Өзін-өзі тәрбиелеу жайында
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
oo Өзін-өзі тәрбиелеу
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Өзін -- өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды.
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсін мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу -- адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке Мен-дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күңделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. Қазіргі кезде мектептерде міңдетті түрде өзін-өзі тану сабақтары енгізілуде, өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке Мендігін- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
Өзіңмен өзің түскен күрес -- ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс - ең ұлы жеңіс.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.
ІІ.Негізгі бөлім:
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: -Неге мен осындаймын?, Басқалар мені қалай қабылдайды?, Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам өткенді ойлап осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау -- адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, оның өмірдегі орнын өзі анықтауы адамның өз-өзімен және оны қоршаған ортамен үйлесімділікте жүргізілуі кажет.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1)Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын ашыңыз.
2)Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы қандай қатынаста болады?
3)Тәрбие түрлері қалай топтастырылады?
4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады?
5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу - адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі тану - өз алдына жеке ғылым. Бұл - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік - психологиялық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған.
Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз ететін өзін-өзі тану бүгінгі күні маңызды орынға ие болып отыр. Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады.Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.
Өзін тәрбиелеу-өмір талабы
... Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады-, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Эйнштейн де Әр баланың бойында ақылдылық болмысы болады-,деген. Расында солай. Дегенмен бұл қағидаға бірі сенсе, бірі сенбес. Себебі, жарық дүниеге көзімізді ашқанда бәріміз бірдей кейіпте болып, өсе келе өзгеріп сала береміз. Қалайша? Неліктен? Осы сұрақ төңірегінде өрбітсек. Өзін- өзі тәрбиелеу-адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның болашақ кейпін елестетуіне тәуелді. Бұл аксиологияны бүкіл әлем мойындауда. Ал бізде... Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Адам баласы өзін жақсы көрсе ғана, айналасындағыларды жақсы көре алады. Бұл - өзіндік сананың маңызды элементі. Өзін-өзі қастерлей білу - адамның жеке басының құнды болуы үшін аса маңызды сипат. Америкалық психолог, ақын Джон Кехоның Подсознание может все! еңбегінде өмірлік азық болар дүниелер тізбектеліп өрілген. Соның ішінде, ұлттық болмысымызға сай тұстарын бойымызға жинақтай білсек болғаны. Осы кітапты оқи отыра ой түйгенім, біз бір мезгілде екі әлемде өмір сүреміз. Біріншісі - жаңа рухпен қандандыратын нәзік сезім, таза пейілмен жандандыратын иірімді ойлар болса, екіншісі - адам баласына қызмет көрсетіп тұрған табиғаттың бөліктері бар әлем. Көп жағдайда сыртқы өмір бізге әмірін жүргізеді. Соның әсерінен көптеген келеңсіз жағдайларға душар болып жатамыз. Эгоизм басым болады, ішімдікке салынады, еңбектің көзін таппай жатады,тағысын тағылар... Егер естілердің қатарында болғың келсе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz