ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
№ 1. тақырып. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: жоғары медициналық білім беру жүйесінде патологиялық физиология пәнінің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыруу
Дәріс жоспары:
1. Патологиялық физиология курсына кіріспе.
2. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде жоғары медициналық білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы, оның басқа ғылымдармен байланыстылығы.патологиялық физиологияның негізгі міндеттері
3. Патологиялық физиологияның әдістері. Медициналық-биологиялық тәжірибені құрудың жалпы ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеуде жануарларда дерттік үрдістерді үлгілеу және эксперименттік емдеу мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада тәжірибенің және басқа да үлгілеу әдістерінің шектеулігі және оған қол жеткізу жолдары.
Дәрістің тезистері
Патофизиология (грекше Pathos - ауру, дерт, physis - табиғат, қызмет, logos - ғылым) - ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.
Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Патофизиологияның міндеттері
* Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу
* Патогенез сұрақтарын зерттеу
* Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу
* Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру
Патофизиологияның негізгі тәсілі - патофизиологиялық эксперимент - әртүрлі аурулардың пайда болу, даму тетіктеріің заңдылықтарын зерттеу және емдеу мен алдын алудың жаңа әдістерін өңдеу және тиімділігін анықтау, дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу.
Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.
Үлгілеуге қойылатын талаптар:
1) Ауруды тудыратын себеп пен жағдайдың сәйкестігі және оны үлгілеуде қолдану
2) Ауру мен оның үлгісінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық, қызметтік және құрылымдық өзгерістерінің ұқсастығы
3) Типтік асқынуларындағы ұқсастық
4) Бірдей әсерлермен емдеудің тиімділігі
Тәжірибенің артықшылығы:
* Аурудың бастапқы (әйгіленімсіз) сатысын зерттеу
* Аурудың емделмеген түрін зерттеу
* Аурудың кезкелген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу
* Емдеудің жаңа әдістерін өңдеу және дәрілік заттарды зерттеу
Тәжірибенің кемшілігі:
* Адамның барлық ауруын жануарларда үлгілеу мүмкін емес
* Жануар аурулары адам ауруларынан ерекшеленеді (адам ауруын жануарда толық көлемде алу мүмкін емес)
Қазіргі кезде жануарларда тәжірибе жасау төмендегі негізгі нормативті құқықтық актілермен бақыланады:
* ҚР ДС 2007 жылғы 25 шілдедегі № 442 Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы бұйрығы.
* Қазақс тан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы №51 Қазақстан Республикасында фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу бойынша Құрылымды бекіту туралы бұйрығы
* Қазақстан Республикасының Зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалары мемлекеттік стандарты. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №575 бұйрығы.
* ҚР денсаулық сақтау Министрінің қ.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 19 Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жою, сақтау және тасымалдау, залалсыздандыру, қолдану, жинауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптары № 2674 құқықтық-нормативті акті бойынша мемлекеттік регистрде тіркелген бұйрығы.
Бұл құжаттардың мақсаты клиникаға дейінгі және медициналық-биологиялық тәжірибелерді бақылау, құжаттық рәсімдеу, жүргізу, жоспарлауға, сонымен бірге зерттеу барысында алынған ақпараттардың дәлдігі мен парықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций под ред. А.Н.Нурмухамбетова : Патофизиология в схемах и таблицах: - Алматы: Кітап, 2004. - ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. - Алматы; РПО Кітап, 2007. - С. 6-22.
2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. - Алматы: Кітап, 2004. - С. 12-17.
3. Патофизиология Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И. - Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.25-61
4. Патологическая физиология: Учебник пр Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. - 2-е изд. - М.: МЕДпресс-информ, 2004. - С. 18-30.
5. Патологическая физиология пр А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. - М.: Триада-Х, 2002. - С. 1-14.
Қосымша
6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. - С. 3-11.
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 1. - С. 25-37.
8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов подред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Патофизиология нені зерттейді?
2. Патофизиологияның негізгі әдісі
3. Жануарлардағы тәжірибенің артықшылығы мен кемшілігі
4.
№ 2. тақырып. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ
Мақсаты: жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру
Дәріс жоспары:
1. Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
2. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
3. аурудың сатылары, сипаттамалары.
4. Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
5. Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.
Дәрістің тезистері
Нозология - ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).
Денсаулық - бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай БДСҰ.
Ауру - әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы И.Петров.
Аурудың нышандары
* Науқастың шағымы
* Дерттің айғақты әйгіленімдері
* Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі
* Еңбекке қабілетінің төмендеуі
Ауру алды - денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары
* Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі
* Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы
* Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)
Дерттік серпіліс - (re - қарсы, action - әсер, серпіліс) -
Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы
Дерттік үрдіс - зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:
* Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
* Көп себепті (полиэтиологиялы),
* әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
* айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
* эволюцияда барысында түзілген
Дерттік жағдай - организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:
* аурудың басталуы
* нағыз ауру сатысы
* аурудың аяқталуы
Жұқпалы аурулар сатысы:
* инкубациялық кезең
* хабаршы сатысы
* айқындалу кезеңі
* аурудың аяқталуы
Аурудың аяқталуы
* сауығу (толық, шала)
* созылмалы түрге ауысуы
* өлім
Өлім
* табиғи
* патологиялық
Өлімнің сатылары: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
Реанимация - организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.
Тірілтудің ұстанымдары:
* жүрек қызметін қалпына келтіру
* тынысты қалпына келтіру
* бұзылған гомеостазды қалпына келтіру

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: - Алматы: Кітап, 2004. - ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

3. Патофизиология Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И. - Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89

6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. - С. 11-19.

9. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
10. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-60.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. аурудың нышандары.
2. ауру алды нышандары.
3. жұқпалы аурулардың сатылары.
4. өлім кезеңдері.
5. тірілтудің ұстанымдары.
№ 3 тақырып ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ
Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.
Дәріс жоспары:
1. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.
2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.
3. Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің бастапқы тізбегі және патогенездегі кері айналып соғу шеңбері туралы түсінік.
4. Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.
Дәріс тезистері
Этиология (грекше aitia - себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
Себеп - ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
* Ауру дамуының алдында әсер етеді
* Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
* Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
* Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай - аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos - ауру, дерт, genesis - даму) - аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
Патогенез - ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек - патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) - патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы - аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем - патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы; РПО Кітап, 2007. - С. 22 - 25, 75-80.
2. Патофизиология Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И. - Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
3. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: - Алматы: Кітап, 2004. - С. 17-22.
4. Патологическая физиология: Учебник пр Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. - 2-е изд. - М.: МЕДпресс-информ, 2004. - С. 30 -38.
5. Патологическая физиология пр А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. - М.: Триада-Х, 2002. - С. 8-14.
Қосымша
1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов подред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25.
3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 1. - С. 37-45.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Этиология анықтамасы, түсінік.
2. Патогенез анықтамасы, түсінік.
3. Патогенездегі негізгі тізбек.
4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
№ 4 тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мақсаты: аурудың туындауы мен дамуында организм реактивтілігінің маңызын анықтау.
Дәріс жоспары:
1. Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.
2. Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.
3. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.
4. Реактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы
Дәріс тезистері
Реактивтілік (Re - қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).
Реактивтілік - сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).
Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.
Реактивтіліктің көріну түрлері:
Нормергия - әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия- қалыптан тыс жауап:
* гиперергия - реактивтіліктің жоғарылауы
* гипергия - органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)
* анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
* дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
Организм төзімділігі - ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері
* Түрлік - реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)
* Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)
* Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.
* Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік - антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік - иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік - сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.
Дене бітімі (лат. constitutio - жағдай, қасиет) - тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
* Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.
* Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен
* Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.
Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:
* Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).
* Аурулардың созылмалы түрде өтуі.
* Патологияның көптігі
* Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы
* Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.
Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.

1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. - Алматы; РПО Кітап, 2007. - С. 80-115.
2. Патофизиология Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И. - Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307
3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. - Алматы: Кітап, 2004. - С. 23-33.
4. Патологическая физиология: Учебник пр Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. - 2-е изд. - М.: МЕДпресс-информ, 2004. - С. 81-90.
5. Патологическая физиология пр А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. - М.: Триада-Х, 2002. - С. 73-89.
Қосымша
1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. - Т. 1. - С. 41 - 44.
3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов подред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
4. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998. - 175с.
5. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. - 162б.
6. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. реактивтіліктің түрлері.
2. төзімділіктің түрлері.
3. М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.
№ 5. тақырып ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістерінің (жедел кезеңнің жауабы, стресс, сілейме, кома) этиологиясы, патогенезін және организм үшін маңызы туралы білімін қалыптастыру
Дәрістің жоспары:
1. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.
2. Жедел кезеңнің жауабы, себептері, дәнекерлері және олардың әсері. Жедел кезең жауабының нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың жедел кезең жауабының маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.
3. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық - бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.
4. Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.
5. Кома, түрлері, даму тетіктері.
Дәріс тезистері
Этиологиялық жайт
↓
Тіндердің зақымдануы
Жергілікті серпілістер жалпы серпілістер:
(қабыну жедел кезеңнің жауабы, қызба, стресс, сілейме)
Жедел кезеңнің жауабы немесе иммундық жауап - зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі, жүйелік қабынулық жауаптың бір құрамбөлшегі.
Жедел кезең жауабы бактериялық, саңырауқұлақтар, вирустық жұқпалар, қабыну, жарақат, күйік, өспелер, тіндердің ишемиясы, иммундық дерттік үрдістерге дамиды. Клиникалық жағынан аурудың бейнақты белгілері: ауыру сезімі, жайсыз сезіну, буындардағы ауыру сезімі, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу хабаршы кезеңнің көріністеріне сәйкес келеді. Бұл өзгерістердің патогенезінде жедел кезең жауабы дәнекерлері - цитокиндердің жүйелі әсерінің және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (стресс) әсерленуінің маңызды орны бар.
Жедел кезең жауабының негізгі әсері
Гипоталамус
Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)
Гипоталамус гипофиз - бүйрек үсті бездері жүйесі
Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы - АКТГ ↑ -- глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)
Зат алмасу
Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе - теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.
Иммундық жүйе
Т және В лимфоциттерінің әсерленуі
Қан плазмасы
- Калликреин - кинин, комплемент, қан ұйытатын, ұюға қарсы жүйелердің әсерленуі
- Диспротеинемия
- Сиал қышқылдарының көбеюі (гликопротеидтердің құрамбөлшектері)
- ЭТЖ - ң жоғарылауы
Қан түзу жүйесі
( сүйек кемігі)
Нейтрофилдік лейкоцитоз
Ретикулоцитоз
Нейтрофилдер
Лактофериннің шығуы -- қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) -- гипосидеремия
Бауыр
Жедел кезеңнің жауабы глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз (қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының ҮІІ, ІХ факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин ІІІ, плазминоген, а 2 - макроглобулиннің, барлығы 30 жуық).
Жедел кезеңнің жауабы глобулиндерінің қызметі:
* антиоксиданттық (церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 - макроглобулин)
* микробтарға қарсы (С - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады -- бактериялардың өсіп - өнуі төмендейді
* гемостазға қатысуы (қан ұйытқыш және ұюға қарсы жайттар).
ЖЕДЕЛ КЕЗЕҢ ЖАУАБЫНЫҢ ОРГАНИЗМ ҮШІН МАҢЫЗЫ
* Қорғаныстық
Жедел кезеңнің нәруыздары микробтарға қарсы, антиоксидантты әсер көрсетеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелердің қызметін өзгертеді, қызбаны тудырады, фагоцитозды әсерлейді, стресс дамытады. Цитокиндер зақымдануға жедел жауап беретін бөліктерге қордағы метаболиттердің (аминқышқылдары сүйек кемігіне, лимфа тіндеріне, бауырға бағытталады) қайта бөлінуін қамтамасыз ете отырып зат алмасуының түбегейлі қайта құрады. Соның нәтижесінде бұзылған гомеостаз қалпына келіп, өліеттенген тіндер шығарылып, артық тіндік протеазалар байланыстырылып, жойылады, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасалады.
* Патогендік
Цитокиндердің артық әсері организмге теріс әсер етеді. Әсіресе ішек қимылы мен мембраналық асқорытуды тежейтін ИЛ-1 мен ӨТЖЖ біріккен әсерінен құсу, іш өту, гепатоциттердің құрылымдық бұзылысы дамып, гиперкалиемия мен ацидозды күшейте түседі. Бұл цитокиндердің көп мөлшерде бөлінуі және қанағымында ұзақ айналып жүруі ауыр бактериялық жұқпаларда дамитын сепсистік сілейменің дамуын тудырады. ИЛ-1 мен ӨТЖЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылыстары, көпағзалық жеткіліксіздік. ИЛ-1 миокардтың жиырылғыштық қасиетіне теріс әсер етеді, тромбопластин түзілуін арттырып, ТШҚҰ-синдромы дамуына әкеледі.
Цитокиндердің жүйелі әсері жүйелік қабынулық жауап синдромын тудырады (Чикаго, 1991 ж.).
Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық критерилері:
* Дене қызымы 380 немесе 36[0]-дан төмен
* Жүрек соғу жиілігі 90
* Тыныс жиілігі 20 немесе артериалық гипокапния 32 мм с.б.-нан төмен
* лейкоцитоз 12 х 10[9] л-ден артық немесе лейкопения 4х10[9] л аз немесе 10%-дан артық лейкоциттердің жетілген түрлері болуы
Жүйелік қабынулық жауап синдромы кемінде екі клиникалық - зертханалық критериі болуы тиіс.
СТРЕСС
СТРЕСС (анг. stress - напряжение) - жағымсыз тітіркендіргіштердің әсерінен дамитын және бейімделудің бейнақты тетіктерінің әсерленуімен қабаттасатын организмнің бейнақты серпілісі. Терминді Г.Селье (Selye) енгізген.
Стресстің себебі - стрессорлар:
физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік жайттар.
Стресс жалпы адаптациялық синдром түрінде көрінеді
Селье үштігі:
1. тимус пен лимфоидты тіннің кері дамуы;
2. бүйрекүсті бездерінің гипертрофиясы;
3. асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.
ЖАЛПЫ АДАПТАЦИЯЛЫҚ СИНДРОМНЫҢ САТЫЛАРЫ
I. қозу сатысы - alarm reaction:
а) соққы фазасы
б) соққыға қарсы фазасы
Бұлшықеттердің гипотониясы, артериалық қысымның, гипотермия, гипогликемия, теріс азотты тепе-теңдік, эозинопения, лимфопения, нейтрофилез, қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы.
лимфоидты тіннің кері дамуы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы
артериалық қысымның және бұлшықет тонусы, гипергликемия, кортикотропин және глюкокортикоидтар түзілуі артуы
II. төзімділік сатысы
Бүйрекүсті бездерінің гипертрофиясы, қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің жоғарылауы, түзілу үрдістерінің әсерленуі, глюконеогенез күшеюі.
Организмнің бейімделу қабілеттері жоғары деңгейге жетеді
III. қажу сатысы
Бүйрекүсті бездері қыртысының атрофиясы, глюкокортикоидтар өндірілуінің, артериалық қысымның , гипотермия, гипогликемия, тін нәруыздарының ыдырауы артуы, организм қызметтерінің қажуы
СТРЕССОР
стресс - дамытатын жүйе
стресс - тежегіш жүйе
гипоталамус - гипофиз - бүйрекүсті бездері
симпато-адреналдық жүйе
(рилизинг факторлар, АКТГ, СТГ,
простагландиндер, глюкокортикоидтар,
тиреоидты гормондар, катехоламиндер)
ГАМК-ергиялық
опиоид-ергиялық
серотонин-ергиялық
антиоксиданттар
СТРЕССТІҢ БЕЙІМДЕЛУЛІК МАҢЫЗЫ
СТРЕССОР
Гомеостаздың өзгеруі
Жоғары реттегіш орталықтардың әсерленуі
стресс-дамытатын жүйенің әсерленуі
стресс-тежегіш жүйенің әсерленуі
аздаған гиперкатехоламинемия, гиперкортикостероидемия
бейімделуге жауапты жүйенің әсерленуі
жасушаның тектік аппаратының әсерленуі және ДНҚ, РНҚ, нәруыз түзілуі жоғарылауы
ағзалар мен тіндердің гиперплазиясы, гипертрофиясы
зақымдаушы жайттарға организмнің бейімделуі
СТРЕССТІҢ ДЕРТТУЫНДАТАТЫН МАҢЫЗЫ
ұзақ және қарқыны күшті стрессор
стресс-дамытатын
жүйенің әсерленуі
стресс-тежегіш жүйенің
жеткіліксіздігі
Туа пайда болған:
ферменттер жүйесінің түзілуінің тектік ақауы
Жүре пайда болған:
нәруыздық ашығу,
гиповитаминоздар,
қоршаған ортаның химиялық және физикалық жайттармен ластануы,
созылмалы гипоксия,
гипокинезия
стресс серпілістердің жайылуы
шектен тыс гиперкатехоламинемия, гиперкортикостероидемия
тамырлардың ұзаққа созылған тарылуы
Майлардың асқын тотығуының, фосфолипаза, липаза және протеазалардың шектен тыс әсерленуі,
Жасушалар мен субжасушалық құрылымдардың зақымдануы
Асқазан мен ішектің зақымдануы, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, мый қанайналымының бұзылыстары, артериалық гипертензия
СІЛЕЙМЕ (от анг. shock - соққы)
Сілейме - жүйке эндокриндік реттелуінің терең бұзылыстары салдарынан организмнің тіршілік қызметінің, микроциркуляция мен зат алмасуының ауыр тежелулерімен қабаттасатын дерттік үрдіс.
Жіктелуі:
Этиологиясы бойынша: патогенезі бойынша:
жарақаттық - ауырулық
күйіктік - гуморалды
операциялық - психогенді
гемотрансфузиялық
анафилаксиялық
кардиогенді
АУҚЫМДЫ ЗАҚЫМДАНУДЫҢ
ПАТОГЕНЕЗІ:
Артық ауырулық афферентация токсемия
гистамин, серотонин,
лизосомалық ферменттер,
нәруыздың ыдырау өнімдері,
метаболиттер
орталық жүйке жүйесі
қозу тежелу
симпатоадреналдық жүйе және
гипофиз-бүйрекүсті безі
жайлған стресс-серпіліс
жоғары гиперкатехоламинемия, гиперкортикостероидемия
шеткері тамырлардың тарылуы
қанайналымының орталықтануы
МАТ, фосфолипаза, липаза, протеаза әсерленуі
Ішкі ағзалар мен тіндер жасушаларының мембранамен байланысты қызметінің бұзылуы
Жасушалардың мембранамен байланысты қызметінің бұзылуы
Иондық сораптар
Na[+] - K[+],
Ca[2+] АТФ-азалар қызметі
Иондық теңсіздік
Серпіндер берілуі бұзылуы
Жүйкелік серпіндердің тежелуі
Мембрана өткізгіштігінің
Жүректің жиырылғыштық
қызметінің бұзылуы
Рецепторлық қызметі
Нарушения нейрогуморальной регуляции
ЖАРАҚАТТЫҚ СІЛЕЙМЕНІҢ САТЫЛАРЫ:
1. Эректилді (лат. ERECTUS -қозу):
ОЖЖ жүйкелік-рефлекстік қозуы, симпато-адреналдық жүйенің және гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің әсерленуі, тахикардия, артериалық гипертензия, шеткері тамырлардың тарылуы, қанайналымының орталықтануы, гиперпноэ.
2. Торпидті (лат. TORPIDUS - қатып қалу, қозғалыссыз, ступор):
Зат алмасуы бұзылуы, жасушалардың мембранамен байланысты қызметінің бұзылуы, жүйкелік орталықтардың тежелуі, симпатоадреналдық және гипофиз-бүйрекүсті безі жүйелерінің қажуы, жүректің жиырылғыштық қызметінің бұзылуы, тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, қан - және плазма жоғалту, қанның дерттік қордалануы, АҚК, артериялық қысымның, микроциркуляция бұзылуы, гипоксия, ацидоз.
3. Ақтық:
Микроциркуляция, зат алмасуы бұзылыстарының тереңдеуі, жүйкелік орталықтардың және ішкі ағзалар мен тіндердің жүйкелік реттелуінің терең тежелуі.
КОМА - (от греч. koma - терең ұйқы) -
- орталық жүйке жүйесінің терең тежелуімен, естің тұрақты жоғалуымен, сыртқы тітіркендіргіштерге рефлекстің болмауымен және организмнің аса маңызды қызметтерінің реттелуі бұзылысымен сипатталатын жағдай.
Туындауына қарай команың түрлері:
1. Жүйкелік кома
(инсультте, жарақаттарда, қабынуда, мый өспелерінде мыйдың біріншілік зақымдануы)
1. Эндокриндік кома
(диабеттік, глюкокортикоидтық, гипопитуитарлық, гипотиреоидтық, тиреотоксиндік, гипогликемиялық)
3. уытты кома
(уремияда, бауыр жеткіліксіздігінде, уытты жұқпаларда, панкреатитте, улануларда)
4. Гипоксиялық
5. электролиттерді, суды және энергиялық заттарды жоғалтқанда
Патогенезі:
1. Мый нейрондарының гипоксиясы және энергиялық тапшылығы
2. уыттану
3. қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылуы
4. электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы
5. су алмасуының бұзылуы
Команың сатылары
1 саты - бастапқы
Психикалық мазасыздану, ұйқының бұзылуы, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы, ЭЭГ бастапқы өзгерістері
2 саты - кома алды
Ұйқышылдық, естің көмескіленуі, тітіркендіргіштерге әлсіз жауап беруі
3 саты - беткей кома, сопор ( латынша - қозғалыссыз, бос)
Естің жоғалуы, кейбір бұлшықеттердің спастикалық жиырылуы, кейде еріксіз дәрет және нәжіс шығуы,ЭЭГ-да айқын өзгерістер
4 саты - терең кома
Естің терең жоғалуы, арефлексия, көз қарашығы рефлекстерінің жоғалуы, ауыр вегетативті бұзылыстар

1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. - Алматы; РПО Кітап, 2007. - С. 80-89, 115-130.
2. Патофизиология Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И. - Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231
3. Патофизиология в таблицах и схемах подред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 -
234.
4. Патологическая физиология: Учебник пр Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. - 2-е изд. - М.: МЕДпресс-информ, 2004. - С.442-447, 564-568.
5. Патологическая физиология подред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.
Қосымша
6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. - С. 264-293
7. Патофизиология подред. П.Ф.Литвицкого. М.: ГОЭТАР-мед. Т.1 , 2003, с.689 - 721.
8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов подред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.90 - 101, 444 - 446, 465 - 467
9. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. - 23 с.
10. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологииПат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.
11. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.
12. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Организм үшін жедел кезең жауабының маңызы
2. Жалпы адаптациялық синдромның дерттік және қорғаныстық маңызы.
3. Жарақаттық сілейменің сатылары
Кредит № 2
№ 1 тақырып. ҚАБЫНУ
Мақсаты: қабыну патофизиологиясы бойынша білімді қалыптастыру
Мәселе: қабынудың қалыпты жүруінің бұзылуы жүйелі қабынулық серпілістер синдромы (ЖҚСС) және көпағзалық жеткіліксіздік синдромдары (КАЖС) түзілуінің негізі болып табылады.
Дәріс жоспары:
1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы.
2. Әлтерация туралы түсінік. Біріншілік және салдарлық әлтерация.
3. Қабыну ошағында зат алмасуларының өзгерістері. Қабыну ошағында физико-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.
4. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тектер, қабыну дамуындағы маңызы.
5. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.
6. Экссудация, анықтамасы, даму тетіктері. Экссудаттың түрлері. Іріңді экссудаттың құрамы мен қасиеті.
7. Лейкоциттер эмиграциясы, анықтамасы, сатылары, патогенезі. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі және олардың қабынудағы маңызы.
8. Пролиферация, олардың тетіктері. Пролиферацияның күшейткіштері мен тежегіштері.
9. Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.
10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынудан айырмашылығы.
11. Қабынудың организм үшін маңызы.
12. Қабынулық үрдістің алдын алу мен емдеудің жалпы ұстанымдары.
Дәріс тезистері
ҚАБЫНУ - (грекше phlogosis, лат. inflamatio) - әлтерация, экссудация, пролиферациямен қабаттасатын біртектес дерттік үрдіс.
Қабынудың себептері - флогогендер:
Экзогендік (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік)
Эндогендік (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)
Қабынудың құрамбөлшектері:
1. Әлтерация
2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері
3. Пролиферация
Әлтерация - зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері
Алғашқы әлтерация - флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.
Салдарлық әлтерация - алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.
Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері
Зхат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:
Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы
Түзілу үрдістерінің төмендеуі
Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен) тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2қабылданған О2).
Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер
* Гипер H+иония -- ацидоз (зат алмасуының тотықпаған соңғы өнімдерінің артуынан)
* Гипер К+ иония зақымданған жасушалардан калийдің шығуынан
* Гиперосмия, тұздар диссоциациясы артуы ( Na+, Cl-) және зақымданған жасушалардан жасушаішілік иондардың шығуы салдарынан
* Гиперонкия, полипептидтер мен аминқышқылдары санының артуынан, нәруыздық молекулалардың дисперстігі артуынан және тамырлардан қабыну ошағына нәруыздардың шығуынан
Қабыну дәнекерлері жасушалық және гуморалдық болып жіктеледі.
Жасушалық дәнекерлер:
* гистамин (мес жасушалары, базофил, тромбоциттерден)
* серотонин ( тромбоциттерден)
* лизосомалық ферменттер ( нейтрофил, макрофагтардан)
* простагландиндер (лейкоциттерден, эндотелиалий жасушаларынан, тромбоциттерден)
* лейкотриендер (лейкоциттерден)
* тромбоциттерді әсерлеуші факторлар (лейкоциттер, эндотелиоциттерден)
* оттегінің белсенді радикалдары ( лейкоциттерден)
* азот тотығы (макрофагтардан)
* цитокиндер ИЛ-1, ИЛ-6, ӨТЖФ
Гуморалды дәнекерлер:
* комплемент жүйесі бөлшектері
* С3а, С5а, С3в, С5в-С9 кешендері
* Кининдер (брадикинин, каллидин)
* Қанның ұйытушы және фибринолиздік жүйелері
Қабыну дәнекерлері салдарлық әлтерацияны тудырады, тамырлық серпілістер түзеді, прлиферацияны реттейді, қабынудың жергілікті және жалпы белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқарады.
Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі.
1. Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы - ишемия
2. Артериялық гиперемия
3. Веналық гиперемия.
4. Стаз.
Экссудация - қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы. Экссудацияның патогенезі:
* Тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы
* Қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы
* ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz