Отандық тарих ғылымындағы диаспорологияның рөлі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Отандық тарих ғылымындағы диаспорологияның рөлі
2. Отандық тарихты оқытуда қазақстандық батырлар: қысқаша тарихнамалық шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі таңда əлемдегі жүз миллионға жуық адам өздерінің тарихи этникалық отанынан жырақта, басқа қоғамда өмір сүріп жатыр. Əртүрлі халықтардың (диаспоралардың) өткені мен қазіргі тарихын, ұлтаралық қатынастардың заңдылықтарын зерттеп зерделеу ғылыми ортада өзектілігін арттырып отыр.
Тəуелсіздігімізді, егеменді елдігімді алғаннан бастап құрылымымыз көпұлттылық сипатқа ие Қазақ елі үшін ұлтаралық қатынастар мəселесі аса өзекті екені белгілі. Алдымен, диаспора ұғымының түп төркініне көз жүгіртсек, диаспора бұл - гректің шашырау немесе елінен жерінен ажыраған деген сөзінен шыққан. Б.з.д 586 ғасырда Вавилон патшасы Навуходоносор II Иерусалимді жаулап алып, еврейлердің дүние жүзіне шашырап кетуінен пайда болған ұғым [1]. Аталмыш термин кейіннен жаңа жерлерге келіп қоныс тепкен, этникалық азшылық, өзге де діни жəне этникалық топтарға байланысты қолданыла бастады.
Отаршылдық дəуірі кезеңінде қазақ диаспорасы мəселесі ұлттық тарихымызда тиым салынған тақырыптардың біріне айналғаны белгілі. Міне, тəуелсіздігімізді алып, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген мүмкіндік туды. Осыған орай
отандық тарих ғылымының əр саласы бойынша арнайы зерттеулер жүргізіле бастады. Заманауи тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография, этнология, ұлттық психология сынды ғылымдармен қатар диаспорология бағыты да кеңінен зерттеле бастады. Диаспорология - бұл диаспораның яғни, белгілі бір этникалық қауымдастықтың өзге елге орын тебуі, сол жерде мəдениеті мен əдеп ғұрыптарының қалыптасуы, этникалық қауымдағы халық санының өсуі мен өзгеру үдерісін жəне олардың динамикасын зерттеу саласы болып табылады.
Қазақстанмен көршілес, тіпті, шетелдік мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақтар - ұлтымыздың ажырамас бөлігі. Себебі, шет елдердегі қазақтардың тарихы мен мəдениетін, олардың қазіргі жағдайын, ділін, дінін, этникалық ұқсастығын, салттарын, өздері өмір сүріп отырған елде оларға деген саяси, əлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу Қазақ елінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Демек, диаспорология саласына одан əрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон үдерістерінің ауқымына жəне олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударғанымыз жөн. Сондай-ақ көп ұлтты Қазақстан үшін де ұлттық мəдени саясатты теңдестіру қоғамдық экономикалық байланыстың маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының ІІ Құрылтайында: Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақтап кетуге мəжбүр болған ата бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны төкпей-шашпай жинап алуымыз, оны ата-жұртта жəне барша əлемге таныстыру аса маңызды шаруа. Қазақтар тығыз мекендеген Қытай, Өзбек,
Ресей, Түркия, Моңғолия секілді елдердің халық арасындағы, мұражайларындағы, қазақтың тарихына, мəдениетіне, əдебиеті мен өнеріне қатысты қазына-байлық барша халқымыздың игілігіне қызмет етуі керек,- деп атап көрсетті [2, 6-7 бб.].
Диаспорологияның маңызды міндеттерінің бірі - іргелес елдердегі қазақ диаспорасында болып жатқан əр қилы күрделі үдерістердің ақиқатын зерттеу, ғылыми талдау жасау. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың жəне тыңайған жерлерді игеру секілді тағы
басқа тарихи оқиғалар мен мəселелер ішкі жəне сыртқы көші-қон үдерісіне тікелей əсер етті. Өз кезегінде кеңестік дəуірдегі көші-қон саясаты Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы арасалмаққа өте күрделі өзгеріс ала келді. Сол себепті, аталмыш мəселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан шынайы тұрғыда зерттеуді талап етедіі. Көші-қон мəселесі бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл үдеріс кеңес дəуірінде де, қазіргі кезде де отандық жəне шетелдік ғалымдар тарапынан
да əрқилы бағаланып келді. Əрбір кезеңге тəн тарихи концепцияларды талдау жəне ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды.
Қазақ халқы санының азаюын, өз елінен жыраққа ауа көшуін, сол алғашқы ақтабан шұбырынды кезіндегі жаугершіліктен бастап алып қарастыруға болады. Солтүстік шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылдан бастап шегінген қазақтар оңтүстік батысқа ауып, қазіргі Орта Азия жеріне көп санымен тереңдеп енді [3, 147б.]. Қазақ диаспорасының одан əрі кең етек жаюына жаугершілік заманнан кейін, отаршылдықтың енуі тікелей ықпал етті. Жалпы алғанда, қазақ диаспорасын шетелдерге ауа көшуін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Бірінші кезең - XVII-XVIII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы тұсындағы қазақтардың оңтүстік батысқа қоныс аударуы. Бұл туралы В.А.Моисеевтің Жоңғар хандығы жəне қазақтар (XVII-XVIII) [4] деген монографиясында қазақтар тарихынан көптеген мəліметтер келтіріледі. 166
Екінші кезең - XIX ғ. территориялдық бөліну кезінде сол туған жерлерінде қалып қойған қазақтар, сондай ақ Ресей патшалығының бодандығына өткен қазақтардың отаршылдық езгісіне шыдай алмай Қытай жəне Моңғолия жерлеріне жаппай көшуі.
Ресей патшалық өкіметінің қазақтардың жерін тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруынан Сырдария облысы Ташкент уезі қазақтарының көші-қон аумағы қысқарды. Олар көбінесе отырықшы елді мекендерін қоныстануға мəжбүр болды. Өзбекстанның қазіргі Ташкент облысы аумағындағы қазақтар саны кеми бастады.
Үшінші кезең - ХХ ғ.-1991жж. Бұл жылдардағы жаппай көшудің басты себебі - Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ жеріне сол кеңестік биліктің жүзеге асырған саяси, əлеуметтік-экономикалық іс-шаралары. Тоталитарлық жүйенің күштеп ұжымдастыру, бай кулактарды жою, қызыл қырғын аштықтың белең алуы, сондай-ақ жергілікті халықты өз елінен қуу, осының барлығы қазақтардың ауа көшуін ұлғайтты. Кеңестік дəуірдегі миграциялық үдерістер, негізінен, шекаралық аудандарды қамтыды. 1931 - 1932 жылдардағы аштық кезінде қазақтар Батыс Сібір мен Орта Еділ бойына босып кетті. Олар бұрыннан сол жақта тұрып жатқан қазақ ауылдарын паналады. Сөйтіп, 1930 жылдан бастап қазақтардың Орталық Азия жеріне ауа көшуі кең ауқымда жүрді.
Көршілес республикалар: Өзбекстанға, Тəжікстанға, Маңғыстау түбегінен Түрікменстанға, одан əрі Ауғанстан, Иран елдеріне кетуге мəжбүр болды. Бірақ, халық арасында қалыптасқан түсінікке сай: оралмандар, олар - Қазақстандағы кеңес үкіметі кезінде аштық пен қуғын-сүргін жылдарында шет елдерге бас сауғалап, қара асының қамын ойлап, отанын сатқан қашқан адамдар, - деген пікір орын алды. Міне, бұл диаспорологияның толыққанды зерттеліп, халыққа жеткізілмеуіне орай орын алған пиғылдар.
1980-1990 жылдары көптеген қазақстандық зерттеушілер: Г.С. Баратова,
В.С. Цой, Г.Н. Ким, Л.Э. Рис жəне т.б. ғалымдар этникалық топтар, диаспора тарихы [5, 79 б.] туралы диссертацияларын қорғаған болатын. Десек те, диаспорология өзіндік жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймады. Диаспорология ғылымы заманауи қазақ тарихнамасында жаңа дамып келе жатқан жас ғылым саласы, соңғы онжылдықта республикамыздағы этностар, шет елдегі қазақ диаспоралары жайында бірнеше кітаптар, мақалалар жарық көрді. Атап айтар болсақ, қазақ диаспорасын зерделеу барысында ең салмақты мəліметтер жинап енізген, Қазақстанда диаспорология ғылымын алғаш зерттеушілердің бірі Г.Н. Мендіқұлова [5,79 б.]. Оның 1997 жылы жарық көрген Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры: пайда болуы мен дамуы атты еңбегінде [6] Осы жерде шетелдердегi қазақтардың бəрiн диаспора деп атүстi айта салудың өзi қай жағынан болмасын (ғылыми, тарихи, саяси,заң жүзiнде жəне т.б.) дұрыс болмайтынын ескергеніміз жөн. Себебi, диаспора деген сөз ұлттың өз Отанынан басқа елге шашырап кеткен топтарын бiлдiредi. Ал, территориялық бөліну барысында өз атамекенiнде қалып қойған Ресей, Өзбекстан мен Қытай сынды елдердегі қазақтарды "ирридент" деп атаған дұрыс болар, - деген пiкiрін ұсынады.
Қазіргі таңда Қытай қазақтарын зерттеуші с.ғ.д. К.Л. Сыроежкин, т.ғ.д. өз ғылыми еңбегін Набижан Мухаметханұлы, Өзбекстандағы қазақтар туралы Б. Қалшабаев, Н. Сванбергтің Түркиядағы қазақ босқындары атты монографиясы Халиф Алтай, Хасан Оралтай, Хызырбек Ғаритолла сынды ғалымдардың естеліктерін негізге ала отырып жазылған [6]. Осы қатарда ерекше атап өтуге тұрарлық тағы бір еңбек - қызыл қырғын ашаршылық жылдарында (1933 ж.) өмірге келіп, отбасымен бірге эмиграцияға ұшыраған, Германияның Мюнхен қаласында халықаралық Азаттық радиосында жұмыс атқарған, қаламгер Хасан Оралтай 1973 жылы Түркияда Елім-айлап өткен өмір [4] атты ғұмырнамалық кітабы. Бұл кітаптің көркем əрі көрнекті қыры - деректің дəлдігінде, боямасыз шындығында, авторлық көзқарастың бүкпесіз ашықтығында, қазақ еліне қатысты көптеген тарихты, автордың ұлты үшін жасаған еңбектері, қазақ халқының миграция немесе эмиграцияланып кеткен, осы қазақ диаспорасы туралы құнды деректердің бірі. Сонымен қатар шет елдердегі қазақтарды зерттеушілер Д. Ескекбаев - Ресей қазақтарының этнографиясы, С. Билалов - Қазақстандағы қазақ оралмандарын (репатриант) жерсіндіру мəселелерін зерттеуші, қазақ диаспорасы: мəселелері мен келешегі атты жобада А. Кошанова, А.Н. Нысанбаева жəне т.б. ғалымдар зерттеуге ат салысты [5,80 б.]. Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ диаспорасын жетілдіруіне тарихи демографиялық, əлеуметтік экономикалық, саяси, этнопсихологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz