Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
ЖОСПАР
1. Орта ғасырлық философиясының даму кезеңдері және негізгі
ерекшеліктері.
2. Орта ғасырдағы Грециядағы білім ошақтары
6. Философия және оның қоғамдағы рөлі
7. Философияның тарихи типтері
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Грецияда тәрбиенің дамуына қала- полистердің (мемлекеттер) пайда болуы әсер етті. Бұл кезеңде тәрбие қоғамда ерекше орынға ие болды. Мемлекет халықтың тәрбиесіне көңіл бөле бастады. Білімді болу мемлекетте жоғары бағаланды. Білім беретін арнайы мектептер ашылып, онда 20- 25 оқушы және 1 мұғалім жұмыс істеді. Сабақтар түскі үзіліспен күні бойы жүргізілді. Оқыту демалыссыз жыл бойы жүріп, тек мемлекттік меркелер мен отбасылық мейрамдарда ғана демалыс берілді. Мектептегі мұғалім жалақысы орта қолөнершінің табысы көлеміндей ғана болды. Кітаптар өте аз болғандықтан, білім ауызша берілді.
Бастауыш білім 6- 8 жыл, шамамен 14 жасқа дейін созылып, оқу, жазу, ән салуға үйретті. Санау жаттығулары үшін шақпақ тақтайша- абака қолданылды. Абаканың көмегмен 4 арифметикалық амал үйретілді. Грекия полистерінің арасынан Афины және Спарта полистерін бөліп көрсетуге болады. Бұл полистерде өзіндік білім беру жүйеі мен тәрбие қалыптасты. Олар тәрбие ісінің дамуына үлес қосты.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушыларды төмендегідей атады:
Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер: Мусикалық мектептер және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7- 16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12- 16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби жіне музыкалық білім берілді .Негізгі оқулық Гомердің Одессей мен Илиада дастандары болды. Сонымен бірге математиканың бастаулар беріліп, 4 арифметикалық амалдарды игеру міндетті болды.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға өтті. Б.з.б.V- ІV афиныда 3 гимнасия жұмыс істеді- Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16- 18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі - эфебия болды. Онда 18- 20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушылар әскери іске үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Ежелгі грек өркениеті адамзат үшін көптеген ойшылдар, философтар, ғалымдарды дүниеге әкелді.
Пифогор- (VІ ғ.) - ежелгі грек ойшылы. Пифогор өзіндік ерекшелігі бар адагершілік тәләм тәртіп ережелерінің жиынтығын қалтырды.Ол ережелердің мәнін түсіну үшін белгілі бір ойлау қадает еді. Себебі ережелер нені жасау керек, нені жасамау керектігін ашық айтпай, оны астарлап жеткізді. Мысалы, Көшеде жүрме деген ойы жұртшылықтың пікіріне еріп кетпе, ойлан дегенді білдірді. Пифогордың тәрбие және оқытужүйесі арнайы ойластырылған, ұйымдастырылған жүйе болды. Сабақ таңертеңгілік серуеннен басталып, храмда оқыту, білім беру және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ісі жүргізілді. Түстен кейін бірлескен оқу жүргізілп, ол талданды.
Ежелгі Грецияның алғашқы философтарының бірі- Гераклит (б.з.б 520- 460 жж.). Гераклиттің педагогикалық идеялары адамгершілікті меңгерті адамның қасиеті ретінде жүргізілуі тиіс, сана мен сезім танымның құралы, сана ақиқаттың ең негізгі өлшемі ретінде тек фактілермен қатар мәнді де танып білуі шарт болды.
Тәрбие туралы өз ойларын білдіргендердің бірі- Демокрит (б.з.б. 460-370жж.). Ежелгі грек философы, материалист. Математика, физиология, медицина, музыка теориясы, поэзия және т.б. зерттеді. Диоген Лаэртскийдің айтуынша ол 70 жуық шығарма жазған. Ол барлық заттар атомнан тұрады деген ілімнің авторы. Ол дүние танымның негізігі қайнар көзі- сезім, түйсік деп есептелгенімен, ақыл- ойды сезімнен жоғары қояды. Адамгершіліктің өзі ақылда нтуындайды дейді. Жеке адамның дамуы ақылдан басталады деген тұжырым жасайды. Этиканы ғылым саласы деп тұңғыш бөліп көрсеткен Демокрит. Ол қоғамдағы әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезіне туындайды деп көрсетеді. Педагогикада мінез- құлық мәдениетінңі негізін қалайды. Ойшыл ежелгі грек софистер мектебінің жұмысын жандандыруға көп үлес қосты. Олар тәрбие полистің саяси белсенді азаматтарын тәрбиелеуге көңіл бөлді. Білім беру бағдарламасының кеңеуіне ықпал етті, грамматика, диалектика, пікір талас өнеріне қоса, арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерін қосып, осылайша жеті өнердің негізін қалады. Жеті өнерді тривиум, квадривиумға бөлді.
Софистік философияның ірі өкілі- Сократ (б.з.б. 470 469- 399 жж.). Ол әңгімелесу арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашып, диалектиканың негізін салушы ғұламалардың бірі болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пәні ете отырып, грек философиясының дамуына үлес қосты. Ол этикада рахымшылдық, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейрімді бола алады, ақиқат- шындық таза болмыс адам ақылының алғышарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Сократ адам табиғатына мейрімді болады деген ілімнің негізін салушылардың бірі. Сократ өз идеяларын кез келген ортада баяндап кең таратты. Ол тіпті көшеде, Ликей аллеяларында да өз уағыздарны халыққа таратты. Сократ жетелеуші сұрақтар арқылы ақтқатқа жетудің әдісін ашқан ойшыл. Оны сократтық әдәс деп те атайды. Сократтың педагогикалық ойларының негізгі түйіні-кез келген өмірлік мақсаттарға жету жолы адамгершіліктік өзін-өзі жетілдіру болды. Сократ ғылымда ақиқатты талмай іздеген терең ойшыл ретінде тарихта қалды.
Антика дәуірінің педагогикалық ойларын дамытуға үлес қосқандар қатарынан Плотонды (б.з.б 427- 347 жж.)ерекше атауға болады. Ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Афиныда өз мектебі Платон акдемиясының негізін қалаушы. Ол бүкіл халықтық тәрбиені жақтады. Мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын жақтады. Ол Афинылық және Спарталық тәрбиені үйлестіре жүргізуді мақсат етті. Мектепке дейінгі тәрбиеде ойынның ролін жоғары бағалай отырып, әңгіме әдісі балаларға ұғынықты, түсінікті формада жеткізілуіне мән берді. Плотон акдемиясы мектеп өкілдерінің ішінен сайланған схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық қоғам ретінде қалыптасыты. Плотонның педагогикалық көзқарастары оның Диолог, Мемлекет, Заңдар трактаттарында көрініс тапқан. Ол Тәрбие адам өмірінде негізі орында алады деп жоғары бағалады. Ойшыл жан- жақты тәрбиеге баса назар аударады.
Плотонның көзқарастарын дамытушы әлемнің бірінші ұстазы- Аристотель ( б.з.б. 384- 322 жж.). Ежелгі грек философы және ғалым , көптеген ғылымдардың ,соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Аристотельдің еңбегінің жалпы сан кейбір деркетер бойынша 400 ден асады деп көрсетілсе, басқа деректерде 1000 жуық деп көрсетеді. Негізгі еңбектері Метафизика, Жан туралы, Аналитика. Ол Афиныда Ликей мектебінің негізін қалаушы. Оның ойынша этикалық идеялар қоғамда іске асады. Ол адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп анықтады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесі өзара байланыста болуы тиіс деді. Адамның туғаннан мүмкіндігі болады, оны дамыту тәрбие арқылы жүзеге асады деген дұрыс тұжырым жасады. Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие туралы құнды пікірлер айтты.
Аристотель тұңғыш рет әдебиетті, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін дәлелдеп берген ғалым. Ол тәрбиеде баланың жас ерекшеліктерін ескеру туралы алғаш пікір айтты. Ол граматикалық мектептерді дамытуды жақтап, грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді 1 кезекке қойды. Аристотельтдің ағартушылық идеялары кейінгі педагогика ғылымының дамуына ерен үлес қосты.
Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлар, тәрбие және мектеп тарихы
Ежелгі Римде педагогикалық идеялар философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты. Римнің алғашқы ағартушыларының бірі- Үлкен Катон (б.з.б. 234- 149 жж.). Ол римдік риторика канондарын жазуда грециялық ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Ол Римнің отбасылық тәрбиесін дамытуға еркеше көңіл бөлді. Ол баланың жанында дөрекі сөздерді қолдануға болмайды. Балаға тек жақсы қырлармен көріну керек деді. Ол өз баласының тәрбиесінде педагог құлдардың іс әрекетіне жүгінуден бас тартты. Себебі олар балаға соншалықты маңызды тәрбие көрсете алмайды деді.
Рим және грек тәрбие дәстүрлері ойшыл және саясаткер Цицеронның ( б.з.б. 106- 43 жж.)еңбектерінде де көрінііс тапқан. Грек философиялық дәстүрлерінің ықпалымен Цицерон адамның өмірін күрделі өзгермелі жағдайлар жүйесі деп қарады. Адамға сараңдық, қызба қандылық сияқтылар зиянын тигізеді деді. Адамға жақсы әсер ететін оның дамуына ықпал ететін- ол сана және благоразумие сезімі деп көрсетті. Оларды дамытуға отбасы жағдай жасайды деген тұжырым жасады.
Рим философиясы мен педагогикалық ойлар І- ІІ ғғ. өз дамуының шарықтау шегіне жетті.
Бұл кезеңнің өкілдернің бірі- Сенека ( б.з.б. 4- б.з. 65 жж.). Ол мектеп жүйесіндегі формализмді сынап, ол жанды емес, ақылды ғана дамытады деді. Ол білімберу алдымен дербес жеке тұлғаны тәрбиелеуі керек. Сенеканың Мораль тақырыбындағы хаттары, Луцилиюға арналған адамгершілік хаттары еңбетерінде адамгершілік тәрбиесі мәселелері қарастырылады. Ол Лишь одно делает душу совершенной: незыблемое знание добра и зла дей отыра, тәрбиеші өмірлік мысалдар келтіре отыра, әңгімеге баланы тарту арқылы адамгершілік тәрбиесін жүргізуге болады деген.
Бұл езеңнің ірі ойшылдарының бірі- Плутарх (45- 127 жж.). Ол отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселелерін тәрбиенің негізгі мәселесі деп айтқан. Ол бала тәрбиесінде ұрып- соғу сияқты әдістерді қолдануа қарсы шыққан. Ол баланы қасиетті деп есептеген. Плутарх Тәрбие туралы еңбегінде тәрбие туралы соны пікірлерін жазады. Ойшыл римдік қоғам көлеміндегі жан- жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеуге көңіл бөледі.
Рим философиясы мен педагогикалық ойлардың көрнекті өкілі- Квинтилиан (35- 96 жж). Ол адвокат және және шешен. Оның педагогикалық көзқарастарының дамуына Грекилық ойшылдардың еңбектері әсер етті. Квинтилианның негізгі еңбегі- Шешендік білім беру.
Рим ойшылы адам болмысы жағымды негіздерден құралады деген пікірді жақтады. Дұрыс педагогикалық нәтижеге жету үшін адамның табиғи мейрімділігі мен тәрбие процесін біріктіру керек деген тұжырым жасады. Квинтилиан жалпыға арналған білімберуді жақтады.
Сонымен, Ежелгі Греция және Рим мелекеттеріндегі пайда болған алғашқы мектептер мен педагогикалық ойлар білім мен ғылымның дамуына алғышарт болды. Антикалық замандағы идялар мен тәрбие туралы ойлар Шығыс елдері мен Батыс Еуропада педагогиканың дамуының қайнар бастаулары болды.
Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блажен-ный) -
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: Құдайы қала туралы, Жан сыры (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды. Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның Идеясына жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айтқан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы деп мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? Ештеңеден, онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы рациональді жануары ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық - зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық - күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық - ауру, қайғы, күйзеліс және өлім - моральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық - өзіне деген махаббатта, ізгілік - Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю - Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі - мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді. ...философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді. ...Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет.
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) - Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты - Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл - адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл діннің қызметшісі болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның' арасындағы компромисс идеясын негіздеді.
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін - Құдай.
2) Екінші дәлел туындатушы себеп ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп - Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген - тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын - Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет сияқты салаларының дамуына игі ықпал етті.
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың бәрі бірдей идеясы қоғамды адам-гершілік тұрғысынан нығайтты, махаббат пен шыдамдылыққа үйретті.
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның философиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, Таза ағайындар (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық - араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл - арабтілі. Араб тілінде философия фалсафа деп аталды.
* Басты мәселелер - адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам - мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер - құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм - алладан басқа құдай жоқ қағидасын алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) - араб философиясының көрнекті өкілі, фалсафа терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары - философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы - Аристотель. Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz