Педагогикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Педагогикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары
  2. Танымның мәні
  3. Ғылыми зерттеудегі дәлелдеу

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Педагогикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары

Формалдық логика форма туралы, яғни ойлау құрылысы мен ойлау заңдары туралы ғылым. Ол бытыраңқы, эмпириялық танымдарды белгілі бір жүйеге, тәртіпке келтіріп, олардың нақты мәнін ашуға қажеттілік туған жердің барлығында керек. Дегенмен, ол зерттеушінің танымды саралауына, жүйелеуіне қажет болған логикалық ережелерді игеруінде өте маңызды орынды алады. Қорытынды танымды алу процесінде формалды логиканың заңдарын сақтау ақиқат қозғалысының басты шарты болып табылады. Қорытынды таным ойлау қызметінің барлық саласында орын алатын болғандықтан, бұл заңдарды білу кез келген адамның ойлау практикасында (оның мамандығының мазмұнына қарамастан) өте пайдалы.

Бірақ, тек ғана логикалық ережелер мен формаларды білу анау немесе мынау ғылым саласындағы табысты қызметке кепілдік бере алмайды. Өйткені, біріншіден, кез келген ғылымдағы табыс негізінен, логиканың назарынан тыс жатқан мазмұнды терең және кең игеруде жатыр; екіншіден, ғылымның өте күрделі, жалпы теорияларындағы табысы ғалымдардың материалистік диалектика мен диалектикалық логика әдіснамасын меңгеруіне тәуелді болады. Бірақ, солай десек те, нағыз диалектикалық ойлау формалды логика заңдарына бағынуды қолдайды.

Алдында біз ойлаудың негізгі логикалық формаларына ұғым, пікір және ой тұжырымы жатады деген едік. Формалды логикада ең алдымен таным қарастырылады, себебі кез келген пікірдің негізінде осы таным жатады. Танымдардың арасындағы қатынастарды таным, ал пікір мен ой тұжырымы арасындағы қатынастарды жеке қатынастар туғызады.

Ой тұжырымы негізгі формалды-логикалық заңдарға сәйкес болған пікірден туады.

Танымның мәні

Логикалық әдебиеттерде құбылыс танымында ақиқат абстрактілі, жалпы формада бейнеленеді. Міне, оның табиғатында осы обьективті мәндегі заттардың белгілі бір жақтары, қырлары абстрактілі ой танымы болатындығы жатыр. Сыртқы мәндегі заттардың адам санасында бейнеленуінің сезімдік формалары (сезіну, қабылдау және түйсік) табиғатынан таным табиғаты едэуір ерекше. Танымның сезімдік формаларында обьектінің көрнекілік бейнелері дара күйінде көрінеді, ал таным болса, заттардың жалпы нақты белгілерін бейнелейтін ой формасы болады. Біз «батырлық», «өсімдік», «достық», «ғылыми заңдар» сияқты түсініктерді қабылдаймыз, бірақ бізде осы таным обьектілерінің нақты көрнекілік бейнелері жоқ. Танымдарды қабылдау ғылым үшін ең маңызды шарт болып саналады.

Ойлау практикасындағы бүтін мен бөлшек қатынастары туралы танымда тек пен түр қатынастарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Бүтін бөлшектерден тұрады, ал логикалық мәнінде ол тек өз обьектілерін сырттай қарастырғанда ғана танылатын бөлшектерден құралады. Сырттай алынған мазмұн кері қатынаста болады, яғни тек түрдің бөлшегі болады. Мұны түсіну, әсіресе логикалық ережелерге сәйкес танымның тегін және нақты қасиеттерін анықтауда өте маңызды.

Түрге «орыс», «украин», «белорус» және т. б., ал осылардың тегіне «славян» түсінігі жатады. Белгілі бір таным екінші бір танымға қарағанда тек, ал үшінші бір танымға түр болуы мүмкін. Мысалы, «славян» түсінігі «адам» түсінігінде түр болады.

Түр бола алмайтын текке байланысты танымдар да бар. Мұндай танымдар «категориялар» деп аталады. Олардың көлемі үлкен, мазмұны шағын. Мысалы, оған мына категорияларды жатқызуға болады: «зат», «қасиет», «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс», «материя», «тірі организм», «элементар бөлшек», «атом», «оқу», «тәрбие», «білім» және т. б.

Танымның түрлері өте көп, мұны тереңірек үйренгісі келгендерге біз логика оқулығын ұсынар едік.

Жекелеген, барлық нәрседен бөлініп алынған таныммен ойлауға болмайды. Ойлау процесінің ең қарапайым логикалық формасы - пікір. Пікірде заттар арасындағы қатынастар мен қасиеттер қуаттау немесе теріске шығару арқылы бейнеленеді.

