Психология ғылымы жайында мәліметтер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Психология пәні және оның міндеттері

2. Психология ғылымының даму тарихы

3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары.

Психология пәні және оның міндеттері.

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С. Л. Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді

- олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б. жатады . . . »

Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық u1087 психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.

Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.

Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.

Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан

бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз:

1) психикалық процестер;

2) психикалық қасиетте;

3) психикалық қалып.

1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу,

қиял және елес, ес;

2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,

қабілет.

3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену,

абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері.

Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т. б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады.

Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған:

бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.

Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т. б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады.

Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.

Психология ғылымының даму тарихы.

Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне

не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г. Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы

Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т. б. ) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф. Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф. Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден

- дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф. Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф. Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К. Маркс Ф. Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.

Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды.

Дж. Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы - табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж. Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде - идеялист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.

Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі.

Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, өршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымына да ене бастады. Психология бара бара өзінің зерттеулерінде дәл ақпараттарды пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психологияның өзінде-ақ кейбір психологтар, әсіресе, Вундт пен Джемс ассоциятивтік психологияның шыли өрескел жетімсіздіктері мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт - заттарды қабылдау - түйсіктері мен елестеу - тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделі психикалық процесс екендігін айтты. Джемс - сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық әрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел көрсете алмады. Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:

1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары»

ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі

есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық

психология идеалистік психология болды.

2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз

Бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау

Әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана

психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық

әректтерін зерттепбілуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны

психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.

3. Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға

есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған

бөлшектер есебінде қаралған. Ол - сезімдердің жинағы сезімдердің бір

түрі есебінде қаралған.

4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам

баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.

Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір

қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның

психикалық әрекеттерімен шұғылданды.

5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың әрқайсысы өз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.

Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, өнер жүйесінда, әдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т. б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Педагогика ғылымы жайлы
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz