Психикалық дамуы тежелген балаларды инклюзивтік оқыту: құқықтық, ұйымдастырушылық және педагогикалық мәселелер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Психикалық дамуы тежелген баланы инклюзивтік оқыту мәселелері

Нұрлан Ізденұлы Есенғазы,

Ақтөбе облыстық психологиялық-

медициналық-педагогикалық

консультация (ПМПК) мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Таяуда Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) мемлекеттік мекемеде «Психикалық дамуы тежелген балаларды инклюзивтік оқытудың мәселелері тақырыбында семинар өткізілді. Семи­нар жұмысына облыстық білім басқармасының арнаулы білім беру, интернаттық ұйымдар және бала құқығын қорғау бөлімінің бастығы Ғалина Пантелеевна Еремеева, облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының бастығы Шолпан Иванқызы Кубенова, қалалық білім беру бөлімінің бастығы Айгүл Аманғазықызы Арынғазиева, қалалық ПМПК басшысы Бақыт Ақымырзақызы Еламанова сондай-ақ, облыстың бірқатар аудандарынан келген мұғалімдер, психо­лог мамандар қатысты.

Жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасының 11. 07. 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТ кластеры, ПМПК, үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ЗПР) бағдарлама, 9 сыныпты бiтipгeciн 5 түрлі куәлік беру Ережелері және мүмкіндік шектелген балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан Заң, Қаулы, Ереже, тәртіптepi таныстырылды. Кемтар балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бeprici келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Жалпы мектептер мен балабақшалар ПМПК-ның қортындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде ар­найы (психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жагдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдері мүмкіндігі шектелген, кем­тар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курстарына оқытып алулары қажет. Аудандық білім беру бөлімдері облыстық кадрлар біліктілігін артты­ру және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып, келісім-шарт негізінде арнайы курстарды аудан орталығында да ұйымдастыруға болады. Мектептер арнайы мұғалімдерге кемтар балалар аз болған жағдайда, жұмыс жасаған сағатына қарай ақша төлейді. Бұл екінші жағынан тәрбиеші, ба­стауыш кластардың және қазақ тілі мұғалімдеріне қосымша уақытша болса да табыс көзі. Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитындар, қатарларымен кластан класқа көшіріліп 9 класты бітіредi. Егер көмекші бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, онда анықтама бepyлepi қажет. Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды.

Психикалық дамуы тежелген балаларды Жайсаң арнайы мектеп интернатында оқытып жатыр. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектеп кем­тар баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға мідетті. Қатарымен 9 класты бітіргесін, арнайы куәлік беріп, профтехникалық лицейлерге жіберіледі.

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бip дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бipre оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жа­тыр. Тәжірбие көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бip бөліп шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмip сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Сондай-ақ, барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өмipiнe белсене қатысуға мүмкіндік береді. Оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым ic-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әpбip адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бip-бipiнe қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарыныңқ мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балаларға мектепке дейінгі коррекциялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Инклюзивті білім контекстіндегі психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларын оқыту үрдісін ұйымдастыру
Олигофрения мен психикалық дамуы тежелген балалардың дифференциалды диагностикасы
Психикалық дамуы тежелген балалармен педагог-психологтың коррекциялық жұмысы
І-ІІ дәрежелі психикалық дамуы тежелген балалардағы жалпы тіл кемістіктерінің клиникалық-педагогикалық ерекшеліктері
Психологиялық кеңес және түзету әдістемелері психикалық дамуы тежелген балаларға
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың педагогикалық-логопедиялық тәсілдері
Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқуын дамытудағы логопедиялық-коррекциялық тәсілдер
Психикалық дамуы тежелген балалардың жазудағы кеңістік бағдарлауы мен сауаттылыққа дайындығы
Ақыл-ойы дамуы тежелген балаларды оқытуда жобалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz