Поэзия мен проза


Поэзия мен проза
Поэзия(гр. poіesіs, poіeo - жасаймын, тудырамын) - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В. Г. Белинский: “Поэзия - тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді:
а) шын көңілден шыққан сырлы;
ә) былғаныш пікірден таза;
б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек.
Сыртқы шарттары:
а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі;
ә) қысқа;
б) әуезді болуы тиіселосы Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында классик.
Поэзия үлгісін Абай шығармаларынан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен поэзия үлгісінде дамып өркендеді. Халық поэзиясы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т. б. Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, т. б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ поэзиясында лириканың көптеген жаңа үлгілері қалыптасты, публицистикалық поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды
Проза (лат. prōsa) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) .
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан - коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т. б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т. б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі.
Көркем әдебиетте тілдік ерекшелікте, сөйлем құраудағы өзіндік критерийлер айқын байқалады. Проза мен поэзия тілдері жалпы тілден бөлек тұрған жеке категория емес, оларда тілдің жалпы заңдылықтарына бағынады. Дегенмен, проза мен поэзия тілдеріндегі негізгі ерекшелік - ойды жеткізу үшін құрылған сөйлемдердің құрылымында, сөйлемдердің сыртқы формасында.
«Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем, » - дейді Р. Сыздықова. Поэзия тілін ерекшелендіретін негізгі фактор ұйқас, өлшем, ырғақ. Мысалы:
Мен де оны бір кезде
Етігінен танығам
Қадай басып өкшесін
Далама кеп қаңғыған.
Осы 4 тармақты, 7 буынды шумақта екі сөйлем бар, яки екі ой айтылған. Ал қара сөзбен жазылған сөйлемдердің буын санын анықтау тіпті мүмкін емес. Сонымен, өлеңді сөздердің қара сөзден айырылатын белгілері - өлеңнің жеке - жеке, қысқа - қысқа жолдарға, яки тармақтарға бөлінуі және сол жолдардың өз ара белгілі бір ырғақта, ұйқаста, өлшемде келуі.
Бұл ерекшеліктер туралы орыс тілінің өлең құрылысын зерттеуші ғалымдар Б. В. Томашевский, Н. С Поспелов, Б. Эйхенбаум баса айтады.
«Чтобы определить, в чем именно разница между стихами и прозой, необходимо определить характер речевых единиц. Дело не в том, что одна форма речи членима, а другая нет. Членятця и стихи и проза, но механизм этого членения, несомненно, розличен» - деп жазады Б. В. Томашевский. Қазақ халқының ұлы перзенті өзінің «Әдебиет танытқышында» өлеңді сөздің ерекшелігін қарапайым да ұғынықты етіп былайша баяндайды: «Сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық - шық жүргені сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ - ырғағы болады. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлем ішіндегі буын санының бірдейлігімен келетін ырғақ». Осы тәріздес пікірді әдебиет теориясына байланысты еңбегінде профессор Қ. Жұмалиев те айтады: «өлең сөйлемдердің буын, бунақтарын алсақ, белгілі бір тәртіпке бағынатынын көреміз, егер ол тәртіп бұзылса, сөйлем өлеңдік қасиетінен айырылады. Демек, бұл өлең құрылысының өзіне тән бір заңдылығы барлығын аңғартады».
Ғалым Құлмат Өміралиев «15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деп аталатын еңбегінде поэзия тілі ерекшеліктерін жинақтай келе былай дейді: « . . . Ырғақ - өлеңнің моторы. Өлең өлең болып туу үшін әуелі ол белгілі бір ырғақта туу керек. Ырғақ толқыны тізбегі сөйлеу тілінде тұрақты интонацияға ие тізбектерді бөліп жібереді, инверсияға түсіреді. Сонымен қатар, поэзия да барлық морфологиялық формалар ғана актив қолданысқа түседі. Бұлар - поэтикалық реңк алған формалар».
Қазақ сахарасында «филология» терминін ғылым мағынасында алғаш қолданған Ш. Уалиханов та өлең құрылысына, өлең өлшемдеріне назар аударады. Өлеңнің қара сөзден басты айырмасы - мөлшерлі жеке жолдарға бөлінетіндігінде, шумағы, ұйқасы, ырғағы болатындығында, силлабикалық өлең жүйесі буын санының тұрақты мөлшерін сақтауға негізделетінін Шоқан айтқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz