Өкпе туберкулезді науқастарды емдеудегі фармакотерапиялық кешендердің дәреметтілігі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өкпе туберкулезді науқастарды емдеудегі фармакотерапиялық кешендердің дәреметтілігі

Туберкулезге қарсы антибактериалдық фармакотерапияның комбинациялық қолдануын тежеп отыратын мәселелердің негізінің бірі, химиотерапиялық емдеу кезіндегі пайда болатын дәрілердің жанама, жағымсыз әсерлері, осыған байланысты туберкулезге қарсы фармакотерапияның мерзімін қысқартып және туберкулостатиктердің жағымсыз әсерін алдын-алу қәзіргі фтизиатрия мен клиникалық фармакологияның негізгі бағдарламасы болып табылады. Туберкулостатиктердің негативті жағымсыз әсерінен бауыр ағзаларының зақымдануы және дәрілік гепатиттердің орын алуына байланысты, арнайы туберкулезге қарсы антибактериялық емдік әдістерді тоқтатуға мәжбүр ететін жағдай. Липидтердің асқын тотығының өнімдерінің топтасуының қуаттануы және химиотерапияның әсерінен бұл процестердің өршіп кетуі негізгі емдік кешендердің белсенділігін төмендетуге алып келеді. Липидтердің асқын тотығуының өршуінің негізгі себептердің бірі: ғылыми деректер бойынша, қанның түйіршіктерінде антитотықтырғыш фермент жүйесінің белсенділігінің төмендеуі негізгі себеп болып келеді.

Зерттеудің негізгі мақсаты липидтердің асқын тотығының (ЛАТ) өнімдерінің және антитотықтырғыш жүйесінің тепе-теңдігінің фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруін анықтау.

Туберкулезге қарсы химиотерапияның құрамына тимогенді, иммуномодулинді және мия тамырының фитопрепараты-рувиминді қиылыстырып емдеген соң, туберкулезге қарсы химиотерапияның әсерінен инфильтраты шектелген науқастардың қанындағы интегралды көрсеткіштердің мәні емге көрсеткішпен салыстырғанда 3 айдан кейін 75, 9%-ке, 6 айдан соң бір жарым артық (172, 6%) денгейге көтеріледі, инфильтраты таралған науқастардың бұл көрсеткіштің деңгейі емге дейінгі мәнімен салыстырғанда 3 айдан соң 72, 4%, 6 айлық туберкулостатиктердің әсерінен бір жарым еседен (163, 1%) артық өсіп отырды.

Химиотерапияның құрамына тимогенді қиылыстырып ӨТ-нің инфильтраты шектелген науқастарды емдегеннен соң 3 және 6 айдан соң бұл көрсеткіштің мәндері химиотерапиялық тобымен салыстырғанда 38, 5%-ке және 45, 2%-ке төмендеді, бірақ бақылау тобына қарағанда екі және үш есе жоғарғы деңгейде болды.

Иммунохимиотерапиялық емдік кешеннің әсерінен ӨТ инфилтраты шектелген науқастардың қанындағы интегралды коэффициенттің мәні 3 айлық химиотерапиялық тобына қарағанда 72, 6%-ке, емдік тобымен салыстырғанда 26, 1%-ке төмендеп бақылау тобының көрсеткішіне жақындай түсті, бірақ оның мәні әлі болса 46%-ке жоғарғы деңгейде болды. Интегральды көрсеткіштің 6 айлық иммунохимиотерапияның емдік әсерінен химиотерапиялық тобына қарағанда 71, 8%-ке, ал емдік тобымен салыстырғанда 48, 6%-ке азайды, бірақ бақылау тобымен салыстырғанда бір еседен аса (133%) жоғары деңгейде болды.

Иммунохимиотерапиялық кешеннің құрамына рувиминді енгізіп, Өт-нің инфильтраты науқастарды 3 және 6 ай бойы емдегенде ЛАТ пен АТЖ - нің қандағы интегральды көрсеткіші едәуір өте жоғары сенімді түрде төмендейді, азаю деңгейі туберкулостатиктер қабылдаған топқа қарағанда 3 айдан кейін төрт есеге жақын төмендеді, ал тимогенді және иммуномодулинді емдік тобымен салыстырғанда оның мәні 66, 1%-ке және 26, 1-ке төмендеп бақылау тобының мәніне теңеле түсті, ал 6 айлық соң интегральды көрсеткіштің мәні туберкулостатиктер қабылдаған тобына қарағанда төрт есеге, тобымен салыстырғанда азаю деңгейі 64, 7%-ке құрады, иммунохимиотерапиялық емдік кешенмен салыстырғанда оның мәні 31, 4%-ке төмендеді, бірақ бақылау тобымен салыстырғанда 60%-ке жоғары болды. Алынған мәліметтер өкпе туберкулезінің инфилтраты шектелген түрімен зардап шегетін науқастардың қанындағы ЛАТ-АТЖ -нің қатынасын анықтайтын интегральды көрсеткіштің мәні 2 есе жоғарғы деңгейде болып, туберкулезге қарсы химиотерапияның жағымсыз әсерінен бұл көрсеткіштің мәні өседі, ал тимоген немесе иммуномодулинді туберкулостатиктермен қиылыстырып емдік шара түрінде қолданғанда интегральды коэффициенттің мәні төмендеді, азаю деңгейі иммуномодулинді тобында жоғары болды. Иммунохимиотерапиялық кешеннің құрамына рувиминді енгізгенге, бұл интегралды көрсеткішті жоғарғы деңгейде төмендеуін, дені сау адамдардың мәні теңеледі (3 ай) немесе жақындай түсті (6 ай) .

Қорытындылыр

  1. Өкпе туберкулезімен зардап щегетін науқастардың қаннында липидтердің асқын тотығының өнімдері мен антитотықтырғыш жүйесінің тепе-теңдігі бұзылып, гипероксидациялық жағдайға алып келіп, тіберкулостатиктердің әсерінен бұл жүйелердің тепе-теңдігінің өзгеруі терең дәрежеде орын алады.
  2. Химиотерапиялық кешендердің құрамына тимоген, иммуномодулин және мия тамырынан алынған рувимин препараттарын енгізгенде олардың антитотықтырғыш қасиеті жоғарылап ЛАТ-АТЖ дисбалансын реттеуге фармакотерапиялық әсері бар. Емдік қасиеті бойынша осылай орналасады: Химиотерапия (ХТ) <ХТ+тимоген<ХТ+иммуномодулин<ХТ+рувимин.

Әдебиеттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Мәселелік дәрілер туралы түсініктеме. Қазіргі фармакотерапияның дамуындағы дәлелді медицинаның рөлі
Туберкулезге қарсы балалар санаториясындағы балалар
Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша істер жүргізу
Препараттың химиялық құрылысы
Туберкулезді диагностикалау және емдеу
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық
Туберкулезбен ауыратын пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz