Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз

ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0304000 СТОМАТОЛОГИЯ
Біліктілігі: 0304023 Дантист
Курсы: 4
Семестр: VШ

Құрастырушы:
Сейдуалиев С.К.

Шымкент-2012 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
_______ _____________
№ _______ хаттама

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі _______________________

Сабақ №1

1.Сабақтың тақырыбы: Доғалы протез дайындаудың клиникалық сатылары(бекітудің ілгіш жүйесімен).
2.Сағат саны: 6 сағат. 270 мин (100%)
3.Сабақтың түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту:
тәрбиелік: Дантист біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту:
5.Оқыту әдісі:
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.
б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1. Е.Г.Гаврилов. Ортопедическая стоматология
2. В.Н.Копейкин Ортопедическая стоматология
3. Иванов С.Ю. и др. Гигиена полости рта при стоматологической имплантации
4. Лукиных Л.М. Болезни полости рта
5. Жулев Е.Н., Щербаков А.С. Болевые синдромы в практике стоматолога
6. Лукиных Л.М. Шестипалова Л.В. Пульпит
7. Казарина Л.Н. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ у детей
8. Трошин В.Д. Болевые пародонта: клиника, диагностика, профилактика
9. Дурново В.Д. Специфические воспалительные заболевания челюстно-лицевых области
Қосымша:
1 Гажва С.И. Хирургические методы лечения заболеваний пародонта
2. Гаврилов Е.И. Деформация зубных рядов
3. Луцская И.К. Руководство по стоматологии
4. В.Н.Копейкин Ошибки в ортопедической стоматологии

8. Ұйымдастыру кезеңі----------------------------- ----------------------------------- --5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Доғалы протез дайындаудың клиникалық сатыларын білу.
2. Кламмердің элеенттері және конструкциясы.
3. Доғалы протездің қаңқасын құю әдісі.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.------------------------- ----------------------------------4 0 мин(44%)
Доғалы протез дің клинико-лабораториялық кезеңдері.
Клиникалық кезең:
1) Науқасты тексеру, диагноз қою, рационалды конструкция таңдау, жоғарғы және төменгі жақтардан толық анатомиялық қалып алу, мед. құжатты толтыру. Көрсеткіштер: кеннеди бойынша тіс қатарларының кластары 4-9 тістен жоқ, бекітілген тістесу, шайнау тиімддділігінің 25 % және одан да төмендеу.
2) Орталық окклюзияны анықтау және бекіту. Диагностикалық мусінде параллелометрия жүргізіп , доғалы протез қаңқасының суретін мүсінге сызу.
3) Доғалы протездің қаңқасын ауыз қуысында орнатып тексеру.
4) Доғалы протездің балауызды конструкцииииясының тексерілуі.
5) Дайын протезді тапсыру.
Протез сапасын бағалау,протезді отырғызу,тексеру, қателікті түзету.
Дайын протезді отырғызудан бұрын оның базис қалыңдығына және шетіне , бетіне , өңдеу және тегістеп , жылтырату сапасына, кламмер орнына көңіл аударып қарау керек.Тістер аралығын жылтырату сапасының алатын орны ерекше .полимеризация режимінің немесе протез негізінде полимердің және мономердің салмақтық мөлшері арасында ғы қатынастың бұзылуында саңылау пайда болады.Жылтыратқанда жылтырату қоспасы толып, протез таза емес түрге ие болады. Саңылаулар онша улкен емес аймақты қамтыуы мүмкін, онда оларды тез қататын пластмассамен қаптастырып жеңіл түзетуге болады.
Егер олар протездің букіл бетінде шашылып жатса , онда оны қайта жасау қажет.Жоғарғы жақтың альвеолярлық төмпешігін орап жататын протездің шетінде кетіктер, өткір шығыңқы жерлердің болуы жиі кездеседі, оларды протезді отырғызғанға деиін алып тастау керек..Протез шетіне дөңгеленген пішін беру керек.
Кламмерлер де тексеруден өткізіледі.Олардың ұштарына ерекше көңіл аудару қажет. Өткір дөңгеленбеген кламмер ұштары қауіпті болып есептелінеді, өйткені протезді ауызға кіргізіп , шығарғанда еріннің шыпышты қабатының жарақаттануы мүмкін.Қарау барысының соңында тістердің түсіне , олардың өлшеміне және қойылуына тағы көңіл аударады.Мұнан кеиін протезді ауыз қуысына кіргізуге кіріседі, алдын-ала спиртке батырылған мақта тампонымен сүртеді.Протез қанша уақытта жасалынса да , ол еш уақытта бірден орнына еркін қондырыла алмайды. Ең алдымен табиғи тістерде кідіріп қалады. Протезді қондыруға кедергі жасайтын аймақтарды көшірме қағазының көмегімен, протез бен табиғи тістер арсына қойып оңай табуға болады.Пластмассаның артығын біртіндеп бірнеше рет фрез немесе шар тәріздес бастың көмегімен алып тастаиды.Протезді дәәрігер ғана емес, науқастың өзі көп қиналмай ауыз қуысына кіргізіп , шеше алуы керек. Протезді дәрігер ғана емес, науқастың өзі көп қиналмай ауыз қуысына кіргізіп , шеше алуы керек.Протезді қондырғыға кедергі болатын пластмассаның артығын алып тастау барысында протездің табиғи тістерге дәл келуін бұзатын қателіктер болуыда мүмкін.
Пайда болған саңылауға тамақ қалдығы түседі. Ол ыдырап , ауыз қуысының тазаллығын төмендетеді. Бір иықты кламмерлер үшін тірек болып табылатын тістер жанындағы саңылаулар әсіресе қауіпті болып таббылады. Бұл кемшіліктерді жою үшін тез қатаятын пластмассаларды қолданған жөн, оның протезді сынған жеріне , протез шетіне қабаттастырады.Пластмассалы қамыр тәрізді протезді қондыру алдында алдын ала және қатқаннан кеиін де ауыз қуысын ас содасымен шаю керек. Ауыз қуысын шаю мономердің шырышты қабатты тітіркендіру әсерін басуға көмектеседі.Протез базисі шырышты қабатқа орнығуы керек. Протездің орныққандығын жақсы жарық түсіріп , айнаның көмегімен тексеру қажет. Протез шетттінің өтпелі қатпар бойымен, вестибулярлық және тіл беттері жағынан, сонымен қатар қандай таңдайға орныққандығын қарайды. Қатты таңдайдың шырышты қабаты мен протез арасындағы саңылаудың болмауы оның толық орныққандығын білддіреді.
Жоғарғы протездің дистальды шетінің таңдайға өтуі бір қалыпты болу үшін сәл жұқартады. Шырышты қабаттың жылжымалы қыртыстарын босатады. Бұлай жасалмаған жағдайда сөйлеу, күлу кезінде шырышты қабаттың протез шетімен зақымдануы мүмкін.Егер доғалы протездің қаңқасын тексеру барысында доға мен кламмердің жатуы дұрыс болса, онда олардың орны протез дайындау техникасының дөрекі бұзыуйнда ғана өзгерруі мүмкін.
Протез тексерудің келесі сатысы кламмерді тексеру болып табылады. Кламмер , әсіресе ұстап тұратындары протезді өңдеу кезінде иіліп кетуі мүмкін. Оларды түзету кезінде артық июдің қажеті жоқ, өйткені ол протез орнықтыруын қиындатады және тіс эмаліне қысым түсіреді. Сосын протездің төзімділігі тексеріледі.Тепе -теңдік жағдайында оның себептерін анықтау керек. Тепе-теңдік әр түрлі жағдайда дамиды.Гипсті мүсіннің бөліктерінің дұрыс емес жабысуы , жұмысшы үлгісінің майысуы немесе иілуі жылтырату кезіндегі ұқыпсыздық болып табылады.
Протез тұрақсыздығының себептері анықталған жағдайда шешім шығару керек. Соңына дейін жеткізілмеген әзірлікті аяқтау қаааажет. Егер ол нәтиже бермесе , протез негізін өзгерту керек немесе жаңа протез дайындығын бастау қажет.
Әзірліктің келесі сатысы окклюзиялық өз ара қатынасты тексеру болып табылады. Басында тістердің тістесуін орталық окклюзияда тексереді. Байқалған кемшіліктерді жояды. Жеке тістерде тістесу биіктігінің жоғарылауын көшірме қағаздың көмегімен тексереді. Тістесуді көтеретін төмпешіктерді тегістейді.Тістесу биіктігінің аса тым жоғарылау жағдайында тістер қатарының төмпешіктерін егеу тиімсіз болып табылады. Протездің біреуін барлық тістерді алу, сосын негізге балауыз белдігін қою және қайтадан тістесу биіктігін анықтау дұрысырақ юолып табылады.Тістесу биіктігінің төмендеуінде протездің біреуінің тустеріне балауыз жолағын қабаттастыру арқылы қайтадан анықтау жүргізіледі сосын тістерді бүйір окклюзияны тексергенде көптеген жанасуларды бұзбай тежейтін сәттерді жою қажет. Бүиір қимылдағы окклюзияны түзете отырып , тістесу биіктігін ұстап тұратын төмпешіктерді тегістеудің қажеті жоқ. Төменгі жақта бұл ұртты , ал жоғарғы жақта таңдай төмпешіктерді, оларды егеу тістесу биіктігінің төмендеуіне әкеп соқтырады, ал егер ол табиғи тістермен ұсталып тұрған жағдайда, жасанды тістер арасында окклюзиялық қалпында саңылау пайда болады. Ол протездің функционалдық қасиетін төмендетеді. Төменгі жақтың алға жылжуында тежеу сәттері терең тістесу нәтижесінде оның алдыңғы бөлігінде пайда болуы мүмкін.
Бұл жағдайда алдыңғы тістерді қысқарту керек. олардың өлшемі және пішіні өзгертеді, ол барлық жағдайда дұрыс болып табылады. Дегенмен құрылғыны тексеру кезінде күрек тістің жабылуы дұрыс болғанда, онда дайын болған протезде алдыңғы тістер қатынасының өзгеруі күдік туғызады.Сондықтан төменгі тістер қатарының жоғарғы алдыңғы тістермен тежелуі тістерді орналастыру кезінде жіберілген және протез құрылғысын тексеруде көзге көрінбейтін қателіктер барлығында байқалуы мүмкін.Протез әзірленгеннен кеиін науқасты протез қоюға үйретедді және қолдану жөнінде кеңес береді.Протезге күтім қажет, оларға ағынды су астында тіс щеткасымен тамаққа деиін және тамақтан кеиін тазалау қажет. Алғашқы кездері протезді тамақтан тазалау үшін ғана шығару керек, үйренуге байланысты оны түнде шешіп қоюға болады.Ауырсынудың байқалуы мүмкін. Уақыт өткен сайын кламмерлердің әлсіреуі мүмкін, сондықтан жылына 1-2 рет протезді түзету үшін дәрігерге қаралу керек, 3-4 жылдан кеиін протезді ауыстыру қажет.
Науқастың дәрігер қабылдауына қайта келуі келесі күнге тағайындалады.Сұраудан кеиін науқастың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді, ауыз қуысын мұқият тексеру керек. Окклюзияны қайтадан бақылау және оның кемшіліктерін түзету қажет.Сонан кеиін протез алаңын; тістер, қызыл иек шетін, өтпелі қыртысты , қатты таңдайдың шырышты қабатын, өтпелі қыртыс бойындағы шырышты қабаттың сіңірлерін түгелдей қарап шыққан жөн. Жоғарғы жақта, әсіресе альвеолярлық төмпешіктер тұсындағы өтпелі қатпар және А сызығын мұхият қарау керек.Төменгі жақта осы сияқты тексерулер тіл түбінен бастап оның үзбесіне деиінгі тіл асты кеңістігінде жүргізіледі.
Науқастың құсқысы келіп,лоқсуы жұмсақ және сирек жағдайда қатты таңдайдддддың шырышты қабатының тіттттіркенуімен тығыз байланысты болады.Протез шекарасын қысқарту барлық жағдайда жақсы нәтиже береді.Осы рефлексті болдырмау үшін арнайы жаттығулар болады.
Сөз сөйлеудің бұзылуы көп жағдайда жоғарғы жақтың, сирек жағдайында төменгі жақтың тістер қатарының ақауында кездеседі. Ол протезді қойғаннан кеиінгі алғашқы күндері біліне бастаиды.Кейбір жағдайда алдыңғы тістер тұсындағы ақауды ауыстырғанда байқалады.
Протезді қолданатын науқастың сөйлеуін түзету барысындағы жұмыста науқас анамнезін ескерту қажет. Науқастардың бір бөлігінде сөйлеудің бұзылуы ортопедтің көзқарасы тұрғысынан алғанда өте жақсы пішіндегі доғаны құрайтын , тіпті табиғи тістердің өзінде де орын алуы мумкін.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы.--------------------------12 1 мин(67%)
(зертханалық тәжірибе, мамандық дағдыларын меңгеру, ауруларды курация
лау, ситуациялық есептерді құру мен шешу және т.б. нақты осы тақырыпқа
қатынасты сипаттау).
1. Доғалы протездің клиникалық және зертханалық кезеңддерін тексеру және анамнез жинау. Доғалы протезде металдармен жұмыс жасау және тіс сауытының бұзылуын қалпына келтіру.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. ----------------------------------- --------------------14 мин (7%)
1. Қолданатын құрал жабдықтар.
2. Қолданаиын кламмерлердің түрлері.
3. клиникалық және зертханалық кезеңдерін білу .
13.Сабақтың қорытындылау. ----------------------------------- ----------------5 мин(3%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. ----------------------------------- ----------------5 мин(3%)
1. Доғалы протезді дайындаудың ілгіш жүйесімен бекіту.



Сабақ №2

1.Сабақтың тақырыбы: Ортопедиялық және ортодонтиялық стоматологияда функциональды анықтау әдістері.
2.Сағат саны: 6сағат. 270 мин (100%)
3.Сабақтың түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту:
тәрбиелік: Дантист біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту:
5.Оқыту әдісі:
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.
б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1. Е.Г.Гаврилов. Ортопедическая стоматология
2. В.Н.Копейкин Ортопедическая стоматология
3. Иванов С.Ю. и др. Гигиена полости рта при стоматологической имплантации
4. Лукиных Л.М. Болезни полости рта
5. Жулев Е.Н., Щербаков А.С. Болевые синдромы в практике стоматолога
6. Лукиных Л.М. Шестипалова Л.В. Пульпит
7. Казарина Л.Н. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ у детей
8. Трошин В.Д. Болевые пародонта: клиника, диагностика, профилактика
9. Дурново В.Д. Специфические воспалительные заболевания челюстно-лицевых области
Қосымша:
1 Гажва С.И. Хирургические методы лечения заболеваний пародонта
2. Гаврилов Е.И. Деформация зубных рядов
3. Луцская И.К. Руководство по стоматологии
4. В.Н.Копейкин Ошибки в ортопедической стоматологии
8. Ұйымдастыру кезеңі----------------------------- ----------------------------------- --5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Беттің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
2. Ортопедиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру.
3. Ортопедиялық стоматологияның емдеу әдістері.

10. Жаңа сабақты түсіндіру.------------------------- ----------------------------------4 0 мин(44%)
Функциональді окклюзия бұзылыстарымен байланысты СТЖБ ауруларын емдеудің консервативті әдістері.
1. Тістерді таңдамалы түрде қырып-тегістеу.
А) ауызды қуысына тікелей;
Б) жақ мүсіндеріне окклюзиялық байланыс анамезінен кейін.
2. Ортопедиялық әдістер:
А) уақытша және тұрақты алмалы - салмалы және алынбайтын протездер.
3. Ортодонттық әдістер;
А) _____ (каппа) және тістеуші пластинкалар (беттің төменгі бөлігінің
окклюзиялық биіктігінің төмендеуі кезінде
Б) қызметтік және механикалық әсерлі құралдар
4. Физиотерапия;
А) микротолқындар
Б) йод, медоза, ронидаза, новокаин электрофорездері
В) қиылыстырылған курстық ем
5. Шайнау бұлшықеттері мен буынның массажы (екі жақты), миогимнастика.
6. Медикаментозды ем.
А) Буын аймағына камфорлық немесе сары сынап майымен, вирапинмен,
випратокспен, випракутанмен, медициналық өтпен, ронидазамен компресс жасау;
Б) Наркотикалық анальгетиктер-индометацин, бутадион, реопирин, амидопирин,
бруфен.
В) Кіші транквилизаторлар (бұлшықеттерді босаңсыту, қорқыныш, үрейді түсіру
үшін) элениум, седуксен, метробамат, фенозепам.
Г) П.М. Егров бойынща үшкіл жүйкенің самай асты__________(гребянь) дағы
Қозғалтқыш бұтақтарының блокадасы.
Д) Витамин А-ның ретинол-ацетат майлы ертіндісін буын ішіне енгізу.
СТЖБ ауруларын консервативті емдеудің ортодонттық әдістері.
Окклюзия коррекцияның ең маңызды әдісі ортодонттық болып табылады. Ересек адамдарда жеке тістердің аномалиялық жағдайларын, тіс доғаларының таралуын, тістер доғаларының фронтальді аймақтарының протрузиясы мен ретрузиясын қалыпқа келтіруі мүмкін. Қарсы көрсеткіштер: буындағы жедел қабыну құбылыстары, көптеген карместер, бүйіртістердің болмауы. Жақтар дамуының аномалиялары ортодонттық емге келмейді. Механикалық және функциональді әсерлі құралдар қолданылады.
Попов - Годон феноменнің горизантальді формасын қалпына келтіру үшін ығысқан тістерге вестибулярлы жағынан ортодонттық винтпен бекітілген ортодонттық сақиналарды қолдануға болады. Попов - Годен феноменінің вертикальді формасын жиі тістерді қысқарту жолымен қалпына келтіреді.
Терең күрек тістік _____ (перекритие) тіс қатарының алдыңғы аймақтарының қысқаруы кездеріне алғашқыда жоғарғы тістер қатарын секторлық ______(распил) және буындасы бар алмалы-салмаы пластинкамен, кейіннен - төменгі тістер қатарын Энгель аппараты немесе алмалы салмалы аппарат көмегімен ұзарту жүргізеді. Алмалы-салмалы отодонттық аппаратқа жетіспеген тістерді қосу олардың функциональді тиімділігін жоғарлатады. Энгель доғасын пружина, стационалды немесе сырғанақ сияқты қолданады. Төменгі жақтың мезиальді ығысуына арналған еңкіш беткейі бар пластинкаларды қолдану мерзімі 3-6 ай. Шайнау бұлшықеттері мен СТЖБ қызметкерлерінің тұрақты өзгеріуі кезінде төменгі жақтың кері ығысуы болмайды, бұл болып жатқан қайта құруды бағалауға мүмкіндік беретін физилолгиялық сынама болып табылады.
Ю.А. Петросов СТЖБ дисфункциясын, артриттер мен артроздарды емдеу үшін алынбайтын ауыз ішілік шинаны қолданады. Бұл СТЖБ шығулары кезінде ғана ақталған болып есептеледі. Окклюзиялық биіктіктің төмендеуі кезінде- капп және тістеуші пластинкалардықолдану жоғарғы және төменгі буын өзектерінің таралуы кезінде көрсеткі болып табылады. Оларды қолдану мерзімі 3-6 ай. ______ каппты пластмассадан және металдан дайындайды. Тістердің сауыттық бөлігінің төмен болуы кезінде тістеуші пластинкаларды қолдану көрсеткіш болып табылады, олар тістер мен альвеолярлық өсінділерді жауып тұрады.
СТЖБ ауруларын емдеудің ортопедиялық әдістері.
Премолярларға, молярларға және иттістерге тірелетін көпір тәрізді протездерді дайындау кезінде _______тістерге окклюзиялық _______(накладно) бар уақытша пластмассалық көпір тәрізді протездер, алмалы-салмалы протездерді қолдану қажет. СТЖБ аурулары кезінде сауыттар мен көпір тәрізді потездерді дайындау ерекшіліктерін оралық қана емес, сондай-ақ бүйірлік және алдыңғы окклюзиялардың көптеген байланыстарын қалпына келтіруді есепке ала отырып окклюзиялық беткейді мүсіндеу жатады. Окклюзиялық коррекция-шайнау типін қайта құрастыру және мәжбүр окклюзияны қалпына келтіруге арналған біріншілік қырып-тексерудіпротездер дайындау алдында дәрігір жүргізеді. СТЖБ ауруларымен және тістердің жайылған қажалуы бар науқастарды емдеу кезінде окклюзиялық биіктіктің төмендеуінің бар-жоқтығына және орталық окклюзияның ойығындағы буын бастарының жағдайына көңіл аудару қажет. Екіншілік толық адентия кезінде буындық симптомдар байқалады: протездердегі окклюзиялық биіктіктің төмендеуі немесе жоғарылуы кезінде, бір окклюзиядан екіншісіне ауысар кездегі жасанды тістердің тістердің біркелкі динамикалық байланыстарының бұзылуы кезінде; пластмассалық тістердің қажалуы кезінде; протездердің тұрақтануының жетіспеушілігі кезінде.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы.--------------------------12 1 мин(67%)
(зертханалық тәжірибе, мамандық дағдыларын меңгеру, ауруларды курация
лау, ситуациялық есептерді құру мен шешу және т.б. нақты осы тақырыпқа
қатынасты сипаттау).
1. Ортопедиялық және ортодонтиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру әдістерін дұрыс жүргізу. Тіс жақ жүйесінің анатомиясын , тістерді немесе тіс қатарларын төменгі, жоғарғы жақ анатомииииясын білу. Тістесудің түрлерін білу.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. ----------------------------------- --------------------14 мин (7%)
1. Орталық окклюзияны анықтау.
2. Ауыз қуысында қисық орналасқан тістерді ортодонтиялық аппараттарымен бекіту.
3. Ортодонтиялық аппараттардың түрлері.
13.Сабақтың қорытындылау. ----------------------------------- ----------------5 мин(3%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. ----------------------------------- ----------------5 мин.(3%)
1. Ортодонтиялық және ортодонтиялық стоматологияда тістерді анықтау әдістері.

Сабақ №3

1.Сабақтың тақырыбы: Тіс протездері мен ортодонтиялық аппараттарды дайындаудың лазерлік технологиясы.
2.Сағат саны: 4 сағат. 180мин (100%)
3.Сабақтың түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту:
тәрбиелік: Дантист біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту:
5.Оқыту әдісі:
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.
б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1. Е.Г.Гаврилов. Ортопедическая стоматология
2. В.Н.Копейкин Ортопедическая стоматология
3. Иванов С.Ю. и др. Гигиена полости рта при стоматологической имплантации
4. Лукиных Л.М. Болезни полости рта
5. Жулев Е.Н., Щербаков А.С. Болевые синдромы в практике стоматолога
6. Лукиных Л.М. Шестипалова Л.В. Пульпит
7. Казарина Л.Н. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ у детей
8. Трошин В.Д. Болевые пародонта: клиника, диагностика, профилактика
9. Дурново В.Д. Специфические воспалительные заболевания челюстно-лицевых области.
Қосымша:
1 Гажва С.И. Хирургические методы лечения заболеваний пародонта
2. Гаврилов Е.И. Деформация зубных рядов
3. Луцская И.К. Руководство по стоматологии
4. В.Н.Копейкин Ошибки в ортопедической стоматологии
8. Ұйымдастыру кезеңі----------------------------- ----------------------------------- --5 мин(3%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------3 мин(2%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Тіс протездерінің кезеңдерін білу.
2. Ортодонтиялық аппараттарды дайындау.
3. Ортодонтиялық және ортодонтиялық аппараттардың лазерлік технологиясы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.------------------------- ---------------------------------- 27 мин(15%)
Цифрлік рентгенография. Бұл арнайы датчикті қолдану арқылы іске асады, рентгендік пленканы ауыстырады. Радиатциялық сәуле арқылы датчик бекітіп және компьютерге информатция береді, оны цифрлік түрде сақтап, экранда көріністі көрсетеді. Біз онда тістердің жағдайын, сапасын керек болған жағдайда теріп, принтерде шығара аламыз.Датчиктің радиовизиографиялық сезімталдығы рентген пленкасына қарағанда жоғары.
Дентальді ауыз ішілік рентенография. Ол үшін SIEMENS аппараты қолданады. Келесі параметрлер бағаланады.
oo тістің анатомиялық құрлысы (сауыт, пульпарлы камера, түбір, түбір, өзектері, каналдар пломбалауға мінездеме);
oo альвеоланың компакты пластинка
oo периодонтальды саңылаудың жағдайы
oo периапикалды сүйек құрлысы (остлопороз, деструкция, остелосклероз, сорылу, гиперцементоз);
oo зақымдалған тістегі альволаралық өсіндінің жағдайы (орналасуы, сүйек құрлысының ерекшілігі, парадонт қалтаы);
SIEMENS аппаратында сонымен қатар локальды - денситометрия - тіс тінінің тығыздығын өлшеу және сүйек құрлысын білуге болады.
Панаромды рентгенография жақтың барлық тістері мен альвеолярлы өсіндісін және денесінің суретін, ал жоғарғы жақта мұрын қуысы мен жоғарғы жақ қуыстарын жартылай түскен суретін көруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс басқа тістерден аө уақыт ішінде аз радиоциялық дозамен барлық тістердің және қоршаған тіндердің жағдайын, сүйектің құрамын, жақтағы т.ж. немесе т.ж. емес жасырын ақауларын анықтауға болатынымен ерекшеленеді. Ол 1,5-2 есе үлкейтеді. Панорамдық рентгенографияның 2 әдісі бар:
1) Бүйірлік - бұл кезде барлық тіс топтары, түбір өзектері, периапикалды тін, альвеолярлы айдаршық көрінеді.
2) Ауызішілік - арроксимальды т.ж. алдын алу үшін.
Бүйірлік рентгенографияда көлемі 12,5х17,5 см пленка қолданады. Олар L және R деген оң және сол мағынаны білдіреді. Науқастың басы окклюзиялық жалпақтықта параллель, ал сагитальды еденге перпендикуляр араласу керек. Науқасты қашан оның мұрны пленкамен жанаспағанша бұрады. Одан кейін науқас иегін көтереді. Пленка мен бастың бұрышы 15 науқас пленканы қолдана алады.
Ортопантомографиялық рентгенография. Үлкендердің және балалардың да барлық екі жақта да тістердің қатты тіндерінің жағдайын жан жақты зерттеуге мүмкіндік береді жіне клиникалық қосымша тек пломба астындағы немесе жасанды сауыт астындағы 2-лік тіс жегінің ақауларын анықтауға, әсіресе премолярдағы 1-к өзгерістерді, фиссурлардағы өзгерістерді, оның тереңдңгңн тіс қуысының қарым қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балалардың ортопантомограммасындағы ұрықтардың даму сатысы, орналасу ерекшіліктері көрінеді. Ортопантомограмманың созылмалы одонтогенді инфекция ошақтарын үлкендердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға
Пластмассалардың түрлері қасиеттері
Ауыз қуысының шырышты қабығына пластмассалы протездің әсері
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
Стоматологиядан дәрістер
Стоматология кабинети
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Пәндер