Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
2) Өкпе тіндері тығыздалуының пайда болу себептері және механизмдері
3) Өкпе тіндері тығыздалуының клиникалық көріністері
4) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромы диагностикасы
5) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері.
Анықтамасы. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы деп әр түрлі патологиялық жағдайларға байланысты өкпе ұлпалары сұйық жиналғандықтан, басқа тығыз тіндермен алмасқандықтан немесе ауадан босап солып қалуынан қатайғанын атайды. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромы өзіне тән морфологиялық, рентгенологиялық, клиникалық белгілерден құрылады. Практикалық салада ол көбінесе клиникалық және рентгенологиялық мәліметтер арқылы анықталады.
Пайда болу себептері және механизмдері. Өкпе паренхимасының тығыздалып қатаюы бір неше механизмдерге қарай туындайтын дерттік жағдай: альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналуы, өкпе тіндері басқа тығыз тіндермен алмасуы, өкпе тіндері ауадан босап солып қалуы. Ең алдымен, өкпенің қатаюы альвеолалардың зақымдануына байланысты болып келеді, альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналу салдарынан. Альвеолаларға экссудат (қабынба сұйықтығы), транссудат (тамыр іргелерінен сүзіліп өткен қабынба емес сұйықтық), қан сияқты сұйықтықтар жиналуы мүмкін. Экссудат жиналу - қабыну процесс көрінісі, пневмония, туберкулез ауруларына тән. Альвеолаларға құрамында жасушалық элементтер, лейкоциттер көп, фибрин талшықтары бар, микроорганизмдер және олардың токсиндері бар жабысқақ сұйықтықтар жиналады. Өкпе тіндерінің тығыздалуы альвеолаларға қан жиналғандықтан да пайда болатын синдром. Қан жиналу - өкпе ұлпаларының ыдырауымен (деструкциясымен) жүретін патологиялық жағдайларға тән: өкпе инфарктісі, өкпе туберкулезі, өкпе қатерлі ісігі, өкпе іріңдігі. Транссудат жиналу - организмде су-электролиттер тепе-теңдігі бұзылу, қанның осмостық, онкотикалық қысымының өзгеруі, тамырлардағы гидростатикалық қысым жоғарылауына байланысты туындайды.
Өкпе ұлпаларының тығыздалып қатаюы туындайтын келесі механизм - өкпе тіндерінің басқа ауасыз тығыз тіндермен алмасуы: дәнекер фиброзды тіндермен алмасуы - пневмосклероз, қатерлі ісіктер тіндерімен алмасуы - өкпе обыры, өкпе тіндерінің іріңдеп ыдырауы - өкпе абсцессі.
Өкпенің ауадан босап солып қалуы ателектаз деп аталады. Морфология-лық өзгерістер тұрғысынан қарайтын болсақ, ателектаз да өкпе тіндерінің тығыздалуы болып табылады. Ателектаз деген сөздің дәлме-дәл мағынасы жазылып созылмауы дегенге келеді. Өкпенің сырт жақтан басылып қалуы (плевра қуысына сұйықтық немесе ауа жиналу, үлкен қатерлі ісіктер) - компрессиялық ателектаз деп аталады. Бронхтар бітеліп (бөгде зат, қатерлі ісік), бронхтар бойымен өкпеге ауа бармағандықтан өкпе тіндері солып қалуы - обтурациялық (бітегіш) ателектаз болып келеді.
Сонымен, өкпе тіндерінің тығыздалып қатаюы әр түрлі ауруларда және патологиялық жағдайларда кездесе береді. Аталған аурулардың әр қайсысының өзіне тән көптеген ерекше әйгіленімдері болғанымен, бұлардың барлығына ортақ болып келетін бір қатар белгілерді іріктеп алуға болады. Бұл белгілер жиынтығы өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы болып табылады.
Клиникалық белгілері. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы көріністері науқасты тексеру барысында, тікелей, физикалық зерттеулер қолданғанымызда және инструменталды тексерулер қолданғанымызда анықталады.
Сұрастыру арқылы науқас ентігетінін білеміз. Өкпе тіндерінің тығыздалуына әкелетін механизмдерді еске түсіретін болсақ, науқас көбіне демін ішке ала алмай қиналады - инспираторлық ентігу. Ентігу дәрежесі тығыздалып, істен шыққан өкпе көлеміне байланысты болып келеді, мысалы бөліктік пневмония жағдайында бұл көрініс айқын келсе, ошақты пневмониямен сырқаттанған науқас ентікпеуі де мүмкін.
Альвеолаларға сұйықтықтар жиналған болса, науқас жөтелетініне шағым айтады. Жөтелі құрғақ болуы мүмкін, немесе қақырық тастап жөтеледі (кілегейлі, кілегейлі-іріңді, серозды), кейде сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz