Психология эмоцияны басқарып үйренейік..
Психология: эмоцияны басқарып үйренейік
Адам өмірі эмоцияға толы. Эмоциялар адамды жаңа белесті бағындыруға тәуекелге итермелейді, реніштен жылатады, махаббат үшін өзіңді құрбан еткізеді. Эмоциямызды сыртқа шығаруға ойларымыз ғана емес, ақылдың оңтайлы ұстанымдарын жеңіп шығатын ниет пен әрекеттеріміз де еріксіз мәжбүрлейді. Ашу, өкпе, қызғаныш сынды жағымсыз эмоциялар көбіне бақылаудан шығып, өмірімізді қиындатып жіберетін кездері болады.
Бір сәттік эмоцияларға тосқауыл қояйық
Көбіне адамдар қандайда бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты алғашқы, бір сәттік эмоцияларына өкініп жатады. Мұны психологтар триггерлер деп атайды. Абайсыз айтылған сөз, ойластырылмаған әрекеттер, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін арнайы амалдар қарастырылған. Солардың бірі тыныс алумен байланысты. Эмоция мен тыныс алудың қандай байланысы бар? Өйткені, эмоционалдық іс-әрекеттер тек баста туындамайды, қызу реніш үстінде қанда түрлі гормондар арпалысып жатады, жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Эмоцияның физикалық білінуін бақылауға ала алсаңыз, ашу, үрей, қозу, абыржуды тоқтата аласыз.
Терең тыныс алыңыз, кейін баяу деміңізді шығарыңыз. Тыныс алуды 5 секундқа кідіртіңіз де, диафрагмаңызға барынша назар аударуға тырысып, баяу дем алыңыз. Кеудеңіз ауаға толғанын сезініп, 20-ға дейін санап, баяу деміңізді шығарыңыз. Жағымсыз эмоцияларды тоқтату үшін әр дем шығарған сайын олар қара будақталған бұлт сынды денеңізден шығып жатқанын елестетуге болады. Эмоцияңыз толықтай сіздің басқаруыңызға өткенше дем алудың осы түрін қайталай беріңіз.
Үрей тез тыныс алып, баяу дем шығарумен байланысты, ашу дірілдеген тыныс алу және шығарумен білінеді, ал қуаныш пен тыныштықта адам баяу және еркін дем алады.
Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз
Эмоцияңызға тосқауыл қоя алған соң, оның лайықты түрде шығуына ықпал жасаңыз. Егер сіз сезімдеріңізді басып, тыйып отырсаңыз, ерте ме, кеш пе құрған тоғаныңыз құлайтыны сөзсіз. Ал жиналып қалған эмоция долы күшпен шыққанда ешқандай бақылауға көнбейді. Мұндай ағынның жетегіне еретін адамдар, ашу қысқанда бір сәт естерін жоғалтып, күйінішті жағдайлар тудыруы мүмкін.
Бұл олқылықты болдырмау үшін ашу, ыза, реніш, қызулықты әдепті түрде шығаруға тырысыңыз. Сізді түсінетін досыңызға хабарласыңыз, онымен кездесіп, сезіміңізді сипаттап, оқиғаның мән-жайын баяндаңыз. Физикалық жаттығулар арқылы да эмоцияны шығаруға болады. Тіпті әуеннің ырғағымен секіріп билеп, айқайлап алу да көмектеседі. Көз жасына ерік бер деген кеңес те жарайды. Сізді жабыңқы сезіндіретін гормондар жаспен бірге ағзадан шығады. Егер ішіңізде агрессияны сезінсеңіз, күшпен сынасатын спорт түрлерін таңдаңыз.
Егер сізді қорқыныш, көңілсіздік, үрей сияқты сезімдер баурап алса, онда бойыңызды серпілтетін, қуаныш пен тыныштық сыйлауға көмектесетін әрекеттерді іске асыруға тырысыңыз. Аспаздықпен айналысыңыз, ән тыңдаңыз, сурет салыңыз, медитация жасаңыз немесе жай ғана жақсы кино көріп, кітап оқуға болады. Әр адамның жеке ықыласы мен физиологиялық әрекеттеріне байланысты әркімнің бұл тұрғыда өз амалы бар, біреулер медитация жасап тынышталса, біреулер паркте жүгіріп тынышталады.
Батырманы іздеңіз
Эмоцияны басқару әрекеттері жедел түрде бола алады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қолданысқа енгізуге болады. Сезіміңізге тоқсауыл қоя алған соң және оны біреумен бөлісіп, басқа арнаға ауыстыра алған соң, сіздің эмоционалдық триггеріңізді оятатын, яғни қызуқандылығыңызды оятатын батырманы іздеуге тырысыңыз. Көбіне қате тұжырымдар жағымсыз эмоциялар тудырады. Мысалы, біреу сіздің сөзіңіз, не ісіңізді жөндегенді ұнатпауыңыз мүмкін, өйткені бірдеңені дұрыс жасай алмайтындарды өзгелер бейбақ деп қабылдайды. Бірақ әрдайым мінсіз болу мүмкін емес қой, соны есіңізден шығармаңыз. Біреулер қолдауға зәру болып, ренішін білдіреді. Эмоцияны басқара алу - эмоционалды интеллектісі дамыған адамның басты қасиеті.
Бүлдіру мен қиратуға негізделген ойлардан қашыңыз. Өз эмоциясын басқара алмайтын адамдар төменде келтірілген бүлдіргіш өмірлік тұжырымдарды басшылыққа алады:
- бәрін алу немесе ештеңе алмау;
- бәріне мен кінәлі;
- адамдар менің сезімімді біледі;
- жаман пікірлер ғана ақиқат.
Эмоционалдық денсаулығыңызды қадағалаңыз
Физикалық денсаулық сияқты эмоционалдық денсаулық та маңызды. Егер жүдеп кетсеңіз, уланған болсаңыз, жағымсыз ортада жүрсеңіз, демек ауырып жүрсіз. Әрдайым жабыңқы көңіл-күйде, өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, зорға жүрсеңіз, жағымсыз эмоциялар бөлінетіні сөзсіз. Емделу үшін психологиялық гигиена ережелерін ұстану қажет. Жеке шекараңыз белгіленген, өз айналаңызда қауіпсіз орта тудыруға тырысыңыз: біліктілігіңізді көрсете алатын іс, өзіңізге сенімділігіңізді арттыратын жұмыс табыңыз.
Өміріңіз өз бақылауыңызда екенін біліңіз және сіз ортақ әлемнің бір бөлшегісіз. Бірақ соған орай, эмоционалды сезімдеріңізді шығара алатын, жаныңызға жақын кішкентай әлеміңіздің болғаны дұрыс. Сонда ғана тоқырау мен зерігудің алдын аласыз және бұл сезімдер де жағымсыз эмоциялар тудыратынын ұмытпаңыз.
Адам мінезін ерніне қарап таны
Адам мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін оның бет-жүзіне қарап анықтауға болады. Адамның беті үш әлемді қамтып көрсетеді деп есептеледі: маңдай тағдырын сипаттайды, мұрын мен көз физикалық әлемді, ал иек пен ауыз адамның материалды әлемінен хабар береді.
Ауыз бен ерін пішіні неден хабар береді?
Ауыз бен ерін махаббат және сөзшеңдікке негізделген беттің сезімтал бөлігі. Егер адамның ерні жіңішке, ал аузы кішкентай болса, бұл оның нақтылық пен тәртіпке ұмтылатындығын білдіреді. Кішкентай ауыз мінездің әлсіздігі жайлы айтады, рухы мықты адамдардың аузы үлкен болады. Пропорционалды, пішіні біртегіс ерін мінездің қаталдығын білдіреді. Томпақ біртегіс еріндер - мейірімділік, жайдарылық, ақжүректіктіктің, жіңішке еріндер - эгоизм, қатыгездік, мысқыл, қулықтың белгісі. Жіңішке ерінді адамдар ұсақшыл және кәнімшіл келеді.
Жоғарғы ерні алға қарай көрнекті болып тұратын адамдардың болмысы мейірімділікке толы. Қусырылған еріндер эгоизмнің белгісі. Қалың ерінді адамдар сезімталдық, жалқаулық, ашқарақтық пен арсыз түйсікке ие. Үстіңгі ерні астыңғысынан сәл үлкен болса еркектік болмыстан хабар береді.
Болмысы сезімтал және нәзік адамдардың еріндері гүлдің түйнегіне ұқсайтын болады.
Еріндердің мынадай пішіндері бар:
- томпақ әрі жалпақ,
- томпақ әрі шағын,
- үстіңгі ерін астыңғысынан үлкенірек,
- астыңғы ерін үстіңгісінен үлкенірек,
- үлкен ауызды, жіңішке ерінді,
- кішкентай ауызды, жіңішке ерінді.
Ерні арқылы әйелдің мінезін тану
Ерні томпақ әрі жалпақ әйелді қызбалы деуге болады. Егер оған бірдеңе ұнаса, ол оған қол жеткізбейінше жан таппайды. Мұндай әйелдер әдетте өздерін емін-еркін ұстайды, батыл және бірінші болып ықылас білдіруден қорықпайды. Олар үшін тәуелсіздік пен еркіндік өте маңызды, олар адамның жеке кеңістігіне түсіністікпен қарайды және басқалардан да соны күтеді. Мұндай әйел үшін еркектің шешім қабылдай алуы маңызды. Ез еркектер олар үшін жаралмаған.
Аузы шағын, ерні томпақ әйелдердің болмысы романтикаға құмар. Ол көп жағдайда есеппен емес, эмоциямен әрекет етеді. Мұндай әйелдің өмірі шарықтау мен құлдыраудан тұрады. Ол басқа адамдардың қайғысына ортақтасып, демеу сөздерді жақсы айтады. Адамдар оны осы қасиеті үшін құрмет тұтады. Ол мәселенің неден туындағанына аса бас қатырмайды, жай ғана қашып құтылудың жолын қарастырады. Мінсіз еркектің бейнесін махаббат романдары мен фильмдерінен құрап алған. Көптеген еркек мұндай әйелдерді сыпайы, айтқаныңды істеп, тыныш отырады деп ойлап, қатты қателеседі.
Үстіңгі ерні астыңғы ерніне қарағанда үлкенірек болса, мұндай әйел басқарғанды жақсы көреді. Қолға алған ісін тиянақты орындап, соңына дейін апаратын тыңғылықты адам. Мұндай әйелдер не қалайтынын жақсы біледі. Алайда өзінің дұрыстығына көз жеткізген соң ғана белсенділік танытады. Олар бастаған ісін аяқсыз қалдыратын адамдарды жек көреді. Өзін-өзі бағалау мен даңғойлығын біріктіру арқылы жетістікке жетеді. Мұндай әйелдің көшбасшылық қасиеті өте жоғары. Оның арманындағы еркек те өзі сияқты болғанын қалайды. Мұндай адаммен тіл табысу үшін және қарым-қатынасты сақтау үшін ортақ мәмілеге келіп үйрену керек.
Астыңғы ерні үстіңгісінен үлкен әйелдердің болмысы жұмбақ келеді. Ол көпшіліктің ортасынан әрдайым ерекшеленіп тұрады. Еркектер оның жұмбақ болмысына жиі ғашық болады, ал әйелдер мұндай аруларды жақтыра бермейді. Мұндай әйелге өзінің даралығын сезіну маңызды, сондықтан ерекше стильде киініп, мінез-құлқы да өзгеше болады. Оның арманындағы мінсіз еркек - ешкімге ұқсамайтын ерекше адам.
Ерні жіңішке, аузы кең әйелдер - реалистер. Ол аяғымен нық тұруды, бәрін алдын ала жоспарлауды жөн көреді. Реалистер ұқыпты келеді, ғашық болса да басын жоғалтпайды. Теңізге баспен сүңгімес бұрын ол судың температурасын, түбінің тереңдігі мен бедерін зерттеп алады. Ол эмоциясын сыртқа шығармайды және сыртқа суық, тәкаппар адам сияқты көрінеді. Алайда бұл қате пікір. Мұндай әйелге тұрақтылық пен нақтылық ұнайды. Ол таңдаған жігітінен тосын сыйлар мен ерекшелікті күтпейді, тек сенімді адам болса болғаны.
Аузы шағын, ерні жіңішке әйелдер - жанкешті. Оның оптимизмі 3-4 адамға жетеді және оған ештеңе қорқынышты емес. Ол бір орында отыра алмайды, бір сарынды жұмыстар оған қызық емес. Мұндай әйелге әрдайым адреналин қажет, сондықтан ол шытырман оқиғаларға жиі тап болады. Жанкештілігі сонша, ол басқалардың батылы бармайтын істі өз мойнына алуға дайын тұрады. Мұндай әйелдер мықты, ержүрек, нағыз күрескер келеді, сондықтан жігіттер олардан қорқады. Оған әр адам лайықты бола бермейді, оның ойындағы мінсіз еркек өзі сияқты ержүрек болуы тиіс.
"Ішкі түйсік" деген не?
Бәріміз де кейде ішкі дауcымызды "естіп", ішкі түйсігімізді сезінеміз. Ұстап, көруге болмайтын бұл қасиетті логикалық тұрғыдан қалай түсіндіруге болады?
Кейбір қорқынышты, қуанышты не қайғылы жағдайларда шешімді тек осы ішкі түйсікке негіздеп қабылдаймыз. Біреуді ішкі түйсігі қауіп-қатерден құтқарса, басқаларды өмірлік жарларымен кездестіреді. Бұл феноменді зерттеумен ғалымдар ондаған жылдар бойы айналысуда. Ішкі түйсікті түрлі ғалымдар тұрғысынан қарастырып көрейік.
Антропология
Әсіресе ішкі түйсік әйелдерде қатты байқалады деп есептеледі. Антрополог ғалымдардың айтуынша, ерте заманда өмір сүрген әйел адамдар ауа райын, жыртқыш аңдардың шабуылын алдын ала болжап айта алатын. Ғалымдар әйелдердің ішкі даусын былайша түсіндіреді: кезінде еркектер аңшылыққа шықса, әйелдер үйде отыратын. Әйелдер үңгірлерден шықпай, сыртта не болып жатқандығын болжағаннан басқа амалы қалмайтын. Уақыт өте бұл түйсік дамып, ішкі дауыс пайда болды. Антрополог ғалымдар ежелгі әйелдер алыстан келе жатқан дауылды аспанда бірде-бір бұлт болмаған кезде-ақ болжай алатын дейді. Бірақ олар үшін аспандағы бұлт тылсым, ғажап құбылыс болатын. Ал адам өзі түсіне алмайтын нәрселерді логикалық тұрғыдан емес, эмоционалды сезе алады екен. Міне, сондықтан да бұрыннан бастап әйел адамдардың ішкі түйсігі жаттығып келеді екен.
Медицина
Медицина сынды тек дәйектерге жүгінетін ғылым адамның ішкі түйсігі бар екендігін жоққа шығармайды. Психиатр мен невролог дәрігерлер оны түрлі тәжірпибелер нәтижесінде тіркеп алуға тырысады, соған қатысты заңдылықтар мен статистикалық мәліметтер жинайды. Мысалы, соңғы өткен зерттеулер нәтижесінде ішкі түйсігі қатты дамығандардың көбісі солақай екендігі дәлелденді. Демек, бұндай жандардың эмоцияға жауап беретін мидың оң бөлігі белсендірек жұмыс жасайды екен. Тағы да бір медициналық анықтама бойынша, ішкі түйсік мидың сыртқы ортадағы оқиғаға лезде жауап қайтаруы. Бейсана оқиғаны бір сәтте өңдеп, жауапты болжам ретінде береді-мыс. Мысалы, сіз көше бойымен құрылыс маңынан өтіп барып жатқанда, алдыңызға құлаған кірпіштен кідіріп сақталып қалдыңыз делік. Сіз кідіргеніңізді ішкі түйсік деп ойлайсыз, алайда осыған бір сәт бұрын мұрныңыз құрылысшының тері иісін сезіп қалып, ондағы қорқыныш сезімі орын алғанда бөлінетін ферменттің иісін сезгендігін білмейсіз.
Психология
Психология ғылымы ішкі түйсік түсінігіне екі жақтан сипаттама береді. Бірі ішкі түйсікті жеке адамдардың ерекше қабілеті деп білсе, басқалары оны түстер әлемімен байланыстырады. Ішкі түйсік көбінесе қандай да бір сезіммен беріледі (ойыңызда түрлі суреттер, бейнелер пайда болады; иіс сезіп, дауыс естисіз; тіпті ауру, шаншу сезінесіз). Кейін сіз сол сезімге байланысты шешім қабылдайсыз. Бірақ бұл сезімдерді де логикамен байланыстыруға болады. Мысалға сіз таксиге күмәнды шопырға отырмайсыз, бірақ та сізді нақты жағымсыз иіс пен лас киім қорқытқанын түсінбейсіз. Санаңыз "Күнде осындай таксиге отырып жүрген жоқсың ба?" деп жұбатса, ішкі дауысыңыз керісінше қатерден сақтауға тырысады. Ойлар мен сезімдер бірін-бірі түсінбей, резонансқа түседі, сол уақытта сіз қандай да болсын күмәндылық сезініп, шешім қабылдайсыз. Кейде бұл шешімдердің рационалдығы сананың шешімдердің рационалдығы мен дұрыстығынан логикалық тұрғыдан қарағанда асып түседі. Кейбір ғалымдардың ойынша, ішкі түйсік адамның өзін-өзі бағдарламалаудың нәтижесі де бола алады.
Ішкі түйсікке түрлі тұрғылардан қарап, оған түрлі сипаттама беруге болады. Алайда "ішкі дауыс" бар екендігіне сеніп, қиын сәттері ол көмекке келеді деп үміттенейік.
Әсіре сезімталдықтың адам өміріне әсері
Адамның сезу түйсігі, сезіну деңгейі, сана-түйсіктің адам өміріне әсері туралы біраз дүниелер ақтарып көргенім бар еді. Психология ғалымы емеспін. Дегенмен оқыған, санама түйген оқиғаларды сіздермен бөлісейін. Арғы жағын өзіңіз-ақ ойлап жетерсіз. Сезім-түйсіктің адамға етер әсері алапат. Түйсік алдымен адам санасына сенім сыйлайды. Сөйтеді де, сол сенімнің жетегіне бүкіл өміріңіздің қалай еріп кеткенін сезінбей қалады екенсіз. Мына оқиғаларға назар аударып көріңіз.
Шет елдің бірінде болған мына бір оқиға таң қаларлық. Бірнеше университеттің студенті бірлесіп, бір жаңа студенттің қолын байлап, екі көзін тас қараңғы етіп таңып тастап, пойыз жүрмейтін ескі темір жолдың үстіне жатқызған. Ал жәбірленуші бұл жолда пойыз жүрмейтінін мүлде білмейді. Тек өзінің темір ол үстінде жатқанын біледі. Ал жаңағы студенттердің ойларында тек оны қорқытып қою болған. Алыстан пойыздың жақындап келе жатқан дауысы анық естілген. Әлгі студент барынша жанталасқан, аз-кем тыпырлаған соң қимыслыз қалған. Ал пойыз жаңа темір жолмен өтіп кеткен. Аздан соң оның байлауын шешіп, көзін ашқан жігіттер оның әлдеқашан жан үзгенін байқаған.
Тағы бір мысал, Африкада өмір сүретін бір тайпаның жап-жас атпал азаматы 24 сағат ішінде қиналып жан тәсілім еткен. Оған бар себеп, америкалық досы қырғауыл етінен тағам пісіріп бергендігін айтқаны ғана екен. Ал шынында бұл тайпада қырғауыл етін жемеу туралы дәстүр бар еді. Ал тамақтанып болған соң, өзінің байқамай қырғауыл етінен жасалған қуырдақ жеп қойғанын естіген соң, өзінің осыншама күнәға барғанын білген азамат еш ауру-сырқаусыз-ақ өліп кеткен.
Америкалық электр жұмысшысы үнемі әйеліне өзінің токқа түсіп өлуінен қорқатынын айтып жүреді екен. Өзінің айтқан қорқынышы шынында да өз жанын жалмаған. Қолы абайсызда жоғары кернеулі ток сымына тиіп кетіп, жан үзген. Онымен қоймай өне бойы қарайып, күйіп кеткен. Оқиға орнына келген заң дәрігерлерін таң қалдырғаны оны қолы тиген электр сымында ешқандай да ток болмағаны.
Дәл осыған ұқсас оқиға Ресейде де орын алған. Абайсызда ет сақтайтын мұздатқыш вагонға қамалып қалған жұмыскер оқиға орнында жан тәсілім еткен. Тек ертесі ғана есікті ашып қараған адамдар оның үсіп өлгенін байқаған. Таңғаларлығы сол, вагонда да ешқандай мұздату құрылғысы іске қосылмаған. Вагонның бірнеше күннен бергі температурасы сырттыкімен бірдей болған. Ал дәрігерлер оның тұншығып, немесе қорқып емес, қайта шынымен де үсіп өлгенін дәлелдеген.
Сезім-түйсіктің адам өліміне себепкер болатынын кейбір ғалымдар физиологиялық тұрғыдан дәлелдейді. Қатты қорқу немесе шамадан тыс ашуланудан пайда болған түйсік бір-біріне қатты ұқсас. Әрі екеуі де адам денесіндегі қан қысымын барынша төмендетеді. Кейбір дене мүшелеріне қан жетіспей қалады. Нәтижесінде адам өз жанын барынша сақтап қалуға тырысады. Бұл туралы бір ғалымның тәжірибесі көптеген оқырмандарға белгілі болса керек. Ол өлім жазасына үкім етілген қылмыскерге тәжірибе жасаған. Қылмыскерге қиналмай өлу үшін, көзін таңып, тамырын кесетінін алдын ала ескерткен де. Көзін байлап, тамырын кескен секілді ишарат жасаған. Сосын мүлде сап-сау білегін суға салып қойған. Нәтижесінде қылмыскердің жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта тынысы тоқтаған. Бірақ күні бүгінге дейін шешімін таппаған бір мәселе адам неден қорықса сол қалпында және сондай өліммен өлетіні. Бұған дәлел, токқа түсіп және үсіп өлген екі адам ғана. Олардың денесінде не үшін сондай белгінің байқалғаны туралы...
Кейбір адамдардың өміріне дәрігерлердің қате диагнозы да қауіп төндіреді екен. Айықпас дертке шалдыққан ауруға сол шешім естіген сәттен бастап, өне бойындағы әрбір клетка, әрбір жүйке тамырлар бірте-бірте өміршеңдігін жоғалта бастайды екен.
Мұның бәрі адам денесінде болатын әсіре сезімталдықтан. Сондықтан да біреуге мәміле жасауда барынша абай болған абзал шығар. Өйткені, оның көңілге жара салған әрбір сөзің оның денесіндегі қаншама микро тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғатынын дәл осыдан бастап мөлшерлей аласыз. Біреуді жұбата айтқан әрбір сөзің оның жүрегіне қаншама өміршеңдік сыйлайтынын да ұмытпаған жөн.
Әсіре сезімталдық бар адамда болатын қасиет. Мейлі қандай жағдайға жолыққан сәтте де осынау қорқыныш пен үрейлі түйсіктен арылу керек екенін ескертеді психология мамандары.
Абсолюттік сезгіштік-сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді
түйсіне алуы.
Айырма сезгіштік-сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы
болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.
Түйсік-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің
сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.
Сезгіштік-психологияда адамның түйсіне алу қабілеті.

Айырма сезгіштік-сезім мүшелерінің тітіркендіндіргіштердің
арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.
Адаптация-сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге
біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отырады.
Сенсибилизация-егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі
жағдайларға байланысты артуының немесе төмендеуінің көрсеткіші болса,
сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана қөрсететін құбылыс болып
табылады.
Синестезия-тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреунде ғана түйсік
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай
жасайды. Мысалы кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі
дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Түйсіктердің осылайша қосарланып
жүруін синестезия дейді.
9Бір ізді бейнелер (эйдетикалық ес)-тітіркендіргіш әсерінің
тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын
кездері.
Сенсорлық депривация-эксперимент мақсатымен адамды көп уақыт
бойы сенсорлық аштықта ұстауы. Тәжірибені арнайы аспаппен (сурдокамера,
бокс) адамды суға түсіру арқылы тексереді.
Қабылдау-заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып
табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі,
формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдаудың тұтастығы-қабылдаудың объектісі кейбір жеке
қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай
қабылдаймыз. Кейде бұрыңғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің
жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас
зат формасында қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналылығы-қабылдауда объектінің аты сөзбен
(екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез
қабылдайды. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде
ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалығы-толып жатқан объектілердің ішінен біреуін
іріктеп алу. Қабылдаудың таңдамалығы әр түрлі объективтік және субъективтік
себептерге де байланысты болып келеді. (фигура, фон)
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)-қабылдау
константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың
кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Қабылдаудың
константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады.
Мәселен, ақ қағаз бетіне жасыл шамның жарығы түссе де, қызыл шамның
жарығы түссе де қағаз ақ болып қала береді.
Қабылдаудағы иллюзия-түрлі себептерге байланысты шындықтағы
объектілерді қате қабылдау. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға
шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері -
галлюцинациялардан - (латын сөзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағына
білдіреді) ажырату қажет. Ол адамға дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір
жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения инфекция
ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурудан психиатр
дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі
тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай галлюцинациялық
бейнелер пайда болады.
Апперцепция-латынның апперцептио деген сөздерінен алынған.
Қазақша қабылдауға қосымша деген мағына білдіреді. Қабылдаудың адамның
жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына
байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция екіге бөлінеді: тұрақты
және уақытша.
Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен
дүниетанымына байланысты болып отырады. Мысалы: түбір деген сөзді әр
адам оны түрліше қабылдауы мүмкін.
10Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше
талқылап, өзінше көз-қарасын білдіре алуы. әртүрлі иллюзиялардың негізінде
адам жаңсақ пікірде болады мұны уақытша апперцепция дейді.
Байқау - белгілі мақсатпен объектіні әдейілеп қабылдау. Байқау үшін
белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру
ерекше маңыз алады.
Байқағыштық - кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған
көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық. Байқағыштық
қасиет - адамның өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне, мамандығына
байланысты. Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет.
Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын-
жазушының өмірінде ерекше орын алады.
Кеңістікті қабылдау - заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын,
түрін, аумағын, алыс-жақындығын, таяз-тереңдігін, бағыт бағдарын қабылдау
деген сөз. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау - көру, сипай сезу,
қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.
Қашықтық пен заттың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы
(жақындату) яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет
болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені жақын тұрса, конвергенция да сонша
жақын болады.
Көздің түрлі қашықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін -
аккомодация деп атайды. Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп алдыратын бейнесі.
Уақыт - дүниедегі заттардың өзгеріп бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп
ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып
отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады.
Уақыттың ритмі - құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір
ізділігі.
Уақыт темпі - құбылыстардың бір ізділігінің не баяулығының
көрсеткіші.
Түйсік
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Түйсік[1] - адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі - сезім мүшесі (рецептор), екіншісі - миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі - мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : "Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек." деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік -- материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
* 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
* 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
* 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
* 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.
Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz