Польша жеріндегі Түркістан легионы
Польша жеріндегі Түркістан легионы
АСТАНА. 29 қараша. BAQ.KZ - Альянс одақтастығының барлау қызметінің мұрағаттық құжаттарында да деректер өте аз кездеседі. Сондықтан Түркістан легионы, оның шындық тарихы туралы толыққанды дүние жазу қиын іс болмақ.
Біздің қолымызға түскен мұрағат деректері 1942-1943 жылдары Польша жерінде 14 Түркістан батальонының жасақталып, шығыс майдандағы соғысқа жіберілгендігін айғақтайды. Салыстырар болсақ, сол жылдары Польша жерінде 9 армян батальоны, 8 грузин батальоны, 8 әзірбайжан батальоны, 7 кавказ баталоны және 7 татар батальондары жасақталып, соғысқа жіберіліпті. Мұрағат деректеріне қарағанда, Польша жерінде құрылған Түркістан легионының сарбаздары тек қана оқу-жаттығумен ғана айналыспаған, олар сондай-ақ соғыс барысында өз бөлімшелерінен ажырап, адасып қалған кеңес әскерилерінің шағын әскери топтарын іздестіру, ұстау операцияларына, партизан отрядтарымен шайқастарға да қатыстырылып тұрған.
Өкінішке қарай, мұрағат деректерінде Түркістан легионының сарбаздары туралы жақсы сөздер айтылмайды. Оларды дөрекі, аяусыз, қатыгез адамдар ретінде еске алады. Әрине, бұл жерде біз соғыстың жан түршігерлік сұмдықтарын басынан кешкен ол азаматтарды табалаудан аулақпыз. Бәлкім соғыс жағдайы оларды сондай қатыгездік жасауға мәжбүрлеген болар. Екінші жағынан неміс мундирін киген әр түркістандық үшін өзінің туып өскен Отанына қайту енді мүмкін еместігін сезінген сайын маңайындағыларға деген кекшілдік, өшпенділік те болуы да әбден мүмкін жағдай.
Қалайда соғыс өрті тұтанған Польша жерінде осылай екі жылдай өмірін өткізген Түркістан легионы кісілерінің тағдырын аса қиын тағдырдың бірі деуге келеді. Олар неміс басқыншылығын бастарынан кешіп жатқан жергілікті поляк халқына әсте ренжитін немесе оларды жек көретін жағдайда емес болатын. Тіптен бір-бірін дұрыс түсінісетін, бір-біріне өз жағдайын айта алатын мүмкіндіктегі халықтар да емес еді. Поляктар да неміс басқыншылығын бастарынан кешіп жатқан бір ауыр кезең.
Неміс армиясы 1941 жылы маусымның 22-сі күні Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс бастағанда, Қызыл Армияның соғысу қабілетінің осал болғаны соншалық кеңес армиясының қаншама дивизия, полктері ешбір қарсылықсыз, бірде-бір оқ атпастан немістерге жаппай беріле бастаған. Шынында да, қарапайым қазақты жалғыз күнде орыстың Волоколамск немесе Вьязма батпағына апарып, жақсы қаруланған неміс армиясына қарсы салу дегеніңіз барып тұрған көрсоқырлық иә есерсоқтық нәрсе секілді. Не үшін ол бейбақ қазақтың үштен бірін аштан қырып, қалғанын тентіретіп шетел асуға мәжбүр еткен, қазақ халқының ең маңдайалды интеллигенциясын түгелдей атып тастаған, 1937-1938 жылғы саяси репрессияны шебер ұйымдастырушы мұртты көсем Сталин және оның Берия секілді қолшоқпарлары билік жасап отырған Мәскеуді жаудан қорғауы керек еді? Бұндай сұрақ шалғай ауылдан майданға аттанған, өмірінде қолына қару ұстап көрмеген қарапайым қазақтың ғана емес, сондай-ақ жүз ұлттың лабораториясы аталған ұлы Отаны үшін еріксіз соғысқа кіріп, неміс тұтқыны болған сан мыңдаған грузин, татар, украин және өзбектердің де ойында қалғаны рас. Вермахтың жақсы қаруланған армиясына қарсы майданның алғы шебіне жегілген олар үшін тұтқын болудан басқа жол жоқ еді.
Қызыл төңкерістен кейінгі 20 жылдан астам уақыт өз халқына қарсы коммунистер қолынан жасалған террор, күшпен ұжымдастыру, аштық, кедейшіліктің зардабын әбден тартқан кеңес әскерилері неміс тұтқыны болған күннен бастап қатыгездік жағынан Гестапоның НКВД-ден асып түсетін адам сенгісіз сорақы қылықтарға баратындығына шынымен көздері жете бас - тады. Алғашында немістердің большевиктерден қорлық көрген сендерге енді бостандық алып береміз, өздеріңнің ұлт дәстүрлеріңе берік болатын боласыңдар дегені әншейін бос сөз болып шықты.
Бельгия, Голландия, Дания секілді Батыс Еуропа елдерін, одан соң Польшаны аз уақыттың ішінде тас-талқан еткен Вермахттың жақсы қаруланған армиясы Қызыл армияға қарсы шығыс майданда аяусыз соғыс жүргізді. Кейбір тарихшылар соғыс басталғаннан бергі 5-6 айдың ішінде, яғни 1941 жылдың соңына қарай неміс тұтқыны болған кеңес әскерилерінің саны 3 миллионға жеткен деген дерек келтіреді. Бәлкім солай да шығар. Неміс тұтқыны болып қолға түскен осы кеңес әскерилерінің батысқа қарай бет алып, баяу жылжыған шетсіз, шексіз саптары әскери техникалардың алға жылжуына бөгет жасаумен болады. Ал тұтқындарды бақылау, күзетуге соғыс шебінен мыңдаған неміс әскерилері тартылады. Тұтқындардың аштан өлмеуі үшін неміс армиясы өз әскерилеріне бөлінген наннан да бөліп берулеріне тура келеді.
Қолға түскен неше миллион кеңес тұтқындары жайында естігенде, Гитлердің оларды қайда жіберерін білмей аласұрғаны бар. Әсіресе Азияның қиырынан шыққан түркістандық тұтқындарды Германияға әкелмеу жөнінде Гитлердің арнайы бұйрығы шыққан соң, олардың барлығы алғашында Польша жерінде қалады. Польшадағы кеңес тұтқындарының жағдайы өте ауыр болғаны соншама бұл өлім лагерлеріне айналады.
Осы қиын жағдайды өз көзімен көрген Мұстафа Шоқай Германия үкіметіне реніш хатын жолдап, түркістандық тұтқындарға дұрыстап қарау қажеттігін талап етеді. Бұдан соң, олардың жағдайлары сәл-пәл оңала бастайды. М.Шоқай фашист лагерлерінде зардап шеккен осы жандарды қайтадан қанды соғысқа айдап салу адамгершілікке жатпайтынын айтып, керісінше, саяси білімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, зауыттарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрлар даярлау идеясын ұсынады. Алайда қазақтың біртуар азаматы М.Шоқайдың бұл ұсынысы мен идея - сы оның өзінің кенет қайтыс болуына байланысты толық іске аспай қалады. Ол 1941 жылдың күзінен бастап Польша жеріндегі түркістандық тұтқындар лагерлері: Сувалки ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz