Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану жайлы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану

Психикалық дамуы тежелген оқушылар проблемасын - жан - жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде де оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемелекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы "оқуға қабілеті төмен", "оқытуда қиындықтар кездесетін", "педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған", "тәртібі бұзылған", "бейімделмеген", "миында болмашы зақымданулары бар " балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік - үлгермеушілік. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Сухарева Г.Е. " Психикалық дамуы тежелген балалар ( ПДТБ)", немесе біздің елдегі дефектология саласында қалыптасқан "дети с задержанным темпом психического развития ( ЗПР)" деген терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың интеллектуалды дамуының зақымдану дәрежесі - олигофрения мен интеллектісі қалыпты дамыған балалардың арасындағы аралық орын алады (яғни, интеллектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интеллектіден көп төмен). Психикалық дамудың тежелу мәселесі - дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді. Стандартты оқыту бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын - орнымен қолдана алсақ, басқа тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды нәтижелі өткізуге болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың таным процестерінің, жас ерекшеліктерін, сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің ішінен: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер қолдануға болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:
- аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;
- кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;
- балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда - халық ауыз әдебеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады. Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз екені еш күмән туғызбайды.
Ертегілер - халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана - сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген оқушылардың сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой-пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, психикалық дамуы тежелген оқушыларды бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді.
Халық ертегілерінің ішінде ең көп тарағаны - хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла-тәсілдері психикалық дамуы тежелген оқушыларға ой салады. Бұл ертегілер психикалық дамуы тежелген оқушылардың санасын оятып, мақсат-мұрасына жетуге үйретеді. Ертегі жөнінде Мұхтар Әуезов: Ертегілер жас баланың ой - санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына Түлкі мен қоян, Түлкі мен бөдене, Күшік пен мысық түлкі мен тауық, т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқйғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді.
Ертегілерді психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Солардың негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: ертегілерді рөлдерге бөліп оқыттыру; ертегі желісімен суреттер салғызып, сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау; ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау; оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні
психикалық дамуы тежелген оқушыға түсінікті болуы үшін қысқартып немесе артық шұбылаңқы сөздерін алып тастап қолдану.
Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным процестерінің, басқалармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі- мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Мысалы: Оқу білім бұлағы, Еңбек, Достық-жолдастық, т.б. балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы: Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар., т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық, еңбек түбі зейнет т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі- еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.
Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық дамуы тежелген оқушылардың тобының сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады.
1) Балаларға түсінікті болуы үшін мақал-мәтелдердің қысқа түрін алу қажет.
Мысалы, Ердің атын еңбек шығарар, Жылқы - малдың патшасы, Отан оттан да ыстық және т.б.
2) Мақал-мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орынды.
3) Психикалық дамуы тежелген оқушылардың мақал-мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарылаған сайын күрделендіріп беру керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Пәндер