Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарк-Шёнхаузен


Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарк-Шёнхаузен (нем. Otto Eduard Leopold von Bismarck-Schönhausen; 1815-1898) - князь, герман мемлекеті қайраткері, ол герман мемлекетінің бірінші канцлері (екінші рейх) болып табылады, сонымен қатар өз кезінде темір канцлер деген атаққа ие болған
Отто фон Бисмарк (Эдуард Леопольд фон Шенхаузен) 1815 жылдың 1-ші ақпанында Берлиннің солтүстік-батысында орналасқан поместьесінде дүниеге келген. Ол Прусс жер иеленушісі Фердинанда фон Бисмарк-Шенхаузен мен Вильгельмина Менкеннің отбасында туған. Бұл отбасыда ол үшінші ұл болған, оның толық аты Отто Эдуард Леопольд. Жалпы алғанда Бисмарктар әулеті ауқатты отбасылар қатарына жатқан. Олар жаулап алушы рыцарьлардың ұрпақтары юнкерлер болып есептелді. Олардың арғы аталары өз кезінде шағын славян тұрғындарымен бірге Эльба жерінің шығысындағы кең байтақ жерлерде, алғашқы боп неміс елді мекендерінің негізін қалаған. Юнкерлер беделділер қатарына жатты, бірақ та байлық, әлеуметтік әл-ауқат пен сөз өтімділігіне келгенде олар Шығыс Еуропалық және габсбургтік аристократтармен салыстыруға келмейтін еді. Әрине, Бисмарктар жер магнаттарының қатарына жатқан жоқ, дегенмен олар өздерінің асыл тұқымды болғандарына да қанағат етті, олардың шежіресі Ұлы Карл билігіне дейін жалғасып жатты
Жастық шағы
Ол 1822 жылдан бастап 1827 жылға дейін Берлиндегі Пламана мектебiнде оқыды. Бұл мектепте ол көбінесе дене құрылысының өсiп-жетiлуiне ерекше көңіл бөлген. Бірақ жас Отто бұл мектептің берген біліміне риза болмаған. Оны ата-анасына жиi жазып тұрған хаттарында көруге болады. Он екі жасында Отто бұл мектептен шығып, кейіннен 3 жыл оқыған Фридрих Вильгельм атындағы гимназияға ауысты. Бұл гимназияда Берлинде орналасқан болатын. Ал 1830 жылы Отто «У серого монастыря» гимназиясына өтті, алдыңғы оқу орындарымен салыстырғанда бұл жерде ол өзін әлдеқайда еркін сезінді. Жас юнкерді математика да, әлемнің көне тарихы да, жаңа неміс мәдениетінің жетістіктері де қызықтырмады. Отто көбінесе өткен жылдардағы саясатқа және соғыс пен бейбітшілік жылдарындағы елдер арасындағы бәсекелестікке аса назарын аударды. Бұл гимназияда Отто көзге түспеген, яғни белсенді оқушылардың қатарына ілінбеген. Бірақта осы кезде ол әдеби кітаптарды оқу барысында француз және неміс тілін жетік меңгерген. Сол кездегі жас Отто өзінің анасымен салыстырғанда діннен алыс болған. Гимназияны аяқтағаннан кейін, оның анасы Оттоны Ганновер хандығында орналасқан Гёттингендегi Георг Августің университетiне түсіреді. Анасының пікірі бойынша, ол Бисмаркты құқықтанушы мамандығын меңгеріп, болашақта дипломатиялық қызметке орналасады деп ойлаған. Алайда жас Отто оқуға аса көңіл бөлген емес еді. Ол көбінесе бос уақытта достарымен көңіл көтеруді қалаған. Оған қоса Отто дуэльдерге көп қатысқан. Осындай бір жекпе-жекте ол өмірінде бірінші және сөңғы рет жараланған. Бұл жарақаттың нәтижесінде оның бетінде тыртық қалған. Негiзiнен, сол кезде Отто фон Бисмарк алтындай немiс жастарынан айырмашылығы болған емес. Бірақ ол Гёттингендегi Георг Августің университетінде аяғына дейін оқи алмады. Ол университеттiк өкiметтердiң тұтқындауынан қашып, ол қаланы тастап кетеді. Бір жыл ол Жаңа астаналық Берлин университетiнде оқыды, кейін мұнда саяси үнемдеудiң төңiрегiдегiн философия бойынша диссертацияны қорғап алған. Осымен, оның университеттiк бiлiмi бұл кезеңмен бiттi.
Бисмарк бірден жұмыс іздеуге кірісті. Ол үмiттік мекемеге орналаспақшы болып, дипломаттық майданда өз баққұмарлығын сынамақшы болды. Алайда, Пруссиясыртқы iстер министрi кеңес барысында Отто фон Бисмарктың бетін қайдарды, яғни жұмысқа қабылдаған жоқ. Министрдің мұндай шешiм қабылдағанын Оттоның қарқынды студенттiк өмiрi туралы сыбыстардың тигiзген ықпал және де Бисмарктың қатынастарды анықтау барысында оның жекпе-жекке құмарлығы жайлы жайт түсіндіріп отыр. Нәтижесінде, Бисмарк жақында Пруссия құрамына енген Ахенге жұмыс iстеуге барды. Бұл жерде әліде болса Франция ықпалы айқын түрде көрінген болатын, сондықтан ол Ахен шекаралық аумағын Пруссияға үстем болатын кеден одағына қосуға қатысты. Алайда Бимарктың өзінің айтуы бойынша, ол қатты қиналған емес, оған қоса бос уақыт өте көп болған. Бұл мерзiмде ол ағылшын шiркеу уағыздаушысының қызы Изабелла Лорейнді әйел қылып ала жаздады. Бисмарк 1838 жылы әскери қызметке тартылады. Әскери қызметте ол гвардиялық батальонға жазылады. Алайда анасының аяқ астынан аурып қалуы, оның қызметтік мерзімін қысқартады. Поместьенiң шаруашылығы мен ұзақ жылдар бойы балаларға деген қамқорлықтарының нәтижесінде анасының денсаулығын толығымен жойды. Ал анасының өлімінен кейін, Бисмарк поместьелерiмен ондағы басқарумен шұғылдануға тура келетіндігі түсiнiктi болды. Помераниеде қоныстанған кейін Бисмарк өзінің табыс әкелудің әдiстері мен жолдарын ойлай бастады. Кейін ол өз жетістіктерімен көзге түсіп, көршiлерiнiң құрметiн тез арада жаулап алды. Ол өзін тапқыр және iскер жер иесi ретінде көрсете білді. Поместьедегі өмір студенттік өмірмен салыстырғанда Отто фон Бисмарты өте қатты өзгертті. Бұл кезекте ол қатаң тәртіппен көзге түскен. Алайда қияңқылық істерінің арқасында, оның көршілері Бисмаркты «жынды» деп атап кеткен. Бисмарк өзінің Берлиндегi оқуын аяқтап келген, кіші қарындасы Мальвинамен жақсы қарым-қатынас орнатады. Ағалы-қарындастың аралығында дәмдер және ұнатулардағы ұқсастық пен рухани жақындық пайда болды. Кейін ол өзін Мартин Лютердің із басары ретінде санап, діншіл адам еместігін жария еткен. Уақыт өте ол Иоганна фон Путткамермен неке қияды.
Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметі
Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы түрткі болды. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Патшалар мен князьдар уақыт жеңу үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді. Демократиялық конституцияның жобасы іс жүзінде енгізілмеді, ал 1849 жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен таратылды. 1850 жылы қабылданған конституция феодалдық басшылардың мүддесіне сәйкес келді. Елде екі палаталық заңшығарушы орган құрылды. Парламенттің (ландтаг) заңшығарушы билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шектеді. Үкімет құрамындағы министрлер Ландтагқа бағынысты емес еді, сол себептен оларға сенімсіздік вотумы қорқыныш тудырмайтын. Пруссия канцлері Отто Бисмарк өз әскеріне бюджеттің 51 ден 22 млн. талерін жұмсап отырды. Алайда, канцлердің бұл әрекеттері 1866 жылы Пруссияның Австриямен соғыста жеңіске жетуімен кешірілді. Соғыстың нәтижесінде Пруссияға бірқатар солтүстік-германдық мемлекеттер қосылды, соның ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Майндағы Франкфурт мемлекеттері болды. Шлезвиг пен Гольштейн 1864 жылы Даниямен соғысқаннан кейін қосылды. 1866 жылы Герман одағының орнына Мемлекеттердің солтүстік-германдық одағы құрылды. Жаңа мемлекет 1867 жылы жаңа конституция қабылдады. Оған сәйкес, Одақты басқару пруссиялық патшаға (президентке), канцлерге және екі палатаға берілді. Төменгі палата жалпы сайлау құқығының негізінде сайланды. Одаққа келесі оңтүстік-германдық мемлекеттер енбеді: Бавария, Саксония, Вюртемберг. Оларды күштеп біріктіруге Франция кедергі жасады, себебі, Франция үшін Германияда қуатты біртұтас мемлекеттің құрылуы тиімсіз еді. 1870 жылы Пруссия Франциямен соғыстың басталуына себепкер болды. Франция жеңілді, ал Пруссияға оңтүстік-герман мемлекеттерін біріктіруге мүмкіндік туды. Осылай, Еуропаның орталығында жаңа мемлекет - Герман империясы пайда болды. 1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, «тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен жарғылармен шешілмейді… Олар қан мен темірмен шешіледі» деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. «Қан мен темір саясаты», «темір канцлер» - саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін елестетеді. Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен Гольштейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болмырмау үшін бастады. Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Аустрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. [1] [2] [3]
Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме
Дипломат ретінде Бисмарк жақсы мектептен өтті. 1851-59 жылдары Франкфуртте Одақтық сеймде Пруссияның өкілі бола тұрып, ол “кішігірім кіріс, шығыстарды ” [1, 58c] үйренуге мүмкіндік алып, жекелеген герман мемлекеттерінің қарама-қайшы мүдделерінен шығатын дипломатиялық ойындарын талдады. Сонымен қатар, Одақтық сеймдегі қарсыластары, Меттерних мектебінен өткен, айлалы әрекеттер жөнінен шексіз тәжірибе жинаған австриялықтардан да, Бисмарк көп нәрсені үйренді. Пруссия королі “дипломатиялық өнердің жоғарғы мектебі” деп атаған Венадағы қысқа мерзімді жұмысы оған өте пайдалы болды. Кейіннен, 1859 жылы Петербургте Бисмарк орыс дипломатиясының тәжірибесін үйренеді. Бисмарктың өзі Горчаковтан “дипломатиялық өнердің сабақтарын” алып жүрдім деп жиі айтатын. Сонымен қатар, саясат, дипломатия жөніндегі Бисмарктың тағы бір мұғалімі Наполен ІІІ болатын. Ол француз бопапортизмнің тәсілдерін зерттеді. Үлкен мақсаттарды: неміс ұлттық буржуазиялық кластың мүдделерін қанағаттандыру, герман мемлекеттерін біріктіруді алдына қойған Бисмаркке Наполеон ІІІ өте ұнаған еді.
Сөйтіп, 11 жыл ішінде Бисмарк 3 ірі еуропа державалары: Ресей, Австрия, Францияның сыртқы саясаты мен дипломатиясын зерттеуге мүмкіндік алды. Бірақ ол Франкфуртте, Вена, Парижде алған тәжірибені, дипломатиялық тәсілдер кобинацияларын қайталап қана қойған жоқ. Бисмарк дипломатиясының “ұлы курфюрст”, Фридрих ІІ-ге тамырмен баратын өзінше ұқсамас белгілері де болды.
Шетел держеваларының пара беріп, Бисмаркті сатып алу әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Бисмарк ешкімнен ақша алған емес, бірақ 70-80 жылдары ол Германияның ішіндегі қыржы топтардың ықпалымен, олардың мүдделерін қорғағаны рас.
Бисмарк дипломатиялық интригалардан бас тартпайтын, дегенмен де мінезінің басты қасиеті, қарсыластарды таң қалдыратын талап күші еді. Біреуге жақсы тәрбие көрсетіп, біреумен ашық, тіпті дөрекі болып, ол адамда қандай әсер қалдырудың шешкеніне байланысты, Бисмарк әрбір адамға жеке жол іздеді. Ол әрқашанда күресте болып, соққы беруге дайын болатын. Дипломатиялық ептілік онда туралық, ақ көңілділік формасында болды. Керек жағдайда. ашықтық айқын байбаламға айналды. Бисмаркпен әңгімелескеннен кейін, Англияның болашақ премерьер-министрі Дизраэли “Бұл адамнан сақтаныңдар! Ол ойлағанын айтады” деген екен. Дизраэлимен әңгімелесіп Бисмарк оған мақсаттарын баяндайды: ол көп ұзамай Пруссия үкіметінің басшысы болатынын, армияны қайта құрып, бірінші мүмкіндікте Австрияға соғыс ашып, Герман мемлекеттерін Пруссия бақылауында біріктіруін, қуатты мемлекет құратынын.
Бисмарктың энергиясы барлық әңгімелескен адамды таң қалдыратын. Ол сабырлы емес, қызба қанды болатын. Кейіннен бұл қасиеттерге ашуланшақтылық қосылды. Кейде ашуын тия алмай, қол атындағыларын қорқытатын. Көп жылдар бойы Бисмарк ұйқы қашып азаптанды. Бірақ та, Бисмарк ауырса да, қызу жұмыс жасап шаршамайтын. Ол жек көрушілікті өмірдің двигателі деп есептеп, өзінің саяси қарсыластарын қатты жек көретін. Бірақ керек кезде ол өз сезімдерін сыртқа шығарған емес. қаталдық пен айлалықты ол дипломатия саласында ғана емес, саяси күштермен күресте де қолданатын. Өзінің саясатында ол армияны зорлық құралы ретінде пайдаланды, Пруссиялық милитаризм жүйесі оның саясатында тірек тапты. Тіпті дипломатиялық жолмен шешкен мәселеде де, Бисмарк сақтану үшін қару күшін қолданды.
Бисмарк сәттілік алғышарты дұрыс есептеліп алынған уақыт деп есептеді. Тек соғыс үшін жауакершілікті қарсыласқа аудару керек болды. Уақыт келгенде әрекет ету керек. “Кез-келген саясат, шешімсіздік саясатынан жақсы”деп жазды Бисмарк. Бірақ барлық жағдайда ашық болу қауіпті. “Сыртқы саясат тұрақсыз элемент белгілі жағдайларда ол уақытша қатты формаға ауысады, бірақ ауа райы өзгерсе өзінің алғашқы қалпына келеті”.
Бисмарктың сыртқы саяси концепциясы мемлекет мүддесіне негізделді, ол эмоционалды, идеологиялық мақсаттарды жоққа шығарды. Пруссияға не дұрыс болады, қайда мүддесі бар - бұл мәнге ие. Оған тырысу керек, керек болса соғысу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz