Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері
Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2) социологизаторлық.
Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.
Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері - бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.
Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде таза тақтайдай болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы.
Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.
Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.
Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады. Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып табылады.
Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет - бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:
Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен:
баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Жетекші іс-әрекет ұғымы (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Баланың психикалық дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін жетекші болатын іс-әрекетке ерекше мән беріледі.
Жетекші іс-әрекеттің белгілері:
Жетекші іс-әрекеттің астарында жоғарғы психикалық функциялар - танымдық процестер қалыптасады;
Жетекші іс-әрекеттің астарында тұлғалық құрылымдар қалыптасады;
Жетекші іс-әрекетке барлық басқа іс-әрекеттер бағынады (А.Н.Леонтьев);
Жетекші іс-әрекет баланы дәл қазіргі кезеңде даму бастауы болып келетін орта элементтерімен байланыстырады;
Жетекші іс-әрекетте дамудың берілген кезеңі үшін тән бала мен ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы толықтай көрсетілген.
Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.
Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады, екінші жағынан - оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Психологияның жас ерекшелігі
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Баланың дамуының ерекшелігі
Пәндер