Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері


Мазмұны:
Нормативтік сілтемелер . . . 8
Анықтамалар . . . 9
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 10
Кіріспе . . . 11
1 Орта мектептерде астық жинауға арналған машиналарды оқытудың теориялық негіздері . . . 14
1. 1 Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері . . . 14
1. 2 Орта мектептерде астық жинауға арналған машиналарды оқытуды жетілдіру жолдары . . . 21
2 Орта мектептерде ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту әдістемесі . . . 29
2. 1 Мектептерде ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мазмұны . . . 29
2. 2 Астық жинауға арналған машиналарды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер . . . 35
3 Астық жинауға арналған машиналарды оқытуда техникалық құралдарын қолдану . . . 49
3. 1 Машиналарды оқытуда қолданылатын техникалық құралдардың қолдану ерекшеліктері . . . 49
3. 2 Астық жинауға арналған машиналарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелері . . . 57
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қосымшалар . . . 71
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді»- деп, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша зор міндет қойып, әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек екендігі атап өткен [1] .
Осыған орай ауыл шаруашылығында негізінен дамудың интенсивті факторлары, ғылымның, техниканың және озық практиканың ең жаңа жетістіктерін енгізу, жасалған өндірістік потенциалды тиімді пайдалану есебінен жалпы өнімнің жылдық орташа көлемін 15-17 процент ұлғайту көзделіп отыр. Бұл міндеттерді орындауда аграрлық-өнеркәсіптік комплекстің атқаратын жұмыстары ұшан-теңіз. Олар ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне жетуге, елімізді тағам өнімдерімен және ауыл шаруашылық шикізатымен сенімді түрде қамтамасыз етуге, азық-түлік программасына сәйкес жоғары түпкі нәтижелер алу үшін комплекстің барлық салаларының күш-жігерін біріктіруге тиісті.
«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері - мектепке дейінгі біліммен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады [2] .
Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында Елбасы кәсіби техникалық білімді және жоғары білімді, білікті ұлттық мамандарды даярлау жүйесінің негізгі мәселелерін тиянақты шешуді ашық айтып, Үкіметке нақты тапсырма берген болатын.
Мол өнім алу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп өсірудің дұрыс технологиясының зор маңызы бар. Өндірістің экономикалық тиімділігі операциялардың орындалу мерзімі мен тәртібіне, оларды жүзеге асыру үшін машиналар мен қарулардың типін дұрыс іріктеп алуға, техниканы пайдалану тәсілдерін белгілеуге байланысты [3] .
Егіншілікті машиналары жетілдірілген техниканың негізінде жан -жақты механикаландыру қол еңбегін барынша аз жұмсай отырып егіншілікте барлық технологиялық процесті орындауға мүмкіндік береді. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп өсірудің прогрессивті тәсілдерін енгізуге жұмыстарды ең қысқа мерзімде атқаруға олардың орындалу сапасын жақсартуға, сөйтіп сайып келгенде өнімін арттыруға жол ашады.
Астық шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылады. Астық өндірісінің дәрежесіне басты тамақ өнімі - нанға - халықтың қажетін өтеу ғана емес, сондай - ақ мал шаруашылығын дамыту үшін берік мал азығы базасын жасау, олай болса сүт, ет, жұмыртқа, жүн шығымын көбейтуге байланысты.
2014 жылдың қорытындысында Қазақстан 14855, 3 мың га дәнді дақылдар егістігін орып бастырып, ондан 18916, 3 мың тонна астық жиылып, орташа өнімділік 12, 7 ц/га болды [4] .
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады [5] .
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты науқан оны жинап алу. Сайып келгенде өнім тағдырын осы шешеді. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе (10-12 күн ішінде), онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал, мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтарының текке кеткендігі деген сөз.
Комбайндардың дестелеуіш жаткалардың жинауыштардың және басқа да механизация жабдықтарының көмегімен астық өнімін толық және тез жинап алуға болады. Бұл көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.
Ауыл шаруашылығына да жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны көбеюде. Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгере алатын білгір мамандарды даярлау жолдарын қарастыруды қолға алу қажет.
Білім беру ісіне ашық жүйе түріне көшуге мүмкіндік беретін білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы жақтардың мақсат-міндеттерді жауапкершіліктерді өзара бөлісу негізінде құруын қарастырады.
Бүгінгі таңда мектептердегі жаңашаландыру арқылы білім беруде машиналарды оқытуда қолданылатын техникалық құралдарды қолдану көрініс табатын оң алғышарттары қалыптасып келеді.
Интерактивті құралдарды ауыл шаруашылық машиналарын оқыту сабағіна пайдаланғанда дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді. Қалыпты мектеп сабағын қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын сәйкестендіріп өткізу маңызды.
Ең алдымен, «Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман» тұрғысынан алғанда, білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, оқыту арқылы оған көз жеткізуге жағдай жасау. Мектеп қабырғасында ауыл шаруашылық жұмыстарын оқытуды жетілдіру жолдарына қалам тартқан ғалымдардың, педагогтардың О. Сыздықов [3], К. Өстеміров [6], Д. Пошаев [7], С. Қырықбаева[8], В. Г. Чукалин[9], Е. Ермилова[10], С. Жолдасбекова [11], Б. Т. Ортаев [12] және т. б. еңбектері оқыту үдерісін ұйымдастырудағы оқу және әдістемелік құралдар болып табылады.
Мектептерде ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту жақсы жолға қойылған. Бұл жас ұрпақтың жетік маман болып шығуына зор ықпалын тигізеді.
Соған байланысты диплом жұмыстың тақырыбын «Астық жинауға арналған машиналарды оқытуда техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері» деп алдық.
Зерттеу мақсаты : Оқушылардың астық жинауға арналған машиналарға болған қызығушылығын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны оқытудың педагогикалық-технологиялық әдіс-тәсілдерін үйрету.
Зерттеу объектісі : Жоғары сыныптардағы технология пән сабағы.
Зерттеу пәні : Астық жинауға арналған машиналарды оқытудың техникалық құралдары арқылы үйрету бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Зерттеу міндеттері :
- педагогикалық, әдістемелік және арнайы оқу құралдарына шолу;
- оқушыларға ауыл шаруашылық жұмыстарын үйрету мазмұнын анықтау;
- бағдарлама негізінде тақырыптық жоспар құру;
- мектеп оқушыларына астық жинауға арналған машиналар бойынша арнайы, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- мектеп оқушыларына ауыл шаруашылық жұмыстары мазмұнын анықтап, әдістері мен формаларын сипаттау, сабақ үлгісін жасау;
Зерттеу әдістері:
- материалдарды талдау, сараптау;
- мектептегі сабақтарда ауыл шаруашылық жұмыстарын оқыту үдерісін бақылау;
- оқушылардың еңбектік іс-әрекеттері нәтижелерін салыстыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері
Мектептерде ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту 5-сыныптан бастап оқытылады. Бұл жас ұрпақтың жетік маман болып шығуына зор ықпалын тигізеді.
Ауыл шаруашылық жұмыстары күзгі және көктемгі кезеңдерде атқарылады. Бұларды әдетте биология пәнінің мұғалімдері, ауыл шаруашылық техникасын оқытуды - технология пәнінің мұғалімдері, өндірістік білім беру саласының шеберлері немесе негізгі шаруашылықтардың мамандары жүргізсе оқыту нәтижелі болады.
Мектеп оқушыларына технология пәнінде сабақ өтуге негіз болатын құжат бұл жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» оқу бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген) [13] .
Ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау барысында оқушылар жергілікті жер үшін басты маңызға ие егістік дақылдары, көкөністер мен жеміс-жидек, сәндік гүлді өсімдіктер өсіруге, сондай-ақ жануарларды бағып-күтуге қатысты білім мен икемділікке ие болуы тиіс. Оқушыларды өндірістік бригадаларда, қамқорлыққа алған шаруашылықтардың егіс алқаптары мен мал фермаларында, мектептің оқу-тәжірибе алаңдарында қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей араласуы олардың бұл білімдер мен біліктіліктерін одан әрі жетілдіре түседі.
Ауыл мектептерінде технология пәнін өту барысында оқушылардың ауыл шаруашылық жұмыстарына деген қызығушылығын арттырып, олардың ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы білімдері мен дағдыларын арттыруды көздеу қажет.
Өсімдіктен мол өнім алу үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін, сыртқы ортаға әсер-ықпалын біліп, соларды орындай білу қажет. Сонымен қатар топырақ пен оның қасиеттерін, әр түрлі тыңайтқыштарды әзірлеу және енгізу технологиясыны білу керек.
Топырақтың ең негізгі қасиеті - оның құнарлылығы. Оны артыру үшін тыңайтқыштар қолданылады [14] .
Тыңайтқыш - топырақтың құнарлылығын, егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа енгізілетін органикалык және минералдық заттар. Тыңайтқыш топырақтағы химиялық, физикалық-химиялык және микробиологиялық процестерге әсер етеді. Соның нәтижесінде топырақтың реакциясы, пайдалы микрофлораның тіршілік ету әрекеті, қоректік заттардың өсімдікке жетуі өзгереді. Мәдени өсімдіктердің өнімін арттыруға тыңайтқыштың айрықша зор маңызы бар, өйткені ол өсімдікті коректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тыңайтқыштарды дайындау, тасымалдау, сақтау және егістікке енгізуге байланысты барлық жұмыстарды механизациялауды мұқият ойластыру қажет, яғни тыңайтқыштарды қолданудың жоспарын жасау мен бірмезетте тыңайтқыштарды енгізу жөніндегі механизацияланған жұмыстардың технологиясы жасалуға тиіс. Мұнда негізгі технологиялық операцияны - тыңайтқыштарды тікелей енгізуде жасап ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Механизациялаудың жасалатын жоспары комплексті болуға тиіс, яғни мұнда темір жол вагондарынан жүктерді түсіру, тыңайтқыштарды енгізгенге дейінгі механизация құралдары қаралуға тиіс.
Күздік бидай, жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы және басқа да мәдени өсімдіктер бүкіл вегетациялық кезеңінде қоректік заттарды керек етеді. өсімдіктерге әртүрлі химиялық элементтер - азот, фосфор, калий, күкірт, темір, мыс, бор және басқалар қажет. Әрбір элемент белгілі физиологиялық қызмет атқарады және басқалары орнын алмастыра алмайды.
Өсімдіктерді қоректік заттармен жабдықтаудың көзі топырақ болып табылады. Әйтсе де, топырақта өсімдіктердің бір қалыпты жетілуі үшін көбіне олар жеткіліксіз болады. Осы жағдайда топыраққа тыңайтқыштар енгізеді. Оңтүстік - далалық аймақта қолданылатын барлық тыңайтқыштар органикалық (көң, құс саңырығы, көк тыңайтқыштар, қордалар т. б. ) және минералдық (азотты, фосфорлы, калийлі және микротыңайтқыштар) болып бөлінеді.
Оңтүстік - далалық аймақтың қолданылатын органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы және түрлі қордалар жатады. 0, 5 пайыздай азот, 0, 25 пайызға дейін фосфор және 0, 6% калий бар көң неғұрлым жиі пайдаланылады.
Жеке шаруашылықтарда тыңайтқыш ретінде органикалық минералдық қордалар пайданылады. Бұларды әдетте көңмен, сабаннан қалыңдылардан, көң садырасынан және минералдық тыңайтқыштардан әзірлейді. Бұл үшін қордалар енгізбек болған учаскеге алаң бөледі, мұның үстіне сабанды және жас көңді қабаттап ерденеге (20 - 30см) салады. Сабан мен көңді садырамен, фикалиямен және сумен жақсылап ылғалдайды. Қордада азоттың ысырабын азайту үшін 10 % ке дейін топырақ қосады. Массаны тығыздап таптайды. Ердененің биіктігі кемінде 2 м болуға тиіс.
Тыңайтқыш сеялкалары тыңайтқыштарды өте біркелкі етіп шашуға, әрі оның үстіне оларды шағын мөлшермен себуге мүмкіндік береді. Тыңайтқыш сеялкаларының кемшілігі - аз өнімділігі мен күрделі конструкциялығы. Ортадан себетін шашқыштар жоғары өнімді және қарапайым конструкциялы келеді. Алайда олар тыңайтқыштарды өте біркелкі шашапайды. Бұл машиналармен шағын нормалы тыңайтқыштарды біркелкі себу мүмкін емес.
Жыртылған жерге енгізілетін негізгі тыңайтқыштардан басқа тыңайтқыштарды себу алдында себу алды культивациясына енгізеді; тұқымдар мен бірге сепкенде немесе сеялкамен қоспалап сепкенде; егіске тыңайтқыштарды шашып немесе ерітіндіні бүркіп сондай-ақ үстеп қоректендіргіштермен қатар аралықтарына сіңіріп енгізеді.
Тыңайтқыштарды үш агротехникалық мерзімде: көктемде - жаздық, жазда - күздік және күзде келесі жылдың жаздық дақылдары үшін енгізеді.
Тыңайтқыштарды енгізу жөніндегі жұмыстарды атқару үшін еңбекті ұйымдастырудың ең жақсы формасы қажетті машиналар жиынтығы мен жабдықталған арнаулы бригадалар болып табылады.
Тыңайтқыш шашқыштардың сан алуан түрінде тыңайтқышты себу нормасын мөлшерлейтін саңылауды және агрегат жүрісінің жылдамдығын өзгертіп реттейді. Жұмыс кезінде олар себілмей қалуын, әркелкі себуді болдырмау үшін іс әрекетіне ерекше назар аудара отырып, машиналарды мұқият қадағалау керек.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлар әр түрлі көрсеткіштері бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Осы принциппен бөлініп, бір топқа жататын тракторлар түрлерінің қасиеттері де бірдей болады.
Тракторлар ең алдымен атқаратын жұмыс түріне қарай үшке бөлінеді: а) жалпы жұмысқа арналған тракторлар; б) универсалды-қатараралық трактор; в) арнаулы трактор.
Жоғарыда аталған көрсеткіштерінен басқа тракторлар құрылысына қарай да бірнеше топқа бөлінеді. Жүргізгіш мүшелерінің түріне қарай дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар болады. Ал тұлғасының құрылысына қарай рамалы, жартылай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөлінеді. Құрылысына қарай топталған тракторлардың аттары олардың негізгі қасиеттерін көрсететіндіктен оларға қосымша түсінік берудің қажеті жоқ.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторларды тарту күшіне қарай бірнеше топқа бөледі, бұл топ олардың класы болып табылады. Әрбір класқа бірнеше маркалы тракторлар кіреді, бірақ олардың қалыпты тарту күштері сол класта көрсетілген шамадағыдай болады. Ол кластар мынандай: 6, 9, 14, 20 30, 40, 50, 60 кН. Тракторлардың класын істелетін жұмыстың ауырлығына байланысты таңдап алады.
Жаңа техника мен технологияларды пайдаланып, ауылшаруашылықты жоғары деңгейге көтеруге болады.
Тазартылған тұқымды себу алдында өнімге зор нұқсан келтіретін ауру қоздырушылардан зиянсыздандырылады.
Тұқымды дәрілеудің үш тәсілі бар: құрғақ, жартылай құрғақ және ылғалдап дәрілеу. Тұқымды құрғақ дәрілеуде ұнтақ тәрізді улы химикаттармен тозаңдандырады, осының арқасында тұқым инфекциялардан зиянсыздандырылады да, сепкеннен кейін топырақта тұқым қайталап зияндалудан сақталады. Жұмысты түгелдей механизациялау мүмкіндігі құрғақ дәрілеудің артықшылығына саналады. Сондықтан да тұқымды зиянсыздандырудың бұл әдісі кеңінен таралып отыр.
Оңтүстік -далалық аймақта күздік дақылдардың егіс айналымында таза (қара) пар үш міндетті шешеді: 1) егістік арам шөп өсімдіктерінен тазарады; 2) топырақты ылғал жинайды; 3) нитрификация процесінде органикалық заттардың шіруі нәтижесінде нитраттар жиналады.
Күздік бидай алып жатқан алаңның бір бөлігін екпе парларға орналастырады. Екпе пар дегеніміз масақты дәнді дақылдарға қарағанда егістікті ерте босататын, ерте жиналатын дақылдар. Күздік сепкенге дейінгі қалған уақытта топырақ пар түрінде өңделеді. Аймақта барлық екпе парлардың ішінен жүгері, бұршақ, қара бидай және бидай екпе пары ең көп тараған. Мұнда парға егілген дақылды көк мал азығы мен сүрлемге жинап алады.
Оңтүстік - далалық аймақта күздік бидайды тек таза және екпе парға, сондай - ақ жүгері егілген, қатар аралықтарының ені 210 см отамалы егістіктерге егуге болмайды. Ауыспалы егістікке осындай бір немесе екі танапты ғана алуға болады, ал егіс айналымындағы күздік бидайдың танап саны беске немесе төртке дейін жете алады. Сондықтан да күздік бидайды егіс айналымында парлы емес алғы дақылдардан кейін: астыққа арналған жүгеріден, күнбағыстан, қант қызылшасынан, масақты және дәнді - бұршақты дақылдардан кейін орналастыруға тура келеді.
Оңтүстік - далалық аймақта ұзақ жазғы - күзгі қуаңшылық кепкен топыраққа негізгі өңдеу жүргізуді қиындатады, өйткені қара топырақ пен каштан топырақтың басым болуы жауын - шашынды кезде жақсы өңделеді.
Ғылыми мекемелердің зерттеулерімен алдыңғы қатарлы аудандардың тәжірибелері масақты алғы дақылдардан кейін күздік бидайға негізігі өңдеудің ең жақсы тәсілі топырақты жартылай парлап өңдеу болып саналады. Оның мәні мынада: сабан жиналғаннан кейін бірден топырақты құрамаланған агрегатымен өңдейді. Кейінде топырақты тұтас культивациялауды жүргізеді.
Астық шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылады. Астық өндірісінің дәрежесіне басты тамақ өнімі - нанға - халықтың қажетін өтеу ғана емес, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту үшін берік мал азығы базасын жасау, олай болса сүт, ет, жұмыртқа, жүн шығымын көбейтуге байланысты.
Масақты дәнді дақылдар, егер аудандастырылған сорттардың тұқымдары жақсы егістік сапаға ие болып, белгіленген кондицияларға сай келсе ғана мол өнім бере алады. Тұқымның егістік қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері арам шөптердің, мәдени өсімдіктер тұқымы қоспаларының жоқ болуы, бір қалыпты өнгіштігі, ылғалдылық, 1 000 дәнінің жоғары салмағы болып табылады. Тұқымдық материал зиянды жәндіктермен ауруға шалдықпаған болуға тиіс. Тұқымның сапасын бақылау - тұқым лабороториясы жүргізеді. Масақтылар тұқымы егістік сапасы жағынан бірінші және екінші класқа сай болуға тиіс.
2014 жылдың қорытындысында Қазақстан 14855, 3 мың га дәнді дақылдар егістігін орып бастырып, ондан 18916, 3 мың тонна астық жиылып, орташа өнімділік 12, 7 ц/га болды [4] .
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады [5] .
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6 мың - 5 мың жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады [5] .
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz