Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1 Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.1 Технология пәнін оқытуда педагогикалық инновацияны жүзеге
асыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2 6-сыныпта технология пәнін оқытуды жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3 Оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқытуда инновациялық
үдерісті жобалау кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2 6-сынып оқушыларына технология пәнін оқытуда инновациялық негізінде оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 41
2.1 6 - сыныпта технология пәнін инновациялық негізінде оқыту мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
2.2 Технология пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
2.3 Технология пәнін оқыту кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 73
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
Кіріспе
Зерттеудың көкейкестілігі. Елбасының Қазақстан-2050 стратегиясының бағдарламасында Барлық халықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге, тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар, экономикамызды гүлдендіретін кәсіпкерлер қажет делінген [1].
Ұрпағымызды іскер де батыл, тапқыр етіп тәрбиелеу - мектеп пен қоғам алдында тұрған міндет. Бүгінгі күні технология пәні мұғалімдері алдында оқушыларды нарық заманының талабына сай өз тағдырын өзі шешу, өз күшімен жұмыс ұйымдастыра білу, кәсіпкерлік пен экономикалық біліммен қамту мәселесі тұр. Болашақтағы білікті мамандар - мектеп оқушылары болғандықтан, оларды ұлттық негізде тәрбиелеп, жаңа заманға сай сабақты түрлендіріп өткізсе еңбек нәтижелі болмақ.
Білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу [2].
Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекоммуникацияның және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақтың заман талабына сай бір емес, бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде. Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән Еңбекке баулу бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырады. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы еңбек арқылы адам өзін-өзі танытады. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Технология - пәні математика, география, сызу, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту - халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді [3].
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану. Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Бұдан Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың толық теориялық тұрғыдан негізделмеуі, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялар негізінде Технология пәніне деген танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілмеуі мен оқушылардың Технология пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын ақпараттық технология негізінде, электронды оқу әдістемелік құралдары негізінде қалыптастыру мәселесі туындайды.
Танымдық қызығушылық -- оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Практика көрсетіп отырғанындай, оқушының өз іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өз бетімен танымдық іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Кез-келғен сабақ сапасын арттыру үшін мұғалім үнемі жоғарғы басшылык тараптан нұсқау күтпей, өз сабағының тиімділігін арттыруда шығармашылық ізденістер жасауы, бүгінгі күнде шешімін тапқан іске айналуы тиіс. Сондай-ақ, оқушының сауаттылығы, оның сабаққа ынта-ықыласын арттыру мұғалімге байланысты. Осы себепті, мұғалімге қойылатын талап деңгейі де бүгінгі таңда жоғары екендігін аңғару қиын емес.
Қазіргі кезде білім беру ошақтары оқытудың инновациялық әдістерін білетін және оны оқыту үдерісінде жүзеге асыра алатын мұғалімді талап етеді. Бұл дайындық құраушысы технология пән мұғаліміне де қатысты. Бұл бағытта жазылған еңбектер мұғалімдер үшін қажетті оқу құралына айналған. Мектеп мұғалімдері үшін А.С.Лында, П.Р. Атутов, В.А.Поляков, В.А.Кальней, Д.А.Тхоржевский, О.Сыздықов, Д.Пошаев, А.Саипов, Б.Ортаев, Г.Ғ.Еркибаева т.б. ғалымдардың еңбектері окыту әдістемесін жүзеге асыруды қамтиды [3-9].
Ал, ол болса өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Орта мектепте технология пәнін оқытуда инновациялық негізде оқыту әдістерін қолдану деп анықтады.
Зерттеу мақсаты: 6-сынып оқушыларына технология пәнін оқытуда инновациялық негізде оқыту әдістерін қолдану арқылы танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін теориялық негіздеу, тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: Орта мектептегі технология пән сабағы..
Зерттеу пәні: 6-сынып оқушыларына технология пәнін оқыту үдерісінде инновациялық оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға даярлау жүйесі.
Зерттеу міндеттері:
- орта мектептердегі оқушылардың технология сабағындағы еңбекке дайындық жағдайымен танысып, жетілдіру жолдарын анықтау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
- мектептегі технология пәнін оқыту үрдісінде жаңа инновациялық әдістер негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа инновациялық әдістер енгізу арқылы ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Зерттеу әдістері:
- материалдарды талдау, сараптау;
- орта мектептегі технология пәнін оқытуда инновациялық негізде оқыту үдерісін бақылау;
- оқушылардың еңбектік іс-әрекеттері нәтижелерін салыстыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ОРТА МЕКТЕПТЕ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Технология пәнін оқытуда педагогикалық инновацияны жүзеге асыру мүмкіндіктері
Кез-келген мемлекеттің экономикалық жағдайы жоғары, халқының өмір сүру деңгейінің жақсы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Қоғамның дамуы мен жаңа техологияны енгізу мен оның сапасын арттыру осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Қазіргі болашақ ұрпақты іскер де батыл, заман талабына сай етіп тәрбиелеу - мектеп пен қоғам алдында тұрған басты міндет. Бүгінгі таңда технология пәні мұғалімдері алдында оқушыларды нарық заманының талабына сай өз тағдырын өзі шешу, өз күшімен жұмыс ұйымдастыра білу, бәсекелестікке қабілетті, кәсіпкерлік пен экономикалық біліммен қамту мәселесі тұр. Болашақтағы білікті мамандар - мектеп оқушылары болғандықтан, жаңа заманға сай сабақты түрлендіріп өткізсе еңбек нәтижелі болмақ [7].
Республикамызда соңғы уақытта оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында көптеген іс-шаралар жасалды. Оларды инновациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз. Инноватика дегеніміз латынның in-nooue деген сөзінен шыққан жаңарту, өзгерту деген ұғымды білдіреді. Педагогикада бұл жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру жаңа өзгерістер енгізу болып табылады.
Білім туралы Заңының 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп көрсетілген [2]. Инновациялық жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби, рухани, адамгершілік, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - қазіргі уақытта маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Осыған орай мектепте жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде тиімді, сапалы түрде іске асуы үшін оны жаңа технологиямен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Инновациялық технологияның ерекшеліктері: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру деп қарастыруға болады [8]. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана инновациялық технология құрылымын түсінудің бірден-бір жолы бола алады. Педагогикада баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асырылуы қажет:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдіс-тәсілдердің күнделікті пайдаланатын оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа талаптарға сәйкес оқыту әдістемесі деп отырғанымыз: оқушы - мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, бұл жерде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі формалары - оқытудың дербес және топтық формалары болып табылады. Мұнда басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту болып табылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Бұл үшін оқу кұралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы тиіс.
Әрбір жаңа инновациялық технология жеке тұлғаны өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға қажетті әдіс-тәсілдердердің мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, осы мүмкіндіктер жалпы білім беру ұйымдарында, бастауыш, орта және жоғары білім беру мекемелерінде ұйымдастырылса, белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Оқу үрдісі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың Дамыта оқыту, Ж.Қараевтің Деңгейлеп саралау технологиясы, М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту (С.Мирсейітова) технологиясы, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина Бағдарламалап оқыту мәселесі, Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев), Іс-әрекетті бағалау (Ш.Амоношвили, И.Волков) т.б. технологиялардың іс-тәжірибеде тиімділігін айқындайды.
Технология пәнін мектеп қабырғасында оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын, әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты орындау барысында, оқушыларға берілетін тәрбие процессін жетілдіру, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Қазіргі ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
Инновация термині XX ғасырдың ортасында отанымыздың педагогикалық жүйесін қайта құру барысында енді.
Инновация деген сөз латын тілінен қазақша аудармасы жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Инновация - бұл жүйе ішіндегі өзгеріс. Педагогикада инновация педагогикалық жүйеде оқу-тәрбие процесссі барысын жақсартуға бағытталған жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Инновациялар педагогикалық жүйе сапасын жетілдіруге бағытталған идеялар, үдерістер, кұралдар, әдістер, нәтижелер бірлігі болып табылады.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде "инновация дегеніміз жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыру қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" - делінген [9].
Педагогикалық инновациялар белгіленген алгоритм бойынша жүзеге асады. П.И.Пидкасистыйдың Педагогика еңбегінде педагогикалық жаңа түзілімдерді дайындау мен жүзеге асырудын 10 кезеңі көрсетілген:
1. Шартты аппаратты және реформаланатын педагогикалық жүйенің жағдайының өлшеуіштерін дайындау. Бұл кезеңде жаңа түзілімге деген қажеттілікті анықтау тиіс.
2. Арнайы құралдар арқылы реформалауға деген қажеттілікті анықтау үшін педагогикалық жүйені жан-жақты тексеру жүргізу және сапасын бағалау.
3. Педагогикалық жүйенің барлық компоненттері сараптамадан өтуге тиіс. Нәтижесінде тиімсіз, рационалды емес деп танылып нақты реформалануы тиіс деп бекітілуі қажет.
4. Алдын ала озық сипаттамаларға ие педагогикалық шешімдердің үлгісін іздеуде жаңа түзілімдерді модельдеу үшін қолдануға болады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық технологиялық корлардын сараптамасы негізінде жаңа технологиялық құрастырылымдар құруға болатын материалдар табу қажет.
5. Өзекті педагогикалық мәселелердің шығармашылық шешімдерінен тұратын ғылыми жобаларды жан-жақты талдау (интернеттен алған ақпараттар өз пайдасын тигізуі мүмкін).
6. Жалпы педагогикалық жүйенің немесе оның жеке бөліктерінің инновациялық модельдерін жобалау. Дәстүрлі нұсқаларынан айырмашылығы бар нақты қойылған қасиеттері бар жаңа түзілімдер жобасы құрастырылады.
7. Реформаның орындаушы интеграциясы. Бұл кезеңде тапсырмаларды жеке даралау, жауаптыларды және мәселелерді шешу кұралдарын анықтау, бақылау формаларын бекіту қажет.
8. Еңбектің белгілі үзіліс заңының тәжірибеде жүзеге асуын дайындау. Жаңа түзілімді енгізу алдында оның практикалық маңызын және тиімділігін нақты есептеу қажет.
9. Жаңашылдықты тәжірибеге енгізу алгоритмін тұрғызу. Педагогикада ұқсас талдап қорытындыланған алгоритмдер дайындалған. Оларда жаңартылуға немесе ауыстырылуға тиіс телімдерді іздеуге арналған тәжірибе сараптамасы, ғылым мәліметтеріне және тәжірибе сараптамасы негізінде жаңа енгізулерді моделдеу, эксперимент бағдарламасын дайындау, оның нәтижелерінің мониторингін, қажетті түзетулерді еңгізу, қорытынды бақылау секілді әрекеттер бар.
10. Жаңа түсініктерді кәсіби лексикасына немесе бұрынғы кәсіби сөздікті қайта мәндендіруді енгізу. Терминологияларды қайта дайындау барысында оны тәжірибеге енгізу үшін диалектикалық логика қағидаларына, жобалау теориясына және т.б. сүйенеді [10].
Тұлғаның іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдері мен нәтижелерінің дамуы, өзгеруі педагогикалық ұжым арқылы іске асуға бағытталған шығармашылығы мен өмірі үлгісі екендігі айқындалып жаңа ой-пікірлер, жобалар, жоспарлар, нақты әрекеттер, т.б. пайда болды. Осының нәтижесінде Саралап оқыту, Деңгейлеп оқыту, Дамыта оқыту, Модульді оқыту, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары ғылымға еніп, өзіндік мәнге ие болуда.
Н.Нұрмағанбетов инновация білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады - дейді де, автор өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:
1. Жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған);
2. Модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан);
3. Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [11].
Білім беру мекемелерінде мұғалім бұған дейін жаңашылдықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болатын. Қазіргі уақытта мұның бәрі өзгерген. Оқушы өздігінен ізденіп, шығармашылық әрекеттер жасайды. Мұғалім - нақты бағыт көрсетіп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы, қадағалаушы. Қандай технологияны қолдансақ та естен шығармауға тиіс нәрсе оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын, сенімділігін жоғалтып алмау. Осыған орай В.Сухомлинскийдің мына сөздерін ескеруге болады: Бала бойындағы білімге құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық аса қатерлі қауіп деген екен.
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы жолдауында да ұрпақ пен ұлт мәселелері басты назардан қалмай келеді. Еліміздің әлемнің дамыған елдерінің алдыңғы қатарынан көрінуін басты мақсат етіп қойғаны анық. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру қажет. Тұлғаға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екендігін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән технология оқу пәні бүгінгі күнде үнемі жетілдіруді қажет етеді.
Технология сабағы арқылы оқушыны іскер болуға, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға және ең бастысы шығармашылыққа үйретеміз. Сабақта оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып оқытып тәрбиелейміз. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жұмыстары қалыптан тыс сабақ кезеңдерінде терең орын алып, оқушы мүмкіндігіне жол ашады. Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанға деп ұлы Абай атамыздың сөзімен қарар болсақ, шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу болары анық.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып саналады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқушының еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет.
Бірі-бірімен жалғасып келе жатқан технология пәнінің білім стандартындағы басты мақсатының бірі - оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлау, үйрету екендігі белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында да технология пәні мұғалімдері аянбай еңбек етуде.
Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды шығармашылыққа үйрету - әрбір технология пәні мұғалімінің бірінші міндеті.
А.Байтұрсынов айтқандай Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек
Білім саласында кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Оған ұстаздың технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым, жабдықтардың жасалу әдіс-тәсілдерін дұрыс түсіндіруі, сабақ барысында оқушының шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білуі арқылы оқушының қол-өнеріне деген қызығушылығын оята алуға себеп болады. Қазақ халқы Баланы жастан деп айтқандай, балаға жас кезінде қандай бағыт-бағдар берілсе, ол өсе келе сол жолды өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының Он саусағынан бал тамғандай етіп оқытып тәрбиелеуде технология сабағының ықпалы орасан зор.
Осы тұрғыда ежелгі гректің афоризмінде Бала жаны - толтырылатын бос ыдыс емес, тұтатуды қажет ететін алау делінген екен, ал өз халқымызда Бұлақ көрсең, көзін аш деген, оқушылардың өнерге деген білімін қалыптастыру техника моделін жасауды үйрету кезінде оқушылардың жалпы еңбек ету іскерлігін жетілдіріп, жинақтай түсуге, яғни жұмысты тиімді ұйымдастырып, жоспармен және саналы әрекет істеуге, жұмыс үстінде өзін-өзі, өзгелерді бақылай білуге, тың жағдайда тапқыр шешім таба білуге тәрбиелейді.
Бір дана: Бір жылдығын бұрын ойлаған күріш егеді, он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылдығын бұрын ойлаған бала оқытады деген екен. Олай болса, адамгершілігі мол, іскер, шығармашылығы дамыған, тіршілік атаулыға, жаңалықтарға құмар үлкен жүректі адамды қалыптастыру үшін қызмет ететініміз әр ұстаз жүрегін тербетері сөзсіз.
Инновация мектептегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің барлығында өзгеріс әкелген өзара әрекеттер бірлестігінің нәтижесі. XX ғасырдың соңында педагогикалық ой-тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, онын шығармашылығының дамуы басты рөль атқарып отыр. Осы идеяларды дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп қабырғасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада, оны басқару жүйесі де, оған қойылатын талап та өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа жоспар, жаңа қөзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар тұлғаның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жалпы білім беру жүйесінде адамның игерген білімі, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми қөзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогикалық шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет. Оқушылардың бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін білім беруде оқу үдерісіне оқытудың жаңа нысандарын, жаңа инновациялық технологияларын енгізу қажеттілігі пайда болады [12].
Инновация терминін анықтауда барлық ғалымдардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десе болғандай. Олардың ойынша инновация педагогикалық категорияға жатады және ол білім беру жүйесіне тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов[13].. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады [12].
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір еліміз оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады[14].
Инновациялық процестерді ендіруде үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті төмендегілерді атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық - педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностиқалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми - зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Әрбір ұстаздың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану [12].
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынаны айтуға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті[15].
Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Сонымен, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
1.2 6-сыныпта технология пәнін оқытуды жетілдірудің жолдары
Қазіргі кезде технология пәні де жаңа заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпарат көздерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, технология пәні оқулықтарымен қамтамасыз етілген. Бұрынғы еңбек сабағы мен бүгінгі технология пәнінің арасы жер мен көктей екендігі баршамызға белгілі. Тек пән мұғалімдері осы мүмкіндіктерді ұстаздық ұлағаттылықпен тиімді пайдалану жолдарын қарастыра отырып, заман ағымына қарай жұмыс жасай білуі қажет.
Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.
Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.
Қазіргі таңда білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушыға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, Қазақстанның болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты ажырамас процесс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектептерде оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын үйреніп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды меңгеріп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық біліп үйренеді. Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
Қазіргі заман талабына сай оқушыларды өнерге баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу басты мақсат[16]. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген [2]. Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды, мағыналы өткізу үшін барлық жағдай жасалынып жатыр. Әр сабағын оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін, тиімді және оңай жолдарын пайдалана отырып, интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімге байланысты. Халқымыздың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынұлы Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу міндетті. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған ұстаз ғана қазіргі заман талабына сай болатыны анық.
Технология сабағы - әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән екендігі анық. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі міндетті.
Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы ерекше. Себебі ол - білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды тәжірибеде қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық, ұлттық өнерді жалғастыруға, ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіпке баулу жолында үйірменің маңызы ерекше. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты тәрбилеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылықпен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық - технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.
Жұмыс барысында ұстаздың міндеті - оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата-анамен тығыз байланыс орнатып, үйірмеге қатысып жүрген оқушының жұмыстарын көрсетіп, ақылдасып отыру. Үйірме сабақтары басқа пәндер сияқты толық дидактикалық кезеңдерді қамтымай, мұғалім шеберлігіне қарай кіріспе, негізгі және қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Үйірмеге қатысатын оқушыларға таным мен дағдыны қалыптастыру барысында олардың басқа пәндер бойынша білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы, құрақ құрау, ою ою кезінде математика, геометрия, бейнелеу өнері пәнімен байланысы болса, әр түрлі материалдардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттерін білу, салыстыруда физика, биология пәндерімен байланыстырылып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және тәжірибелік сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық - техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Технология пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.
Технология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz