Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Әдеп туралы түсінік
2. Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары
3. Білімгерлермен әңгімелесу
4. Әдептілік
5. Педагогтық талант
6. Ұстаздарға жаднама

7. Педагогтық шеберлік

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

«Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.

Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

Қарым- қатынастың жалпы сипаттамасы

Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т. б. деңгейлері болады.

Педагогтық әдеп

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші және адал, әділетті, шыншыл адам болуға тиіс.

К. Д. Ушинский

Әдеп - белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.

Педагогикалық әдеп - оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.

Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым - қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан - жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс - тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл - ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.

Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл жақсы көрем. Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі. ”

Сенім Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім арту тәлім -тәрбие жұмысы принціптерінің бірі болып есептеледі. Білімгерлерді өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап күшейту отыру керек. Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі.

Әділдік. Әділ мұғалімнің - оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін де кешіре алады. Әділ болғанмен бірге әдебі мол көңілі жайдарлы болса, беделді болады. Тек әділ қарап қоймай сонымен бірге өз ісінің дұрыстығына сендіре білуі керекӘділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі.

Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді. Ұстаз: сен еш нәрсегеде қабілетті емессін т. б.

Мұнда әдеп мәселесіне әділетсіздікке жол берді. Әділдік көбінесе бақылау, тест т. б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір - бірінен көшіру жағдайлары болады. Сондықтан бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге болады?

Төзім және сабыр сақтау. Қиын жағдайда ұзтазға ықпал ететін жақсы тәсіл сабыр мен төзімділік. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды әр - бір баланың жас шамасына денсаулық ерекшеліктеріне ерекше мән беру қажет.

Педагогтық әдеп. адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы.

Өзін -өзі ұстай білушілік қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы керек. Жас мұғалімдер кейде ыңғайсыз жағдайда қалады . Ондай жағдайда асығыс шешім қабылдамау үшін: “мен сенімен жеке әнгімелесем, сабақтан соң қал т. б. ”

Педагогтық талант . “Талант” деген сөздің мағынасы шексіз кез -келген адамға шынайы көмек көрсетсе және ол өз тарапынан ынта ықылас білдіріп беріле жұмыс істесе нағыз шебер бола алады.

күйлерін қабақтарынан әр - қайсысының мінез құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі олардың тілін табуға, сезімдері мен ойларына
өзіндей қуанып, күйініп қабылдауына мүмкіндік береді.

Соңғы партада білімгер сізді тыңдамай терезеге қарап ойланып қалған делік. Сіз не істер едіңіз?

Ұқыпты сабақты жақсы оқитын қыз бала бірінші рет үй тапсырмасын орындамай келді. Сіз …

Ілтипаттылық. Дауыс қөтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға, өтініштер жүрдім- бардым тындасада оқушылардың көңіліне келеді Сондықтан өзіне назар аудару үшін әдейі тәртіп бұзуы мүмкін, қандайда болмасын оқытушылар тарапынан білімгерлерге ілтипат болмаса араларында түсінбестік болады.

Білімгерлерден алынған сауалнамалардан мынадай жауаптар көп болды “Әнгімелескенде сені жан тәнімен тыңдайды, оны сол үшін Мұғалім шеберлігі дегеніміз өз пәнін, оқыту методикасын, инновацилық жаңа техналогияларды терең меңгерген, саяси сауатты, идея жағынан сенімді, мәдениеті жоғары, жапсарлас ғылымдарының деректерін, күнделікті ақпараттарды, әдебиет пен өнерді жақсы меңгерген, педагогтық әдепті және педагогтық техниканы сақтауын айтамыз.

Педагогикалық техникаға дауысты ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері т. б. Сонымен бірге эстетика жағынан көрікті яғни киімі, тазалығы т. б.

Қорыта келгенде ұлы гуманист Ибн Синаның адам бойынан мынандай қасиеттердің болуын оқу тәрбиеден іздейді. Бұл оның ағартушылық көзқарасын танытады.

Адалдық, ақылдылық, адамшылық,
Қайырымдық, мейірімді жанашырлық.

Тәрбие, оқу, сана - білімдарлық

Үшеуі лұлағатқа жол ашарлық.

Ұстаздарға жаднама

1. Мұғалімнің биік те, абзал атына лайық болыңыздар. Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!

2. Білімгерлерді силаңыздар . Олардың ар - намысын қорғап, дамытып отырыңыздар, Бойында ар - намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады. Ар - намысты сақтаңыздар. Ар - намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім - тәрбие бере алмайды.

3. Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер. Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, сіздердің үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп правоға ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің білімгермен өзара қарым - қатынастарыңызда аралық шеек

“Жүрек жылуы ойыны”

Қағаздан киылған жүрек суретеріне жүрек жарды тілектер жазу.

“Комплемент айту”

болуы қажет екенін жоққа шығармаймын, бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.

4. Білімгерлер мен қарым - қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңмен байыта түсіңіздер. Тактикаларыңыз икемді болсын, көзге ұрып тұратындай көрнекі болмасын. Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндегі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын. Тым тіке бетке айтудан, ақылгөиліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кеңес, ескерту әлде қайда өтімді.

5. Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңдау болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас - қабақтарыңызбен, көзқарасыңызбен, үнсіз қимыл - қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіздер.

6. Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер.

7. Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, білімгерді мақтауға сылтау іздеңіздер. Егер білімгер өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мақтау - ондаған ескертулерден пайдалы.

8. Тұтас топпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр білімгермен жеке тіл табуыңызға байланысты. Олармен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не болса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда бүкіл білімгерлермен жақындаса түсесіз.

9. Білімгердің ата - аналарын қуанышқа бөлеңіздер. Өз білімгеріңізді көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата - аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды, қайшы шаралар қолданады. Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады.

12. Реті келгенде білімгерге өздеріңізде бар жақсылықты қабілетіңізді, іскерлігіңізді көп білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т. б. ) асырмай, жасырмай көрсете біліңіз.

13. Өз білімгерлеріңіздің сенімін ақтаңыздар. Бұл сенім - білімгермен қарым - қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан -дүниесіне енер жол. Бір білімгердің, сенімін ақтамасаңыз бүкіл топ сенімінен айырылуыңыз мүмкін.

14. Жылдан - жылға, күннен - күнге, балалардың бойына қазақ азаматына тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер.

Ұстаздығыңызды кемсітеді, оларға тигізер ықпалыңыздың мүмкіншіліктерін төмендетеді. Айқай күштілікті емес, әлсіздікті білдіреді.

15. Пайдасы шамалы - ау деген шешімнен аулақ болыңыздар, ашу үстінде шешім қабылдамаңыздар, өз праволарыңызды ақылмен қолдануға, ақылға келіп илігуіне мүмкіндік беретін кейінге қалдыра тұру әдісіне жүгініңіз.

16. Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты, білімгермен араласа білу де біртіндеп келеді. Оқушылармен қарым - қатынас жарасымдылығы - тиісті білім, іскерлік және тәжірибе бірлігі. Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай ескертпелер жасайтынын. тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті оларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, топта қалай жүретінін де бақылаңыздар.

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар - педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын - жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу - талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып мұғалімнің педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері
Педагогикалық шеберлік негіздері
Педагогикалық әдептің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz