Ортағасырлық мұсылман философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ортағасырлық мұсылман философиясы.

2) Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII - X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т. б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдарыБатыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 - 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол - мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-ФарабиX ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б. Спинозаныңфилософиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуынаэнциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 - 1037ж) зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық) . Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І. А. Иасауи, А. Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 - 1240ж), әл-Хуруфи (1339 - 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т. б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.

Араб философиясы - орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т. б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина - оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1) . Шығыс перипатетизмі; 2) . “Таза ағайындар” ілімі; 3) . Сопылық ілім; 4) . Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ. ), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі - оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т. б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы - Ф. Бэконнон (1561 - 1626) Спинозаға (1632 - 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А. ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А. ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Иасауи ілімі бүкіл түркӘдеб. : Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С. Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В. В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985. і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құрандатұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар) ;

кейінгі (15 - 19 ғасырлар)

қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы) .

Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т. б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т. б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі - оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен - Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т. б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен - сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т. б. ; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар) . Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді. Сондықтан “дұрыс сенім” мен “адасу” мәселесі Ислам философиясында басты орын алды. Бұл 10 - 11 ғасырлар тоғысында “дұрыс сенім” ретінде “сенімнің кадириттік белгісінің” жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара “бастапқы исламға” оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады. Ислам өркениетінің тарихында 19 ғасырлардың басы - 20 ғасырлардың ортасы - нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы “реформалар” кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс - Батыс” мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. Егер 19 ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, 19 ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т. б. мәселелер қозғалды. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум. -саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум. -саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа - демократия, филос. -теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум. -саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т. б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум. -филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос. -этик

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасыр мұсылман философиясы
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Ислам философиясының батысқа әсері
Орта ғасыр философиясы туралы
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Сопылық ілім
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz