ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғылыми-педагогикалық зерттеу аппаратының мазмұны

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жастарды кәсіби оқытудың жан-жақты аспектілері үздіксіз білім беру бағытына лайық қарастырылды. Осыған байланысты бағдарламалар жасалынып жалпы білім беретін мектептерге ендірілді. Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнында бірінші рет болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдауда жан-жақты ойлануыекіншіден: алғашқы мамандык разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілікпендағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басының идеялық, өнегелік және азаматтық сапаларыи қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселенің бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Сонымен, мектеп - жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір қатарға тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен дидактикалық оқыту құралдарын дайындау оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу; олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы) туындап отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми -- техникалық прогрестің қазіргі даму тенденциясын, техника-технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информациялық технологияның пайдалану аумағын, осылардың негізінде оқушылардыц кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, оқушылардың 2-3 мамандықты меңгеруіне қажеттілігі де туындайды.

Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні зерттеу тақырыбын:
Жалпы білім беретін мектепте мамандыққа оқытудың педагогикалық негіздері бағытында таңдауды талап етеді.
Зерттеу нысаны - жастардың мамандыққа дайындығы.
Зерттеу пәні - жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактикалық кұралдары.
Зерттеу мақсаты - оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін дайындау.
- Зерттеудің жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту тиімділігі артады, егерде:
Әртүрлі кәсіпкедайындаумазмұнында ғылымның; жаңа-технологияның талаптары, аймақтық мәселелер ескерілсе;
оқыту үдерісінде, оқытудың дидактикалыққұралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника
технологиялық есептер мен тапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер колданылса;
оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылатын болса;
оқу бағдарламаларында кәсіпке оқытудың бірыңғай мазмұны түзілетін болса;
оқу-тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда V-VII, VІІ-IX, Х-ХІІ сыныптарда сабақтастық сақталатын болса.
Зерттеу міндеті
1. Өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуін, олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау.
2. Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы бірыңғай кәсіби деңгейді анықтаушы талаптарды саралау.
3. Кәсіби оқыту бағдарламасы мазмұнын түзу жэне оны эксперименттік тексеру.
4. Кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық күралдарын, формасын, әдістерін аныктау.
5. Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Зерттеудің теория әдіснамалық негіздерін іс-әрекеттің психологиялық теориясы және оны меңгеру, ақыл-ой әрекеттерінің кезең бойынша қалыптасу теориясы.
Зерттеудің теориялық базасын төмендегі педагогикалық идеялар мен тұжырымдар: педагогикалық үдерісті оңтайландыру; педагогикалық іс-әрекеттің функциональдық құрылымы; педагогикалық іс-әрекеттің кибернетикалық тұжырымы; педагогикалық технологиялар тұжырымдары педагогикалық білім беру теориясы мен технологиясы;
іс-әрекет теориясы; танымдық іс-әрекетті басқару үдерісі; ұғымдарды сатылан қалыптастыру теориясы; оқу материалдарының структура-логикалық құрылымы; оқыту технологиясы, оқыту технологиясыныңәдістсмелік жүйесі; оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру.
Әдіснамалық бағытта, жалпы философиялық тұрғыдағы таным әдісі ретінде диалектика орын алады. Диалектикалық әдіс зерттеу пәнін абстракциялық ойдан шығып нақтылылыққа, пәннің тарихи даму үрдісін зерттеу, карама-қайшылықтарды анықтау және шешім табу да көмек береді. Зерттеу барысындағы негізгі әдіснамалық ұстаным технологиялық, жүйелі іс-әрекеттік, міндеттік, тұлғалық және мәдениеттілік болады. Сонымен қатар зерттеу ұстанымы ретінде зерттеу пәнін тану орын алады. Бұл мәселе зерттеуге мазмұндық, логикалық, сапалық, мәндік қорытындылық бағыт беріп отырады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Білім заңы; Оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар; оқулықтар теориясы; білім философиясы; психологиялық, педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулер.
Зерттеу әдістері. Теориялық әдістер -- педагогикалық үдерістер жөніндегі ғылыми білімдер жүйесіне, диссертациялық зерттеулерге талдаулар; оқыту үдерісіндегі оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұны, олардың оқыту үдерісінің тиімділігін арттырудағы мәні, міндеттері, оқыту үдерісін ұйымдастырудағы оқу-әдістемелік кешендерін түзудің дидактикалық, шарттары, осының негізінде оқыту үдерісін басқару логикасы.
Эмпирикалық әдістер -- жалпы білім беретін және жоғары білім беретін мектептердің нормативтік құжаттарымен танысу, зерделеу,оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, оқытушылардың, мұғалімдердің сабақ жоспарларын және білімгерлердің педагогикалық іс-тәжірибелік құжаттарын зерделеу, мұғалімдермен білімгерлердің жүргізген оқыту үдерісін бақылау жәке талдау; Мұғалімдер және педагогикалық мамандық білімгерлерімен әңгімелесу, сұхбаттасу және анкета жүргізу, мұғалімдердің, білімгерлердің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту үдерісін ұйымдастыруды меңгеру деңгейін анықтау барысындағы эксперттік бағалау әдісі; педагогикалық-тәжірибелік жұмыс, математикалық статистикалық әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы; оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі - әдістемелік оқуқұралы; Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері монографиясын дайындау.
Зерттеу кезеңдері.
1-кезең - кәсіби оқытудың методологиялық, педагогакалық,психологиялық, әлеуметтік кезеңдерін теориялық тұрғыдан дайындау;
кәсіпке оқытудың болашағы жөнінде жарияланған еңбектер бойынша эмпирикалық мәліметтерді жинақтау;
кәсіпке оқыту бойынша, мектепте кәсіби білім беру мектептерінің тәжірибелеріне талдау жасау;
кәсіби оқыту бағдарламасын түзу және оны тәжірибеден өткізу (VIII-ІХ сынып.)
2-кезең - өндірісте, КТУ, жағдайындағы кәсіпке баулудың әлеуметтік-педагогикалық және техникалық әдебиеттерімен танысу;
Х-ХІІ сыныпқа арналған кәсіпке баулу бағдарламасын тәжірибеден өткізу.
бағдарлама мазмұнындағы кәсіби сапалық маңызды саналатын элементтерін анықтау.
3-кезең. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау, оларға талдау жасау, кәсіби дайындық мазмұнын арттыру мәселелерін анықтау;
- кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі бірқатарәдіснамалық ыңғайларды: жүйелі-әрекеттік, зерттеу пәніне көп аспектілі талдаулар жасау мүмкіндігін беретін технологиялық, танымға сәйкестілік және қосымшалық, зерттеу логикасы мен міндеттерінің бара-барлығы, ақпараттар көздерінің әркелкілігі, зерттеудің теориялық және экспериментальдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Педагогика ғылымының әдістері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Пәндер