ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА . . .
1. 1 Қазақ прозасындағы психологизмнің даму тарихы . . .
2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Ұлттық психология, оның Д. Исабеков шығармаларындағы көріну әдіс-тәсілдері
2. 2 Суреткердің кейіпкер психологиясын беру шеберлігі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Адамзат жаратылғалы бері өзін-өзі тануға деген талпыныс толастаған емес. Адам баласының табиғи, биологиялық, физикалық, психологиялық сезімдік құбылыстарын әрбір ғылым өз саласы бойынша зерттеді; әдебиет адамтану ғылымы деп есептелініп, адамзаттың «сүю, күю үшін, азап шегу үшін жаралған» (Ж. Аймауытов) жұмбақ әлемі жан-жақты зерттеле бастағалы қашан. Адам психикасы, оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т. б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарында жан талдау тәсілін тудырып, адам мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады.
Көркем шығарма дәлдігі - адамның ішкі әлемін, құпия-қалтарыстарын нақты бейнелеуінде. Жазушы кейіпкерінің ішкі әлемін, рухани өмірін, кейіпкерінің әрбір іс-әрекетінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда зерделей-зерттеп, жан-жақты талдап жазғанда ғана психологиялық шығарма талабына сәйкеседі.
Ұлы суреткер М. Әуезов айтқандай нағыз көркем прозаға « . . . психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» екендігі күмәнсіз [1, 129] .
«Әдебиеттегі психологизм - шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу» [2, 835] .
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстары әрдайым өзгеріп, іс-әрекет, сезім қайшылықтарын тудыратын психологиялық құбылыстарды терендетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын айқындап берері хақ.
Белгілі әдебиеттанушы, ф. ғ. д. Б. Майтанов: « . . . психологизм сөз өнерінің тектік белгісі . . . қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізудің амал-тәсілдердің жиынтығы . . . », - дейді [3, 4] . Яғни психологизм көркем әдебиеттегі психологиялық талдау өнері өрісінде жинақталған арнаулы /специфических/ бейнелеу құралдарының көмегімен кейіпкердің сезімін, ойын, толғанысын тереңдетіп, жан-жақты суреттеп, оны эстетикалық биік деңгейге көтеріп, көркемдік құндылыққа қол жеткізу болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлттық әдебиетіміздің жетекші саласы - проза проблемалары түбегейлі шешімін тапты деуге тіпті болмайды. Соның ең бастысы ұлттық әдебиетіміздің көркемдік даму тарихын түсіндіретін тенденциялары, негізгі концепциялары мен методологиясы көп сөз бола бермейді. Соған қарамастан көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты - бүгінгі таңдағы жиі айтыла бастаған күрделі теориялық, тәжірибелік мәні бар зор мәселе.
Д. Исабеков прозасында жеке адамның психологиясын тереңірек аша түсу, оның жеке басының күйініш, сүйініш сезімін әсерлі беру мәселелерін басым қою тенденциясы өріс алып отырғанымен зерттеуді қажет ететін тақырып. Көркемдік психологизм өзінің дәстүрлік қалпын бүгінгі қазақ прозасында қалыптастыру үстінде.
Кейіпкерлердің жан-дүниесіне үңілу оны әр қырынан танытатын көркемдік құралдарды пайдалану жазушы шеберлігіне, талантына байланысты. Осы заманғы әдебиеттің даму жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған міндеттердің бірі - «адам жанының диалектикасын» ашу, кейіпкерлердің рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау, адамның ішкі дүниесінің құпиясын ашу.
Зерттеуші Б. Майтановтың сөзімен айтқанда: «Көркем шығармадағы өмір шындығының басты бір кепілі психологияда, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, творчестволық феномен - психологизм» [3, 4] .
Әдебиеттегі психологизмнің мақсаты - өмірдегі шындық пен көркем шындықтың бірлігін сақтау.