Пікір логикалық ойлаудың формасы ретінде бекітіліп, тіл арқылы сөзбен беріледі. Түрлі пікірлердің өзінде де жалпы құрылым бар. Пікірдің алғашқы элементі пікір субьектісі (S), екінші логикалық элементі пікір предикаты (P), үшіншісі - байлам. Байлам субьект пен предикат арасындағы қатынасты білдіреді. Пікірдің жалпы формуласы мынадай: S -P. Мұндағы сызықша «бұл» деген байламды білдіреді.

Пікір бір-біріне тәуелді болған белгілі бір қатынаста болады. Бұл тәуелділік сол пікірлердегі жаңа пікірдің тууына логикалық негіз қызметін атқарады. Бір пікірден екінші жаңа пікірді туғызу - ой тұжырымы деп аталады. Жаңа пікір туғызған пікір ұғым, ал пайда болған пікір қорытынды деп аталады. Әрине, бұл барлық жинақталған пікірлердің біреуі қалғандарынан туындай береді деген сөз емес.

Мысалы, мына екі пікірді алып қарайық:

а) 1. а = б б) 1. Шөлмек мөлдір

в - с 2. Алмас шөлмек емес

а = с 3. Алмас мөлдір емес

Бірінші мысалда пікір (қарамен жазылған) қорытынды, ал екінші мысалдағы пікір алдыңғы екі пікірдің қорытындысы бола алмайды. Дұрыс емес нұсқадан қорытындыны айыру үшін ой тұжырымында негізгі формалды-логикалық заңдар (теңдік заңы, қарама-қарсылық заңы және үшіншіні пікірді бекерге шығару заңы) сақталуы тиіс екендігін білу керек. Бұл қорытындыда пікір мазмұнында жатқан, материяның бөлшегі болатын терминдердің болуы мүмкін еместігін білдіреді және онда қандай да бір пікірге қайшы келетін ұғым болмауы тиіс.

Сонымен, дұрыс ой тұжырымы басқа пікірлердің материясынан құрылатын пікір болып табылады. Оны ауыстыру оған қарама-қарсы келетін ұғымдардағы пікір қайшылығына алып келеді.

Қорытындының дұрыстығы сол қорытындыдан шығатын ұғымдардың ақиқаттығында жатыр. Бірақ, барлық уақытта ақиқат қорытындыдан ақиқат ұғым туа бермеуі мүмкін.

Жалпы ой тұжырымдарды индуктивтік және дедуктивтік деп бөлуге болады. Дедукция - бұл танымға алып баратын ең қысқа жол, яғни жалпы ережедегі ой тұжырымы. Ол силлиогизм деп аталатын үш ұғымнан тұрады: 1) үлкен ұғым деп аталатын жалпы ереже; 2) кіші ұғым деп аталатын, оны қолданысқа жеткізетін және сонымен байланысты ұғым; 3) қорытынды.

Мысалы: «Әділетсіз бірде-бір жан директорлар кеңесіне сайлана алмайды, Өтегенов - эділетсіз. Сондықтан ол директорлар кеңесіне сайланбайды». Осылайша құрылған силлогизм - нақты силлогизм.

Кез келген ғылым қарастырылатын мазмұндағы заңды байланыстарды ашуға ұмтылады. Пікір мен таным ортасындағы түрлі байланыстарды бейнелейтін логика заңдары өте көп.

Логикалық заңдарға түрлі логикалық операцияларды қанағаттандыра алатын қажетті жағдайлар да жатады. Бұл жағдайлар ереже түрінде қалыптасады. Мысалы, анықтау ережесі, классификациялау ережесі, дәлелдер келтіру ережесі және т. б.

Көптеген логикалық заңдар ішінде төртеуі (теңдік заңы, қарама-қарсылық заңы, үшінші пікірді бекерге шығару заңы және жеткілікті негіз заңы) ерекше маңызға ие.

Осы заңдарды негізгі деп қабылдауымыздың себебі, сол заңдарды пікір мен таным ортасындағы әр бір нақты байланыстың логикалық дұрыстығына қажет болған жалпы және қажетті жағдайлар қалыптастырады. Сонымен бірге таным қызметінде ойлау мүмкіндігі де болады. Олар ой құрылысына қажет жағдайларды белгілеп, сол арқылы ойлаудың тану ақиқаттығына жәрдемдеседі. Өйткені, олардың өзі бізге «қайталау практикасында миллиард рет» кездесіп отыратын ақиқат құбылыстар мен заттар қасиеттерінің бейнелену нәтижесі болады. Бұл заңдар таным нәтижесінің ойлаудағы бейнеленуі анық, қайшылықсыз, ізшіл және дәлелденген болуы тиіс екендігін көрсетеді. Олар адам мен материалдық дүниенің тұрақты өзара әрекетінінің нәтижесінде пайда болып, өз кезегінде нақты заттардың қатынастары мен байланыстарын дұрыс бейнелеуге негізделетін еңбек қызметінде, практикалық қызметте қалыптасады. Оларды ақиқат заңдарымен бірге де, олардан толық бөліп алып та қарастыруға болмайды.

Теңдік заңы кейбір еңбектерде былай беріледі: Қандай да бір зат туралы ойдың мазмұны мен көлемі қатаң анықталып, сол ой зат туралы пікір жүргізу процесінде ешқандай өзгеріссіз сақталып отыруы тиіс. Ол мына формулада көрінеді: А=А немесе А-ның мәні А, ол хабарлау барысында барлық таным мен пікірдің мазмұны бірдей болуы тиіс, екіұшты ойға жол жоқ екендігін білдіреді.

Біз сырттай ұқсас сөз формаларының мағынасы әр түрлі болатынын (ат (есім), ат (жылқы), ат (етістік) жақсы білеміз. Немесе, керісінше, сыртқы формалары әр түрлі, мағыналары ұқсас болып келуі мүмкін. Лексикологияда мұның біріншісін синонимдер, екіншісін омонимдер деп атайды.

Түрлі танымдарда теңдіктің болмауы ғылыми мэтінде логикалық қателіктердің көп жіберілуіне жол ашады, яғни ол ғылыми проблеманың обьектісін немесе ғылыми жазбаларды шатастырып алуға себепші болады.

Қарама-қарсылық заңы (оны қарсылықтарсыз заң деп жиі атайды) ойлауда қайшылықтардың болмауын талап етеді. Ол мынадай жолмен қалыптасады: Қандай да бір зат туралы пікір жүргізгенде белгілі бір қатынас туралы бір мезгілде дәлелдеу мен жоққа шығару болмауы тиіс, олай болмағанда екі пікір де ақиқат бола алмайды.

Бұл заңды формула түрінде былай көрсетуге болады: А Л А, яғни А және А емес бір мезгілде ақиқат бола алмайды.

Қарама-қарсылықтар заңының әрекетін мына мысалмен де көрсете аламыз: «Студент Қуандықов астрономиямен шұғылданады» және «Студент Қуандықов астрономиямен шұғылданбайды», яғни бұлардың екеуі де бір мезгілде ақиқат бола алмайды.

Осы заңды саналы қолдану арқылы фактілер мен құбылыстарды түсіндірудегі және ғылыми ақпаратты хабарлаудағы қарама-қарсылықтарды тауып, жоюға болады.

Бірақ, қарама-қарсылық заңы мына жағдайларда қолданылмайды: 1) Зат әр түрлі мезгілде және 2) әр түрлі қатынаста қарастырылғанда. Мысалы, бір адам тарапынан бір мезгілде айтылған «ауыл шаруашылығына жаңбыр өте пайдалы» немесе «ауыл шаруашылығына жаңбыр пайдалы емес» деген пікірлер ақиқат бола алады. Бірінші жағдайда көктемде жауған жаңбыр өсімдіктердің өсуіне пайдалы, ал екінші жағдайда күзде жауған жаңбыр егінді жинау кезінде пайдалы емес.

Ғылыми теорияларда қайшылықтардың болмауын талап ету өте маңызды.

Үшінші пікірді бекерге шығарушы заң бір-біріне қарама-қарсы пікірлердің біреуі жалған, ал екіншісі ақиқат болады деп дәлелдейді. Ол мына формуламен беріледі: «А яки В болады, яки В болмайды». Мысалы, егер «Біздің студенттер бэсекеге қабілетті» десек, бұл пікір - ақиқат болса, онда «Біздің студенттер бэсекеге қабілетсіз» деген пікір жалған болады. Ақиқат үшінші бір пікірде емес, ал дәл осы екі пікірдің бірінде жатады.

Бұл заңның күші жоғарыда көрсетілген жағдайда, белгілі бір контрадикторлық қарама-қарсылықта ғана жүреді. Ал диаметралдық (контрарлық) қарама-қарсылық қатынасқа бұл заң жүрмейді. Мысалы, «Барлық ғаламшарлар өз серіктеріне ие» немесе «Ешқандай ғаламшар өз серігіне ие емес» деген пікірлердің ешқайсысы ақиқат емес, екеуі де жалған. Осылардың ортасында «Кейбір ғаламшарлардың серіктері жоқ» деген үшінші пікір туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері
Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz