БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І. БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Білім беру философиясы ғылым ретінде
1.2 Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
1.3 Білім беру құндылық ретінде
1.4 Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайы
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
2.1 Педагогикалық мамандықтың даму тарихы
а) ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы
б) орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы
с) жаңа дәуір мен қазіргі замандағы мұғалім мамандығының дамуы
2.2 Мұғалімге қойылатын талаптар
2.3 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері
2.4 Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің құқықтар мен міндеттері
3. МҰҒАЛІМ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
3.1 Педагогикалық іс әрекеттің мәні
3.2 Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
3.3 Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен қызметтері
3.4 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
4. ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗРЕТТІЛІГІ

4.1 Педагогикалық кәсіби құзіреттілік ұғымы
4.2 Педагогтың кәсіби құзіреттіліктің құрылымы
4.3 Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны
4.4 Мұғалімнің практикалық дайындығы
5. МҰҒАЛІМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ
5.1 Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
5.2 Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасының дамуы
5.3 Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
ГЛОССАРИЙ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. 1 Білім беру философиясы ғылым ретінде

Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты.
Білім беру философиясының ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі.Ғалымдардың бір тобы білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды. Бұл пікірлерді төмендегі сызбадан көруге болады:

Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастыратын ғылым саласы.
Білім беру философиясы педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін, яғни негізгі идеялар мен зерттеу тұғырнамасын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Білім беру философиясы зерттейді:
- білім берудің онтологиясын, яғни білім беру дегеніміз не?- деген сұраққа жауап бере отырып, оның шығу тарихын, мәнін анықтайды;
- білім беру логикасын, яғни білім беру процесі қалай жүретінін;
- білім беру аксиологиясын, яғни білім беру құндылықтарын қарастырады;
- білім беру этикасын, яғни білім беру процесіне қатысушылардың тәлім-тәртібі мен мінез-құлқын;
- білім беру әдіснамасын, яғни білім беру процесіндегі өзара әсерлесу әдістері қандай және қалай болуы керектігін;
- білім беру идеологиясын, яғни білім беру процесінің негізгі идеяларын қарастырады.

1. 2 Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде

Білім беру - педагогиканың негізгі категорияларының бірі, бұл ұғымды әр түрлі мағынада түсіндіруге болады. Білім беруді процесс, нәтиже, жүйе ретінде қарастыруға болады. Төмендегі сызбадан білім беру ұғымын нәтиже, процесс, жүйе ретіндегі түсініктемелерін көруге болады:

Білім беру ұғымын процесс ретінде қарастыратын болсақ, бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесін яғни педагогикалық процесті атаймыз. Бұл өз кезегінде мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.
Білім беру ұғымын нәтиже ретінде қарастыратын болсақ, ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі деп түсіндіруге болады.
Білім беру ұғымын жүйе ретінде түсіндіретін болсақ, бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті арнайы ұйымдастыратын әлеуеметтік жүйені атаймыз. Білім беруді жүйе деп қарастырсақ, білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз. Әрбір мемлекеттің өзіндік білім беру жүйесі болады.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында анықталғандай білім беру жүйесі дегенімізөзара iс-қимыл жасайтын:
1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының
2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының
3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар, оның iшiнде бiлiм сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.
Білім беру жүйесінің пайда болуы мәдениетті сақтап қалуға және оны дамытуға деген объективті қажеттіліктен туындады. Білім беру жүйесі адам мен білім арасындағы делдал қызметін атқарады, яғни білім беру жүйесі адамға білім алуға жағдай жасайды.

1. 3 Білім беру құндылық ретінде

Білім беру ұғымын құныдылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір мемлекеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретінде қарастырады.
Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілініде "аксио"- құндылық, "логос"- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар - адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Г. Лотц енгізді. Аксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.
Аксиология ғылымының басты міндеті - құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология - құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы, олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.
Білім беру, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:
1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде
2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде
3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде
Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық, - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылыдамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледейді.
Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.
Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды. Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.
Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.

1.4 Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.
Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады:
- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;
- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;
- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;
- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;
- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;
- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;
- білім беру сапасына қатысты проблемелар;
- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);
- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;
- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.
Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.
Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:
:: Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;
:: Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
:: Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;
::Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.

2.1 Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамамас еді.
Ежелгі дәуірде еңбек бөлінісі болмаған кезде қоғам мен тайпаның барлық мүшелері балалар мен үлкендердің барлығы тамақ табуға, өздерін-өздері қорғауға бірдей қатысуға міндетті болды. Адамзат біртіндеп жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балар ерте жастан бастап әр түрлі еңбек іскерліктері мен дағдаларын игерді. Қоғамда еңбек құралдары жетіле бастағандықтан еңбек бөлінісі пайда болып, тәжірибені беру ісімен қарттар айанылса бастады. Олар балаларға қарап, қарапайым тұрмыстық тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы пайда болды. Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығана ауысты. Мұғалім мамандығы қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған көне мамандықтардың бірі.

А) Ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы

Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды.
Мектептің әлеуемттік институт ретінде пайда болуы және дамуына мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті.
Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі.Алғашқы мектептер ежелгі шығыс елдерінде - Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Бұл елдерде арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының негіздері пайда болды.
Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан отбасындағы әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады. Білім алу тек ауқатты адамдардың балалары үшін ғана мүмкін болды.
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:
1. Отбасылық мектептер
2. Храм жанындағы мектептер
3. Патша сарайы жанындағы мектептер
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Ежелгі өркениет орталықтарының тал бесігі болған мемлекеттің бірі - Греция. Ежелгі Грецияда білім беру ісі бір жүйеге келтіріліп, баланы оқыту ісімен айналысатын арнайы педагогтар қызмет етті. Педагог сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Грек тілінде Paidos - бала, ago - жетелеу сөзі, яғни баланы жетелеуші, баланы өмірге дайындаушы, тәрбиелеуші деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз алғашында грек қоғамындағы ауқатты құл иеленушілердің баласын қарайтын құлдарға қатысты айтылып, кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, қазіргі уақытта барлық мұғалімдерге қатысты қолданылады.
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.
Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер, яғни Мусикалық мектептер және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12-16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім берілді.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі - бұл өнер мектебі. Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға өтті. Б.з.б.V- ІV Афиныдамынадай гимнасиялар жұмыс істеді - Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16-18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі - эфебия болды. Онда 18-20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушылардың атауы әр түрлі болды, оларды келесідей атады:
Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Педотриб - палестра мектебі мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном - Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы.

Кесте 1. Ежелгі Грециядағы білім беру ісі

Ежелгі өркениет орталықтарының бірі - ежелгі Рим. Б.з.б. 2 ғасырда Рим Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жаулап, ол жерлерде мәдениет, ғылым, өнерді дамытуға ықпал етті. Ежелгі Римде мектеп ісінің дамуын императордың өзі бақылап отырды. Юлий Цезарь тұсында мұғалімдер мемлекеттік қызметкер атағын алып, мемлекеттен жалақы алып отырды. Ежелгі Рим жерінде грамматикалық және риторикалық мектептер тарады.
Грамматикалық мектептерде 11-15жастағы ұлдар оқытылды.Оларға гуманитарлық білім берілді. Бұл мектептің мұғалімдерін грамматиктер, литераторлар деп атады.
Ал, риторикалық мектептер - шешендік өнер мектебі. Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл мектеп мемлекет үшін қызмет ететін шенеуліктерді дайындады, оған тек ақсүйектердің балаларын ғана қабылдады. Риторикалық мектеп мұғалімдерін риторлар деп атады.

2.1 В) Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы

Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды. Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.
Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық. Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде жеті еркін өнер деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе,квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.
Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі Жеті серілік игіліктерден құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.
ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.
Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.
Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.
Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжірибелі оқыған адамадар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).

2.1 С) Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы

Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский. Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.
ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.
1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды. ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.
Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге, қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.
Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті). Ал еліміздің облыс орталықтарында жоғары оқу орындар жүйесі 1940-1950 жылдары қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-жылдары педагогикалық институттарда мұғалім қызметіне қосымша мамандандырулар беріле бастады, мысалы екінші бір пәннің мұғалімі т.с.с.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі педагогикалық институттар университеттер болып қайта ашылды. Олар ендігі кезекте тек мұғалім мамандықтарын ғана емес, қоғамға қажетті басқа да маман иелерін дайындай бастады.
Шығыс Қазақстан жеріндегі мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1952 жылы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институты ашылды. Ол 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Бүгінгі күні бұл университет мектепке қажетті барлық пән мұғалімдерін даярлау ісімен айналысады. Университетте мектептке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен қатар, бастауыш сынып және орта мектеп пән мұғалімдерін даярланады.

2.2 Мұғалімге қойылатын талаптар

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.
Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.
Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:
- балаға деген сүйіспеншілік;
- эмпатия;
- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,
- ізгіліктілік;
- талап қоя алушылық;
- қайырымдылық;
- рухани байлықтың болуы;
- әділеттілік;
- өз сөзінде тұра алу және т.б.

2. 3 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері

Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты - қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол адам-адам жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.

2.4 Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің міндеттері мен құқықтары

Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабындапедагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды.
Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы баяндалған:
1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.

2. Педагог қызметкердiң құқықтары:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.

3. Педагог қызметкердің міндеттері:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.

5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбайды.

3. 1 Педагогикалық іс әрекеттің мәні

Педагогикалық іс-әрекет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет - адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи және әлеуемттік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде түсіндіруге болады.

Сызба 1. Іс-әрекет категориясының түсініктері

Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық іс-әрекет - адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.
Педагогикалық іс-әрекет - аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Білім беру құндылық ретінде
Саясат философиясы
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Философия және білімнің шығу тарихы
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Араб тілі философия мен ғылым
Екінші позитивизм
Пәндер