Парабиоз.Синапстардың физиологиялық қасиеттері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

СӨЖ
Парабиоз.Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
Орындаған: Ильясова Д
Тобы: ЖМ-208
Қабылдаған: Жұмабекова Р

Түркістан 2015 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
Синапстар туралы түсінік
II.Негізгі бөлім:
1. Синапстардың түрлері.
2. Синапстардың құрылысы.
3. Қозудың синапстар арқылы берілу механизмі.
4. Парабиоз.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Синапс ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді. Синапс құрылымында негізгі үш бөлімді айырады: 1 -пресинапстық звеноны немесе пресинапсты (көп жағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2 - постсинапстық звеноны немесе постсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3- пресинапс пен постсинапс арасындағы болар - болмас (10-50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін байланыс түзетін аймағы көп жағдайда пресинапстық мембрана немесе мембрана деп те атайды.
Аксон талшылықтарының жасуша денесінде түзетін синапстарын қандай жасуша бөлімімен байланысуына қарай: аксоматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әр түрлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірімен байланыстыратын сомато-соматикалық және жасуша денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.
Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң - электрлік синапстар, ең азы - аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық сањлаудың диаметрі айқындайды. Химиялық синапстарда оның шамасы 10-20 нм - дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небәрі 0,0001 бөлігі өтеді. Ал бұл мембраналық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерісін өрбіте алмайды. Сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі химиялық заттардың (медиаторлардың) қатысуымен жүзеге асады. Медиаторлар пресинапстың артындағы кеңейген аксон терминаль бөлігінің ішінде болатын диаметрі 30-50 нм шамасындай көпіршіктерде орналасады. Нерв талшығының бойымен келген импульстің әсерінен пресинапс мембранасындағы кальций каналдарының өткізгіштігі жоғарылайды да, ішке қарай өтетін кальций иондарының ағыны күшейіп, көпіршікткр маңындағы олардың концентрациясы артады. Бұл концентрация тиісті шамаға жеткенде көпіршіктер пресинапстық мембранаға қарай жақындап, тіпті онымен сіңісіп кетеді. Осы кезде олар жарылып, ішіндегі медиатор кванттары босайды (әр көпіршікте 1 квант, әр квантта бірнеше мың молекула болады). Химиялық зат - медиатор синапстық саңылауға түсіп, субсинапстық мембранадағы арнайы белок-липоидты молекулалардан тұратын сезгіш рецепторлық туындымен өзара әрекеттеседі. Субсинапстық мембрананың ион өткізгіштігі өзгереді. Егер медиатор қозу тудырушы болса мембранада деполяризация жүреді. Қоздырушы постсинапстық потенциал пайда болады. Медиатор кванттарының мөлшері жеткілікті болған жағдайда қоздырушы постсинапстық потенциал таралатын әрекет потенциалына айналады.
Электрлік синапстардағы саңылау диаметрі 2- 4 нм-ден артпайды. Онымен қоса бұл саңылауларда диаметрі 1-2 нм-дей болатын белокты молекуладан тұратын, пресинапстық мембрана мен субсинапстық мембранаға бойлай еніп оларды өзара байланыстыратын көпіршелер - каналдар болады. Каналдар біраз бейорганикалық иондардың, кейбір майда молекулалардың бір жасушадан екіншілеріне өтуіне көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да, пресинапстық ток күші әлсіреместен постсинапстық жасушаѓа өтеді.
Химиялық синапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар: 1. Олар арқылы қозу кешігіп өтеді (синапстық кешігу), мысалы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда мұндай кешігу болмайды. 2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйткені тиісті сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта да өте алады. 3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғатына, қызметіне қарай, постсинапстық (субсинапстық) мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте алады, өйткені пресинапстардан нерв импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Қозғыш ұлпа және олардың физиологиялық қасиеттері
Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы, негізгі мақсаттары
ОЖЖ жалпы сипаттама. Нейрон. Рефлекс доғасы, түрлері
Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Әрекет потенциалы. Қозуды өткізу. Парабиоз туралы ілім
Қозғыш ұлпалар физиологиясы
Нерв талшықтарының қасиеттері
Синапстық өткізудің ерекшеліктері
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Пәндер