Қазіргі қазақ прозасы құрылымдық жағынан байып, мазмұн-салмағы кемелденіп келеді. Д. Исабеков прозасында кейіпкердің көбісі қарапайым, елеусіз адамдар болып келеді. Бірақ әр қаһарманның өз тағдыры бар, соны шығармада әр қырынан көрсетіп, ішкі жан дүниесіне үңіліп, сырт көзге елеусіз болып көрінетін өмірдің бұралаң жолы көп екенін, қатпарлы ойсырлардың мол екенідігін көрсетеді. Жазушы туындыларында нақты тұрмыстық жайлар негізге алынады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Белгілі сыншы және әдебиет зерттеушісі С. Қирабаев «Ең бастысы - адам» атты мақаласында [4, 51] бірқатар қазақ қаламгерлерінің шығармаларына шолу жасай отырып, мынадай қорытындыға келеді: « . . . жоғарыда талданған прозалық шығармалар өмірлік маңызы бар проблемаларды, оның ішінде ең бастысы адамның қоғаммен қарым-қатынасын терең ашып көрсеткен. Сюжет пен тілдегі жаңалықтар, талас-тартыстарға көркемдік тұрғыдан қарау, ішкі монолог байлығы - бұл ізденістердің үлкен жетістігі. Әлемдік әдебиеттің жетістіктерін пайдалана отырып, ұлттық әдебиеттің дәстүрлерін одан әрі дамыта түскен. М. Атымовтың «Прозадағы психологизм» [5] атты мақаласында қазақ ауыз әдебиетінде және жазба әдебиетте адамның ішкі өмірін көркем түрде суреттеудің бай дәстүрлері бар екенін нақтылы деректермен дәлелдейді. Ал Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты» [6] атты кітабының «Адамның ішкі сырын ойлап білген» атты бөлімінде қазіргі заман тақырыбына жазылған шығармалардағы психологизм мәселесіне тоқталады. Б. Майтановтың «Қазақ прозасындағы замандас бейнесі» [7] деген кітабында қазіргі қазақ әдебиетіндегі туындыларда психологиялық талдаудың тәсілдері мен жолдарын сипаттаудан баяндаудың субъективті формаларына және оларды теориялық жағынан қорытындыласа, «Қаһарманның рухани әлемі» [5] атты еңбегі қазіргі қазақ прзасындағы әлеуметтік-психологиялық өмірді талдау арқылы елеулі жетістіктер сырын ашуға арналған. Ж. Дәдебаевтың «Шымырлап бойға жайылған» [8] атты зерттеуінде психологизмнің кейбір проблемалары, дәстүр мен жаңашылдық, типтік характер мен типтік бейне секлді бүгінгі әдебиеттің маңызды мәселелері сөз етіледі. Ф. ғ. д., проф. Г. Пірәлиеваның «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері» [9] атты зерттеуі психологиялық прозаның күрделі көркемдік бейнелеу құралдары - түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлемнің көркемдік қызметі теориялық тұрғыдан талданады.
Зерттеудің нысаны, мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның негізгі нысаны - Д. Исабеков прозасындағы психологизмнің көріну жолдарын ашу. Теориялық зерттеулер мен ұлттық характерге қатысты қазақ әдебиетіндегі дәстүр мәселесі, XX ғасырдың 70-80 жылдарындағы жазушылар туындылары негізінде қаламгердің прозасындағы психологизмнің көрінісін анықтап, сараптау - жұмыстың басты мақсаты. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер белгіленді:
- жазушы прозасының идеялық-мазмұндық ерекшелігін талдау арқылы
ұлттық мінез бен образ типтілігінің арақатынасын ашу;
- қаламгер шығармаларындағы үндес ұлттық мінездердің ерекшелену
жолын, олардың ұнамды, ұнамсыз ұлттық мінез болатындығын анықтау;
- ұлттық кейіпкер болмысының қазақ даналығы мен тағылымы, жантану
ілімі арқылы танылатынын және олардың ұлттық мінездің дамығыш, өзгермелі әрі тұрақтылығына әсерін дәлелдеу;
- жазушы прозасындағы қазақ болмысын талдау арқылы ұлттық мінездің адам концепциясы мен жалпыадамзаттық сипатпен байланыстылығын көрсету;
- тартыс негізінде шығарманың мазмұны мен пішініне ұлттық мінез
ықпалы болатындығына назар аудару.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу Д. Исабеков шығармашылығын арнайы қарастырған ғылыми еңбек болғандықтан, суреткер шеберлігіне, оның өмір шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ерекшеліктеріне басты назар аударылды. Өйткені талантты суреткердің шығармалары қазіргі кезеңнің әдеби-қоғамдық беталысын бейнелеуге ұмтылған шығармалар болып табылады. Әсіресе сөз зергерінің ұлттық психология, әйел кейіпкердің ішкі жан әлемін бейнелеудегі көркемдік әдістерін арнайы сөз ету жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады.
Жазушы шығармашылығын алғаш рет психологизм тұрғысынан зерделеп, жан-жақты салыстыру мен талдаулар нәтижесінде қаламгер прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп, жазушының туындыларындағы замандас бейнесінің, әйел образының ашылуы қарастырылды.
1. Қазақ прозасындағы психологизмнің дамуы
Өнердегі, мәдениеттегі кез-келген құбылыс тәрізді психологизм де әдебиетте бір сәтте пайда болған жоқ, ол әдебиеттің белгілі бір даму сатысында пайда болып, ұзақ даму жолынан өтті. Әдебиетте психологизмнің пайда болу себебін түсіну үшін оның даму тарихына қысқаша көз жүгірткен жөн, сонда барып біз әдебиет пен өнердің ең алғашқы даму тарихында психологизмнің пайда болып, әдебиет үшін қажеттілікке айналғанын түсінуге болады.
Адамның ішкі әлемін суреттеу әдебиетте бірден дербес обьектіге айналған жоқ. Алғашқыда көркем бейнелеу обьектісіне көзге бірден түсетін, сыртқы процестер және оқиғалар болды. Себебі бұл оқиғалар өзінен өзі түсінікті, талдауды талап етпейтін еді. Екінші жағынан бүкіл өнерде, әдебиетте болған оқиғаның маңызы, сол оқиға болған кездегі адам толғанысынан әлдеқайда артық болды. Бұл кезде адам өмірі, оның ішкі толғаныстары қазіргі кездегідей бағаға ие болмаған еді. Ол кезде оқиға барысы ғана жалпыға бірдей қызықты еді, оның ішінде кез-келген оқиға емес, тек түбірлі өзгерістерге жеткізетін оқиғалар ғана әдебиет обьектісіне айналған еді.
Б. э. д. ІІ-ІҮ ғасырдағы көркем шығармалардағы кейіпкерлерді жалпылама бейнелеу жайында М. М. Бахтин былай дейді: «Бұл шығармаларда адамның іші мен сырты бірдей, ешқандай алшақ кету жоқ, сырты қандай болса, іші де сондай. Адамның бүкіл ішкі қабілеті, мүмкіндігі оның әлеуметік орны, оның бүкіл тағдыры арқылы шешіліп отыр, оның осы белгілі бір тағдырынан басқа, әлеуметтік орнынан басқа одан ештеңе қалмай отыр. Адам қандай дәрежеге жетуге мүмкіндігі болса, ол сол дәрежеге жетті, ол адамның басқа жағдайда болуы мүмкін емес. Ол адамның ішкі ойы түгелдей ашық, түгелдей айтылған, оның ішкі ойы мен ол ойының сыртқы көріністері бір-бірімен дәл келеді, ешқандай алшақтық жоқ, ол тым қарапайым.
Кейіпкерді бұлай суреттеу үшін психологиялық анализдің ешбір қажеті жоқ, демек оның ішкі өміріне, жеке адамның ішіне үңілудің ешбір қажеті жоқ. Бұл кездегі әдебиет адамның жеке өміріне жеке үңілуді әлі білмейді, жеке адамның қоғам үшін пайдалы емес өмірінің қырлары әдебиетті қызықтырмайды. Ол кездегі әдебиет тек атақты, жұрттың бәрі білетін, қоғамдық өмірде ықпалы бар адамдардың тек жұрттың бәрін қызықтыратын өмірінің сәттерін ғана бейнелеген. Ол адамның өзіне деген көзқарасы бұл жөніндегі басқалардың көз-қарасымен толық сәйкес келеді. Ол адам өзі жайында басқалар нені көріп, нені біліп отырса, өзі де тек соны ғана біледі. Өзі жайында басқа адам, яғни атор не айта алатын болса, ол да өзі жайында тек соны ғана айта алады. Бұл кейіпкерде жасырын құпия ештеңе жоқ, сондықтан оның ойының ішкі қалтарыстарына үңілудің қажеттігі жоқ, оның сырты қандай болса, іші де сондай, онда ядро, оны қоршаған сыртқы қабық деген болмайды.
Осындай жағдайға байланысты адамның ішкі әлемін суреттеу өте қатаң рамкалармен шектеледі. Әдебиет өзінің бұл даму сатысында сезімге, толғаныстарға тіптен көңіл бөлмейді деп айтуға болмайды, алайда бұл жан толғаныстары тек адамның сыртқы қимылы мимикасы арқылы ғана беріледі. Мұның бәрі кез келген адамға байқалатын, көрнекі, ұғыныңқы бейне еді. Адамның сыртқы қимылы, әрекеті мен ішкі ойының арасында алшақтық жоқ болғандықтан олардың арасында біржақты қатаң байланыс орнатылды. Мұндай эстетикалық системада адамның ішкі ойы бұрқан-тарқан болып жатса, онда оның сыртқы түрі, эмоциясы да соған сәйкес болуы керек болды, бұл бір дәстүрлі міндеттілік болды. Адамның эмиоциялық күйін сипаттайтын дәстүрлі міндеттілік автордан кейіпкердің ішкі толғаныстарының оның сыртқы түрімен сәйкес келуін талап етті. Мысалы ертегілерде кейіпкерлердің қайғысын білдіру үшін мынадай сөздер пайдаланылды. «Ол өте көңілсіз болды, ұнжырғасы түсіп, басы салбырап кетті». Бұл көркем шығармаларда тек эмоциялық күйдің сыртқы бейнесі ғана стереотипті, біржақты болған жоқ, адам толғанысының шын мәні сондай болды. Әдебиет белгілі бір даму сатысына дейін қайғының, қуаныштың бір-ақ түрін білді, бір кейіпкердің эмоциялық күйі оның сыртқы белгісі басқа кейіпкердің эмоциялық күйіне оның сыртқы белгісіне өте ұқсас болды, себебі ол кездегі басқадай жолды білмейтін еді. Б. э. д. ІІ-ІҮ ғасырдағы әдебиетте эмоциялық күйлердің өзінің саны шектеулі еді, одан басқа ол күйлердің градациясы болған жоқ, басқаша айтқанда қайғының, қуаныштың қаттырақ түрі деген болмайтын еді. Ол кезде қайғының, қуаныштың бір-ақ түрін білетін еді. Әрбір сезім тек қана максимум дәрежесінде берілетін, егер қуаныш болса, міндетте түрде қатты қуаныш, ал қайғы болса онда ол міндетті түрде қатты қайғы болуы керек еді.
Адамның эмоциялық күйін былай бейнелеу ерекшелігі адамның сыртқы тірлігі мен ішкі ойы сәйкес келу керек деген ұғымнан туған еді, себебі кейіпкер стереорипті, дәстүрлі түрде бейнеленуі керек еді, оның жеке сезімі, жұрттың ойынан бөлек ойлары ешкімді қызықтырмайтын. Көркем бейнелеуде қуаныштың, қайғының, әртүрлі варианттары пайда болуы үшін, адамның сыртқы тірлігі, ішкі ойынан бөлектенуі қажет еді.
Сонымен әдебиеттің ертедегі даму сатысында психологиялық бейнелеу адамның ішкі ойының сыртқы көрінісін сипаттау үшін қажет болды.
Қай кезде әдебиетте психологизм пайда болды? Қай кезде бірінші рет автор мен жеке оқырманды жеке адам проблемасы, оның рухани өмірі қызықтыра бастады?
Психологизмнің пайда болуы үшін қоғам мәдениетінің даму сатысы жеткілікті түрде жоғары болу керек, ең бастысы бұл қоғамда жеке адамға үлкен көңіл аударылуы қажет. Егер адам толық дерлік қоғамдық, әлеуметтік кәсіби дәрежесі арқылы бағаланатын болса, ал оның өмірге деген жеке көзқарасы есепке алынбаса, тіпті ондай көзқарасы жоқ деп есептелсе, онда мұндай жағдайда психологизмнің пайда болуы қиын. Себебі, мұндай қоғамда сынауға болмайтын, абсолютті түрде дұрыс деп есептелетін көзқарас үстемдік құрады /мысалы, діни көзқарас/. Сондықтан жеке адамның ол көзқарасынан басқа көзқарастарына жол берілмейді, тіпті пайда болған күннің өзінде ондай көзқарасты жөргегінде құртуға система мүдделі болды. Басқа сөзбен айтқанда авторритарлық принципке құрылған системада психологизмнің пайда болуы қиын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz