Психологиялық және психоаналитикалық антропология


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психологиялық антропология
2. Психоаналитикалық антропология
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі этнопсихологиялық бағыттармен мектептер
Этникалық психология-өте жас, тәуелсіз сонымен қоса күрделі білімдер жүйесі болып табылады. Ол психология, социология, философия, мәдениеттану, этнология, яғни адамның және топтың ұлттық-психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдардың негізінде пайда болды.
Философия-грек тілінен аударғанда ақылдылықты жақсы көремін деген мағынаны білдіреді. Этникалық топтар мен топ мүшелерінің әлеуметтік және жартылай психологиялық ерекшеліктерін, ұлттың спецификасын, оның топішілік, топаралық қарым-қатынастарға, өзара әрекеттесулерге деген әсерін методологиялық және теориялық тұрғыдан түсіндіреді.
Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.
Этнопсихологиялық құбылыстардың функциясын, мазмұнын, көріну спецификасынның түп негізін түсіну үшін, психология мен жоғарыда қарастырылған ғылымдарды дұрыс түсінуіміз керек. Отандық этнография-ғылым ретінде пайда болып, ұлтттардың, ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерді, сенім-нанымдарды, өмір сүру стилін, тәсілін, тұрмыстық айырмашылықтарды, мәдени байланыстарын, психологиялық мінездемелерін талдап, түсіндіруге бағытталған. Осы білімдер жүйесінде этносоциология деп аталатын ғылыми бағыт пайда болды.
Шетелде жоғарыда көрсетілген бағыттар бір-бірінен алшақтап, қазір олар тек қосымша мақсатта ғана қолданылады. Этникалық психология әрине басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Оның басқа ғылымдармен өзара әрекеттесуі, зерттеушілердің ортақ құбылысты зерттеу қызығушылығының болуына шартталған. Этнология және әлеуметтану психологтарға ұлттық топтың, сол топ өкілдерінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылықтарын, эмоция мен сезімдерін, салт-дәстүрлерін, әдет-қылықтарын; оладың өзара әекеттесулерін, әсер ету механизімдерін методологиялық дұрыс, жан-жақты білікті нақты түсінуге көмектеседі. Әлеуметтанушылар мен этнографтардың зерттеулері бойынша, бір адамды екіншісінен айыратын айырмашылықтарға ұлттық-психологиялық ерекшеліктер емес, әлеуметтік-мәдени феномендер-ұлттардың материалдық мәдениеті, олардың құрылымы, туыстығы мен өмірлік қамтамасыз ету жүйесі, топаралық және топішілік этникалық қарым-қатынастардың спецификасы екендігі анықталды.
Этномәдениеттану-гректің тайпа, халық және латынның даму, гректің ғылым деген сөздерінен тұрады. Бұл мәдениет туралы ғылымның бір саласы, ол ұлттардың этнопсихологиялық мінездемесін анықтайтын факторға мәдениеттік ортаны жатқызады. Бұл бағыт бойынша, мәдениет деген қоғамдық ортаға шек қоюдан басталады. Ежелгі даму жолында әрбір ұлтта мәдени құндылықтардың біржақты жүйесі қалыптасып, оны ұлт өкілдері этникалық сананы көрсету үшін пайдаланады.
Этнопедагогика этникалық психологиямен тығыз байланысты, бірақ оларды біріктіруге болмайды.
Этнопсихология - адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Халықтық психология - адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.
Халық рухы - белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.
Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді.
Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім - тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Ұзақ уақыт бойы этникалық психологияның жалпы мойындалған категориясына өзінің бастауын тұрмыстық өмірден алатын психологиялық жиын жатқызылады. Бірақ бұл сөз қазіргі күнге дейін реалды мағынаға толған емес. «Ұлттың психологиялық жиыны» сөзінің синонимы ретінде «ұлттық мәнез», «ұлттық сана-сезім», «ұлттық психология» сөздері қолданылады. Осындай түсініктердің көп болуы «ұлттық психологиялық жиын (национальный психологический склад) » терминін түсіндірмейді, тек қана терминалогиялық әр түрлілік енгізеді.
Этнопсихологиялық құбылыстың құрылымын нақты мазмұнға толтырған кезде екі түрлі көзқарастың әсері әлі күнге дейін байқалады. Бірінші көзқарас бойынша, элементтер жүйесінің құрылымы әр түрлі ұлт өкілдерінің мінез, темперамент, сезім, ерік және тағы басқаларынан тұрады. Екінші көзқарас бойынша, этнопсихологиялық құбылысты құрайтын мазмұн мен формаларға ұлттық психиканың, ұлттық мінездің жалпы және ерекше қасиетттері кіреді.
Біздің пікіріміз бойынша, екі көзқарас та көңілге алынуы керек. Сонымен қоса, бұл көзқарастар бір-бірінен тәуелсіз жеке, дара қолданылғанымен, толық түсініліп, зерттелген емес. Шын мәнінде бұл бағыттарды ортақ қызығушылық негізінде бірге жұмыс жасатуға болады, себебі екі бағыт та адамда көрініс беретін, саналы ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді жоққа шығармайды.
Ол үшін бар көзқарастарды нақты талқылап, түсініп, бар пікірлерді ортақ біріктіріп жүзеге асыруға болады. Бірінші тенденция, психологиялық жүйені ұйымдастырып, қалыптастырушы этникалық жиын өкілдерінің элементтерінен түрады, оларға ұлттық мінез, ұлттық темперамент және тағы басқалар. Соңғылардың функциясының ішінде нақты жүйе ішілік бөлімдердің-ұлттық мінез, темперамент, сезім қасиеттерінің және тағы басқалардың бар екендігі анық. Екінші тенденцияға кіретін психологияның жалпы ұлттық мінездемелері бірінші тенденцияның жүйе ішілік бөліміне кіреді.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер қоғамдық санада және қоғамдық тұрмыстағы әлеуметтік-психологиялық феномендер болып келеді. Оның бар екендігін социология мен этнография ғылымдары да мойындауда.
Ғылыми тұрғыда социология мен этнография әр түрлі ұлттардың психика ерекшеліктерін ерте кездерден бері зерттеуде. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер жалпы адамдардың психикасының функциялық қасиеттерінің спецификалық формасы болып табылады.
Сөйтіп, этникалық психология - жеке адамдардың нақты ұлт өкілдері ретіндегі ұлттық-психологиялық ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Ол әлеуметтік психологияның бір саласы және социология, философия, этнографиямен тығыз байланысты. Этникалық психология және зерттеуші ғалымдар айналысатын зерттеу жұмыстары оларды кім жасайтынына байланысты екі түрлі болып келеді:
Біріншіден, зерттеушілер белгілі бір этникалық топ мүшесінің өкілдері ретінде адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Ол қасиеттердің тума немесе жүре пайда болған екендігіне мән берместен, олардың көрініс беруі мен функциясының заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер онтогенезде, филогенезде дамығандықтан адам психикасының дамуымен байланысты болып келеді. Сонымен қоса, этникалық психология интеллектуалды-танымдық процесстерді, эмоционалды-еркітік құбылыстарды, адамдардың өзара әрекеттесуі мен әрекет-қылықтың психологиялық ерекшеліктерін, ұлттық-сецификалық қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, құндылықтарды зерттейді.
Екіншіден, социологтар мен этнографтар этномәдени зерттеулер жүргізген. Олар ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді емес, мәдени қажеттіліктер мен салт-дәстүрлерді, әлеуметтік әрекет-қылық стереотиптерінің ерекшеліктерімен айналысады.
Этникалық психологияның өзіне тән міндеттері бар:
- нақты этникалық топ өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер ететін факторлар мен себептерді жан-жақты түсіну; соның негізінде ұлттардың әлеуметтік-саяси, экономикалық, тарихи, мәдени дамуының спецификасын, психологиясын анқытау;
- адамдардың ұлттық психикасының мотивациялық-фондық сферасын мотивациялық және басқа қасиеттерді талдау мақсатында анықтау;
- нақты ұлт өкілдерінің интеллектуалды-танымдық белсенділіктерінің ұлттық дифференциалды мінездемелерін зерттеу;
- нақты ұлт өкілдерінің ұлттық сезімдерінің, динамикасы мен мазмұнының заңдылықтарын, эмоция мен эмоционалды әрекет-қылықтың көріну спецификасын зерттеуді ұйымдастыру;
- белгілі бір ұлт өкілдерінің ұлттық психика функциясын, еріктік белсенділікті орналастырудың ерекше спецификасын; адамның әрекетіне әсер ететін еріктік процесстің тұрақтылығын, еріктік күштің көрініс беруін зерттеу;
- белгілі бір ұлт өкілдерінің өзара әрекеттесуінің, қатынас жасауының спецификасын анықтайтын коммуникативті сфераларының көрінуін зерттеу;
- ұлттық психиканың көрінуі мен жұмыс жасауының жалпы заңдылықтарын анықтау мақсатында, дүние жүзіндегі әр түрлі ұлттардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу;
- нақты мемлекеттердегі топтардың дамуы мен жұмыс жасау заңдылықтарын анықтау мақсатында, әр түрлі классатрдың, конфессионалды топтардың ерекшеліктерін, ұлттық қасиеттерін, анықтау, зерттеу;
- этникалық сана мен өзіндік сананың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу;
- саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік, мәдени-массалық, кеңестік-коррекциялық жұмыстардың эффективтілігін жоғарлату мақсатында, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін ескеру және пайдалану;
- этникалық жиын өкілдерінің еңбектік, оқытушылық, әскери, және тағы басқа әрекет түрлерін ұйымдастыру сапасын және оның жүзеге асырылуын зерттеу;
- басқарушыларға арналған тәжірибелік ұсыныстар жасау;
- біздің мемлекетіміздің ұлттарының психологиялық спецификасын зерттеу;
- біздің мемлекетіміздің әр түрлі аудандарындағы саяси, ұлттық дамуының әлеуметтік және психологиялық болжауын жасау;
Ресейдегі этнопсихологиялық ғылымның алдындағы міндеттер әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
Біріншіден, бұл сала білімдерінің теориялық және методологиялық жоспарын тиянақты ұйымдастыру;
Екіншіден, этнопсихологтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге деген мүмкіндіктері бар себебі, этникалық жиынның өкілдері өте көп болып келеді.
Үшіншіден , этнопсихологиялық міндеттер басқа ғылым салаларымен бірлесе отырып шешілуі мүмкін.
Этнологиямен бірлесе отырып, этникалық психология әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылықтарын, әрекеттерін, салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинап, зерттеуді жүзеге асыруы керек.
Философия мен әлеуметтанудың көмегінсіз этноспихология ұлттық-психологиялық құбылыстарды интерпретациялағанда, методологиялық және теориялық нақтылыққа жете алмайды.
Ежелгі ғылымның ғылыми көмегімен этнопсихология өзі зерттейтін құбылыстарды, факторларды, дамуды, спецификаны, қалыптасуды дұрыс түсіне алады.
Өз кезегінде саяси, ол қоғамдағы саяси процесстер ағымының адамдардың санасы мен әрекеттеріне әсерін зерттейтін білімдер жүйесі. Саяси ортада жұмыс жасайтын әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Этникалық психология саяси психологиямен бірлесе отырып, қоғамда пайда болған әлеуметтік құбылыстарды талдайды:
- этникалық топ өкілінің саяси санасының дамуына қандай ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің әсер ететіндігі;
- этникалық топ өкілінің қажеттіліктерінің, мотивтерінің, құндылықтарының қандай этникалық спецификалық ерекшелігінің бар екендігін;
- ұлттық психологияның қажетті-мотиациялық компоненттері қоғамдағы сана, нормаларға қарама-қайшы ма әлде жоқ па;
- бірлесіп саяси жұмыс жасағанда ұлттық өзіндік сананы құрайтын қандай танымдық-интеллектуалды компоненттер ескеріледі;
- нақты ұлт өкілінің саяси өзіндік санасының қорғаныс механизімі қандай;
- интерұлттық тәрбиелеуді эффективті қылдыратын нақты ұлттық-психологиялық әрекеттер, амалдардың бар-жоқтығы;
Сонымен қоса этникалық психология өзінің міндеттерін педагогикалық психологиямен өзара әрекеттесе отыра жұмыс жасауы керек.
Этнопсихология педагогикалық психологиямен бірлесе отырып, келесілерді зерттейді:
- белгілі бір ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессін қабылдау ерекшеліктерінің спецификасын;
- әр түрлі ұлт өкілдеріне тәрбиелеу мен оқыту процессінің қалай әсер ететіндігі, тәрбиелеу мен оқыту процессінің өзара ерекшемазмұнының болуы;
- әр түрлі ұлт өкілдерінің оқыту мен тәрбилеу процессіне бейімделу ерекшеліктерін;
- әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде эмоционалды-экспрессивті сферасының көрінуін;
- әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде конфликтілік қатынастардың көрінуін қадағалау;
- педагогикалық өзара әрекеттесудің нақты формалары мен амал-тәсілдерін зерттеу.
Әлемдік ғылымда этнопсихолгия XX ғасырда қарқынды дами бастады. Зерттеулердің нәтижесінде тіпті екі этнопсихология пайда болды.
Этнопсихологиялық, көбінесе оны психологиялық антропология деп аталған.
Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени психология деген терминмен байланысты. Кросс-мәдени зерттеуді ең алғаш 1901-1905 жылдары американдық ғалым К. Риберс жүргізді. Ол Мюррей аралының тұрғындары, сонымен қатар үнділер, европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін эксперименталды түрде көрсетіп берген. Бұл зерттеу өзіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Осы зерттеуден соң, осыған ұқсас көп түрлі психологиялық феномендерді зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулерге ортақ нәрсе тек құрылымның алғашқы схемасы болды, адекватты түрде қойылған міндетке сәйкес психологияның арасындағы қандайда бәр әдістеме таңдалып алынады, осы әдістеме бойынша екі немесе оданда көп этникалық топ зерттеушілерге салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы, жүргізу жеңілділігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі. Біріншіден, психологтың алдында үнемі әдістеме нәтижелерінің салыстырмалығы туралы сұрақ тұрады. Сондықтан барлық әдістемелер сол ұлттың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек. Екіншіден, әртүрлі этникалық қауымдастықтың өкілдерінің қатынасы бірдей болғандықтан, белгілі бір халық үшін экспериметтік арнайы порцедурасын өңдеу қажет. Үшіншіден, зерттеуші өзінің және бөтен елдің мәдениетін обьективті түрде қарсы қоя ала ма Немесе өзі жатпайтын этникалық топтарды ғана зерттеуге құқығы бар ма деген сұрақ үнемі туып отырады. Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу психологияның басқа салаларының арасындағы әдістемелердің орнына қандай да бір әмбебап әдістерді құру қажеттілігін көрсетеді. Бірақта белгілі бір шектерге қарамастан кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу бір этномәдениеттің, бір ұлттың, бір этникалық қауымдастықтың ішінен тыс жаңа принципті нәтижелер береді.
М. Мидтің көрсетуінше, мәселені шеше отырып, мәдени-антропологтар мен психологтар оған әртүрлі концептуалды схемамен, тұжырыммен қарады. Етіс ықпалға сүйенетін психологияның антропология пәні психологиялық ауыспалылар, яғни этникалық жалпылық деңгейінде адамның ішкі әлемі мен этномәдени ауыспалылар арасындағы жүйелік байланыс болып табылады. Осы берген тұжырымына қарап, мәдениет еш нәрсемен салыстырылмайды екен, салыстыру зерттеудің соңынан жүреді. Қазіргі уақытта этнопсихологиядағы жетістіктер осы ықпалмен байланысты. Санасыз түрде зерттеушінің өз мәдениетін салыстыру үшін стандарт болғандықтан үнемі қауіп төніп тұрады, оның жеткілікті мөлшерде кемшіліктері де болады. Етіс және etic ықпалдарының арасындағы айырмашылықты бірнеше түрде нақтылап көрсету үшін әртүрлі мәліметтердегі каузалды атрибуция зерттеулерінің нәтижелерін қарастырамыз. Берілген жағдайда әртүрлі мәдениет өкілдері жасаған сәттілік пен сәтсіздік себептерін қалай түсіндіретіні зерттелді. Еtіс зерттеуді жүргізгенде, американдықтар жетістікке жетудің себебі қабілетте десе, үнділер әділетте деп есептеген. Американдық психолог Б. Вайнердің теориясын қолдануға болады, ол сәттілік және сәтсіздіктің кез-келген себебінің негізіндегі әмбебап үш факторды бөліп көрсеткен. Вайнер моделін қолдана отырып, біз индия мен АҚШ-тан алынған нәтижелерді салыстыру мүмкіндігіне ие боламыз. Американдықтар мен үнділердің каузалды атрибуцияларында радикалды айырмашылық жоқ, қабілет пен әдептілік ішкі себеп екенін анықтаймыз. Нәтижені бұлай өңдеу үшін etic ықпал қолданылады, ол «салыстырмалы-мәдени психология» деп аталатын «психологиялық этнопсихологияға» тән. Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени этнопсихологияның пәні әртүрлі мәдениеттер және этникасыз қоғамдағы психологиялық ауыспалылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады. Мәдениеттің, әсіресе тәуелсіз деп есептелетін «обьективті» әдістер қолданылады, зерттеушілер үлкен субьективті қателерден қашуға көптеген мәдени антрополгтар салыстырмалы-мәдени зерттеулерге белсенсіз қарайды. Олардың есептеуінше, әрбір мәдениетте тұйық, әмбебап желі бар, салыстыру үшін адекватты көрсеткіштер алу мүмкін емес дейді. Психологиялық антропология психологиялық ұғымдар мен әдістерді қолданады. Салыстырмалы-мәдени зерттеу психологияның әртүрлі салаларында қолданылады, жалпы психология әртүрлі халықтардың ойлауын, есте сақтауын, қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, индустриалды Психология-басқару мен еңбектің ұйымдасу мәселелерін, жасерекшелік Психология-балаларды тәрбиелеу мәселесін зерттейді. Қоныс аударушылардың өзгерістерге дайындығы өте үлкен мағына береді. Визитерлер өзгерістерді тез қабылдайды, өйткені бейімделуге түрткілері бар. Шетелдік студенттерің түрткілері нақты бағдарлы мақсаттарына негізделген - диплом алу, олардың болашақ өміріне өте қажет. Бұл мақсаттарына жету үшін студенттер әртүрлі қиыншылықтарға барады және тіршілік ету ортасына. Тағы бір дайындық өз еркімен қоныс аударушылар, олар басқа бөтен топқа қосылуға ұмытылады. Сонымен қоса түрткінің аз болуынан бейімделу процесі қоныс аударушыларға әлдеқайда қиынырақ болады. Қоныс аударушыларға түйісу тәжірибесі қолайлы болып табылады - тарихымен танысу, мәдениетімен елдің өмір сүру шарттарымен таныс болу. Бейімделудің ең жақсы бір қадамы ол тілдік білім, ол тек қана әлсіздік пен тәуелділікті емес иеленушінің алдында сыйлауды құрмет етеді. Бейімделу басқа мәдениетсіз ортаға келгенде «экзотикамен» танысуға - этикамен, тамақпен, иістермен мүмкіндік береді. Бейімделу процесіне әсер ететін тағы бір фактор сол жердің адамдарымен жақсы қарым-қатынаста болу. Визитшілер сол жердің адамдарымен дос болып жаңа мәдениеттің ережелерін біле отырып, өздерін қалай ұстау керек жайлы көп ақпарат жинап алады. Бейімделуге әсер ететін топтық факторларды, өзара әрекет ететін мәдениеттердің мінездемелері . Мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар және ұқсастық кезеңдері Көптеген зерттеушілердің нәтижесі бойынша, мәдениетті шоктың кезеңі, мәдениет ара қашықтығымен өзара байланысты. И. Бабикердің көзқарасы боынша мәдениеттердің ұқсастықтары, мәдениет арақашықтық дистанциясы, соның ішінде тіл, дін, жанұя құрылымы, білім деңгейі, материалды жабдықталған, климат, тамақ, киім т. б. Обьективті мәдениет аралығына тағы да факторлар әсер етеді
Қақтығыстардың болмауы - жауынгер, геноцид және т. б. - екі елдің арасындағы тарих.
Келген елдің мәдениет ерекшеліктерімен танысу кезеңі, басқа тілді жетік білу. Біз араласатын адам бізге жақын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz