Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент) оқу іс-әрекетінің субъекті


Тақырыбы: Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент) оқу іс-әрекетінің субъекті
Жоспары:
4. 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары.
4. 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
4. 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
4. 4. Үйретілуге жарамдылық - оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы.
4. 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары.
Кез келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни ол білім беру процесінің белсенді субъекті бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Әр үйренуші (оқушы) жеке тұлғалық және іс-әрекеттік ерекшеліктерге, яғни тума қабілеттердің (жеке-типологиялық алғышарттарына), интеллектуалдық іс-әрекеттің, когнитивті стильдің, талап қою деңгейінің, өзін-өзі бағалаудың, жұмысқа қабілеттілік ерекшеліктеріне; іс-әрекетті орындау ерекшеліктеріне (жоспарлау, ұйымдастыру, дәлдік және т. б. ) ие. Әр үйренуші өз іс-әрекетінің, соның ішінде оқу іс-әрекетінің стилімен, оған деген қатынасымен, оқытылуға жарамдылығымен сипатталады.
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу - оқу іс-әрекеті субъекттерін жеке ыңғайдан қарастыру негізі ретінде
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П. П. Блонский, Л. С. Выготский және т. б. ) . Білім берудің және ең алдымен мектептік жүйенің түрлі сатыларындағы типтік субъектті анықтау үшін бастапқы болып табылатын, жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу деген келістерді қарастырайық.
Л. С. Выготский келістердің, немесе осы проблеманы шешу схемалардың үш тобын анықтады. Бірінші топ шегінде, биогенетикалық ықпалды есепке ала отырып, балалық шақтық кезеңдерге бөлу филогенетикалық даму кезеңдеріне негізделген. екінші тобы (өте көп) кезеңдерге бөлу негізі ретінде қандай да бір (көбінесе сыртқы) белгінің өзгеруін алады, мысалы тіс жару мен алмасу (дентиция), сексуалды жетілу және т. б. келістердің үшінші тобы базальдыны, дамудағы мәндіні мысалы, дамудың ішкі қарқыны мен ырғағын айқындауға бағытталған. Осыған сәйкес Л. С. Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау кезеңдерін бөледі: нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай - 1 жыл), 1 жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл - 3 жас), 3 жас дағдарысы, мектепке дейінгі жас (3 жас -7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас),
Жалпы педагогикалық психология үшін және білім беру жүйесінің әр сатысындағы үйренушінің типтік «психологиялық портретін» анықтау үшін Д. Б. Эльконин тұжырымдамасы маңызды: «қиын-қыстау кезеңде сәйкес жаңа құрылымдардың пайда болуын тудыратын нәрсе, өз тарапынан тиянақты кезеңдегі ары қарай дамудың бас желісі болып табылады» . Педагогикалық схема бала дамуындағы өзгерістердің соңынан «ілесе алмауы» мүмкін (Л. С. Выготский), нәтижесінде қиын тәрбиеленбеу, үлгермеу әсерлері пайда болады, олардың себептерінің бірі бала қалыптасуының динамикасында болуы мүмкін.
Ж. Пиаже, интеллект дамуының төр негізгі кезеңдерін бөледі, олар сенсомоторлық интеллект құрылуынан және тілдің пайда болуынан кейін жүреді, немесе тілді меңгеруді мүмкін қылатын «символдық функциялар» пайда болғаннан кейін, ал бұл 1, 5-нан 2 жасқа дейінгі аралықта болады. Осыған сәйкес:
- 1, 5-нан 2 жасқа дейін«4 жасқа дейін созылатын кезең басталады және бұл ол символдық және түсініктерге дейінгі ойлаудың дамуымен сипатталады;
- 4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде алдыңғыға сүйене отырып интуитивті (көрнекі) ойлау құрылады, оның прогрессивті буындасуы тікелей операцияларға әкеледі;
- 7-8 ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, яғни манипуляциялауға болатын және интуицияда қамтуға болатын обьекттерге жататын ойлаудың операционалдық топтасулары;
- 11-12 жастан және бүкіл жастық шақ кезеңінде формалды ойлау өндіріледі, олардың топтасуларын кемелді рефлексивті интеллект сипаттайды».
Бүкіл дүние жүзінде үйренушілерді, олар оқитын (оқушылар, гимназистер, реалистер, студенттер) білім беру жүйесінің сипатына сәйкес атайды. Осы атаулардың ішінде оқытудың жасы мен сатысына сәйкес одан да бөлшекті белгілеулерді ажыратады. Бұл бір, үйренушінің субъекттік болмысын әлеуметтік мәдени және жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлудің негізінде жатқан, мәдени-тарихи дифференциация. Ол баланың мемлекеттің қоғамдық институттардағы (мекемелердегі) іс-әрекет сипатымен байланысты.
Д. Б. Эльконин психикалық дамудың жас ерекшеліктік кезеңдерін және іс-әрекеттің алты жетекші түрлерін анықтады: 1) үлкендермен тікелей - эмоционалдық қарым-қатынас, 2) заттық-манипулятивтік іс-әрекет, 3) рөлдік ойын, 4) оқу іс-әрекеті, 5) интимді-тұлғалық қарым-қатынас, 6) оқу-кәсіби іс-әрекет.
Іс-әрекеттің атап өтілген түрлері ішінде қоғамдық өндірілген әрекет тәсілдерін меңгеру жүретін, яғни «бала - қоғамдық зат» қатынастар жүйесіндегі іс-әрекеттер тобына енеді, не адамзат іс-әрекетінің негізгі мәндеріндегі қарқынды бағдарлану және адамдар арасындағы қатынастардың міндеттерін, мотивтерін, нормаларын игеру жүзеге асатын іс-әрекеттер тобына, яғни «бала-қоғамдық ересек адам» қатынастар жүйесіндегі іс-әрекеттерге енеді. Оқушы мен студентті оқу іс-әректінің субъекті ретінде қарастыру Д. Б. Эльконин тезистеріне сүйенеді: баланың жетекші іс-әрекеті (ойын, оқу іс-әрекет, тұлғалық қарым-қатынас т. б. ) белгілі бір әлеуметтік ортада, даму ситуацияларында өтеді, бұл жиынтығынд психикалық және тұлғалық жаңа құрылы
4. 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
Кіші мектеп оқушысы - бұл адамның іс-әрекет, берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. 4. 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде. Мектепте оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге, үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге, мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу, оған қызығу кіші мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр. Дәл осы қызығушылыққа танымдық қажеттілікті эмоционалдық бастан кешіру ретінде, яғни кіші мектеп оқушысының танымдық қажеттілігі осы қажеттілікке жауап беретін оқыту мазмұнымен «кездескен» кезде оқу іс-әрекетінің ішкі мотивациясы негізделеді.
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде Орта мектеп (жеткіншек) жасында (10-11-ден 14-15 дейін) жеткіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет өзіне оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спортттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары - «ересектік сезімі» пайда болады.
Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде
Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғарғы сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына - гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясына атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, болашаққа бағыттылық сипаттайды: өмір сүру қалыбын, мамандықты, референтті адамдар тобын таңдауға бағыттылық. Таңдау жасауға өмірлік ситуация мәжбүр етеді, ата-аналар тарапына ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық-бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің негізгі пәні, яғни ол бағытталған нәрсе даралық тәжірибені, оны кеңейту, толықтыру, жаңа ақпаратты енгізу есебінен, құрылымдық ұйымдастыру, комлекстеу, жүйелеу болып табылады. Өз бетіншеліктің, шешімдерге деген шығармашылық келістердің дамуы, осындай шешімдерді қабылдай алу іскерлігі, бар нәрселерді талдау жасау және оларды сындарлы конструктивті ұғыну сондай-ақ жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің мазмұнынын құрайды.
4. 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады .
Студенттік кез - бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ-ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады.
Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеру енді оқу іс-әрекетінің пәні ретінде болмайды, ал кәсіби іс-әрекет құралы ретінде болады» . Алайда сауалнама нәтижелері, техникалық жоғары оқу орны студенттерінің жартысында жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің жоқ екенін көрсетеді. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі таңдауларының дұрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын ұнатпайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz