Байқаудың түрлері, оларды ұйымдастыру және жүргізу


Ж О С П А Р
- Байқау әдісі.
- Байқаудың түрлері, оларды ұйымдастыру және жүргізу.
- Зерттеу міндеттерін шешуде байқау нәтижелерін пайдалану.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.
Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т. б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
- Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
- Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау;
мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, көп уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т. б. ) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да өзгеріп отыруы мүмкін. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде көбірек болады.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға өзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жөн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:
1. Байқаушы адам оны өне бойы белсенсіз болады, өздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды өзгерте алмайды. Байқаушы көбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;
2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды;
3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға өінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жөнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады", - деп тегін айтпаған.
Байқаудың түрлері, оларды ұйымдастыру және жүргізу.
- Көзқарас. Нақты қорытынды әдіс әр қашанда сезім мүшелері арқылы қабылдайды-немесе басқа да мүшелер арқылы. Ұйымдастыру көзқарасы міндетті түрде ажырату ол жобаларды, мақсатты бағдарлама түзілу қажет
Объект мінезі, оқушы қатысатын(мұғалім әрекеті, төмен баға, бағны әділ қою және т. б. ) педагогикалық мінезге жат дөрекі, көргенсіздігі және т. б. педагогикалық жақсы қаситеттері жоқ, тұсініксіз тұсіндіреді, сабағы тартымсыз, мұғалім оқушылардың көңіл-күйіне қармайды, жалпы алғанда оқушыларға мұғалімдердің бұндай ұсыныстары ұнамайды және т. б.
2. Оқушының сабақтағы көңіл-күйі (негізгі жақсы, сабырлы, ерекше, көңілсіз) .
3. Кейбір оқушылар өз ойларын ашып айтады, шыдамсыздау
4. балдардың бір-бірімен ерегісуі (жақтырмау, қатал, шыдамсыз, Жан-жағына қызығады, еліктейді, мақсатына жетеді) .
5. Тәрбие балалардың жұмы үлгісі(үндемейді, мұғалімнің ұрысқақ, кек сақтау, мұғалімге қарсы шығу, ешнәрсе болмағандай жере береді; ақталуға ұмтылады, ұрсады, қол жұмсайды, кешіреді, әртүрлі әрекеттер істейді және т. б
6. Шығыспайтын оқушылардың тілір табу.
7. Шығыспайтын жағдайлардың түрлері, осындай оқушылар қатысады.
Негізгі әдістердің міндетті көз-қарасы:
1. Нақты әдіске жету мүмкіндігі.
2. Алдын-ала жоспар бойынша жүруге міндетті.
3. Зерттеу әрекеттерінің саны нәтижелі болу керек.
4. Негізгі жағдайда оны анықтау міндеті керек,
5. Жаңалықтар, әртүрлі көзқарас жолдарымен байланыстыру, және бір-бірімен тең болу керек.
6. Көзқарасты қайта-қайта тексеру керек.
7. Қате сылтау пайда болғанды оны дер кезінде тексеру міндетті.
8. Көзқарас процесіндегі факторлар қабылданады, міндетті түрде таблица арқылы анықтау қажет.
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар :эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.
1. Бақылап- зерттеу-заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинақтау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап- зерттеегенде, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу- шарттары, сон дай-ақ бақылап- зерттеу құралдары - видиоаспаптар, ас пап- құралдар мен өлшеу құрал- саймандары.
-тікелей бақылап- зерттеу, мұғалім- зерттеуші оқу- тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
-жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылыжүзеге асады.
-жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап- зерттеу зерттеушігі құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір бір імен оңаша кезіндегі мінез- құлқынан оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады. ;
-үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу- тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz