Мал аурулары жайында



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. Сиырдың ортан жілігінің сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда -- терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі.
Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.

1 Негізгі бөлім
1.1 Ортан жіліктің сынуы

Ортан жіліктің сынуы салыстырмалы жиі жылқыларда кездеседі, оларда кездесетін барлық сынықтың 15%-тін құрайды және де көрі жіліктің сынуымен бірге шынтақтың да сынуы байқалады. Жылқыларда эксплуатациялық зақымданудан кәрі жіліктің сынуы, оларда аяқ сүйектерінің жалпы сынуының 6,7%-ды құрайды.
Басқа жануарларда әсіресе ірі қара малдарда көрі жіліктің сынуы сирек болады.
Этиология: ортан жіліктің сынуының себебі көбінесе түрлі механикалық зақымданудан; биік жардан құлау, соғылу, тістеу, машинаның басып кетуі; жылқыларда тұяқпен ұру, көлікке жеккенде қақтығысу, шалынысу және кенеттен қатты жерге құлау, аяқтың қысылуы, оның зорланып босануы т.б. сыныққа әкеп соқтырады. Сүйек майының қабынуы, қатерлі ісік, остеопороз, остеомаляция, рахит және авитаминоз.
Клиникалық белгілер: ауру белгісінің деңгейінің айқын білінуі сынықтың түріне байланысты: толық емес, жабық сынықтарда -- тірегіштік ақсау орташа немесе жоғары деңгейде сынған аяқ қозғалғанда ауырсыну байқалады; тыныштық күйінде -- аяқтың жартылай иілген күйінде тұяқтың ілініп жеңіл сүйенуі, толық сынықта -- ақсаңдау жоғары деңгейде; ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, ауырсыну ісіну, крепитация; сынықтардың жылжуыңда -- деформация, буын ішілік сынықта -- буынның қалыпсыз қозғалуы, гемоартроз. Иттерде жүрісінің бұзылуы айқын білінеді. Толық сынуда аяқтың маятник -- тәрізді қозғалысы, крепитация және сынған жердің қатты ауырсынуы байқалады. Ауру жануар әдетте 3 аяқтап шабады.
Диагноз: сыныққа диагноз қою үшін анамнез мәліметтеріне және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Сынықты рентгенологиялық зерттеумен растайды.
Болжам: жылқыда жабық сынықтарда болжам оң. Буынішілік сынықтар емделінбейді.
Емделуі: иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия тағайындалады. Сынған сүйектің остеосинтезін қолдану жақсы терапевтік нәтиже береді.

1.2 Аяқ қол аурулары және жарақаттары

Сүйек сынғанда, буын шыққанда, жарақаттанғанда және ұрылғанда міндетті түде малға жәрдем көрсету қажет. Жедел түрде қан тоқтату керек, ауырғанын басу, ашық жараға микробтарды түсірмеу қажет. Негұрлым бірінші көмек тез көрсетілсе, малдың өміріне деген қауіп-қатер азаяды.
Жануарларда сүйек сынуы өте көп кездеседі. Сүйек түгел сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда - терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрлері кездеседі.
Белгілері.Аяқ-қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйекткрдің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған бөліктері қимылдап тұрады.
Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерін қолымызбен сыпай ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады.
Көмек түрлері.Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы фанер, қалың кардон, ағаш қабықшалардан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төмен шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдар ветеринарлар қолданады. Керек жағдайды сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеу жасаймыз. Сынықтар, әсіресе сүйек майдаланып де, ішкі сынықтарда және сан сүйек, жамбас, ортан жілік зақымданған жағдайда ол жарақатты емдеу мүмкін емес және де тиімсіз. Мұндай жағдайда малды етке өткізеді. Қандай жағдай болса да, ветеринар шешім қабылдайды.

1.3 Буынның шығуы

Буындардың орнынан таюы малдарда жиі кездеседі. Әсіресе буынның жоғарғы сүйектерінің сынуы.Жиі жағдайда буынның ажырауы - жартылай және толық буындардың шығуы болады. Әдетте буын сүйектерінің жылжуы,, аяғының сырғасы таюы, көбнесе құлап қалған кездерде, соғып алғанда, ұрып алғанда, тайып кеткенде, секіргеннен аяқ-қолдарын қысып алғанда буындардың шығуы жиі орын алады. Іштен туа біткен буынның шығуы сирек кездеседі. Буын шыққан кезде буынның қабығы, бұлшықет және жұмсақ ұлпалардың жыртылуы пайда болса, ал жарақаттанған мүшелердің жан-жағына қан жиналады. Буынның шеміршектері, терісі, сүйегі іріңді қабынуға ұшырайды. Егер уақытында жәрдем көрсетілмесе, әр түрлі микробтардың алдын алмаса, олардың бойға сіңуі, бірте-бірте аяқ-қолдың салдануына әкеп соқтыруы ықтимал. Одан да қиын жағдайда буынның іріңдеуі, жалпы органдарға жұғуы және малдың өлуі мүмкін.
Белгілері.Қандай болмасын буынның шығуы, біріншіден қатты ауырып маза бермейді, ісінеді, формасы бастапқы күйінен өзгереді. Буынның жарақат алған түріне байланысты, аяқ-қолдың қысқаруы немесе ұзаруы мүмкін, оның қимылы шамалы өзгереді. Аяқ-қол қимылдағанда ауырғаны байқалады, жарақаттанғанда қан құюлы болса буын сырқырап, малға маза бермейді, зақымдалған аяғына тұрғанда қатты ауырады. Созылмалы жағдайда 7-10 күн өткенде бұл белгілер байқалмайды. Пайда болған фиброзды ұлпа ажырап кеткен сүйектерді жалғастырады. Тұяқтың буындары шыққан сүйектері оның қалыпты жұмыс жасауын бұзады. Қолмен ұстап байқағанда тұяқтың сүйектері жылжып кеткенін білуге болады, себебі қабықтары мен байламдары жыртылған. Екінші күні байқап қарасақ сынған жері қабынып, ісік пайда болады, мал сол аяғымен тұра алмайды.
Көмек түрлері.Алғашқы көмек шыққан буынды жедел түрде салу қажет, неғұрлым уақытында салсақ соғұрлым оның бітуі тезірек. Оның да өз қиындықтары бар.
Дәрігердің көмегі.Шыққан буынды орнына салар алдын ауырғанын білдірмейтіндей ету, сынықтың орнына тура түскенде белгілі дыбыс шығады. Буындарды салып болған соң гипстейміз, 2-3 аптадан соң гипсті шешіп, массаж жасайды, жылы суға түсіреді, және де түрлі тәсілдермен емдейді.

1.4 Тобықтың таюы

Тобықтың шығуы әр түрлі жағдайда болуы мүмкін. Түрлерін атап кетсек: жоғары,ішке,сыртқа. Тобықты ұстап тұрған сіңірлері созылады және үзіледі.
Белгілері.Бірінші жағдайда өз аяғына тұрғанда тобықтың майысуы байқалса, Қалыпты тұрғанда аяғының буындары шығып тұрады.Сипап байқаған кезде тобық өз орнынан жылжып буынның сыртында орналасады.
Егер тобық ішке шыққан кезде, оның белгілері дәл осындай, бірақ ол буынға жақын орналасады. Сыртқы және орташа сынықтарда сіңірлердің ширығуы, сіңірге қатты күш түсуі мүмкін.Тобық жоғары жаққа шыққанда аяқтары артқа тартылып, бүгілуі қиынға соғады, барлық буындардың жұмысы қалыпты істейді зақымдалған буыннан басқасы. Жүрген кезде шыққан тобық жерге сүйретілсе, ал аяқтарын алға салып сілтіп жүреді, жанына қарай немесе ыңғайына қарай басады. Аяқтарын бүге алмай қиналады, себебі тобық жоғарыға шығып кеткен, ал малдың тік буындарына қатты күш түседі. Екі аяғының тобықтары бірдей шыққанда, малды қимылдай алмайтындай жағдайға түседі.
Көмек түрлері.Буынның шығуынан тобықтың таюын орнына салу жиі кездеседі және оңайлау. Тобықты салуды орнында тік тұрған жерінде жасауға болады. Жоғары тобық шыққан кезде ірі малды артқа отырғызып немесе ауру тобықты қаттаы байламмен мойнын айналдыра тартылып байланады. Сосын аяғынан ұстап сол байламды алға және жоғары тартады. Көмекші қатты тобықты жоғары итереді. Сол сәтте алға, сосын ішке тартады. Жарақаттанған тобыққа май жағамыз, көлемі үлкен малдарға калий қышқылы(110) немесе кантарид майы (180), жылқы және иттерге қызыл май (18). Жылқыларға осы майларды жаққан соң гипстеген дұрыс. Бұзау мен құлындарда тобықтың таюы өте көп кездеседі, оны орнына ұрып салған дұрыс. Бұл жағдайда мал ауырғаннан қимылдап өзі тобықтың орнына түсуіне ықпал жасайды. Осыдан кейін салынбаса, онда малға жансыздандыратын дәрі береміз.
2 Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, ортан жілігі сынып ауырып тұрған жылқыны емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.

2.1 Proanamnesis

Малдың түрі - жылқы
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 5
Малдың тұқымы - шведский
Малдың салмағы - 250кг
Малдың лақап аты - Марға
Малдың иесі - Нұржанов Азамат
Мекен - жайы - ОҚО, Сайрам ауданы, 25 үй, 30 пәтер

2.2 Anamnesis vitae

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, үсті жабық қорада ұстайды екен, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі дәнді, құнарлы жем - шөппен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Мал иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малды күндіз мационға қоюға қорадан шығаруға, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, сүзеген болған, аяғын басарда сылтып басады, Малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

2.3 Anamnesis morbi

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Аяғының болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, аяғының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды.

2.4 Status prоesens communis universale

1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Жылқыда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.
2. Тыныстану жүйесін зерттеу.
Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация жэне перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.
Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.
Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.
Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл -- желпі дем алуы кездеседі.
Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.
Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.
Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған
Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.
Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.
Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.
Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринді
қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).
Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).
Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).
Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).
Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.
3. Азық қорыту жүйесін зерттеу
Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.
Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.
Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек; 1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.
2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. З.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.
4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.
Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;
а) Тәбет және оның бұзылуы;
б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;
в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;
Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.
4 . Зәр бөлу жүйесін зерттеу
Несеп бөлу актісі - жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Малдардың улануы
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Сүт өнімнің сапасын бағалау әдістері. сапаны жоғарлату жолдары
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Пәндер