Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі

Соғыстың қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- мен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.

1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық кон­ференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клеман­со, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.

Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:

- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;

- ірі ка пи талист! к елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;

- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.

Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференция-

сында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты - дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Анг лия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жара- ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние жүзінде көмірдің 50% өндірді; автомобильдің 85% шығарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:

- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;

- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;

- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;

- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;

- қару-жарақты қысқарту;

- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;

- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.

Париж конференциясында АҚШ Президенті В. Вильсонның бейбітшілік сүйгіш саясатты білдірген «14 пункттен» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.

«14 пункттен» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ- тың экспанциялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Кле­мансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.

Версаль келісімі. Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы а йн алы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.

Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма- нияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі

бойынша Германия жерінің - бөлігінен айырылды.

Екіншіден, Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Ре йн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берілді. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды.

Ү шінші ден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия - 10%, Бельгия - 8%- ын алатын болды.

Төртіншіден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді. Намибия

- Британияның доминионы Оңтүстік-Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөлігі және Руанди, Берунди Францияға берілді. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Анг лияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Қытайдағы Шаньдун түбегі Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдің шығыс бөлігі, архипелаг Самоа берілді.

1919- 1920 жылдардағы Германия және оның одақтастары- мен болған келіссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерістер әкелді.

Біріншіден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдері тәуелсіздік алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдігін мойындады. Жер өзгерістерін бекітті. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстік Тироль Италияға берілді. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиісті болды.

Екіншіден, 1919 жылы қарашаның 27 күні Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келісімі болды. Батыс Франция Грецияға беріліп, Эгей теңізіне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдігіне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтін болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Париж конференциясы
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Версаль вашингтон жүйесі
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz