Психиканың эволюциясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Психиканың эволюциясы

1. Элементарлы сенсорлық психика
2. Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейі

Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар - қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен, керісінше, бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады.
Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді. Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады. Қарапайымдыларда локомоция кинездер түрінде іске асырылады. Кинездердің екі түрі бар: ортокинез - ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез - қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру. Қарапайымдыларға жануарлардың басқа түрлерінде жок локомоцияның тәсілдері тән. Оларға "амебалық", "реактивті" қозғалыстар жатады, кейбір түрлер қыл тәрізді аяқтардың немесе талшықтардың - плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады.
Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан - көпклеткалы жануарлардың Бұлшықеттерінің аналогиясы - мионемалар құралатын болып табылады. Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнді факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады. Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз.
Тітіркендіргіштің бастауы бойынша біршама адекватты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулерді қажет етеді. Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады.
Ортокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады. Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - клинотаксистер болып табылады, олар қозғалыстың бағыты өзгергенде, сондай-ақ тітіркендіргіштің әсер етуінде көрінеді. Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз. Мысалы, жағымсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді. Қарапайымдыларда термо-, хемо-, гальвано-, фото-, тигмо-, гео- және басқа да таксистер кездеседі.
Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде таныладьі; биологиялық "нейтралды" белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.
Қарапайымдыларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Психика және іс - әрекет туралы
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Сана мен бейсана
Психика мен сананың дамуы
Психиканың қалыптасуы мен даму жолдары
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Зоопсихология - жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым
Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Зоопсихологияның этологиямен байланысы
Пәндер