Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
2. 2 Византиядағы педагогикалық ой-пікірлер
2. 3Орта ғасырда Индия және Қытайдағы оқыту мен тәрбие
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Византиядағы ағарту ісі мен мәдениетінің дамуын бірнеше кезеңдерге бөлсек, соның алғашқы кезеңінде (ІV-ІX ғғ. ) Византияның құл иеленушілік қоғамнан орталықтанған монархияға айналуымен байланысты. Бес ғасырлар аралығында Иоанн Злагоуст, Василий Кесарийский, Григория Богослов, т. б. сияқты Византиялық құдайтанушылар мен көрнекті ойшылдардың философиялық, саяси-әлеуметтік, діни көзқарастары топтастырылған шығармалары кеңінен танымал болып, антикалық рухани мұралар арқылы христиандық қарым-қатынастар негізінде христиандардың адамгершілік бағдарлары қалыптасты.
Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетін сақтап, ежелгі мәдениеті мен білім дәстүрін жалғастырып келе жатқан орталықтарының бірі - Таяу Шығыс.
ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстік Африка елдерін арабтар жаулап, жаңа дінді исламды алып келді.
Ислам дінін негіздеген, өзін “Алланың елшісі” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 жж. болды) . Мұхаммед және оның ізбасарлары - халифаттар тек ислам дінін уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған.
Құранмен бірге қасиетті кітап - Сұнна (үлгі-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесінің мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы діни және әлемдік өмір жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледі.
Ислам дінің басты құрамдас бөлігі - шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесін реттейді. Шариғат этикалық мінез-құлық нормаларына негізделген және оны қоғамдық рөліне қарай заң нормаларымен теңестіруге болады. Шариғат нормаларын орындау адамнан адалдықты және саналықты талап етеді.
Ежелгі Қытайдағы мыңдаған жылдардағы тәрбие дәстүрлерін және өзінің жеке меншікті мектеп ашқан педагогикалық тәжірибесін талдаудағы жасаған қорытындысы қоғамның даму барысын ескеріп, адамның табиғатына қарай тәрбиенің мұратын белгілеп, өзінің назарын адамның мәніне және оның кемелденген жеке тұлғасына аударды. Конфуцийдің этикалық-саяси ілімін зерттеуші Л. С. Переломовтың пікірінше, адамның табиғи қасиетін қалыптастыруда, яғни мемлекеттің, қоғамның үлгісіне сай тәрбиелеу үшін адамның табиғатын бағдарлап алғаннан соң, содан кейін белгілі бағытта оған нәтижелі ықпал жасаудың қажеттілігін міндеттейді.
Индиядағы білім беру мен тәрбие мемлекеттің қарамағында болмай, әр отбасының жеке істері саналып, ата-аналардың діни көзқарастарына байланысты болды. Діни-философиялық ілімдер негізде қалыптасқан брахманизм мен буддизм педагогикалық идеяларына оқыту мен тәрбие жұмыстарына ислам дінінің ықпалдары орын алды.
Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
Рим империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған Византия империясы 395-1453 жылдар аралығында өмір сүрді. Оның территориясы Римнің Шығыс бөлігінде орналасқан Балқан түбегі, Кіші Азия жерлерімен Жерорта теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауларын қамтыды. Рим императоры Константин негізін қалаған жаңа империяның орталығы Константинополь (бұрынғы Византия) болып, эллиндік-рим мәдениетінің тікелей мұрагері деп аталды. Оның тұрғындары өздерінің білімділігі жөнінен ХІІІ-ХІҮ ғасырларға дейін батыс Европалық елдерден анағұрлым алда тұрды. Византияның тұрған жері Шығыс пен Батыстың орталығында орналасқандықтан Европа мен Таяу Шығыс елдері мәдениетін жалғастырушы алтын көпір ретінде есептелінді.
ІХ-ХІІ ғасырларда Византияның барлық жерлерінде билік пен басқарудың ортақ формалары мен құқықтық нормалар енгізіліп, идеологиялық және адамгершілік құндылықтардың біртұтас жүйесі қалыптасты. Мұның барлығы адамдардың білім беру мен тәрбие ісінің мақсатына деген көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізбей қоймады.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы, мәдениет пен ағарту саласының даму қарқыны мен формасына шешуші ықпал етті. Бұл даму жан-жақты білімді император VІІ Константин Бегрянородныйдың (9105-959 жж. ) билігімен тікелей байланысты болғандықтан оның жарлығымен және тікелей басшылығымен жаңа оқу орындары ашылып, логика, философия, тарих, т. б. білім салалары бойынша энциклопедиялық сипаттағы еңбектер жазылды.
Император Константин кезінде мектептерде арифметика, геометрия, стереометрия, музыка пәндеріне ерекше назар аударып, төңірегіне атақты ғалымдарды жинап, кімдер оқығысы келеді, соларға білім беруді тапсырған. Сол кезеңдегі көрнекті Византия мәдениетінің өкілдері: патриарх Фотия, Лев Математик, Михаил Пселл және т. б. ағарту қызметтері білім берудегі жаңа бағыттарды ұстанды.
Византияның ең негізгі ерекшеліктерінің бірі Римдік басқару дәстүрін әлемдік білім беру дәстүрлерімен ұштастырып, Византия империясының мектептерінде эллиндік және грек-римдік дәуірде жазылған оқулықтар пайдаланылды. Бір сөзбен айтқанда, Византия мәдениеті дүниежүзі мәдениетінің даму барысына үлкен ықпал етті.
Бірақ, XІІІ-XV ғасырларда ағарту және педагогикалық ойлар терең дағдарысқа ұшырады. Византияда ағарту ісі мен педагогикалық ойлардың дамуының тарихи-педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударсақ, тұрақты болды деуге болмайды. Мәселен, 529 жылы император Юстиниан Афинадағы Платон Академиясын жабуға бұйрық берді. Византиядағы антикалық типтегі мектептердің мұғалімдеріне (риторлар мен грамматистер) еңбек ақыларынан төлемегендіктен олар жабылды. Екінші ерекшелікпарсы өркениеті және VІІ ғасырдағы жаңа араб дүниесімен, біркелкі әлеуметтік-мәдени жүйемен, яғни ислам дүниесімен Византия арасындағы қайшылық әлеуметтік-экономикалық байланысына және мәдени-тарихи дәстүрлеріне әсерін тигізді.
Ал, XІІІ ғасырда Батыстың крест жорығынан кейін Латын империясының уақытша үстемдігі кезінде батыстың ықпалы үдей түсті. Әсіресе, ХІ-ХІІІ ғасырларда ортағасырлық христиандық Еуропада екі діни-мәдени бір-біріне қарсы: латын-католиктік және шығыс-гректік бағыттар қалыптасты. Аралықтарындағы саяси қайшылық екі шіркеулердің байланыстары үзіліп, Византия мен Батыстың арасындағы соғыс ұшқыны басталды.
Сонда да болса Византиядағы христиандық шіркеулер императорлық билікті қолдады. Сондықтан византиялық шіркеу патриархтың қолдауымен мемлекеттік билікке білім беруге монополиялық үстемдік жасамады. Сол себептен ІХ-ХІІ ғасырларда византиялық қоғамдағы императорлық биліктің дамуына объективті жағдайлар туғызды. Педагоигкалық ойлар мен тәрбие және білім берудегі практика жаңа бағытта жүргізілді.
Византия империясында балаларды грек-римдік дәстүрде үйде оқыту түрі жоғары деңгейде дамыса, ал қарапайым отбасының балалары негізінен еңбек етуге үйренді. Ұлдар белгілі бір қолөнер түрін әкеден мирас ретінде қабылдап, соның қыр-сырын меңгерсе, қыздар аналарынан үй шаруасын атқаруға дағдыланды. Ал, ауқатты отбасыларында жағдай басқаша құрылып, ұлдармен бірге, қыздар да сауаттылыққа үйренді. Ауқатты отбасында ұлдарды 5-7 жасында тәрбиеші-педагогтың қарамағына берілгендіктен, педагогтың міндеті баланы ойнату, сауаттылыққа үйретумен шектелді.
Византия қоғамындағы білім беру жүйесі бүкіл мыңжылдық бойынша алдыңғы қатарлы орында болды. Дерек көздері нақтылағандай, Византияда оқуға мүмкіндігі бар балалардың барлығының мектеп табалдырығын аттай алатындығын, яғни бұл сала бойынша әлеуметтік шектеулердің болмағандығын дәлелдеп отыр. Бірақ, монастрлік және сарай мектептерінен басқа оқу орындары ақылы болды.
Оқудың алғашқы сатысында балалар қарапайым сауаттылыққа үйреніп, оқу 2-3 жылға созылды, олар мектеп қабырғасына 5-7 жастан алынатын. Византиядағы салауаттылық мектептері христиандырылған эллиндік элементарлық мектептердің жалғасы болды, тек оқыту құралдарына аз ғана өзгерістер енгізілді. ХІ ғасырдан бастап пергамент пен папирустың орнына қағаз пайдаланып, таяқша құс қауырсынына ауыстырылды, жазу дәптерлері пайда болды. Алайда, сауаттылыққа үйрету әдістемесінде бұрынғы тәжірибе пайдаланылды. Мысалы, буынға бөліп, оқуда жазылған әріптерді барлығы бірге айту әдісі қолданылды. Оқушылар алдымен әріптерді, кейін буындарды жаттады, содан кейін ғана сөздер мен сөйлемдерді оқи бастады. Есепке үйрету әдісі де өзгеріссіз қалды: алдымен саусақтармен санау, одан тастар, кейіннен есеп тақтасы - абак қолданылды.
Көпшілік балалар үшін элементарлық мектептер оқытудың алғашқы және соңғы сатысы болып есептелді.
Византиялықтар жоғары білімге жеке меншік, шіркеулік және мемлекеттік грамматикалық мектептерде қол жеткізді. Ақсүйектердің және діни элитаның балалары түгелдей дерлік оқытудың осы сатысынан өтті. Математикалық төрттікке (арифметика, геометрия, музыка, астрономия) қарағанда, грамматикаға, риторикаға, диалектика мен поэзияға көп көңіл бөлінді. Түптеп келгенде, оқытудың негізгі мақсаты жастардың бойында жалпы мәдениет пен шешендік өнерді қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту болып табылды.
Жоғарғы мектептердегі оқыту әдісі дәстүрлі негізде болды: мұғалім оқып түсіндірді, оқушыларға сұрақ қойды, оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді, пікір-талас ұйымдастырды.
Оқу аптасының соңында дидаскол оқушылардың білімін тексерді. Тәртіп бұзу, үлгермеушілік орын алған жағдайда оларды дүре соғу арқылы жазалап отырды.
Византияда жоғары мектептен басқа үйірме - салондар жұмыс жасады. Білімді адамдарды біріктірілген меценат - философтың салондарын үйішілік академия деп те атауға болады.
Византиядағы ағарту ісі және мәдениеттің дамуының негізгі кезеңдері. Византияда өмір сүрудің өзіндік ерекшеліктері. Антикалық авторлардың шығармаларын мазмұндайтын кодекстер. Бүкілдүниежүзілік мәдениеттің дамуына әсер еткен византиялық мәдениет пен білімділіктің өзіндік белгілері. Византия балалары мен жастарын үйде оқыту мен тәрбиелеудің формалары. Византия қоғамында білім беру жүйесі. Византиядағы оқу орындары: сауат ашу мектебі, элементарлық мектептер грамматикалық мектептер, жоғары заң мектебі, жоғары медициналық және философиялық мектептер, жоғары патриаршалық мектептер. Университеттер. Орта мектепте оқытудың методикасы. Жоғары білім мазмұнының ерекшеліктері. Монастрлық білім беру формасының дәстүрі.
Византиялық педагогикалық ой-пікірлердің өзіндік ерекшеліктері. Иоанн Златоустың педагогикалық идеясы. Діни педагогиканың незізін салушылар (Авва Дорофей, Максим Исповедник т. б. ) Симеон Новый Богослов (949-1022 ж. ж) - ақын және мистикалық бағыттағы діни қайраткер Михаил Пселланың “Риторикалық идеяларға шолу” және “Ғылымдар туралы” энциклопедиялық шығармасы, педагогикалық еңбектері.
Византиялық мәдениеттің басқа халықтардың ағарту ісінің дамуына тигізген әсері (Персияға, Закавказьяға, араб әлеміне, Шығыс және Батыс Европаға ) .
Византиядағы педагогикалық ой-пікірлер
ІҮ -Ү ғасырларда Византия империясында ғылыми және мұғалімдік қызметті эллиндік білімді философтар жүзеге асырған. Олар өздерінің білім жағынан антикалық дәуірдегі риторлардан айырмашылығы болмады. Тек ҮІ -ҮІІ ғасырлардан бастап өзгеріс пайда болды. Антикалық педагогикалық идеялардың шығыс православиелік шіркеу ойшылдарының адам тәрбиесі туралы көзқарстарымен ұштасып, бірігуі - Византиялық педагогикалық ой-пікірлердің өзіндік ерекшелігі болып табылды.
Неплатондық пікірлер Ү-ғасырда христиан дінтанушылары қабылдаған бірқатар педагогикалық идеяларды дүниеге әкелді. Мәселен, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісі мәңгілік рухани құндылықтарға сүйенуі керек, олардың көңілін сыртқы әлемді тануға емес, өзін-өзі тануға, өз жанын түсінуге, сол арқылы ақиқатты білуге аудару қажет деп есептелді. Осылайша алдыңғы қатарға рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруге және ізгілікті өмір сүруге дайын адамды тәрбиелеу мәселесі қойылды. Неоплотондықтар ақыл-ой мен рухани тәрбиені бір-бірінен бөліп алуға болмайды деп тұжырымдады.
Сол дәуірде Шығыс Европада көптеген педагогикалық пікірлер білдірген ең белгілі христиандық геологтардың қатарында Ионн Злотоуст, Григорий Богослов, Василий Кесарийский болды.
Олар антикалық дәуірдегі ойшылдардың адам “микрокосмос” деген көзқарастарын оның ішкі жан-дүниесі екі жақты болады деген идеямен толықтырды. Ғалам басқалармен салыстырғанда ерекше әлем себебі: ол “Құдай үлгісімен” жаратылған деп есептеді олар. Адам табиғатына ізгілік жасау, қайырымдылық көрсету және соған талпыну тән қасиет. Сондықтан, оның мақсатты түрде тәрбиелеу қажет деді.
Василий Кесарийский “Жастардың пұтқа табыну туралы кітаптардан алатын пайдасы туралы” деген шығармасында шәкірттерін аға ұрпақтың мұрасына құрмет көрсете отырып, оған сын тұрғысынан қарау қажет деп үйреткен педагог ретінде көрінді. Оның “ Шестоднев” атты еңбегі Батыс Европа мен басқа да елдерде кеңінен танымал болды. Бұл шығармасында В. Кесарийский әлемнің жаратылуы туралы библиялық әңгімелермен ұштасқан өз ойларын ортаға салды. Мәселен, зайырлы білім “ о дүниеде” емес “бұл дүниеде” ғана қажет деді. Оның пікірінше, барлық тіршілік иелерінің ішінде тек адам ғана Құдайдың бейнесін өзімен бірге алып жүре алады. Бұдан шығатын қорытынды:
Барлық сыртқы (тәнге қатысты) жерлер - Құдайға жат, яғни сезіну арқылы алған білімді ақиқат деп тануға болмайды. Сондықтан оқыту мен тәрбиелеудің дұрыс жолы, мүмкіндігінше күнделікті тіршіліктен алыстап, дұға оқу мен ораза ұстау болып табылады. Оның пікірінше адам тәнінің ішкі әлеміне терең үңілу арқылы өзін-өзі тануды дамыту-тәрбиенің негізгі әдісі деп есептеді. Адамның ақыл-ойын дамытуды В. Кесарийский алдыңғы орынға қойды.
Византиялық - православиелік педагогикалық ой-пікірлрдің қалыптасуына ықпал еткен, шығыс христиан шіркеуінің көрнекті уағыздаушыларының бірі Иоанн Златоуст. Ол негізіне әңгіме, ақыл айту сияқты антикалық дәуірде кеңінен таралған тәрбие әдістерін насихаттады.
Тәрбие ісінде Иоанн Златоуст адамның бойындағы ең асыл қасиет адамгершілікке көңіл бөлу қажет деді. Бірақ, ол қысым жасау әдістеріне қарсы болды.
Мұғалімнің адам жанына қысым жасау арқылы ықпал етуге құқы жоқ. Тек құдай ғана жаман істерді болдырмау туралы кеңес береді, бірақ қысым көрсетпейді.
Византидағы философиялық және педагогикалық ой-пікірлердің соңғы кезеңіндегі танымал тұлғалардың бірі Георгий Гемист Плифон (шамамен 1355-1452) Ол Константинополь қаласында дүниеге келген, бірақ өмірінің көпшілігі ХҮ ғасырда Византиялық гуманистік мәдениеттің орталығына айналған империяның батыс бөлігіндегі Мистрада (ежелгі Спарта) өтті.
Византиялық гуманистер интеллектуалды білімге көңіл бөлсе, исихастар ең алдымен адамгершілік - діни тәрбие мәселесін бәрінен жоғары қойды.
Орта ғасырда Индия және Қытайдағы оқыту мен тәрбие
Таяу Шығыстағы орта ғасыр мәдениеті және ағарту ісі, сауда-саттық пен қолөнері дамып, үлкен қалаларда шоғырланған. Индиядан Испанияға дейінгі кең аумақта арабтардың әдеби тілдері, мәдени мұралары, дүниетанымдық әдіс-амалдары сақталып, ислам діңінің тұрақтануына жағдай жасалды. Арабтардың үстемдігінде болған мемлекеттерде білім жүйесі де біркелкі болды.
Индияда ортағасырлық мәдениет пен білім беру Гупті империясы (V ғ. ) құлағаннан кейін қайтадан жандана бастады. Бірақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбір жоғары касталық топтары ғана білім алуға мүмкіндік алды. Брахман балалары діни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық іс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егін егу, жердің құнарлығын, көлемін анықтау, суландыру, т. б. әрекеттерге үйретілуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тілдерін білу, сауда-саттық операцияларын үйретумен шұғылданды.
Мұсылмандардың білім беру жүйесі орта ғасырдағы Индияда бүкіл мұсылман дүниесіндегі оқыту жүйесімен ұқсас болған.
Оқушылар білімді үй мұғалімдерінен және мектептерден алған, ал мектептер болса мешіттер мен монастрлердің қарамағында болды. Оқытуды көп жағдайларда жеке оқу орындары мен жалданған мұғалімдер жүргізді.
Мұсылмандар мектептерінің төрт түрі: бастауыш және жоғарланған бастауыш білім, Құран мектебі (Қасиетті кітапты оқу, жазу және есептеу) ; парсы мектебі (есеп, парсы тіліндегі саады, хафиз поэзия үлгілерін оқу және жазу) ; парсы тілі және Құран мектебі (алдыңғы екі мектептер бағдарламасы бойынша) ; ересектерге арналған араб мектептері (Құранды талдау және оқу, парсы дәстүріндегі әдеби білім оқушыларға жүйелі исламдық білімдер берген) .
Мұсылмандар жоғары білімді медреседе және монастрлік оқу орындарында - даргабахта алатын. Ең ірі даргаб Делиде, медреселер Хайрабадта, Жампурада, Фирозабадта болып, XVІ-XVІІ ғғ. бұл оқу мекемелер ағарту орталықтарына айналып, атақтары көршілес мемлекеттерге кең тараған.
Медреселерде оқу парсы тілінде жүргізіліп, мұсылман-студенттер араб тілін оқыды. Оқу бағдарламаларына грамматика, риторика, логика, дінтану, метафизика, әдебиет, заң негіздері кіреді.
Оқыту көпшілігінде ауызша жүргізілгенімен кейін келе оқу әдебиеттерінің көбеюіне байланысты өздіктерінен студенттер білім толықтырып отырды.
Индиядағы ортағасырлық мұсылмандардың білім беруді реформалау XVІ ғасырға жатады. Оның басы-қасында ұлы Могол әулетін құрған Батыр (1483-1530 жж. ) мектептер алдына қойған басты мақсаты - мемлекетке шын берілген қызметкерлер даярлау еді. Бұл ұстанымды император Акбар (1542-1605 жж. ) және оның сенімді кеңесшісі Абдул Фазл Аллами (1551-1602 жж. ) білім беру және тәрбие жүйесін одан әрі жетілдіріп отырды.
Император Акбардың зайырлы ғылым оқу жоспарларына арифметика, алгебра, геометрия, медицина, агрономия, басқару негіздері, астрономия пәндерін міндетті түрде оқытуға тапсырма берген.
Акбар мен Алламидың жоспарлары бойынша касталары мен діни сенімдеріне қарамай оқушылардың біркелкі зайырлы білім алуларына жағдайлар жасауға талпынды. Бірақ, материалдық-педагогикалық алғышарттардың болмауы, нақты бақылау жүргізілетін білімді адамдардың аздығы, белгіленген жоспарларды іске асыруға мүмкіндік болмады.
Қытай тарихында ортағасырлық дәуір б. з. б. бірінші мыңжылдықтан XІX ғасырдың аяғына дейінгі кең мағыналы кезеңді алады. Бұл дәуір бірнеше кезеңдерге бөлініп, педагогикалық ойлар мен мектеп істеріне байланысты басты белгілерден, жағдайлардан тұрады.
Мәселен, Цинь патшалығы (б. з. б. ІІ ғасыр) кезінде жазу таңбалары азайтылып, хат тануды, оқытуды жеңілдетті. Орталықталынған білім беру жүйесі жасалынып, үкіметтік және жеке меншікті мектептерде білімдер берілді. Бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейін жұмыс жасады.
Хань патшалығы (б. з. б. ІІ ғасырдан ж. з. ІІ ғасыр аралығы) кезеңінде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтерді. Бұл кезеңде үш басқыштан тұратын білім беру жүйесі - бастауыш, орта және жоғарғы мектептердің бет-бейнесі айқындалып, оқытуда үлкен жетістіктерге жеткен. Ірі қалаларда бірінші жоғарғы оқу орны мемлекеттік мекеме деп есептеліп, ауқатты ортағасырдардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер білім алды.
Хань дәуіріндегі тәрбие мен білім берудің идеологиясы-Конфуцийдің саяси-әлеуметтік ілімі болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретінде жүргізілді. Толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсіну, курсты бітіргеннен кейін емтихан тапсырып ғылыми дәрежелер берілетін. Бұл мектепті бітірген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын.
Қытайда ортағасырдың ІІІ-Х ғғ. мәдениет пен білім беру деңгейі көтеріліп, оқу мекемелерінің саны өсті. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттік емтиханға әлеуметтік жағдайларына қарамай тілек білдірген әрбір адамдар жіберілді.
Жоғарғы оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдің бес классикалық трактаттары бойынша: “Өзгеріс кітабы”, “Этикет”, “Көктем және күз”, “Поэзия кітабы”, “Тарих кітабы” берілді.
“Алтын ғасырдың” аяғында білім беру жүйесі практикалық қажеттілікті өтей алмайтын күй кешті. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан білім берудегі дағдарыстарды жою қажеттілігі туады.
Қытайдағы тәрбие мен білім берудегі дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Сидің (1130-1200 жж. ) міндетті түрде жастың үлкенді, бала ата-анасын, бағынышты қызметкердің бастығына бағынышты болу идеясын ортағасырлық қытай қоғамы жас ұрпақтың алдына қойды.
Монғол әулеті Юань (1279-1368 жж. ) кезінде дәстүрлі қытай тәрбие мен оқыту жүйесімен қатар моңғол мектептері мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.
Қытай ортағасырлық білім беру тарихында, әсіресе, Мин әулеті (1368-1644 жж. ) басқару кезеңінде жалпыға бірдей бастауыш білім беру мәселесі көтеріліп, элементарлық оқу орындарының саны өсті. Пекин мен Нанкинде жоғары әкімшілікке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz