Перцептивті психика жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама


Перцептивті психика жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама
1. Қозғалыстар, сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қатынас
2. Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы
3. Психика дамуының интеллектуалды кезеңі
Перцептивті психика кезеңдері дамуының жоғарғы деңгейіне эволюция үрдісі барысында тек жоғарғы омыртқалылардың өкілдері ғана жетті, олар - құстар мен сүтқоректілер. Осы деңгейде жануарлар әлемінде кездесетін психикалық іс-әрекеттің біршама күрделі көрінулері байқалады. Кеңістіктік бейімделу осы жерде де таксистердің негізінде іске асады, олар: бағдарларды индивидуалды есте сақтаумен сипатталынатын, мнемотаксистер қосылатын, тропо-, тело- және менотаксистер. Жоғарғы омыртқалылардыц өмірінде мнемо-таксистер ерекше үлкен рөл атқаратын болғандықтан, бейімделудің туа берілген тәсілдері бұл жерде өмір барысында индивидуалды жинақталған тәжірибемен мәнді байиды. Қоршаған ортаның компоненттеріне әсерленудің биологиялық адекваттылығы жоғарғы омыртқалыларда да жүріс-тұрыстың инстинктивті элементтерімен қамтамасыз етіледі. Биологиялық жағдайларға адекватты әсерлену тек белгілердің, объектілер мен жағдайлардың үнемелігінде ғана мүмкін, бұл жануар кілттік тітіркендіргішке әсерленген кездегі тектік бекітілген, туа берілген негізде етеді. Сонымен инстинктивті әрекеттер жануарлар үшін ойгілі танымдық мәнге де ие болады, ол оған қоршаған ақиқаттықпен танысқанда көмектеседі.
Инстинктивті жүріс-тұрыс дамуының ерекше жоғарғы деңгейіне жоғарғы омыртқалыларда жануарлардың бір-бірімен рәсімденген қарым-қатынастары жетеді. Қарым-қатынас сферасында жүріс-тұрыстың инстинктивті формалары біршама көп таптауырындыққа қол жеткізіледі. Қатал бекітілген зоопрагматикалық құралдарсыз ақпараттарды беру негізгі бола алмайды. Толық қанды қарым-қатынас сондай-ақ жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін - жеке особтардың және тұтас қауымдастықтың жүріс-тұрысының интеграциясы үшін қажетті жағдай болып табылды.
Қозғалыстар. Бұл деңгейдегі жануарлардың локомоторлы қозғалыстары біршама "автоматтанғандардың" қатарына жатады және олардың әртүрлілігі тіршілік етудің арнайы жағдайларына тәуелді болып келеді. Жоғарғы омыртқалылардың алдыңғы аяқтары, негізгі, сүйеніш-локомоторлық қызметтен басқалары, әртүрлі заттармен манипуляция жасауда көрінетін қосымша қызметтер атқарады. Қосымша қызметтер жоғарғы омыртқалыларда ауыз аппаратына да тән, бұнда осы екі эффекторлық жүйелердің арасында кызметтік өзара әрекеттестік болады. Манипуляциялау әсіресе оларға деструктивті әсер етудің барысында заттарды кешендік тексеруге көмектеседі және жануарлардың танымдық, қабілеттіліктерін дамытады. Осылайша, алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің прогрессивті дамуы психикалық дамудың факторы болып табылды.
Манипуляциялаудың түрлеріне комфортты жүріс-тұрыс та (денені тазалау) жатады.
Сенсорлық қабілеттіліктер. Жануарлардың сезім мүшелері. Бұл деңгейде өзінің дамуында жетістікке жетті деп айтуға болады. Белгілі-бір сезім мүшелерінің және олардың әртүрлілік деңгейінің болуы тіршілік етудің нақты жағдайларына және жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді болып келеді. Сезім мүшелеріне жоғары компенсаторлық мүмкіндіктер тән, мысалы, бір қатар үңгірлік балықтарда көру мүшесі жоқ болғанда олардың қызметін есту мүшесі жақсы атқара алады. Бес негізгі сезім мүшелерінен басқа кейбір түрлерде сезімталдықтың ерекше түрлері болады, мысалы, ультрадыбысқа (жарқанат), инфрадыбысқа (кит), инфра қызыл сәулелерге сезімталдық (шұңқыр басты жылан (ямкоголовая змея) ) және т. б.
Егер негізгі перцепция туралы айтатын болсақ, онда орта компоненттерін заттық қабылдауға, дөңгелек ауыздылардан басқа, омыртқалылардың барлық түрлері қабілетті болып келеді. Бұндай қабілеттілік талдау мен жалпылауга тек жеткілікті дамыған қабілеттіліктің негізінде ғана мүмкін болады. Бірақ төменгі (балықтар) және жоғарғы (құстар мен сүтқоректілер) омыртқалылардың арасында қабылдауға қабілеттіліктің сапалық айырмашылықтары бар. Жоғарғы омыртқалылардың тіршілік ету үшін, жекелеп алғанда индивидуалды тәжірибені бекіту үшін өте маңызды қабілеттілігі олардың көру арқылы жалпылауға (елестерге) қабілеттілігі болып табылады. Бұған дәлел алғаш рет Л. В. Крушинский бейнелеген, көру алаңынан оның жоғалуынан кейін жемдердің орын ауыстыруын бақылау қабілеттілігі көрінетін жануарлардың жабайы формаларындағы "экстраполяция" құбылысы тәрізді құбылыс бола алады. Бірнеше уақыт өткеннен кейінгі реакциялар әдісін қолдана отырып жүргізілген көптеген ғалымдардың эксперименттері көрсеткендей, елестер формасындағы жалпыланған көру бейнелері омыртқалы жануарлардың арасында кеңінен таралған. Эксперименттің мағынасы, жануардың (шимпанзе) көзінше жемді жасырып қоюдан бұрын, оны басқаға, аз тартымды затқа білдірмей алмастырып қояды және оған оны тек бірнеше уақыт өткеннен кейін ғана іздеуге жібереді. Егер жемді тапқаннан кейін жануар "көңілі қалғандығын" көрсетсе, онда елесте басқа заттың бейнесі болған деп болжам жасауға болады.
Сонымен, жоғарғы омыртқалылардың, негізінде елестер қалыптасатын, заттық қабылдауға, талдауға және жалпылауға қабілеттілігі индивидуалды тәжірибені жинақтаудың негізін құрайтын күрделі дағдылардың пайда болуының маңызды алғышарты болып табылады.
Қарым-қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі барлық сенсорлық каналдарды пайдаланумен өтеді. Ольфакторлық сигнализация - химиялық жолмен басқа особтарға ақпарат беру аймақтық жүріс-тұрыста, әсіресе аймақты таңбалауда басым болады. Оптикалық канал - айқын позалар мен дене қозғалысының көмегімен ақпаратты беру, оған рәсімденген жүріс-тұрыс енеді. Мысалы, демонстрациялық жүріс-тұрыс бір-біріне дененің түрлі бөліктерін немесе позаларды демонстрациялауда көрінеді. Осы позалар бағытталған жануарлар адекватты түсіне алатын "қорқытып тастау", "жақсы көріну" ("импонирования") немесе "бағынушылық" позалары болады. Акустикалық канал дыбыстардың көмегімен ақпаратты беру үшін қызмет етеді. Коммуникация үрдісіндегі белгілі-бір каналдың басым болуы жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді. Ақпаратты беретін жануар "экспедиент" деп аталады, ал ақпаратты қабылдайтын жануар - "перцепиент" деп аталады.
Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.
Инстинктивті жүріс-тұрыс эволюция үрдісінде өзінің мәнділігін жоғалтпайтын болғандықтан, ол принциптік түрде үйренумен алмаса алмайды, өйткені инстинкт - бұл түрлік тәжірибе, ал үйрену -индивидуалды тәжірибе. Бірақ, академик А. Н. Северцов көрсеткендей, жоғарғы омыртқалыларда, әсіресе сүтқоректілерде, психика үйрену үрдістері дамуының арқасында эволюцияның шешуші факторы мәніне ие болады. Бұнда инстинкттердің мәні толығымен сақталады. Сонымен қатар, инстинкттердің біршама жоғары дамуы жоғарғы омыртқалыларда онсыз негізгі ақпарат беру мүмкін емес болатын, қарым-қатынастың тектік бекітілген құралдарынан тұратын рәсімдеу жүріс-тұрыстарында байқалады. Негізгі қарым-қатынас жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін қажетті жағдай болып табылады - яғни жеке особтардың және тұтас қауымдастықтар жүріс-тұрысының интеграциясы үшін. Бірақ қарым-қатынастың индивидуалды ерекшеліктерінің қалыптасуында үйрену үрдістері мәнді рөл атқарады. Қарым-қатынастың индивидуалды жинақталған элементтері жануарларға жабық коммуникативті жүйелердің сыртына шығуға мүмкіндік береді және, осылайша, ол нәтижесінде қарым-қатынастың адамға тән формаларының туындауына алғышарт болып табылды. Тек жоғарғы омыртқалыларда ғана олардың жүріс-тұрыстарының иілгіштігін және бейімділігін анықтайтын күрделі дағдылар кездеседі. Жүріс-тұрыстың иілгіштігі орта жағдайларының өзгеруін деп дағдылардың тез қайта құрылу мүмкіндігінде көрінеді. Міне, сондықтан күрделі дағдылар жануарлардың психикалық іс-әрекеттерінің жоғарғы формаларының - интеллектуалды әрекеттердің - дамуы үшін алғышарт болып табылады.
Психика дамуының интеллектуалды кезеңі
Интеллект сөзі латын тілінен аударғанда Intellectus - таным, түсіну, ақыл-ес деген мағына береді. Оны индивидтің ақыл-ой қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде тұрақты құрылымы ретінде түсінген жөн.
Интеллектіні, өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В. Штерн мен Ж. Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді. А. Бине мен Т. Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын. М. Вертхеймер мен В. Келер инсайт түсінігін қалыптастырды.
Академик А. Н. Северцов интеллект жануарға біршама үлкен бейімделу тиімділігін береді деп есептеген.
Алғаш рет жануарлардың интеллектісін өз жүріс-тұрысын ортаның өзгермелі жағдайларына "келтіру" қабілеттілігі ретінде 1882 жылы Дж. Романес "Жануарлардың ақылы" ("Ум животных") атты кітапта бейнелеген. Ллойд Морган мен Э. Торндайк антропоморфизмге сын жасап Романесқа қарсы шықты және жауап ретінде жануарлардың психикалық қабілеттіліктерінің қатал критерийлерін қалыптастырды (Метод проб и ошибок) .
Американдық психолог Э. Толмен 1932 жылы "Жануарлар мен адамдардың мақсатқа бағытталған жүріс-тұрысы" ("Целенаправленное поведение животных и человека") атты кітап жазды.
Жануарлар "әрекеттер аркылы үйренеді" деген ойға қарсы, Толмен эксперименттік түрғыда олардың лабиринттің жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты, сәйкес жүріс-тұрыстарды іске асырмастан, қабылдай алатындығын көрсетті. Ол, үйрену кезінде жануарлар сыртқы әлемнің себеп-салдарлық қатынастарын көрсететін "когнитивті картаға" ие болады деп болжам жасады.
Интеллектуалды кезеңдер жоғарғы деңгейіндегі жануарлар үшін тек ортаның заттық компоненттерінің ғана емес, сонымен қатар олардың байланыстары мен қатынастарының бейнеленуінде көрінетін психикалық іс-әрекеттерінің даму деңгейі болып табылады, сондай-ақ ол дағдыларды ауыстыру мен пайдалану арқылы түрлі тәсілдермен күрделі тапсырмаларды таптауырындық емес шешу болып табылады. Бұл ауыстыру заттардың ұқсастығы бойынша, сонымен қатар олардың арасындағы ұқсастық бойынша да іске асырылады.
Неміс ғалымы В. Келер жануарлардың ойлауы мен интеллектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге үлкен үлес қосты. Алғаш рет ол жоғарғы жануарларға (адам тәріздес маймылдарға) жүріс-тұрыстың интеллектуалды формалары, инсайт және қарапайым-құралдарды дайындауға қабілеттіліктердің тән екендігін дәлелдеді.
Жануарлардың интеллектісін, сонымен бірге иттің таяқшаны алып жүрудегі теңсіздік орталығын қалай табатындығын Л. Морган зерттеген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz