Перитонит -іш астарының жедел және созылмалы қабынуы
Перитонит -іш астарының жедел және созылмалы қабынуы, өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылуы ағза ауруының жергілікті және жалпы белгілерімен бірге жүруі. Перитонит -- құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларын астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы. Ішперденің анатомиялық құрылымының ерекшеліктері. Ішастарының жалпы ауданы 17000-20400 см 2. құрайды және тәулігіне 70 л сұйықтықты сіңіре алады. Оның негізгі қызметі- қорғаныштық функциясы. Ішастар бір-бірімен тығыз жанасқан полигональды формалы жалпақ клеткалар қабаты мезотелий деп аталады. Одан кейін базальды мембрана орналасады, беткей талшықты коллагенді қабат, келесі эластикалық тор және терең торлы коллагенді қабатпен бітеді. Ішастар терең торлы қабатта орналасқан лимфалық және қан тамырлық торлармен өте жақсы қамтамасыз етілген. Қан тамырлары нервті ганглилері бар көп мөлшерде нервті бағаналармен бірге жүреді.Ішастар жабынды, қорғаныштық, бөлініс ,пластикалық, резорбциялық функцияларды атқарады.Ауыр іріңді перитониттерде егер қабыну ошағы жойылғаннан кейінде іш қуысындағы көп мөлшердегі ірің тарқатылып кетеді. Этиологиясындағы негізгі себебі - инфекция. 1.Микробты (бактериальды) перитонит: протей клебсиеллы, энтеробактер, акинетобактер, цитробактер; стафилококки, стрептококки; бактероиды, фузобактерии, вейлонеллы; клостридии, эубактерии, лактобациллы 2. Асептикалық (абактериальды, токсико-химиялық) перитонит - іш пердесіне зақымын тигізетін сұйықтықтар қан, өт, асқазан сөлі, ішкі ағзалардың асептикалық некрозы. 3. перитониттің ерекше түрлері - канцероматозды, паразитарлы, ревматоидты Гранулематозды (операция барысында іш астардың кебуі, хирургтың перчаткасындағы тальктың әсері, таңу жібі т.б.) Перитониттің патогенезінің негізгі себебі кәдімгі бактериальді қабыну . Ішек таяқшалары (65%) және патогенді коктар (30%) іріңді перитониттің ең жиі кездесетін қоздырғышы болып саналады. Іш пердесіне сіңген бактериялар қан тамырларына өтіп интоксикация тудырады. ПАТАНАТОМИЯЛЫҚ СИПАТЫ: Микробтар ішке түскенде қабыну процесі басталады. Осы мезгілде іштің микроб енген тұсы қызарып, кейбір жеріне қан құйылып қабыну сұйықтығы арқылы ісініп кетеді. Пайда болған сұйық зат іш қуыстарына жиналады. Сол сұйықтықты зерттейтін болсақ, оның құрамында лейкоциттер мен фибрин, белок, эритроциттер араласып ішек ішіндегі сұйық заттың түсін өзгертеді. Фибрин (қанның белокты талшығы) көп болған жағдайда қарынның ішкі көк еті мен ішектердің сыртындағы перде өзара жабысып қалады да, сұйықтықтың жан- жаққа жайылуына кедергі жасайды. Жіктелуі: Құрсақ қуысына микрофлораның ену сипатына байланысты: Біріншілік перитонит - (сирек 1%) микрофлора құрсақ қуысына гемотогенді , лимфогенді жолмен немесе жатыр түтікшелері арқылы түседі. Екіншілік перитонит - іш қуысы жедел хирургиялық ауруларының асқынуы: қуысты ағзалардың перфорациясы кезінде, іште өтпелі жарқаттарында , анастомоздардың тұрақсыз тігістері кезінде, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операция және т.б. Шығу тегі бойынша: бактериалды өтті зәрлі Гинекологиялық -- пельвиоперитонит Криптогенді - пайда болуы белгісіз Панкреатикалық - ұйқы безі ферменттерімен Сұйықтық ерекшелігіне байланысты: Серозды; фибринозды; фибринозды - іріңді іріңді геморрагиялық; сасып-шіріген Іш қуысындағы ауруларға байланысты перитониттің пайда болу жиілігі: Құрт тәрізді өсінді (30-65%)- аппендициттер: перфоративті, флегмонозды, гангренозды; Асқазан, ұлтабар (7-14%)- тесілген жара, рак перфорациясы, асқазан флегмонасы ж.т.б. Әйел жыныс мүшелері (3-12%)- сальпингоофорит, эндометрит, пиосальпинкс, гонорея, туберкулез. Ішектер (3-5%)- өтімсіздігі, жарық қысылуы, тамыр шажырқайының тромбозы , перфорация, туберкулез, Крона ауруы, дивертикулиттер. Өт қабы (10-12%)- холециститтер: гангренозды, перфоративті, флегмонозді, өт перитониті тесілусіз. Ұйқы безі (1%)- панкреатит, панкреанекроз Операциядан кейінгі перитониттер (1%) бауыр және көкбауыр абсцесстері, циститтер, асциттегі сұйықтықтың іріңдеуі, паранефрит. Клиникасы: Перитонит -- басқа бір аурудың асқыну салдарынан пайда болғандықтан сол алғашқы ауруға жаңа ауру белгілері қосылып науқастың жағдайын қиындатады. Перитонит болған науқастың тілі құрғақ, ішінің барлық жері ауырады, әлсіреп, жүдеп қалады тынысы тарылып ауа жетпегендей сезімде болады. Перитонит ауруының жалпы белгілері: Іштің ауырсыну сезімі; лоқсу және құсу белгілері; қарын бұлшық еттерінің қатаюы; Щеткин- Блюмберг белгісінің пайда болуы; науқас адамның дене қызуының көтерілуі; -- ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz