ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А. С. Сейтақов

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.

Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: «Өзін-өзі тану бақыты», «Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз…», «Мен - табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген.

«Өзін-өзі тану бақыты» атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз және т. б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.

Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі.

«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты II тарауда 1 сынып оқушылары достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, отба­сы, сыйластық, отан, махаббат және т. б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасын­да тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.

«Адам болам десеңіз…» атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру логи­касына жауап береді.

«Мен - табиғат перзентімін» атты IV тарауда табиғат, денсаулық, қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы, жапырағы, тамыры, қабығы т. б. ) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.

Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.

Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.

Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын артты­руда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу - өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан баста­лады.

Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік та­лаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрене бастайды.

Мысалға, бірінші сыныпта «Көмектесе білейік», «Тіл табыса білейік», «Менің досым», «Шаңырақ шуағы», «Сыйласаң - сыйлы боласың», «Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық - адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т. б. сабақтардың негізі баланы ойлануға, талдауға, қарым-қатынас жасай білуге, өзі шешім қабылдауды үйренуге, адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған.

Бастауыш сынып оқушыларының білімін және адамгершілік қасиеттер мен кұндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуда: «Шаттық шеңбері», «Мәтін оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелеу», «Әңгімелесу», «Ойын», «Жаттығу», «Шығармашылық жұмыс», «Жаттығу-ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Жүректен жүрекке», «Үй тапсырмасы» тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылған. Мысалға «Өзіммен-өзім» - бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т. б. ) қолданылады.

Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық - адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.

«Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі педа­гог Ш. Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сайты
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
  • ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi
  • Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
  • «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы
  • Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА САПАЛЫ МОНИТОРИНГ ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Райымбекова Толқын Қазнашқызы,

Жаңабекова Гауһар Жеңісбайқызы

Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты - үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Мониторинг «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру туралы ақпаратты үздіксіз жинау және өңдеу жүйесі ретінде:

  • оқу үдерісінің тиімділгін көтеру үшін басқару шешімдерін қабылдауға;
  • өзін-өзі тану бойынша білім стандарттарын және оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру мен дамытуға;
  • өзін-өзі танудың оқушы тұлғасының рухани-адамгершілік қалыптасуына әсерінің тиімділік дәрежесін анықтауға бағытталған.

Оқу үдерісін үздіксіз, ұзақ уақыттық бақылау және оны педагогикада басқару мониторинг деп аталады. Мониторинг - бұл нәтижені бақылау емес, іс-әрекет барысын, оның даму динамикасының тенденцияларын анықтау. Мониторинг «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша эксперименттің толық жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады және өз алдына білім үдерісін қадағалайтын байқау жүйесін көрсетеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мониторинг мақсаты - оқушылардың шынайы оқу жетістіктерін және жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Дәстүрлі түрде оқу және тұлғалық жетістіктер мониторингі үш аспектіде қарастырылады, мотивациялық аспект мінез-құлықтыққа кіреді:

  • когнитивті аспект;
  • эмоциялық-құндылықтық аспект;
  • мінез-құлықтық аспект.

Мониторингті өткізу кезіндегі педагогтың негізгі міндеті - оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау, алынған нәтижелерді оқушылардың шынайы жетістіктері тұрғысынан бағалау болып табылады. Мониторингті дұрыс ұйымдастыру үшін педагогтың жиналған ақпаратқа батып кетпеуін қадағалау керек және мониторинг нәтижелерін толық көлемде қолдана алатындай құрастыру қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 23 мамырдағы №692 «Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Адамның үйлесімді дамуы институты» туралы» және Министрдің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 «Адамгершіліктік-рухани оқыту мен тәрбиелеу бойынша экспериментті өткізу туралы» бұйрығымен 2001-2002 оқу жылынан бастап адамгершіліктік-рухани білім беру бойынша балалар мен оқушы жастарына эксперимент өткізу басталды. «Өзін-өзі тану» пәнінің тәжірибелік-эксперименттік апробациялауында эксперименттік алаңдар мәртебесін алған Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы 184 білім беру мекемелері қатысты, оның ішінде: 70 мектепке дейінгі білім беру мекемелері; 76 білім беру мектептері; 11 балалар үйі және интернат тектес мекемелер; 1 колледж; 26 жоғары оқу орындары бар.

«Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының шығармашылық ұжымдарымен өзін-өзі тану бойынша білім берудің әртүрлі деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер құрастырылды.

Олар мыналарды ұйғарды: мектепке дейінгі шақта - жалпыадамзаттық құндылықтар туралы алғашқы көріністерді қалыптастыру, өзін-өзі тану негіздерімен, отбасындағы және жақын ортадағы дұрыс мінез-құлық нормаларымен таныстыру. Бастауыш мектепте - көріністерді кеңейту және жалпыадамзаттық құндылықтарды терең меңгеру. Жоғары сыныптарда - өзін-өзі танудың көпжақты аспектілерін, адамзаттық құндылықтарды ары қарай меңгеру, адамзаттық қасиеттер мен дұрыс қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу. Студенттік шақта - өмірдің этикалық аспектілерін және кәсіби іс-әрекетті саналау. Оқытудың барлық кезеңдеріндегі пәннің практикалық бағыттлығы балалар мен жастардың қоғамға қызмет етуде белсенді қатысуын қарастырды.

Педагогикалық теория мен практиканың тығыз интеграциясының негізінде өзін-өзі тану бойынша білім үдерісінің жоғары оқу-әдістемелік жабдықталуы қамтамасыз етілді. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде ұсынылған адамгершіліктік-рухани білім берудің әдістемелік жүйесі оқушылардың барлық категорияларының өзекті қажеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын ескере отырып қарастырылды.

Эксперименттің алғашқы жылдарында (2001-2005 жж. ) қолданылған «Өзін-өзі тану» курсының нәтижесін бағалайтын әдістемелер анықталды. 2006 жылдан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнінің мемлекеттік білім стандарты бекітілген кезде өзін-өзі тану бойынша оқу жетістіктерін және оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің даму динамикасын критерийлік өлшеу жүргізіле басталды.

Эксперименттің барлық жылдарының аралығында педагогтар эксперимент барысын қадағалайтын қосымша бақылау әдісін жүргізді. Көптеген ашық сабақтар және тәрбиелік іс-шаралар бейнеге түсірілді.

2009-2010 оқу жылында қазақ тіліндегі мектепке дейінгі мекемелердің және мектептің эксперименттік алаңдарынан алынған салыстырмалы-қорытынды мәліметтерін төменде ұсынамыз.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттің аяқталу жылына орай мониторингтің бағдарламасы төмендегідей адамдардың санын қамтыды:

1) мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың саны :

- эксперименттік топтарда - 726 (ересек топ - 376, мектепалды тобы - 350) ;

- бақылау топтарында - 645 (ересек топ - 376, мектепалды тобы - 269) ;

2) білім беру мектептеріндегі оқушылардың саны - эксперименттік сыныптарда - 1818, бақылау топтарында - 1320:

- бастауыш мектептің эксперименттік сыныптарында - 1101 (1 сыныптарда - 252, 2 сыныптарда - 277, 3 сыныптарда - 277, 4 сыныптарда - 295) ;

- бастауыш мектептің бақылау сыныптарында - 791 (1 сыныптарда - 174, 2 сыныптарда - 167, 3 сыныптарда - 200, 4 сыныптарда - 250) ;

- 5-6 эксперименттік сыныптарында - 552 (5 сыныптарда - 296, 6 сыныптарда - 256) ;

- 5-6 бақылау сыныптарында - 400 (5 сыныптарда - 193, 6 сыныптарда - 207) ;

- 7 эксперименттік сыныптарында - 165;

- 7 бақылау сыныптарында - 129;

3) тәрбиешілердің саны - 50;

4) мұғалімдердің саны - 40;

5) ата-аналардың саны - 1074 (мектепалды топтарында - 645, 4 сыныптарда - 327, 6 сыныптарда - 102) .

«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген күтілетін нәтижелер жүйесі оқушылардың танымдық іс-әрекетінің даму мониторингі үшін, олардың жалпыадамзаттық құндылықтарды саналауы және қоғамға қызмет ету дағдыларын меңгеруі үшін негіз болды. Адамгершіліктік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалауға назар аударылды.

«Өзін-өзі тану» пәнінің педагогикалық тиімділігін зерттеу кезінде ғалымдар өзін-өзі тану бойынша оқушылардың тек оқу жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар эксперименттің барлық қатысушыларының тұлғалық және әлеуметтік даму динамикасын бақылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру үдерісіндегі ең бастысы - осы үдерістің барлық қатысушыларының тұлғалық өсуі, дәлірек айтқанда бұл - «Оқушы-Мұғалім-Ата-ана».

«Өзін-өзі тану» бойынша мониторинг жүйесі және диагностикалық материалдар әрқашан эксперимент бойы жетілдірілді.

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі диагностикалық әдістемелердің қолдану ерекшеліктерін сипаттайтын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бекітілген мониторингтік бағдарламаны төменде ұсынамыз:

Мектепке дейінгі балаларға арналған әдістемелер (ересек, мектепалды топтары) :

1) Топтағы психологиялық ахуал. Тұлғааралық қарым-қатынас құрылымында баланың мәртебесін анықтауға арналған «Екі үй» тесті. (Т. Д. Марцинковская) ;

2) Адамгершіліктің эмоциялық-құндылықтық аспектісі. «Сюжеттік суреттер» әдістемесі;

3) Когнитивті және мінез-құлықтық аспектілер. Мектепке дейінгі баланың моральдық мінез-құлқын зерттеуге арналған әдістеме.

Бастауыш мектеп оқушыларына арналған әдістемелер:

1) Сыныптық ұжымның психологиялық ахуалы;

2) Оқу жетістіктері. «Жақсы және жаман дегеніміз не» әдістемесі («Өзін-өзі тану» пәніне бейімделген) ;

3) Эмоциялық-мінез-құлықтық аспект. Брайанттың балалар мен жасөспірімдерге арналған эмпатия тесті;

4) Коммуникабельдік. «Қарым-қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Орта буынның 5-6 сынып оқушыларына арналған әдістемелер:

1) Сыныптық ұжымның психологиялық ахуалы;

2) Коммуникабельдік. «Қарым-қатынаста мен қандаймын?» тесті;

3) Өзіндік бағалау деңгейі;

4) Эмоциялық-мінез-құлықтық аспект. Брайанттың балаларға және жасөспірімдерге арналған эмпатия тесті.

Орта буынның 7-8 сынып оқушыларына арналған әдістемелер:

1) Сыныптағы психологиялық ахуал. Оқу тобындағы ұйымшылдықтың эксперттік бағалауы. Берілген сауалнаманы зерттелетін сыныптың сынып жетекшісі толтырады;

2) Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы;

3) Мейірімділіктің диагностикасы;

4) Эмпатияға бейімділікті бағалау;

5) Өзіндік бағалау деңгейі.

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тұлғалық-кәсіби өсу тесттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгімені талдау
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту
«Өзін-өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі туралы
Қажеттіліктерде тоқталып өттік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz