Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Мамандығы: -0302000 «Медбике ісі»
Біліктілігі - 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Курсы: 3
Семестр: 5, 6
Құрастырған: Оқытушы Тилепбаева А. К.
Шымкент 2014
Оқу әдістемелік нұсқау Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедра мәжілісінде қаралды.
«» 2014 ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі, филос. ғ. к, доцент Кемелбеков Қ. Б.
1- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория4. Сабақтың мақсаты: Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп, бағалау. Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін, ауырдлығын жіктеу. Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу. Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді. Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының, өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру) . *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Кулимова Л. Т. Коммуникация негіздері. 2. Көбекова Ж. С. Психология негіздері. 3. Илешова Р. Медициналық психология. 1) Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 8. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
Ақпаратты - дидактикалық бөлім.
1. Медициналық сұхбат, ұғымы және құрылысы
2. Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері
Медициналық сұхбат - тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық ірекет жасау әдісі. Мақсаты:
1. Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерңн біліп, бағалау.
2. Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін, ауырдлығын жіктеу.
3. Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.
Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының, өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.
Сұхбаттасудың функциялары.
1. Диагностикалық
2. Терапевтік
Олар бірге, параллелді түрде жүзеге асу керек, себебі тек үйлесу жағдайында, ғана медициналық мақсатына жетеді. Көбінесе науқас өзінің шағымдарын, мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды. Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін джәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады. Сұхбаттың принцптеріне келесілер жатады.
-Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл, ашық, сәйкес және түсінікті болуы.
-бірізділік және адекватты, біркелкі болуы.
-алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті, науқастарға түсінікті, арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың тілі мен мәдениетіне, біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы, білім дәрежесі, мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.
Интервьюдің бірізділігі дегеніміз, алдымен науқастың шағымдарына негізделіп, дерттің белгілерін құрастырып, онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау. Ол үшін медициналық дерттің белгілерін, психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек. Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты, олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді, науқасты жалықтырып, шаршатады.
Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға, бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады. Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып, аурудың белгілерінің даму ретін, оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда, аурудың баяндауын тәптіштеп, егжей-тегжейіне дейін толыө тыңдап қадағалау, оқиғалардың соңғы нәтижесі, науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.
Құштарлықсыз принцпі дегеніміз медициналық қызметкер науқасты өз пікіріне итермелеуі. Бұл ұстаным медициналық қызметкердің науқасқа ауруы туралы өз пікірін айтып, иландыруы, сендіруі, яғни сұхбаттасуы бір жақты жүргізілгенін білдіреді. Яғни, медициналық қызметкер анықтаған бұзылыстар туралы науқас адамды өз ойына жетелеуі, итермелеуі.
Мәліметтің тексеру мүмкіншілігі және адекватты болуы дегеніміз-интервью барысында жинастырылған науқастың берілген жауаптарының дұрыстығын тексеріп, тиісті талқылау жүргізу. Интервьюдің әдістемелік негіздеріне жататындары;
-алғашқы қатынастың ұзақтығы 50 минут шамасынан аспауы;
-кейінгі қатынастар мерзімі бұдан қысқа болуы мүмкін;
-Вербальді және вербальді емес тәсілдерді кеңінен қолдану;
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ;
1. Науқас адамның сезімділігін тудыратын жағдай жасау, құпиясын сақтауға кепілдік білдіру және сұқпаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
2. Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
3. Сұхбаттан жане емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру, адамның психалогиялық бейнесін анықтау.
4. Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып, тусіндіру.
Психологтардың мәліметі бойынша адам туралы пікір танысудың 18-ші секундінде пайда болады. БІРІНШІЛІК кезең-сұқпаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью, ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең. Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі, сұхбаттық егжей-тегжейдің толық ашылуы, науқастың алғашқы пікірі мен көзқкрксына байланысты болатын анық. Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді. Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде, екеуміздің арамызда қалатыны туралы, мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап, ескертіп отырады. ЕКІНШІЛІК кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып, ол пассивті сұхбаттаушыға айналады. Науөас адамға тиісті уақыт беріліп, оның шағымдарын асықпай, ұқыпты, өзі таңдаған бірізділікті, қажеттілігімен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі. Медициналық анамнезді жинау сұхбаттасудың бұл кезеңінің ең маңыздысы болады. Оның мақсаты -адамның толық ақпарат алудың негізінде оның тұлғасына, өзіне және дертке көзқарасына, өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады. Мұнда науқастың өмір жолын, ауру барысын, аурудың тәртібіне, тұлғалық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады. Келесі ҮШІНШІ кезеңде, сұхбаттасушы аурудың осы пікірлесуден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағытталады; »Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғыңыз келеді ». Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер ұсынған емдеуден бас тартады, сенімін білдірмейді. ТӨРТІНШІ кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады. Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап, оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып, ем нәтижесін өсіруге болады. Клиникалық сұхбаттасу үстінде вервальді және вербальді емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады. Алайда, кейбір жағдайларда, әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған дұрыс болады. Сонымен қатар, вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдану, пацент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.
9. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%) 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. 10. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%) Бақылау сұрақтары: 1. Сауалдаманың мақсаты. 2. Сауалдаманың түрлері. 3. Медицина қызметкерінің науқаспен сұхбатты жүргізу барысы. 4. Медициналық сұхбаттың функциясы. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау. 11. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%) №2- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория4. Сабақтың мақсаты: Сауалдаманың мақсаты-науқастың бағытын, өзі жайлы, айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалдаманы басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді болады және де көптеген қатерлердің алдын алады.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру) . *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Кулимова Л. Т. Коммуникация негіздері. 2. Көбекова Ж. С. Психология негіздері. 3. Илешова Р. Медициналық психология. 1) Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Сауалдаманың түрлері 2. Медициналық сұхбаттың аяқталуы. 3. Медициналық сұхбаттың құрылымы. 8. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%) Ақпаратты - дидактикалық бөлім.Сауалдама-медицинадағы ең қарапайым процедуралардың бірі болып есептелінеді. Медициналық қызметкер мен науқастың арасындағы сұхбат тек ауру тарихын білуге ғана бағытталмаған. Мұнда ең басты мақсат клиникалық маңызы бар мағлұматтармен алмасу, медицина қызметкері мен науқас арасында одақ құру. Науқас медицина қызметкеріне келгенде көмек іздеп келеді, ал білімді де тәжірибелі медицина қызметкері науқасқа көмек көрсетуі тиіс. Медициналық мекемелердің көпшілігінде ең кең таралған клиникалық сауалдама-қарапайым медициналық мағлұматтарды жинақтау. Бұл мағлұматтар қазіргі аурудың белгілірі мен симптомдарын, өткен аурулардың ағымын, науқастың жанұясы жайлы мағлұмматтарды айқындауға және жүйелер бойынша шолу өткізуге көмек береді. Науқастың өмір сүруінің басқа аспектілері, мәселен психосоциалды мінездемелері, көп жағдайда медициналық сауалдама жүргізген кезде анықталады. Медицина қызметкерлері медициналық қарау кезінде пациенттің эмоционалды жағдайын білу үшін жол табуға ұмтылады. Сонымен қатар, науқастың өзін-өзі тану деңгейн, тұлға аралық қатынастардың мінездемелерін және қиындықтарды жеңе алу қабілетін, науқаста бар болған жағдайда психосоциалды дамуының бұзылыстарын анықтауға тырысады. Медициналық қызметкерде сауалдама өткізу шеберлігі бүкіл профессионалды қызметінің барысында дамып отырады. Оқу орнын бітірген соң, жұмыс барысында бұл дағдыны менгереді деген оймен, өткен жылдары медициналық қызметкерлерді оқытуда бұл мәселеге керекті назар аударылмаған. Студент-медиктер науқастармен оқу барысында сөйлесіп үйренген жағдайда, науқаспен сұхбат жүргізу дағдысы жеңілге түседі, бірақ бұл кезде оқытушы немесе консультант болуы тиісті. Сауалдама әдісі, экспериментатор және респондент (пациент) арасындағы тікелей (интервью) немесе тікелей емес (сауалнама, анкета) қатынас, зерттелуші индивид, топ, әлеуметтік қауым жайлы мағлұмат алу тәсілі. Сауалдама әдісі тұлғаны зерттеудегі ең кең таралған әдіс болып есептелінеді. Сауалдаманың мақсаты-науқастың бағытын, өзі жайлы, айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалдаманы басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді болады және де көптеген қатерлердің алдын алады. Сауалдаманың мына түрлері белгілі:интервью, сұрақ-анкетасы және жеке сауалнамалар. Интервью-ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың амалы. Интервью байқау әдісі секілді ертеден келе жатқан әдіс. Интервью 2 түрлі мағлұматтар береді.
Біріншіден, науқастың сөйлесу мәнерін, жүріс-тұрысын, мимикаларын, бейтаныс адамдармен қатынасын байқауға болада. Екіншіден, интервью кезінде науқастың өмірі жайлы мағлұматтар алуға болады. Интервью түрлері. Құрылу дәрежесіне қарай:
- Стандарттандырылған немесе формальды интервью. Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі алдын ала анықталады.
- Стандарттандырылмаған немесе бос интервью. Мұндай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға сүйене отырып, жағдайга байланысты сұрақтар қояды.
- Жартылай стандарттандырылмаған немесе фокустелген интервью. Мұндай интервьюді жасаған кезде медициналық қызметкер стандарттарға негіздей отырып, басқа да керек сұрақтар қоя алады.
Зерттеу дәрежесіне қарай:
- Алдын ала жүргізілген интервью. Жағымды зерттеулер кезінде қолданылады.
- Негізгі интервью. Негізгі мәлімет жинау кезеңінде қолданылады.
Қатысушылардың санына қарай:
- Индивидуальды интервью-бұл интервьюде медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады.
- Топталған интервью-екі адамнан көп тұлғалар қатысады.
Интервьюдің негізгі фазалары: адаптация, қойылған мақсатқа жету, қозуды шешу. Интервью адаптация фазасынан басталады -бұл кезде науқасты сұрақтарға жауап беруге және сұхбаттасуға дайындайды. Бұл фазаның мазмұны-барлау, дайындық жүргізу. Интервьюдің келесі фазасының негізгі мазмұны-қойылған мақсатқа жету, негізгі ақпаратты жинау, мәселесінің шешілуіне ықпал жасау. Науқастың көңілін аудару үшін функционалды психологиялық сұрақтар қолданылады. Медициналық интервьюдің қортындылануы. Интервьюдің соңында жай сұрақтар қойылу арқылы қызбалылыққа және сезімдердің шығуына жол беріледі. Сұрақ-анкетасы өзінің бастамасын Ф. Галыпон, К. Пирсон және Дж. Кэттел стандарттырылған анкета және шәкілдеуден алады. Олардың өңдеулерін түрлі сұрақ-анкетасын және жеке сауалнамалары құрастыру үшін басқа зерттеушілер кеңінен қолданылады. Сұрақ-анкеталар адамның тұлғалық қасиеттеріне және ерекшеліктеріне қатысты емес мағлұматтар береді. Мысалы, биографиялық сұрақ-анкеталар, қызығу сауалнамалары, бағдар сауалнамалар және т. б. Тестілеу-стандарттандырылған сұрақ және есептерден құрылған психологиялық диагностика. Психологияда көптеген арнайы тесттер құрылған, олар адамның психикалық ахуалын, тұлғалық қасиеттерін зерттеуге арналған. Мысалы, интеллектті, қабілетті, тұлғаның жетістіктерін анықтайтын тесттер.
Шәкілдеу(шкалирование) -психологияда қолданылатын бағалау тәсілінің бір түрі. Шәкілдеу барысында сыналып жатқан адамға сөздік(әр түрлі ой пікірлер), сандық белгілер немесе графикалық түрінде түзілген шкалалар қолдану арқылы қандайда бір обьектті бір белгілер бойынша бағалауға нұскау беріледі. Шәкілдеу психологияда бір жағдайға адамның қатынасын көрсетеді, белгілі обьектке қатынасын бағалауға жәрдем береді.
Науқасқа сауалдаманы қалай дұрыс жүргізу керек? Медициналық қызметкерлердің науқаспен жақсы әңгіме-сұхбат құруы, дұрыс диагноз қоюдың, науқастың қанағаттануының алғы шарты болып табылады. Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол медициналық қызметкердің барлық ұсынысын орындайды. Медициналық қызметкердің нұсқауы нақты, әрі қарапайым болуы тиіс. Науқаспен амндасу және өзін таныстыру. <Қайырлы таң Л. Т . . . Кіріңіз отырыңыз. Менің аты-жөнім . . . >1. Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды ұсыну. <Сонымен, менің сізге қандай көмегім қажет?> немесе
- <Сізді қинап, мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болады>.
Бұл науқасты әңгімеге тартып, оның өз қиындығын сізге қалай дұрыс жеткізсем болады деген қиналысын сейілтеді.
Мысалы:Медициналық қызметкер ілтипатты екен, яғни менің қиындығымды тыңдауға, маған көмек беруге дайын екен.
2. Мысалдарды пайдалану
Медициналық қызметкерлердің тәжірибелік іс-әрекетіне өмірден алынған мысалдар мен өзінің басынан өткен жағдайлары көп көмегін тигізеді. Мысалдар қарапайым, әрі медициналық терминдер қолданылмай баяндалуы қажет.
9. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%) 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. 10. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%) Бақылау сұрақтары: 1. Сауалдама тәсілінің негізгі мінездемелері. 2. Интервью түрлері. 3. Науқасқа сауалдаманы қалай дұрыс жүргізу керек. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі. 11. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%) №3- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылдмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Бірақ, науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. *оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру) . *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Кулимова Л. Т. Коммуникация негіздері. 2. Көбекова Ж. С. Психология негіздері. 3. Илешова Р. Медициналық психология. 1) Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Сауалдама тәсілінің негізгі мінездемелері. 2. Интервью түрлері. 3. Науқасқа сауалдаманы қалай дұрыс жүргізу керек. 8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Ақпаратты - дидактикалық бөлім.Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай, дерттің «объективті» және «субъективті» ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады. Тәжірибелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ, медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік - мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып, кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім, мүгедектік, еңбекке қабілеттігінің төмендеуі) . Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауды маңызды роль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасы «аурудың ішкі бейнесі» немесе дерттің ішкі бейнесі деп аталады. Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімнің пайда болу механизміне, оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдануына қарай және эмоцияльдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылдмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Бірақ, науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:
1. ЖЕКЕШЕ - КОНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ФАКТОРЛАРҒА КЕЛЕСІЛЕР ЖАТАДЫ:
-жынысы
-жасы
-мамандығы
2. ИНДИВИДУАЛЬДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР:
-темперамент қасиеттері
-мінезінің ерекшеліктері
ЖЫНЫСЫ:Науқастың сыртқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Медицинада психологиялық қарым-қатынастың сүйек сынықтарында, яғни дене қозғалысы шектеуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады. Физикалық қозғалмау - адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz