГАМИ - ШАРШЫ ЭСТЕТИКАСЫ



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОРИГАМИ - ШАРШЫ ЭСТЕТИКАСЫ

Қазіргі кезде дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдері өмір мен өндірістің барлық салаларында геймификацияға, яғни ойындар теориясын қолдануға көп көңіл бөлуде.
Оқытуда - бұл оқу процесіне ойын, қызықты бағыт беру, әртүрлі елдердің ұлттық дәсүрін қолдану т.б. Техникасы озык елдердің бірі Японияның ұлттық өнері Оригамиді қарастырайық.
Алдыңғы қатарлы жаңалықтарға, әлемдік деңгейдегі ең соңғы жетістіктерге ұмтылу, оны ары қарай дамытуға құлшыныс - жапон халқының ұлттық дәстүрімен, оны құрметтеуімен, әрбір жанұядағы бала тәрбиесінде пайдалануымен көп байланысты.
Жапон халқының мәдениеті, әдебиеті, театры, бейнелеу өнері, ұлттық өнер түрлері, шай мәзірі, оригами, шығыстық күрес өнерлері мен дәстүрлері Еуропа мен дүние жүзінің мәдени дамуына көп әсерін тигізіп отыр.
Икэбана (гул шоқтарын құрау өнері), оригами (қағаздан бүктеп бейне жасау өнері), шай мәсірі, аспаздық өнері мен спорт түрлері (дзюдо, айкидо, кэндо, каратэ, сумо, икэндо), компьютерлік ойындары дүние жүзіне кең таралған.
Жапон халқы ертеден келе жатқан мәдени мұрасы - оригами - қағаз бүктеу өнерін қастерлейді. Ол бүгінгі күнде тек жапон халқының ғана емес, дүние жүзіндегі көптеген адамдардың қызықты ісіне айналып, балалардың логикалық ойлауын дамытатын әдістердің бірі ретінде білім беруде, ғылымда, оның ішінде, әсіресе, математикада зерттеу нысандарының біріне айналып отыр.
Оригами - бұл математика - деп жазады Тохоку университетінің геометрия мамандығы бойынша докторантурасында білім алған - оригами дизайнері Адзума Хидэаки. Оригами - жақтары бір біріне ұқсамайтын көптеген көпбұрыштар болып келетін өте күрделі көпжақ. Фигураларды жазып, қатпарларға қарасақ бір бірімен жалғасып жатқан көптеген көпбұрыштарды ғана көреміз. Бұны біз, математиктер екі өлшемді жиын деп айтамыз [1].
Оригами фигурасын жасау үшін, әдетте, бір ғана шаршы қағаз пайдаланылады. Қағаз симметрия түзулері бойымен бүктеледі. Адзума шаршы орнына тіктөртбұрыш, ал симметрия центрі ретінде бір ғана нүктені белгілейді. Бүктеу барысында дәстүрлік тікбұрышты үшбұрышты ғана емес, кезкелген үшбұрышты пайдаланады. 1-суретте көрсетілген фигураны (спиральді) Адзума Хидэаки бір ғана тік төртбұрыш қағаздан жасаған. Спираль структурасы Фурье өзгерісі деп аталатын математикалық қағидаға негізделген. Сондықтан ол бұл фигураны Convolution - яғни, майысу (искривление) деп атаған.
Тохоку университетіндегі жас өзгерістері медицинасы Институтының профессоры Кавасима Рюта адам миының физиологиясымен айналысады. Ол оригамимен айналысу адамның бас миының префронтальдық аймағы арқылы өтетін қан айналысының ағысын жылдамдатып, ұлғайтатынын дәлелдеген.
Жапон еліндегі қарт адамдар үшін оригами үйірмелері жұмыс істейді. Олардың бірінің ұраны: Оригамимен танысу қуанышы - өмірде үш рет болады. Бұл - адамдар оригамимен бала кезінде, ата-ана болғанда балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін, ал кәртейгенде ми жұмысын жақсарту үшін айналысуы керек дегенді білдіреді.
Бір ғана құстың фигурасын жасау үшін негізгі техниканы пайдалана отырып қағазды 20 рет бүктеу керек. Бұл өте күрделі, сондықтан мен оригами жасау үрдісін жеңілдетіп халық ұнататып істейтін іске айналдырғым келеді, - дейді Токиодағы оригами академиялық орталықтың жетекшісі Кобаяси Кадзуо [2].
Логикалық ойды дамытатын және оңай қол жеткізуге болатын - оригами әркімнің қолы жететін өнер. Бұған шаршы қағаздан басқа материалдар талап етілмейді.
Жапон елінде оригамидің алғашқы нұсқасы ориката (силықтарды орау өнері) жөнінде Токио қаласының бұрынғы аты Эдо қаласында 1764 жылы Хакэцуки - орау және байлау жөнінде - деп аталатын кітап [3] жарық көрген (2-сурет). Оның авторы сегундер ордасының этикет мәселесі жөніндегі кеңесшісі Исэ Сататакэ болды. Екінші кітап 1797 жылы монах Рокоан жазған Қағаздан мың тырна құс бүктеп жасау атты кітап басылып шықты. Онда қағаздан тырна құстың моделін жасаудың әртүрлі 49 әдісі берілген.
Экономикасы мен техника жасалуы дамыған Англия, АҚШ сияқты бірқатар елдерде балалардың логикалық ойлауын, амалшылдығын, техникалық көрегендігін дамыту үшін дүние жүзі елдерінің ұлттық әртүрлі ойындарына үлкен мән беріп, олардың базасы жасалған және кең тарату көзделіп отыр. Оның ішінде жапон халқының бірнеше ойындары, әсіресе Оригами, көне қытай бас қатыру есебі Танграм, көне үнді ойыны Шахмат, т.с.с. танымал ойындармен қатар қазақ халқының Тоғыз құмалақ ойыны да бар.
Еліміздің техника жасау қабілетін дамыту, оны тек шикізат шығаратын мемлекеттен өнеркәсіптің әртүрлі саласы дамыған мемлекетке айналдыру мақсатын орындауды іске асыру үшін әуелі жанұядағы, бала-бақшалардағы, мектептегі жасөспірім ұрпақтың логикалық ойлауын дамытатын күрделі ойындарды кеңінен пайдаланып, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мамандар дайындау ісінің жоспарына да енгізгеніміз жөн. Экономика саласындағы Нобель силығының лауреаты Джон Нэштің ойындар теориясы жөнінде жазған еңбегінің АҚШ экономикасын күрт жоғары көтергенін ескерген де жөн.

1-сурет - Хакэцуки кітабынан

Токио қаласындағы Оригами академиялық орталығында дүние жүзі бойынша оригамимен айналысам деушілерге есік ашық. Үш қадам жасап журналға жазылуға немесе Қоғамның мүшесі болуға болады. Ол үшін интернеттегі сайтында көрсетілген арнайы бланкті толтырып, хатпен жіберу қажет [4].
JOAS - Жапон Академиялық Оригами қоғамы басқармасында шамамен сегіз адам бар. Қазіргі кезде олар: КАВАСАКИ Тошиказу, КАВАХАТА Фумиаки, КАВАМУРА Миюки, ТАТЕИСИ Ёсиё, ХОДЗЁ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оригами түрлері
Оригами өнерінің шығу тарихы
«Еңбекке баулу» оқу пәнінен оқу құрал
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Бейнелеу іс-әрекетінің негізгі міндеттері, әдістері мен жұмыс тәсілдері
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Жастар орталығы
Математикалық сауаттылық есептері тақырыбындағы 5 сыныптарға арналған элективті курс
Жапония елі туралы мәлімет
Пәндер