ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Attitude toward the student as a mature personality and social psychology requires teachers to use
teaching methods related to the achievement of practical psychology. Techniques of psychological
counseling, skillfully used by teachers, help students to defend their views, goals, attitudes in the learning
process.
Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары
мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп
отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология
ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты
болады.
Психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде
жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына
да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі
студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана- сезімдеріне
қандай әсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің
бірден бір көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен
қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың
мазмұнына үйлестіре алу және студенттердің құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына
айналдыра алуында екені анық.
Психологиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе,
психологиялық тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдағы
адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен
қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты
адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті
қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады.
Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл
осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында
тұрады.
Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы
мынада:
- бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оқу жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;
- студенттердің ішінде бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға
қоймағандар кездеседі;
- мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын
пәнді таңдауға көбірек мән береді. Соңында пән мен мамандықтың сәйкес келмеуінен туындайтын
қиындықтарға тап болады;
- жоғары оқу орындарындағы қазіргі заманғы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің
қиындықтары жетерлік;
- тұлғалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын
сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді; -
жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы
адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.
Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің өзектілігін келесі жағдайлар анықтай алады:
- жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің
әлеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;
- психология пәні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оқу
жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі),
дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен
психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр;
- студенттердің тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына психологиялық ықпал ету
мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
- жастарға психологиялық көмек көрсетуді оқыту үрдісі үстінде ұйымдастыру тәжірибесі
зерттелмеген.
Осы мәселелерді шешу үшін психологиялық білім беруді ұйымдастыруда психология
ғылымының төл тәжірибелерінің бірі - психологиялық кеңес беруді қолданудың қажеттігі мен
студенттердің психологиялық білімін жетілдіру, әрі тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығының
сапасын арттыру бағытындағы психологияны оқытудың әдістемесін жетілдіру қажеттігі
анықталды.
Психология ғылымының көмегіне сүйенудің әрбір жеке тұлға үшін маңызы ерекше. Себебі,
адам белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, өмірден өз орнын табуға, тіршілікті қадірлей
білуге, оның мән-мағынасын терең тануға ұмтылады. Осы ұмтылыс маңайындағы оны қоршаған
әлеуметтік ортамен қарым-қатынас орнатуға, соған сай мінез қасиеттерінің қалыптасуына ықпал
етеді. Сөйтіп, күрделі тұрмыстың түрлі жағдайларын басынан кешіре бастайды. Адам өмір сүру
барысында ақылы мен санасының көмегімен бірде дұрыс мінез көрсетуге мүмкіндік алса, бірде
эмоциялық жеке ерекшеліктерінің ықпалынан теріс қылықтар білдіреді.
Тұлғалық дамуы арқылы адам эмоциялық қылықтарын саналы мінез көріністеріне ауыстыруға
бейімделеді. Бұл ретте, адамға психологиялық көмек түрлері пайдалы. Соңғы уақыттағы
ақпараттық танымның кеңеюіне байланысты адамға қажет болатын психологиялық көмек түрлері
де, оның таралу мүмкіндіктері де көбейе түсуде. Психологиялық көмек көрсетудің негізгі мақсаты
адамның өмір сүруі барысында кездесетін қиындықтардың алдын алу болғандықтан, халыққа
мүмкін болатын барлық жолдар мен тәсілдер арқылы тұлға және қарым-қатынас психологиясы
жайлы білімді тарату міндеті шешілуі тиіс. Аурудың алдын алу қандай қажет болса,
психологиялық қиындықтарды да болдырмау жолдарын алдын-ала шешуге болады.
Психологиялық көмекті қажет ету кез-келген адам үшін қатардағы мәселелерді шешумен бірдей
қарастырылғанда ғана психологиялық тәжірибені өмірге енгізу міндеттері шешімін табады [1].
Кәсіби психологиялық көмек арнайы ғылыми білімге негізделгендіктен оған жүгінудің
нәтижелілігі анық, әрі тұлғаның дамуы үшін пайдасы аса зор.
Кеңес беру психологиясы бірнеше бағытта қарастырылады: К.Роджерстің гуманистік бағыты,
А. Адлер бағыты, экзистенциалдық бағыт (Р.Мей, В.Франкл), К. Юнг бағыты, мінез-құлық
терапиясы, рационалды-эмотивтік терапия (А.Эллис), психоаналитикалық терапия, Ф. Перлздің
гештальттерапиясы.
Психологиялық кеңес беру психологиялық қиындықтардың ішінде ең алдымен жағдаяттық
(ситуативный) және тұлғааралық мәселелерді шешуді қарастырады. Психолог-кеңес беруші адам
өміріндегі түрлі өзгерістерді, ауыртпалықтарды, дағдарыстар мен стресс жағдайларын жеңуге
көмектеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді.
Карл Роджерс студенттерге психологиялық кеңес беруді жеке жұмыс әдістерінің біріне
жатқызуға болатынын айтады. Жоғары мектепке тұлғалық және эмоциялық бейімделу процесінде
кеңес берудің барлық түрі қолданылады деуге болады. Білім беру мен кәсіптік бағдар саласында
психотехникалық түрлі әдістер көп қолданылғанымен, оның басым бөлігін психологиялық кеңес
беру алады [2, 12-13].
Психологиялық кеңес берудің шарттары мен ережелері жайлы нақты бағытты
қарастырушылардың бірі Н.С.Пряжников кеңес берудің мынадай кезеңдерін бөліп көрсетеді:
1) кеңес берудің мақсатын айқындау (көмек сұраушыға және психологтың өзіне байланысты);
2) мақсатқа қатысты теориялық материалдар қарастыру;
3) кеңес беруді жоспарлау: неден бастап, немен аяқтау қажет [3]. Сұхбат немесе арнайы әңгіме
психологиялық кеңес берудің негізгі әсер ету құралы деп қарастырылады. Әңгіме барысы
тұлғааралық қатынастарға қатысты психологиялық мәселелерді талдауды және шешім
қабылдауды қамтиды. Осының нәтижесінде студент өз қарым-қатынас саласын қайта құру
потенциалын белсенді ету мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан да диалогтық қарым-қатынас
консультациялық сұхбаттың негізі болады.
Қарым-қатынас психологиялық кеңестің пәрменді құралы болып табылады. Ғылым мен
тәжірибеде психологиялық кеңес берудің осы дәстүрлі бөлімі сипаттау үшін де, жалпылау үшін де
күрделі мәселе. Аталмыш мәселе қазақ тіліндегі психологиялық ғылыми қорда және іс-тәжірибеде
әлі күнге дейін толық қарастырылмаған. Психологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz