Өкпенің тығыздалу синдромы. Балалардағы ерекшелігі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өкпенің тығыздалу синдромы. Балалардағы ерекшелігі.
Мақсаты: өкпенің тығыздалу синдромының симптомдарын және оларды физикалық зерттеу әдістері білу. Балалардағы ерекшелігі.
Жоспары
1.Синдром туралы түсінік. Әкелетін факторлары.
2.Бөліктік пневмонияның клиникалық көрінісі
- қабыну инфильрациясы синдромының 1 стадиясындағы көрінісі
- қабыну инфильрациясы синдромының 2 стадиясындағы көрінісі қабыну инфильрациясы синдромының 3 стадиясындағы көрінісі
3.Лабораторлық-құралдық зерттеу әдістері
4. Балалардағы пневмонияның ерекшелігі.
Кіріспе
Бір патогенезге негізделген, бір- бірімен байланысқан симптомдардың жиынтығы. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы өкпенің ауалық бөлігінің азаюымен немесе мүлдем жоғалуымен сипатталады.
Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы.
Бұл синдром кезінде тығыздалу белгілі бір ошақта болады, айналасында қалыпты өкпе тіні жайлайды.
Кездесетін жағдайлар:
а) Ошақты пневмонияда (бронхопневмония), альвеолалар қабынған сұйықтықпен және фибринмен толады.
б) Өкпе инфарктісінде (альвеолалар қанмен толады).
в) Пневмосклероз, карнификация (өкпеде дәнекер тінінің, ісіктің өсуі).
Өкпе тінінің бөліктік тығыздалу синдромы.
Бұл синдромда ошақты тығыздалу синдромымен салыстырғанда, өкпенің бір бөлігі немесе бірнеше бөлігі тығыздалады.
Кездесетін жағдайлар:
а) крупозды пневмония (плеврапневмония ), альвеолалар қабынған сұйықтықпен және фибринмен толады.
б) пневмосклероз, карнификация (өкпеде дәнекер тінінің, ісіктің өсуі).
Пневмония-өкпенің тыныстық бөлімдерін ошақты зақымдайтын және альвеолаларды экссудатпен толтыратын инфекциялық ауру.
Әсер ететін факторлар:
* Темекі тарту;
* Маскүнемдік;
* Жұмыс істеу ортасының шаңды және газды болуы;
* Балалық шақта ауырған аурулары қызылша, көксау,созылмалы бронхит және тыныс алу жүйесінің жеңіл аурулары өкпенің қабынуына себеп болады.
Қабыну синдромының бірінші стадиясы:
Қарау:
* Цианоз, тыныс алу актісінде зақымдалған кеуде қуысының қозғалғыштығының төмендеуі;
* Ауырсынуды басу үшін ауырсынуы бар бөлікке қарай жату (бүйірге қарай жату);
* Қызбалық бет (Facies febrilis), беттің қызаруы (жиі ауырсыну болған жақта), көздері жылтыраған, еріндері кепкен. Ерін мен мұрын манайында герпестік бөртпелер кездеседі.
Пальпация: кеуде қуысының эластикалық қасиетінің төмендеуі, тығыздалу бар аймақта дауыс дірілінің жоғарлауы.
Перкуссия: перкуторлы дыбыстың тұйықталып, тимпаникалық дыбысқа ауысуы, зақымдалған бөлігінің төменгі бөлігінің қозғалғыштығының төмендеуі.
Аускультация: везикулярлы тыныстың әлсіреп, бронхтық тынысқа ауысуы. Бастапқы сықыр (crepitatio indux). Бронхофония жоғарлаған.
Екінші стадия:
Шағымдары: дымқыл жөтел, 2-3 күндері жөтелмен тот басқан какырық (қызыл бауырлану кезеңінде), кейін шырышты-іріңді (сұр бауырлану кезенінде) шығады. Тыныс алғанда кеуде қуысының ауырсынуы. Ентігудің жоғарылауы. Қызба, әлсіздік, терлеу сақталады.
Қарау: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Тыныс алу жүйесі жайлы
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Туберкулездің эпидемиологиясы
Балалардағы өкпе туберкулезі
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Жалпы пневмония белгілері
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Пәндер