Сихологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
  1. Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері

Психологияда «Психодиагностика» сөзі екі негізгі мағынаны білдіреді. Бірі психологиялық білімді қолданудың спецификалық аймағын көрсетсе, екіншісі сол аймақтағы психологиялық біліммен зерттеуден тұрады. Психодиагностика саласына ғылыми зерттеу әдістерінің принциптері және қолдану түрлері жатады.

Қазіргі заман психологиясында психодиагностика әдістерінің көптеген түрлері қолданылады, бірақ олардың барлығын ғылыми негіздеген деп айтуға болмайды. Сондай-ақ, олардың арасында зерттеу әдістері және өзіндік психодиагностика әдістері бар. Психодиагностика әдістері бағалау мақсатында жүргізілетін әдістер тобына жатады, яғни зерттелетін психологиялық қасиеттердің нақты сандық және сапалық сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді. Ал мұндай мақсат көздемейтін және психологиялық процестерді зерттеуге ғана арналған әдістер зерттеу деп аталады. Олар негізінен эмперикалық және эстерикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында нақты білім алу мақсатында қолданылады. Осы екі түрлі әдістердің айырмашылығын қөрсететін мысалдар келтірейік:

1 мысал. Тұлғаны психодиагностикалау әдісі

Бұл Р. Кеттельдің 16 факторлы тесті. Ол 16 шкалаға бөлінген, 187 пікірден тұратын стандартты сауалнама. Әр шкала бойынша Тұлғаның қандай да бір қасиеті бағаланады, баға стандартты балл бойынша қойылады. Осы тестке ендірілген пікір және қолдану ережелері, нәтижелерді өңдеу, алу тәсілдері, сондай-ақ қорытындылар, олардың барлығы өзгертілмейтін болып табылады және тесттілеудің барлық түрлеріне бірдей.

2 мысал. Тұлғаны зерттеу әдісі

Адамның қандай да бір мінезінің түрін ерекше жағдайларда бақылай отырып, зерттеуге бағытталған эксперимент жасауда деп түсінейік. Мұндай эксперимент былай құрылады: зерттеушіні қызықтыратын мінез-құлықтың берілген формасымен байланысты адамның Тұлғалық ерекшеліктері бүге-шегесіне дейін оқып білу мүмкін болатындай түрде. Зерттеуші осы мақсатты көздеген экспериментін жүргізеді, оған қатысушылардың мінез-құлқын бақылайды және зерттелінетін ерекшеліктерін, оған сәйкес келетін мінез-құлық формаларының ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.

Зерттеуші эксперимент түріне, мысалы жеке тұлғамен жүргізілетін бақылау әдісі немесе олардың мінез-құлқын ерекше эксперименттік жағдайда бақылау мүмкіндігін беретін психологиялық-педагогикалық эксперимент жатады.

Психодиагностикалық бұл әдістер психологияның әр түрлі салаларында және адамзат іс-әрекетінің әр түрлі сферасында қолданылады. Ғылыми психологияда олар әдетте зерттеуші экспериментерді жүргізу процесінде қолданылады. Ал практикалық психологияда психологиялық кеңестерді, психологиялық коррекциялауда, сонымен бірге кәсіби психологтың іс-әрекетінің басқа салаларында мысалы мамандық таңдау, мамандыққа дайындық бағытында қолданылады.

Дұрыс ұйымдастырылған экспериментті зерттелінушілердің даму деңгейін немесе басқа психологиялық қасиеттерінің экспериментке дейін және одан кейін әрқашан дәл бағалау қажет. Ол жүргізілген эксперимент осы қасиеттердің өзгеруіне ықпалын анықтау үшін қажет. Бұл айтылғандар психологиялық кеңеске және психологиялық коррекцияға да қатысты болады. Кеңес жүргізе отырып практикалық психолог клиенттің әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін даму дәрежесін бағалап отыруы тиіс. Бұл жағдайда оның жұмысы ауруды анықтап және оны емдеу әдісін айтпай тұрып, науқасқа міндетті түрде диагностика жасайтын дәрігердің еңбегін еске түсіреді.

Психологқа дәл осылай жасауға тура келеді, яғни ол клиенттің жағдайына психологиялық диагноз қоятын диагносттың роліне енеді, кеңес берумен немесе түзетумен шұғылданады.

Бір қатар мамандықтар адамның мінез-құлқына және психологияға ерекше талаптар қояды. Сонымен қатар, бұл жерде адамның кәсіби жарамдылығын анықтайтын, әр түрлі психологиялық мінез-құлықтың санаға дәл диагностика жасау қажет. Бұл жағдайда психодиагностикалық әдістерді қолдану адамдарды мамандық таңдау және мамандыққа дайындығымен байланысты болады. Қоғамда психодиагностикалық мыңнан аса әдістері тіркелген және бағдар беретін қандай да бір схема болмаса, оларды түсініп практикалық ұғыну мүмкін емес. Психодиагностикалық әдістердің классификациясының мұндай жалпы схемасын ұсынуға болады және ол мына түрде көрініс табады:

  1. Бақылауға негізделген психодиагностика әдістері.
  2. Сұрақнамалық психодиагностика әдістері.
  3. Адамның мінез-құлықтың әсерімен еңбегінің нәтижесін есепке ала отырып және анализ жасайтын объективті психодиагностикалық әдістер.
  4. Психодиагностикалық эксперименті әдістері.

1. Бақылауға негізделген әдістер тобы - психодиагностикалық қорытындысында міндетті түрде бақылауды жүргізілуін және оның нәтижесін қолдану ережесі бойынша нені бақылайтынын, қалай бақылайтынын, бақылауды қалай қорытындылайтынын, оларды қалай бағалайтынын, қалай өңдеп, соның негізінде қалай қорытынды шығару керектігін дәл анықтайтын арнайы схемалар мен жағдайлар енгізіледі. Психодиагностиканың барлық талаптарына жауап беретін бақылауды- стандартты бақылау деп атаймыз. Осындай бақылау түріне мысал келтірейік.

Топ мүшелерінің қандай да бір тапсырманы орындау кезіндегі әрекетін бақылауда Р. Бейлстың «Бақылау схемасы» қолдану.

Топ мүшелерінің өзара әрекет процесін бақылау категориясы ( Р. Бейлс)

Бұл схема және көрсетілген категориялар топ мүшелерінің бірлескен жұмыс әрекетіндегі өзара қарым-қатынасын бақылауға арналған. Берілген категориялар топ мүшелері әрекеті мен реакциясы бойынша топтастырылады. Схеманың жоғары жақ бөлігінде топтық тапсырманы орындау кезіндегі топтық белсенді әрекетімен эмоционалды реакциясын қөрсететін, ал төменгі жағына бірлескен ізденіс әрекетіндегі енжар әрекетпен пассивті эмоционалды реакцияны қөрсететін категория берілген. Схемада 12 түрлі мінез-құлық типі көрсетілген, оның жартысы жағымды, жартысы жағымсыз.

Осы схеманы қолданған психолог, бақылау процесінде әрбір топ мүшесінің әрекетін (қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі, реакциясы, т. б. ) бақылап, схемадағы көрсетілген категориялардың біріне жатқызады. Бақылау соңында топ бойынша және әрбір мүшесінің жеке-жеке категорияларға сәйкес әрекеттер саны саналады. Осының негізінде әрбір қатысушының және топтың өзара әрекеттестік профилі, мінез-құлық типінің жағымды, жағымсыз жақтары анықталады.

2. Психодиагностикалық сұрақнамалық әдістері- адамның психологиялық ерекшеліктері туралы қажетті мәліметтерді арнайы дайындалған стандартталған сұрақтарға жазбаша және ауызша берілген жауаптарын анализдеу арқылы да алуға болады. Бұл топтағы әдістердің бірнеше түрлері бар: анкета, сауалнама, интервью.

Анкетада - зерттелуші тек берілген сұрақтарға ғана жауап бермей, сонымен қатар кейбір өзі туралы әлеуметтік-демографиялық мәліметтерді де береді. Мысалы, өзінің жасы, мамандығы, білім деңгейі, жұмыс орны, қызметі, отбасы жағдайы, т. б.

Сауалнама деп- зерттелушіге берілген жазбаша сұрақтар қатарын айтамыз. Мұндай сұрақтар жабық және ашық түрде болады.

Жабық сауалнамада сұрақтар «ия», «жоқ», «білмеймін», «келісемін», «келіспеймін», «айтуға қиналамын» деген жауаптардың өз пікіріне сәйкес келгенін белгілейді.

Ал ашық сауалнамада зерттелінушіге жауап беру еркіндігі беріледі.

Мұндай сауалнама нәтижесінде негізінен сандық емес, сапалық жаұынан анализ жасалады.

Психодиагностикалық сауалнама сұрақтары бұдан басқа тура және жанама болып бөлінеді. Тура сұрақтарға зерттелінуші өзінің психологиялық қасиеттерін өзі сипаттайды. Ал жанама сұрақтар бойынша зерттелінушінің қасиеттері нақты бағаланбайды, дегенмен де жанама түрде оның психологиялық даму деңгейін талқылауға болады.

Енді сауалнаманың осы түрлеріне мысалдар келтірейік. Сұрақ Тұлғаның қобалжуын, мазасыздануын, күйзелісін диагностикалауға арналған.

1. Ашық сұрақ - «Өзіңізді қатты мазасыздандыратын жағдай туралы айтыңызшы?»

2. Жабық сұрақ - «Сіз жиі мазасызданасыз ба?»

Ия

Жоқ

Кейде

Білмеймін

3. Тура сұрақ - «Сізде қобалжу, мазасыздану сияқты Тұлғалық қасиеттер бар ма?»

4. Жанама сұрақ - «Сізде емтихан кезінде мазасыздық жағдайы бола ма?»

Интервью кезінде сұрақты психолог өзі ауызша қояды. Ол сұрақтар алдын-ала дайындалуда, жағдайға қарай сол мезетте туған сұрақтар да болуы мүмкін. Немесе сауалнама сұрақтарын пайдалануға да болады. Жауаптарын өзі белгілеп, жазып отырады.

  1. Психодиагностикалық эксперимент әдісінің ерекшелігі - зерттелінушінің қандай да бір қасиетін бағалау үшін арнайы психодиагностикалық эксперимент қойылады және жүргізіледі. Айталық, зерттеушіні Тұлғалық қобалжуы қызықтырады делік. Ол үшін экспериментатор зерттелінушіні әр түрлі жағдайларға араластырады, емтихан-сынақ кезін немесе аз уақыт ішінде күрделі тапсырма орындауын ұсынады. Осы кезеңде зерттелінушінің қимылында, мінез-құлқында мазасыздану, қобалжу белгілері көп көрінсе, онда ол адамда қобалжу сезімі жоғары деп, ал мұндай белгілер мүлдем болмаса, онда ол адамда қобалжу сезімі жоқ деп қорытындылауға болады. Ал егер ол белгілер айтарлықтай дәрежеде болса, қобалжу сезімі орташа дәрежеде деуге болады.

Қорыта келгенде, психодиагностика әдістерінің ерекшеліктерімен, түрлерімен, жақсы таныс кезкелген тәжірибелі педагог оқушылармен зерттеу сұрақтар нәтижелі жүргізе алады.

ЖОО келген студенттің қабілетін, психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін, ол туралы мәлімет жинау үшін оқытушы психологиялық-педагогиаклық зерттеулерді жүргізеді, олар диагностика деп аталады. Жас студенттің психикалық әрекеттерін белгілі бір мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.

Психодиагностика - қазақша мағынасы психологиялық диагноз қою дегенді білдіреді. Педагогкалық психологияда бұ, әрбір студент жайлы зерттеу арқылы әртүрлі мәліметтер жинақтауды білдіреді. Студенттердің психологиялық зерттеу әдістемелері:

Студент аудиторияға келген кезде оның оқуға психологиялық дайындығын және осы топтарда оқығанда оның психологиялық дамуы жүйелі және комплексті түрде зерттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайындағы жастардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаяны
Бейіндік оқытудың жүйесі
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Артпедагогика
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz