Психиатрияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Психиатрияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары.

Психиатрия клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психикалық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстармен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т. б. жөнінде сараптамалар жүргізу кіреді. Біз өізіміздің мамандығымызға байланысты психикалық сау және ауру адамды ажырата білуіміз қажет. Егер, ол психикалық ауру болса, оған қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін бас миы қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады.

МАҚСАТЫ:

1. психикалық ауруларды анықтау және тіркеу.

2. психикалық бұзылыстарды анықтау және диагностикалау

3. науқастарды белсенді динамикалық бақылау немесе консультация жүргізу, егер өз еркімен келетін болса

4. емдік және психикалық профилактикалық шараларды жүргізу

5. соттық-психиатриялық, әскери және еңбектік экспертизаны жүзеге асыру

6. әлеуметтік реабилитация және реадаптация

7. соттық, құқықтық көмек

8. қоршаған ортға қауіпті психикалық аытқулары бар науқастарды госпитализациялау

9. Использование средств массовой информации

10. психикалық бұзылыстарды этиопатогенетикалық механизмдерін өңдеу

Психиатрияның дамуының маңызды кезеңдері.

Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Психиатриядаяның басты бағыты ол клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды. Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы, туылыс концепциясы-дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемсітігімен, салданумен аяқталады. Психологиялық бағыт., биологиялық бағыт.

Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдерін бөледі.

1. продормальды -ерте симптомдар кезеңі

2. манифестті-психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделенген кезеңі

3. кері даму кезеңі-дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы

Психикалық аурулардың этиологиясы (әлеуметттік, биологиялық, жастық, тұқым қуалау факторлары)

Әлеуметтік - өндірсітік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (профессионалдыаурулар кезінде) кейде аған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоциональды жүктеме қантамырлық аурлы ауырлатып, психопатологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады.

Биологиялық - генеративті функциялардың ерекшеліктеріне байланысты (менструальды цикл, жүктілік, босану, лактация, климакс) жоғары эмоционалдық, айқын циклдылық және зат алмасудағы өзгерістер-осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп бола алады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральді атеросклероз елдер арасында көбірек кездесед.

Жастық - жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Организмде адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер (пубертатты криз, климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруарына бастама береді.

Тұқым қуалау-ата-анасынан келетін фактор. Яғни генетикалық ерекшеліктеріне байланысты.

Жалпы психиатрияның сипаттамасы.

2. Психиатриялық аурулар

Психиатрия (психе - жан, иатреиа - емдеу) - психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясы мен патогенезін қарастыратын ғылым. Сонымен бірге бұған аурулардың алдын алу, емдеу мен жәрдемді ұйымдастыру да енеді. Психиатрияның дамуы тарихи жағынан былай қалыптасты: оны зерттеу саласы психоздармен шектелген жоқ, сондай-ақ ол невроздарды да, бұған қосымша соматикалық аурулар кезінде басталатын психикалық өзгерістерді де қамтиды.

Психиатрия медицинаның - медицина пәнінің бір бө-лігіне жатады. Өз ішінен ол бірнеше салаға бөлінеді. Олар мыналар:

Жалпы психиатрия (жалпы психопатология) көптеген психикалық аурулар үшін негізгі де, ортақ пси-хикалық қызметтің бұзылуларының көріну және даму заңдылықтарын, этиология мен патогенездің жа. лпы мә-селелерін, өзгеше психопатологиялық процестер табиға-тын, олардың себептерін проблемаларын, зерттеу әдістерін, сондай-ақ жекелеген психикалық ауруларды да қарастыратын жеке психиатрияны да зерттейді. Психиатрияның дамуы мен қызмет аясының кеңеюі нәтижесінде оның жекелеген салалары (мамандықтары) пайда болды. Айталық, балалардың психикалық ауруларын зерттейтін балалар психиатриясы; армияда пайда болатын психикалық аурулардың ерекшеліктерін, олардың алдын алу мен емдеуді, сондай-ақ әскери психиатриялық экс-пертиза мәселелерін зерттейтін әскери психиатрия; соттық психиатриялық экспертиза проблемаларын, цсихикалық аурулардың хұқықтық жағдайын зерттейтін соттық психиатрия; психикалық аурулар кезіндегі еңбек қабілеті мәселелерімен, еңбек өтемі проблемаларымен, мүгедектерді еңбек етуге орналастырумен айналысатын психиатриялық еңбек экспертизасы; психикалық аурулар мен психиатриялық көмек әдістері мен формаларын жасайтын ұйымдық психиатрия; психикалық аурулардың халық арасына. таралуын және бұған ықпал ететін себептерді, олардың барысы мен ақырғы нәтижелерін зерттейтін психикалық аурулар эпидемиологиясы, халықтың психикалық денсаулығын нығайту және психикалық аурулардың алдын алу мәселелерімен айналысатын психо-гигиена, сонымен бірге психиатрияның арнайы белімдері төмендегідей аталады. Олар: патофизиология, биохимия, биофизика, иммунологня, электрофизиология, патологиялық анатомия мен психикалық аурулар гистопатологиясы, психофармакология.

Психиатрия дербес клиникалық пән болғанымен, медицинаның басқа салаларымен тығыз байланыста болады. Өйткені аурудың кез келген түрінде, бүкіл ағза азап шегетіндіктен белгілі бір дәрежеде психика да зақымға ұшырайды. Осыған орай кез келген ауруды қарастыру барысында науқас адамның хал-жағдайының ерекшелігіне байланысты әрбір дәрігер өз мамандығына қатысты болмаса да аурудың психикалық күйін, атап айтқанда, санасын, көңіл күйін, мінез-құлқын, бойындағы ауруға көзқарасын зерттейді. Кез келген емдеу әдісі хирургиялық жолмен араласуды қоса алғанда психикаға әсер ететін ықпалмен тығыз байланысты. Мұның бәрімен кез келген мамандықтық дәрігері есептеспей тұра алмайды. Осыған орай, психикалық жағынан ауытқу мен оған әсер ететін ықпалдарды зерттеу психиатрия білімдерімен таныс болған жағдайда ғана іске асады. Аурудың психикалық жай-күйін түсінбейтін дәрігердің оған әсер ету ықпалдары осы себептерден де жеміссіз болады деп нық айта аламыз.

Аурумен істес болатын күнделікті жағдайларда психикалық аурулар туралы алғашқы таным немесе бұл жайындағы алғашқы күдік ең алдымен психиатрда емес, басқа мамандық дәрігерлерінде, көп жағдайда емдеуші дәрігерде байқалады. Мұның себебі түсінікті де, өйткені ауру адам. (емдеушіге ауруының қатысты болмаса да) өз кеселінің жай-жапсарын ең алдымен соған айтьш отырады. Мұның өзі психикалық ауруға алғаш рет диагноз қоюшы ретінде емдеуші дәрігерге көп жауапкершілік жүктейді. Аурудың бұдан арғы тағдыры да көп жағдайда осы диагнозға байланысты болып келеді. Ал ерте диагнозды дұрыс қою психиатриядан жүйелі білім болғанда ғана жүзеге асады.

Психиатр дәрігерлер психикалық ауруларды зерттеу мен емдеу кезінде басқа мамандық дәрігерлер көмегіне үнемі сүйеніп отырады. Соматикалық ауытқулардың барлығын мұқият зерттемеген жағдайда психикалық ауру-ларды, аурудың пайда болу ерекшеліктерін жеткілікті түрде ұғыну мүмкін бола бермейді.

Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда. Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді - мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio - ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.

Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.

Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары - абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б. Сананың тұмандануы қоса қабат жүретін психикалық аурулар кезінде ақиқат дүниені ұтымды әрі сезімдік бейнелеу бірыңғай дәрежеде бұзылады. Санасы тұманданған кезде аурулар маңайындағы адамдардың бет келбетін танымайды, заттарды бұрмалап қабылдайды, олардың ойлауы байланыссыз, мінез-құлықтары ретсіз, бейберекет мазасыз қимылға бейім келеді.

Танымдық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме танымның белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез-келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.

Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулар сараптамасы
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Клиникалық неврологияның даму тарихы
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы мәлімет
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат
Медициналық психологияның даму тарихы
Медициналық психология
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы мәлімет
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы ақпарат
Медицина психологиясының қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz