Педагогикалық тестілеу және мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу


Педагогикалық тестілеу және мектеп құжаттары мен
оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу
Тестілеу әдісінің генезисі мен дамуы
Педагогикалық тестілеу түрлері
Мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу
1. Тестілеу әдісінің генезисі мен дамуы
"Тест" терминін [ағылшынша тест - байқау, тексеру, тәжірибе, сынау, зерттеу] XIX ғ. соңында американдық психолог, тестілік диагностиканың негізін салушы Д. Кеттел енгізген.
Кейінірек француз психологы А. Бине, одан кейінірек американдық психолог Э. Торндайк пен оның шәкірттері жетілдірді.
Тест - стандартталған тапсырма немесе тексеріліп отырған адамның білім, білік, дағдыларының актуальды деңгейін, сондай-ақ қабілеттерін байқауға бағытталған бақылау тапсырмаларының жүйесі. Осымен байланысты тестілеу психологияның-педагогикалық диагностика әдісі түсіндіріледі.
Тестілеу әдісі пайда болғаннан бастап ылғи жетілу үстінде болды. Альфред Бине (1857-1911) тесті уралы ілімінің негізін саушылардың бірі. Ол балаларға диагностика жасау үшін жас деңгейі жүйесін (1908 және 1911 жж. тест нұсқалары) жасақтады. Ол тест тапсырмаларын жас деңгейіне қарай топтастырды ("норм" балалар оларды 50-90%) шешкен. Егер берілген есепті бірдей жастағы балалардың белгілі мөлшерінің 75% шешімін тапса, онда ол берілген жас мөлшеріне лайық деп есептелінді. Бала шешкен есептің санына сәйкес оның танымдық даму жасы анықталды.
Тапсырмалар логикалық, логика-перцептивтік және арифметикалық әрекеттермен, нақты тәжірибелік жағдаяттарда бағдар, жалпы ~, еркін жадты анықтады.
Осылайша әрбір жас үшін тестілер сериясы құрастырылды.
Алайда интеллектуалды дамудың жас мөлшері әр баланың ойлау қабілеттілігі мен оның даму жолдары жөнінде тек қана сол баланың жасымен салыстыру арқылы ғана қандай да бір ақпарат бере алады. Сондықтан неміс психологы В. Штерн (1871-1938) интеллектуалды даму жасын өмірлік жасқа бөлу арқылы интеллектуалды дамудың салыстырмалы коэфицентін алуды ұсынды. Бүтін сан алу үшін алынған? Шыққан? шаманы 100-ге көбейтті. 100 шамасы интеллектуалды даму жасы мен өмірлік жасқа сәйкес келді, яғни интеллектуалды даму орташа деңгейін белгіледі (айқындады?) Ағылшын психологы Берт, сондай-ақ америкалық ғалымы Гермен бұл жүйені одан әрі дамытқысы келді. Олардың есімдерімен Бине-Берт және Бине-Гермен шкалалары аталды.
Бине-Гермен шкаласы бала жасының әр кезеңіне 6 тест беру арқылы жасалынған. Әрбір тест 2 айға есептелінген. Сынаққа түсушуге алдымен өз жасынан бір жасқа төмен балаға арналған тапсырмалар ұсынылды. Ол қатарынан 5 дұрыс жауап беруі қажет. Осы арқылы ойлау қабілеттілігінің "базалық жасы" белгіленді. Әрі қарай "базалық жас" тестісінің соңына? Қатарына? барлық дұрыс жауаптардың саны қосу қажет болды. Егер бала өз жасына сәйкес тапсырмаларды, мысалы 6 жасқа лайық және шамамен одан үлкен балаларға арналған 3 тестіні шешкен болса, онда оның ойлау қабілеттілігінің жасы 6 жас және 6 айға тең деп есептелінген. Бұл жағдайда баланың интеллектуалды коэфиценті мына формуламен есептелінеді:
Мұндағы, YB - ойлау қабілеттілік жасы (тестке сәйкес), XB -хронологиялық (паспорт бойынша) жасы IQ - "Ай - кью" - баланың ойлау қабілеттілігінің жасын (бұл жағдайда 6, 5 жас) 100-ге көбейтіп, оның шын хронологиялық жасына (біздің мысалда 6 жас) бөлгендегі шығатын шама. Біздің келтірген мысалда коэфицент ойлау қабілеті шамамен 108% тең, яғни қалыпты шамадан аз ғана жоғары.
IQ шкаласы алғаш рет 1916 жылы Бине-Гермен тестісін бейімдеу (адаптация деп өткізген) кезінде қолданылды. Бірақ бұл шкаланы қолданған кезде зерттеушілерді интеллектуалды даму жвсының прогресін?үдеріс? анықтайтын тапсырмалардың болмағандығынан 16 немесе 19 жоғары жаста есептеу мүмкіндігінің жоқтығына экеліп соқтырды. Нәтижесінде ересектерге арналған интеллектуалды коэфиценттің шкаласын эзірлеу мүмкін болмады.
1939 ж. Д. Векелер осы тест үшін нақты ересектер тобының орташа шамасына ауытқу - шылықтарды есептегендегі алынған стандарттарды ойлап шығарды? Яғни, ол интеллектуады даму жасын анықтаудан және оны өмірлік жасқа бөлуден толықтай бас тартты. Бұл жағдай "интеллектуалды коэфицент" атауы одан әрі алынған шаманың?шамаға? сәйкес келмеуі, бірақ бұл термин кең тарап кеткендіктен сақталып қалды. Ғылымдық тұрмысқа енген бұл жаңа шаманы "IQ - ауытқу" деп атайды. Бұл шама 100-ге көбейту арқылы және 15 бірлікке жуық оң немесе теріс жағына стандартты ауытқитын репрезентативті іріктемелің?таңдаудың? мұқият салыстырудағы анықталатын орта шамамен сипатталады.
Сыналатын адамның (жанның) IQ тестін құрастырудың алғашқы кезегінде ойлау қабілеттілігін, жасын хронологиялық жасқа бөлу арқылы есептеп шығарды, бұл жағдайда ең бастысы өлшем ауытқулары теориясының классикалық аппараты негізінде өлшемдердің сапасын арттыруға баса назар аударылды. Экспериментальды тәжірибелерінің жинақталу нәтижесінде латентті-структуралық талдау базасы негізінде П.
Лозарсфельд және т. б. және соған байланысты бірқатар математикалық өлшемдер модельдерінің талдауымен тесттер теориясы дами бастады. Енді тапсырмалардың сапасын және жеке тұлғаның параметрлерін бағалаудың математикалық теориясы қолданылады. Осының негізінде барлық қазіргі заманғы тесттер жасалынады. Интеллектуалды даму коэфицентінен ауытқушылық деректердің орташа шамасының (қалыпты түрде бөлінген) кейбір нәтижелерінің ауытқуларын есептегенде анықталады. Интеллектуалды даму коэфицентін дамуды анықтайтын шкалада орташа шама 100-ді, ал екі жақты стандартты ауытқу шамамен JQ 15 бөлігін құрайды.
2. Педагогикалық тестілеу түрлері
Педагогикалық тестілеу тұлғаның білімін, іскерлік, қабілеттілік, тұлғалық қасиеттің даму денгейін, сонымен қатар олардың бекітілген ережелермен нормаларға сәйкестілігін немесе зерттелушіде қарастырылатын қасиеттің ертерек дамуын салыстыратын стандартты сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланатын зерттеу әдісі.
Тестілеу - зерттеушіге белгілі бір қызмет ұсынады: ол тапсырма орындау, сурет салу, көрініс туралы әңгімелеу және қолданылатын әдіске байланысты басқа да іс-әрекеттер болып табылады. Зерттеуші адам бойындағы қасиеттердің даму деңгейі туралы қорытынды жасайтын белгілі бір зерттеу жұмысын жүргізеді.
Тесттер мынадай белгілермен сипатталады: дәлдігі (зерттеушіге кездейсоқ жайттардың әсер етпеуі) ; үлгілігі (тапсырмада қандай да бір қиын, кешенді құбылыстың орын алмауы) ; стандарттылығы (зерттеушілердің қасиетін немесе үрдіс нәтижесін талдауда біртекті талаптармен ережелердің болуы) .
Тестілеудің 3 негізгі саласы бар: 1) білім беруден тестілеу 2) Кәсіби тестілеу 3) психологиялық тестілеу
Барлық 3 салада да келесі тест түрлері қолданылады: жеке тұлғалық, жобалық, интеллект (зияткерлік) тесті, жетістік тесті, креативтік тестілер, өлшемді-бағыттаушы тестілер.
Жеке тұлғалық тестілер - жеке тұлғаны жан-жақты өлшейтін психодиагностика әдістері: белгілеулер, құндылықтар, қарым-қатынас, эмоциональдық (көңіл-күйі) уәждік және тұлға аралық қасиеттер, мінез-құлықтық типтік түрлері. Әдетте жеке тұлғалық тесттер 1) шкалалар мен сұрақтар; 2) әр түрлі жағдайларға байланысты тесттер мен перцептивті, конгнитивті немесе бағалау тапсырмаларының негізінде пайдаланылады.
Тұлғалық сұрақ-жауаптардың тұлғаның әр түрлі ерекшеліктерін бағалауға арналған түрлері бар: а) тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайтын сұрақтар; б) типологиялық сұрақтар; в) іс-әрекеттің-құбылыстың себебін анықтайтын сұрақтар; г) зерттелушінің қызығушылықтарын анықтайтын сұрақтар.
Жобалау тестілері - [латын projection - алға лақтыру] - тұлғаны зерттеу әдісінің бірі. Зерттелушінің ерекшелігін анықтау және түсіндірудің жолы. Аталмыш әдіс жобалық әдістемелердің жиынтығымен жүргізіледі. Олардың ішінде: а) ассоциативті (мысалы Роршахтың аяқталмаған сөйлемдер тестісі және т. б. ) б) түсіндірмелі (мысалы, көріністе бейнеленген әлеуметтік жағдайларды түсіндіруді талап ететін тестіле) ; в) экспрессивті (психодрама, адамның немесе жер бетінде тіршілік етпейтін жануардың суреті жәнет. б. )
Зияткерлік тесттің сан алуан түрі қабілеттілікті сынау тестісі ретінде қабылдануы мүмкін. Стенфорд-Бике тестісі, Векслер межесі және әр түрлі топтағы зияткерлік тестілер білім беру мекемелерінде академиялық қабілеттілікті анықтау тестісі ретінде қабылданады. Себебі олардың көмегімен оқушы немесе студенттің академиялық үлгерімін анықтауға болады. Ғылымға не тілге ерекше қабілеттілікті анықтау үшін арнайы тестілер құрастырылады.
Тесттің мынадай негізгі түрлері ажыратылады:
Жетістік тестісі - іскерлік, білім, дағдылану деңгейін анықтауға арналған Кәсіби, біліктілік мазмұндағы тесттер. Мысал ретінде, бірыңғай мемлекеттік емтиханды айтуға болады.
Қабілеттілік тестілері арнайы таңдалған стандартты тапсырмалар жиынтығын құрайды. Ол қызметкердің тапсырмаларды орындауда қабілетімен элеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Қабілеттілік тестілері белгілі бір іске қабілеттілік деңгейін бағалау үшін қажет.
Тестілер вербальды (ауызша мағыналы) және вербальды емес (айшықты, суретпен, кескінмен), яғни сөзсіз болып ажыратылады. Осылай, тест әрқашан тұлғаның қандайда бір психологиялық қасиетінің көрінуін және оның дамуы мен қалыптасу деңгейін бағалаумен байланысты.
Дұрыс құрастырылған тест келесідей құрылымдалуы қажет:
Тапсырмалардың жиынтығы;
Зерттелуші үшін тестімен жұмыс жасау ережелері;
Сыналушы үшін нұсқаулық;
Тестімен өлшенетін қасиеттердің теориялық суреттемелері;
Қасиеттерді өшеу межесі;
Меже бойынша бағалау әдісі.
Тестілеу әдісі, тұлғаны зерттеуде даулы және кең таралған әдісі болып табылады. Бұл әдістің даулылығы неде? Тестілеуде қандайда қиыншылықтар байқалады? Оның кең етек жаюына не кедергі?
Біріншіден, әдеттегі жағдайда тестілеуден жоғары ұпай алған адам, қауіпті жағдай туындағанда күйзеліске шыдай алмай, жүйкесі сыр беруі мүмкін. Әрине, тестілеуді ақиқатқа, шындыққа балау үшін, тестілеу кезінде зерттелушіге қарбалас жағдай тудырып, тестілеуге берілген уақытты қысқартуға болады, бірақ айтарлықтай қиындықтар тудырады.
Екіншіден, тестілеу рэсімінің сипатын біле отырып, зерттелушіге ұқсас тестілерді шешіп, дайындалуға, ал кейбір жағдайда нәтижесін алдын ала білуге болады. Бір сөзбен айтқанда, кейбір қатысушылар өздерінің қабілет-қарымына емес, тапқырлығына, пысқтығына, қулығына, байқағыштығына қарай жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін. Қатысушының тағдыры тестілеуге неғұрлым қатысты болса, оның қулығы, икемділігі соғұрлым жоғары болады. Бұндай жағдай тест құрастырушыларды әр түрлі қулыққа барып, мысалы, бірін-бірі қайталайтын тест сұрақтарын жасауға итермелейді. Дегенмен, жоғары сапалы тест құрастыру оңай емес, ал соңғы нәтижені есептеп, салыстыру одан да қиын.
Үшіншіден, қазіргі тестілеудің нәтижесі біраз уақыттан кейін, дәл сол зерттеу нәтижесімен салыстырғанда өзгеше болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, психологиялық-педогогикалық зерттеу тұлғаның дамуын толық бақылай алмайды, тек мардымсыз болжау мүмкіндігіне ие болады.
Төртіншіден, тестілеу әдісімен бірге жүретін көптеген өлшемдер, тұлғаның қасиетін анықтауда жетекші болмайды. Олар көп жағдайда тұлғадағы өзгерістерді тіркейтін жүйке жүйесінің жеке қызметі болып табылады. Айталық, ұзақ және мұқият тестілеу жолымен математикалық тэуелділікті анықтау қабілеті дамыған адамдарды таңдап алуға болады. Тестілеудің дәйектілігі - тұлғаны ауық-ауық тестілеуде берген жауаптарынның бір-бірімен сэкестілігін көрсететін сипаттамасы. Мысалы, белгілі Айзенк тестісіне бірнеше күн, айға үзіліс жасап, қайта оралса, қойылған сұрақтардың барлығының жауабы алғашқысымен сәйкес келе бермейді. Тестілеу әр түрлі жағдайда жасалса, сәйкессіздік ерекше бедерлі болады. Әрине, тестілеу үшін тыныштық қажет. Жүйке жүйесіне әсер ететін сыртқы жағдайлардан арылған жөн. Дегенмен, бұның бәрі екі түрлі уақытта жасалған тест нәтижесінің сәйкестілігіне кепіл болмайды.
Алғашқы және соңғы тестілеу нәтижесінің арақатыстық шамасы тестілеудің дәйектілігін анықтайды. Дәйектілікті % пайызбен өлшейді. Бұнда қатысушы бірдей жауап берген сұрақтың пайызы есептелінеді.
Тестілеудің жоғары дәйектілігінің арақатыстық шамасы 0, 6-0, 9% аралығында анықталады.
Тестінің анықтығы - құбылыстың қасиетін, сапасын өлшеуге жарамдылығы. Айталық, математикалық заңдылықтарды табуға арналған тестіні шешуде 5 қатысушы төмендегідей нәтиже көрсетті.
Қатысушыларды сарапшылар да бағалады. Сарапшылар бағасы екі жылдық бақылауға негізделді. Жан жақты зерттеу негізінде сарапшылардың пікірі қалыптасты. Әрине, ол математикалық заңдылықтарды ашу қабілеттілігінің деңгейі нақты көрсетті. Тестілеудің нәтижесімен шындықтың толық сәйкес болуы мүмкін емес. Тестінің ешбір түрі мүлтіксіз нәтиже бермейді.
Анықтылық - тестілеу нәтижесі және тұлғаның зерттелетін қасиетінің нақты дамуының арасындағы арақатыстық шамасын есептеу жолымен анықталады. Бұл жағдайда Спирменнің арақатыстық шамасымен анықталған анықтылық 0, 9-ға тең. Бұл жоғары көрсеткіш. Осылай, тестілеу әдістемесі психологиялық-педагогикалық зерттеудің тиімді құралы болуы мүмкін.
Дегенмен, тестілеу әдісінің мүмкіндігін жоғары бағалауға болмайды. Олар басқа да әдіс-тәсілдер жиынтығымен қатар қолданылуы қажет. Тестілеудің жеке түрін емес, олардың жиынтығын пайдаланып, дәлдігімен анықтылығына қол жеткізу, зерттеушілердің біліктілігін көтеру орынды. Осының бәрі психологиялық-педагогикалық зерттеуде тестілеу әдісін кең пайдалануға алғышарт болады.
3. Мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу
Психологиялық-педагогикалық зерттеуде қолданылатын
эмпирикалық әдістерге озық педагогикалық тәжирибені зерттеу және жинақтап қорыту, педагогикалық құжаттар мен адамның қызмет нәтижесімен байланысты әдістер тобы жатады. Яғни, құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дэптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Қызмет нәтижесін зерттеу әдісі адамның білімінің, дағдысы мен іскерлігінің, қызығушылығы мен қабілеттілігінің қалыптасуын, тұлғаның психологиялық сапасы мен қасиетінің дамуын зерттейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz